4. Орфографиялық сөздіктер. Олардың әр жылғы басылымдарындағы өзгерістер



Pdf көрінісі
бет3/38
Дата19.11.2022
өлшемі1,06 Mb.
#51226
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
3cb6657a70360b9c12f83223ae5a1768 (8)

 
Оқу әдебиеттерінің тізімі: 
1. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. 1963, 1978, 1988, 2007 жж. 
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Алматы, 2000. 
3. Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш. 
– Алматы, 1974. 
4. Күдеринова Қ. Бірге және бөлек жазылатын сөздер. – Алматы, 2009. 
5. Мырзабеков С. Қазақ тілінің айтылым сөздігі. Алматы: Сөздік-Словарь, 
1999. – 200 б. 
6. Уалиев Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері 
– Алматы, 2008. – 262 б. 


7. Күдеринова Қ.Б. Қазақ жазуының теориялық негіздері. Алматы: Қазақ 
университеті, 2009 – 276 б. 
8. Сыздық Р. Ғылыми таным үзіктері: (мақалалар жинағы)/ Р. Сыздық. - 
Алматы: КИЕ лингвоелтану инновац.орталығы. - 2009. - 535 б. 
9. Ерғалиев Қ.С. Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы. Оқу құралы. 
3-басылымы. –Павлодар: ПМПИ баспасы, 2016. –209 б. 
10. Сыздықова Р. Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы). – 
Алматы: Ел-шежіре, – 2014. – 217 б. 
11. Фромкин А., Родман Р., Хайамс Н. Тіл біліміне кіріспе, 10-басылым, 
Халықаралық басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 608 б. 
www.tilbilimi.kz  
https://qazcorpora.kz/  
https://tilalemi.kz/ 
https://termincom.kz/ 
www.kaznu.kz 
 
 


№2 дәріс тақырыбы: Жазу реформасы. Қазақ графикасының дамуы 
 
Дәріс жоспары:
1. Қазақ жазуының тарихи дамуы 
2. А.Байтұрсынұлының емле ұстанымы, орфограммалау тәсілдері 
3. Қ.Жұбановтың әліпби, емле туралы тұжырымдамалары 
 
Дәріс мәтіні: 
Жазу өте ерте заманда жасалып, ұзақ тарихи даму кезеңдерден өтті. Даму 
барысында жетуімен бірге оның принциптері де өзгеріп отырды. Оның себебі қай 
кез болмасын, жазуда сөздің дыбыстық жағын, яғни айтылу формасын дәл беру 
басшылыққа алынады, соған талпынады. Тілдегі дыбыстар өте күрделі құбылыс. 
Оның айтылуындай етіп ешбір графика дәл бере алмайды. Сондықтан айту мен 
жазу арасында алшақтықтар туындап, уақыт өте келе ол алшақтықтар тілдің 
табиғатына, дамуына өзінің кері әсерін тигізеді. Сан ғасырлар бойы тілдің өзінің 
даму заңдылығына нұсқан келеді. Оны жою үшін арнайы тілшілердің 
зерттеулерінің нәтижесінде тілдің сан ғасырлар бойы бұзылмай келе жатқан 
табиғатын сақтауға, одан әрі қарай дамуына оң әсер етуіне жағдай жасайтын дұрыс 
жазылуын қамтамасыз ететінемле ережелері мен нұсқаулар талқыланып, келісіледі. 
Соның нәтижесінде емле ережелері енгізіледі. Сондықтан да әлемдегі бірнеше 
өзгертулер енгізіліп отырылған. Осының өзінде де кез келген жазу түрінде дыбыс 
жүйесі мен алфабиттің арасында алшақтықтар кездеседі.
Қазақ тілінің жазылуы мен айтылуы арасындағы алшақтықтар графиканың 
пайда болуымен тығыз байланысты. Сан ғасырлар бойы ауызша дамып, толығып, 
байып келген қазақ тілі XX ғасырда қоғамдық қажеттіліктен туындаған жазбаша 
формасының дүниеге келуіменауызша және жазбаша формасының дүниеге 
келуімен ауызша және жазбаша формасының арасында алшақтықтар туындай 
бастады. Әлемдегі қай графиканы алсақ та, оның басты мақсаты тілдің табиғатын 
жазбаша формада дәл беру болып табылады. Осы мақсаттты көздеген кез келген 
графика пайдалану барысында туындаған кемшіліктерді жою үшін өз тілдерінің 
ерекшелігіне сәйкес емле ережелерін бекітеді. 
Қазіргі қазақ емле ережесінің тарихына көз жіберсек, оның іргесі 1940 жылы 
кириллицияға көшкен кезде қаланды. Қазақ тілі емлесінің осы жазу бойынша 
түзілген қағидаларының 15-16 жылдық тәжірибеден кейін кем-кетігі ескеріліп, 
біршама реттелген нұсқасы 1957жылы ұсынылып, заңдастырылды, яғни үкімет 
тарапынан арнайы қаулы қабылданып, бекітілді. Европа елдері мен қытай, үнді, 
жапон сияқты халықтардың, жүздеген, тіпті кейбіреуінде мындаған жылдарға 
созылған жазу үрдісі бар соған бағынуға міндеттеу шарт та болмас. Бұларда дәстүр 
факторы өздігінен қызмет етіп жатады. Ал 1940 жылға дейін он бес-жиырма 
жылдың ішінде үш түрлі: А.Байтұрсынұлы түзген қазақтың тұңғыш ұлттық жазуы 
араб таңбаларын, одан кейін оншақты жыл қолданған латын жазуын, 1940 
жылдан бастап қабылданған кириллицаны пайдалануға мәжбүр болған қазақ 
сияқты халықтың әр жазудың емлесінде дәстүрі қалыптасып, орнығып үлгермеді, 
сондықтан әркім бұрынғы жазудың тәртібін сақтап, алақұлалық туғызуы мүмкін 
болғандықтан 1940 жылы жаңа графикаға көшкен кездегі емле ережелері де, 1957 
жылғы оның біршама түзеткен жаңа редакциясы да ресми үкімет тарапынан 
арнаулы қаулымен бекітілген болатын. 


Сөйтіп, бүгінгі жазу мәдениетіміздің бірнеше онжылдық тәжірибесінде 
ойласатын, пікір алысатын, әрі қарай ғылыми негізде зерттеп, дәлелдейтін, жаңа 
ұсыныстар жасайтын тұстары баршылығына қарамастан, қазақ тілінің 
орфографиялық нормалары біршама айқындалып, көбі тұрақталып, қызмет етіп 
отыр. Олар емле ережелері ретінде көрсетіліп, сол ережелер бойынша 
орфографиялық сөздіктер ұсынылып келді.
Тілдің ғасырлар бойы қалыптасып, дамып келе жатқан ішкі құрылымдық 
жүйесін жазу дәл бере алатындай сәйкес болуы керек. Сонда ғана тілдің ауызша 
және жазбаша түрлері бір-бірінен алшақ кетпейді. Сөйлеу мен жазу тілдің екі түрлі 
өмір сүруінің формасы болғандықтан, бір бірімен астасып, үндесе отырып, тығыз 
байланыста болуы керек. Сонда ғана қазақ тілінің келесі даму кезеңіне ешқандай 
тосқауылсыз еркін қадам басады.
Тарихқа бағзы заманның деректеріне көз жіберсек, өзге халықтар сияқты 
қазақтың жазу тарихы да әріден басталады. Тым ерте заманғы жазудың тегі 
суреттен басталғаны белгілі. Тіл ғылымында мұны пиктографиялық жазу деп те 
атайды. Бұл жазу бойынша әр сурет бүтіндей бір хабарды білдірген. Сондықтан 
пиктограмма тілдік формаларды емес, оның мазмұнын бейнелейді. Қазіргі 
Қазақстан және Орта Азия территориясында ертедегі тайпалар өмірін бейнелейтін, 
тасқа қашап жазған мұндай жазулар жиі кездеседі. Бұл сияқты тастарға қашалған 
жабайы аңдар, хайуанаттар, адам бейнелері, аңшылық, садақ тарту, желекті найза 
ұстау, жыртқыш аңдардан қорғану және т.б. суреттер мал бағып, аң аулаған 
ертедегі адамдардың киелі түсініктері мен ғұрыптарын бейнелейтін тайпалардың 
тұңғыш жазуы болды. Қолданыла келе сурет жазуы да өмірге икемделіп, дами 
түсті. Осының негізінде ұғымды білдіретін символикалық немесе идеографиялық 
жазу пайда болды. Пиктографиялық жазуға қарғанда, идеографиялық жазудағы 
идеограммалар өзінің мағыналары арқылы тілді дәлірек бейнеледі, сөйлеудің, 
сөздің синтаксистік орын тәртібін, кейбір жағдайда сөйлеудің фонетикалық жағын 
да ажыратып бере алды. Ертедегі сурет жазумен қабаттаса келетін ай мен күн 
тәріздес таңба нұсқалары келе-келе қазақтың рулық таңбаларына айналып, 
меншікті көрсетерлік белгіге айналып кетті. Қазақ әдеби тілінің қалыптасып
дамуына белгілі бір дәрежеде әсер еткен үш түрлі жазу жүйесін ерекше атаған 
дұрыс. Олар: араб, латын және кириллица жазулары. Бұл жазулар қазір әлемде кең 
таралған. Жазуда әріптер тіл дыбыстарын неғұрлым дәл беретін болса, графикалық 
жүйе де соғұрлым жетілген болып саналады. Әрбір әріп әрбір дыбысты толық 
таңбалайтындай мінсіз графика жоқ деп есептеледі.
Қазақ әліпбиі сөз болғанда Ахмет Байтұрсынұлының есімін атамай кетуге 
болмайды. Ол 1895-1909 жылдар аралығында Ақтөбе, Торғай өңірінде ел ішінде әр 
сатылы мектептерде бала оқытумен айналыса жүріп, ағартушылық қызметпен де 
айналысады. Осы жылдары қазақ шәкірттері тұтынған әліппе, құралдарының 
кемшіліктерін көзімен көреді. Сол олқылықтарды түзету мақсатында ең алдымен 
графика мәселесін, соның ішінде қазақ жұртшылