4. Орфографиялық сөздіктер. Олардың әр жылғы басылымдарындағы өзгерістер



Pdf көрінісі
бет5/38
Дата19.11.2022
өлшемі1,06 Mb.
#51226
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
3cb6657a70360b9c12f83223ae5a1768 (8)

 


 
№3 дәріс. Латын графикасына негізделген әліпбиі және түркі тілдес 
халықтардың тәжірибесі 
Дәріс жоспары: 
1.Түркі халықтары қолданған әліпбилер 
2.Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан елдерінің латын әліпбиіне 
көшуі
 
Дәріс мәтіні: 
Пайда болып, дамып қалыптасуы тарихтың тереңінен келе жатқан қазақ тілінің 
графикалық формасы осы күнгі қалпына қалай жеткендігін «Қазақ тілі 
энциклопедиясында» берілген Ә.Қайдардың деректері бойынша былай көрсетуге 
болады: «Қазақстан жерін мекендеген көне ғұн, сақ, скиф, тайпалары (б.э.б. V-IV ғғ.) 
пайдаланған көне («Есік») жазуы сол тайпаларға тән мәдениетінің, жазуының тарихи 
мұрагері қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ, т.б. тайпалардың ең 
көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне 
ортақ, Орхон, Енисей, Талас ескерткіштеріне негіз болған «руна» жазуы (V-XII ғғ.), 
көне ұйғыр жазуы, VIII ғ. бастап күні бүгінге дейін (ҚХР қазақтары тілінде) 
қолданылып келе жатқан араб жазуы, бір кездерде (1929-1940; ҚХР 60-70 жж.) 
қолданыста болған латын жазуы, (1940 ж. кейін) кирилл жазуы – осылардың бәрі қазақ 
жазуының негізі болып саналады. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиі кезінде 
А. Байтұрсынұлы тарапынан тіл ерекшеліктеріне сай жетілдіріліп, 30 жылға дейін «төте 
жазу» деген атпен қолданылып келді. Бұл жазудың емлесі морфологиялық дәстүрлі 
принципке негізделген. 1940 ж. орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі 
мен орфографиялық емлесіне әр кезде (1957, 1970) әр түрлі өзгерістер енгізіліп келеді. 
Кириллица негізіндегі жазудың қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете 
алмауына байланысты кейінгі жылдары (1993 ж. бастап) қазақ ұлттық жазуын латын 
графикасы негізінде қалыптастыру мәселесі қойылып көбірек көтерілуде». Соңғы 
уақытта латын қарпіне көшу мәселесінің көтерілуінде жалпытүркілік ортақ бір қаріпке 
түсу, компьютерге бейімделу деген сияқты тағы басқа себептердің бар екені жасырын 
емес. Латын қарпіне көшудің тиімділігі неде екені Ә. Қайдардың «Латынның болашағы 
зор» деген мақаласында, Ә. Қайдар мен Ө. Айтбайұлының «Тіл майданы» еңбектерінде 
толығымен ашылып көрсетіледі. 
Қандай тіл болмасын, оның орфографиясында шешілмеген сұрақтардың қатар 
өмір сүріп отыруы заңдылық, өйткені тіл бір орында семіп тұрмайды, әрдайым өзге 
тілдермен қарым-қатынаста қоғам өмірімен бірге өсіп, дамып отырады. Сол себепті 
тіл мәселесі қай елде болмасын, ауық-ауық күн тәртібіне қойылып отырады.
Араб әліпбиінің орнына латын әліпбиін енгізу мәселесін ХІХ ғасырдың 60-65 
жылдары әзірбайжандық ғалым, драматург Мырза-Фатали Ахундов көтерді. Ол 
өзінің жобасын Түркия мен Иран үкіметінің басшыларына ұсынғанымен, қолдау 
таппады. 
ХХ ғасырдың басында Әзірбайжанның зиялы қауым өкілдері мен 
оқытушылары үкімет алдына әліпбиді өзгертіп, латын жазуына көшу мәселесін қоя 
білді. Осылайша 1922 жылы түркі халықтары жазуын реформалаудың 
бастамшылары Әзірбайжан ғалымдары болды. 1922 жылы Әзірбайжан 
оқымыстысы Ағымалы-оғлы В.И.Ленинмен кездескен кезде латын графикасына 
көшу мәселесін көтереді. Осы жылы Әзірбайжанның жаңа әліппе комитеті «Жаңа 


жол» деген газет, ал 1923 жылдан бастап латын әрпінде бірнеше І және ІІ сатылы 
мектептер үшін оқулықтар, құралдар және әдебиеттер шығарды. 
1923 жылдан бастап қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы өкілдері, 
оқушы жастар, оқытушылар латын әрпіне негізделген жаңа әліпбиге көшу 
мәселесін көтерген болатын. 
А.Байтұрсынұлы реформалаған қазақ әліпбиінің ережелері мен принциптері 
алғаш 1924 жылдың 12-18 маусымында Қазақ АССР-інің сол кездегі астанасы – 
Орынборда өткен қазақ, қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде қабылданды. 
Бірақ осы кезде басқа түркі елдерінде латын графикасына көшу мәселесі 
қозғалып жатқан болатын 
1925 жылдан бастап жаппай Қазақстанның мектептерінде, жеке 
кәсіпорындарында және мекемелерде «Жаңа әліпбишілер үйірмесі», «Латыншылар 
үйірмесі» құрыла бастады. Н.Төреқұловтың «Жаңа әліпби туралы» атты кітабы 
басылып шықты. 
1926 жылы баку қаласында І Түркологиялық съезд шақырылды. Бұл съезден 
бұрын Орта Азиядағы түркі елдері әңгімені бір жерден қорытып алу мақсатымен 
Самарқанда жиылды. Бұл жиылысты өзбек өкіметі ұйымдастырды. Оған 
Қазақстан, Қырғызстан және тағы басқа мемлекеттерлден өкілдер қатысады. 
Жиылыста: жаңа әліпби латын негізінде алынсын; жаңа әліпби үндестік заңына 
бағындырылып алынсын; бір дыбысқа бір әріп алынсын; әріпке жаңадан үтір, 
ноқат, т.б. белгілер қойылмасын; түркі елдерінде бірдей айтылатын дыбыстардың 
таңбалаоры да бірдей болсын деген қаулы қабылдады. 
1926 жылы 26 ақпанда Баку қаласында Бүкілодақтық І түркологиялық съезд 
ашылып, оның жұмысы 9 күнге созылды. Оған 131 делегат, яғни 70 пайызы түркі 
халықтарының делегаттары, қалған 30 пайызы басқа ұлттардан келген 
түркітанушылар қатысып, КСРО-ның түркі тілдес халықтарының жазуын латын 
әрпіне ауыстыруға арналды. Осы съезде Жаңа түрік әліпбиінің Орталық комитеті 
құрылды. 
Жаңа әліпбиді қабылдау мәселесі дауысқа салынып, 101 дауыс латын 
графикасына, 7 дауыс араб графикасына, 9 дауыс қалыс қала отырып, латын 
әліппесінің негізінде құрылған жаңа әліпбиді алуға қарар шығарылды. 
Құрылтай қарарында латын әліпбиін түзуде басты мынандай принциптерді 
ұстану тапсырылады: орыс графикасының әріптерін алмау, кірме сөздерді үндесім 
заңына бағындыру, бірдей дыбыстарға әріп алмау, диакритикалық таңба алмау, 
созылыңқы дауыссыздарды белгілемеу, қосар әріп алмау, жіңішке дауыстыға таңба 
алмау. 
1926 жылы Қызылордада «Жаңа әліппешілер қоғамы» құрылып, республика 
үкіметінің басшысы Н.Нұрмақов төраға болып сайланды. Құрамында Т.Рысқұлов, 
Т.Шонанов, С.Мұқанов, Б.Майлин т.б. болды. 
Латын графикасы негізінде әліпби жүйесін алғаш түзген қазақтың дарынды 
дипломаты Нәзір Төреқұлов. 1924 жылы Мәскеу қаласында Н.Төреқұловтың 
«Жаңа әліпби туралы» атты кітабында өзінің жобасын көрсетеді. Жобада 28 
дыбысқа 28 әріп арнаған. Дауысты дыбыстардың жіңішке варианттарын автор 
дәйекше арқылы айыруға болатындығын көрсетеді. 
Адамзаттың даму тарихындағы көшпелілер өркениетін қалыптастырып, қазір 
өзара тамырлас түбі бір түркі жұрты да өзінің тарихында 16 жазу үлгісін қолданды. 


Түркі этносының төл туындысы байырғы түрік бітігтің бастау қайнары б.з.б. 
20-15 мың жыл бұрын тас бетіне жазылып бізге жеткен петроглифтен басталады. 
Пиктографиялық бұл идеограммалар Еуразия құрлығында мол сақталған. Соның 
бірі Солтүстік Алтай жотасының Хойт-Ценхер үңгірінен табылған суреттер. Бұл 
идеограммаларды жазу тарихында фразограммалық жазулар деп атайды. Б.з.б. 14-
10 мың жыл бұрын тасқа қашалып сақталған. Аршан-хад таңбалары болмақ. 
Осы фразограммалық жазудан бас алған түркі халқының бітік (руника) жазуы 
өзінің даму тарихының келесі кезеңдерінде логограммалық, буындық (3. Буындық 
жазу) және фонограммалық жазу (4. Фонограммалық жазу (Түрік бітік)) кезеңдерін 
басып өтіп б.з. 552-580 жылдар аралығында байырғы түрік бітігі (руника) 
жазуының грамматикалық ережесін жасап, ежелгі түрік бітігке реформа жасаған 
екен. Байырғы түрік бітіг әлемдегі бүгінгі 250 -300 миллион түркілердің ата-
бабасының өздері жасап шығарған бірден – бір төл жазуы – төл туындысы.
Қытай иероглифін дипломатиялық қатынаста б.з. VІІ – VІІІ ғғ. дәуірінде 
дипломатиялық тұрғыда қолданған. Оның тарихи дерегі Орда – балық қаласындағы 
үш тілді ұстындағы қытай мәтіні, Қара-ғол (Қара өзен) ұстыны т.т.с.с. тарихи 
мұраларды айтуға болады.
Брохим жазуын байырғы түріктер ІV – VІ ғғ. дәуірнде дипломатиялық тұрғыда 
қолданған күйіс толғай (Кіндік төбе) ұстыны, Бұғыты, Орда-балық ұстынындағы 
мәтіндер соның бұлтартпас дәлелдері. 
Соғды жазуын түркілер тағы да сол халықаралық деңгейде, дипломатиялық 
тұрғыда б.з. VІ- VІІІ ғ.ғ. қолданған. Соғды тілінің (парсы) көптеген діни уағыз 
кітаптарды аударған. Дерегі: Орда-балық ескерткіші және Бұғыты ұстыны.
Ұйғыр жазуы. Соғды жазуының бірнеше әріптерін, жазудың жазу бағыттарын 
өзгертіп, Тоғыз-оғыз (керей), Сегіз-оғыз (найман) тайпалары біріккен түрік қағанат 
дәуірінде (б.з. 789 жылдан) Ұйғыржын-соғды әліпбиін түркілер б.з. VІІІ-Х VІІ ғ.ғ. 
аралығын пайдаланған ұстын тастан бастап жүздеген кітаптарды өмірге әкелді. 
Атақты Құтадғу білік (Жүсіп Баласағұн) атты еңбектердің бір нұсқасы «Алтын 
жазық», «Бал ашу кітабы» сияқты еңбектер Ұйғыржын-соғды жазуымен сақталған.
Манихей жазуы. Бұл әліпбиді ту баста Қосөзендік Мани деген адам манихей 
дінін өмірге келтірген кезден бастап қолданысқа енгізген. Б.з. ІІІ ғасырынан 
Манихей әліпбиі пайда болды. Түркілер б.з. 760-жылдардан бастап еніп б.з. 805-
жылдарға дейін қолданыста болды. 
Манихей әрпін, дінін жасауышылар парсыдан қуылғаннан кейін Египетте аз 
болып, негізі тұрағын Шығыс Түркістаннан тапқан. Сөйтіп өзінің манихей атты 
мәдениетін түркілердің ортасында дамытып, түркі әлемінің дүниетанымына 
айналдырған. Манихей әріпімен әлемге әйгілі «Хаустуанафт» (Покаяннная 
молитва манихейцев VІІ-VІІ в.в.), «Бөгү-қаған жазбасы» (VІІІ ғ.), байырғы түркі 
өлеңдер циклі (т.т. ІІІ), манихей дінінің трактаттары жазылған.
Араб әліпбиі ислам дініне дейін қалыптасып үлгерген. Араб жазуының бірнеше 
түрі болған. Оның бірі – геометриялық куфилік жазу (месоптоманың Куфа 
қаласының атымен аталған). Байырғы ескерткіштер мен ақшаларға ХІІ ғасырға 
дейін пайдаланған. Құранға осы куфи жазуын пайдаланған. Екінші түрін «насх» 
деп атаған. Бұл бүгінгі кітаби араб жазуының шрифтісі.
Сириялық әліпбиі. Б.з. V-ХV ғ.ғ.
Ең алғаш христиандық әдебиеттерге сирия жазуының «экстрангел» деп 
аталатын вариантын V ғасырдан пайдалана бастаған.


Фарс империясының несторияндық сектасын тұтынушы шығыс сириялықтар 
сирия жазуының несторион вариантын, батыс сириялықтар «серито» деп аталатын 
және бір вариантын пайдаланды. Бұл жазулармен христиан дінінің уағыздарын, 
Талас бойындағы құлыптастардың эпитафиясын жазып қалдырған.
Қидан жазуы. Б.з. ІХ-Х ғ.ғ. байырғы түркі руникалық мәтіндерде «қытай» деген 
атпен ХІ-ХІІ ғасырда «Қара қытай» деген атпен белгілі болған қытай деректерінде 
«Лао» деп аталған маңғол тектес халық. Қидандарда «үлкен» немесе қытай 
иероглифі, «кіші» немесе қиданның ұлттық иероглифі болған. Осы кіші жазумен 
мыңдаған шежіре, кітаптар, деректер, ескерткіштер қалған. Өкініштісі, бұл 
жазудың бұл жазудың бүгінге дейін кілті табылған жоқ.
Моңғол жазуы (ХІІІ-ХХІ) жоғарыдан төмен қарай жазылады.
Шыңғыс ханның қолына тұтқынға түскен найман мемлекетінің Таян-ханының 
хатшысы Тататуңға қағанның бұйрығымен ұйғыр әріпінің негізінде моңғол жазуын 
жасап шығарған. Бұл жазумен «Құпия шежіре», «Алтын шежіре», «Қазыналар 
қоры», «Ганжурдың» 105 томы, «Данжурдың» 215 томы сияқты ғылыми еңбектер 
жазылған. Монғол жазуының негізінде ойраттар – «Тот» (анық), манжур ханы 
Нұрхаштың бұйрығымен Дахай деген оқымысты 1632 жылы «манжу» жазуын 
өмірге әкелген.
Армян жазуы (V ғ.). Солдан оңға қарай жазылатын аршакид (пехлеви) әріпінің 
негізінде жасалған. Оның жазбша және баспаша түрі бар. Түркі-қыпшықтар осы 
армян жазуын пайдалана отырып, түркі-қыпшақ сөздіктері мен уағыздық 
әдебиеттерді дүниеге әкелді. Бұл әліпби әлі күнге дейін пайдаланылады.
Қазақ әліпбиі. Қазақ жазуы немесе Ахмет Байтұрсынның әліпбиі (ХХ ғ.). қазақ 
елі ІХ ғасырдан бері қолданып келе жатқан әліпбиінің негізінде қазақ тілінің 
дыбыстық жүйесіне негіздеп, оған жаңа әріптік таңбалар қосып (ә, ң, ғ, з, қ, ө, ү, ұ) 
жасап шыққан. 1912 жылдан бастап қазіргі күнге дейін пайдаланып келеді. ҚХР 
дағы қазақ халқының рухани дүниесі, әдебиеті, өнері, тарихы, саяси-экономикалық 
барлық іс-шарада осы әліпбиді қолданады.
Латын әліпбиі (1928 - 1940). Қазақ ұлтының он жыл көлеміндегі рухани 
мұралары осы әріппен жазылады.
Кириллица.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ 
(2006ж., қазан) сессиясындағы тілдік саясат пен мемлекеттік тілді дамытуды 
жақсартуға байланысты ұсыныстарының бірінде латын әліпбиіне көшудің тиімді-
тиімсіз тұстарын бағдарлау жөніндегі берілген тапсырмасын орындау үшін Білім 
және ғылым министрлігінің жанынан құрылған мемлекеттік комиссия өз 
жоспарына сәйкес латын қарпіне көшкен Түркия, Әзірбайжан және Өзбекстан – үш 
түркітілдес республикалардың тәжірибесін зерттеп, қарастыру үшін 2007 жылдың 
көктемінде ғылыми іссапар ұйымдастырған болатын. Іссапар барысында қазақ 
ғалымдары осы елдерде әліпби реформасын жасауға белсене қатысқан 
мемлекеттік, үкіметтік, лингвистикалық комиссиялар құрамына мүше болған 
беделді ғалымдарымен, қоғам қайраткерлерімен және осы мәселені егжей-тегжейлі 
зерттеген тұлғалармен сұхбат, кездесулер өткізді. 
Түркия. Стамбул, Анкара қалаларындағы ғалымдармен кездесу барысында 
анықталған ақпараттар бойынша Түркияда латын графикасына көшуге саяси, 
экономикалық, мәдени, лингвистикалық, қоғамдық-әлеуметтік түрткіжайттар 
себеп болды. Түріктің араб графикасына негізделген жазуына реформалар жасау 


мәселесі, оның қолайсыздығы туралы пікірталастар Түрік Республикасы 
жарияланбай тұрғандағы Осман империясының кезінен бастап көтерілген. 
Кейіннен осы идеяны ұстанған басқа ғалымдар да түрік тілінің араб графикасын 
реформалаудан гөрі одан мүлде бастартып жаңа жазу латын жазуына көшуді 
оңтайлы 
деп 
табады. 
Түркияның министрлер кеңесі 1928 жылдың 28 маусымында «Алфавит жөніндегі 
комиссия» құрып, ол 8 және12-шілдедегі өзінің отырысында латын графикасына 
негізделген жаңа түрік әліпбиін қабылдайды. Бұл «Әріп революциясы» деп 
аталатын қазіргі Түркия Республикасының негізін қалаушы М.К.Ататүріктің 
жүзеге асырған маңызды реформаларының бірі болды деуге болады. Оның басты 
себебі Түркия Республикасының өз даму бағытында батысты бағдарға 
ұстағанынан, яғни батыстың мемлекеттік моделін негізге алғанынан және көршілес 
Еуропа мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынасты орнатуды көздеуінен шығады. 
Дәстүрлі жазу графикасын жаңа әліпбиге ауыстыруға саяси факторлар басым себеп 
болды. Мұның дәлелі ретінде профессор Ертем Рейкін «Біз тек әліпбиде ғана араб 
дәстүрінен батыс дәстүріне өткен жоқпыз, біз бұл бағытты жүйелі ұстандық, 
күнтізбемізді де, уақытты өлшеуді де (сағатты), өлшем бірліктерді де, тіпті кейбір 
атауларды да араб үлгісінен батыс үлгісіне ауыстырдық» дейді (мысалы, түрік 
тілінде «мәдениет» еді, қазір «кültür»). 
Түрік жазуының латын графикасына көшу тәжірибесін қорыту. 
1 факт. Негізгі күшті әкімшілік жүйеге салу арқылы мемлекеттік басқару 
саласы мен ісқағаздар жүргізу жаңа әліпбиге қысқа мерзімде көшірілді (1928 
жылдың маусымы — қарашасы). 
2 факт. М.К.Ататүріктің табандылығы мен өзінің белсене кірісуі халықтың 
жаңа жазудың болашағына деген сенімін күшейтіп, рухтануына түрткі болды 
(М.К.Ататүрік Стамбулдағы Халық паркіне үлкен қара тақта қойдырып, халықты 
латын қарпімен жазуға үйретті). 
3 факт. Жаңа әліпби негізіндегі түрік жазуы кірме сөздерді игерудің күшті 
механизмінің негізіне айналды. Ұлттық тілге қызмет ететін жазу жүйесі 
қалыптасты (шет тілінен енген сөздер түрік айтылымы бойынша жазылады). 
4 факт. Жаңа әліпбиге үйрету арқылы халықты жалпы сауаттандыру 
проблемасы шешілді (түріктердің сауаттылығы Осман империясы кезеңінде жаңа 
жазуға өткенге дейін 10 пайызды, латынға өткеннен кейін 63 пайызды құрады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет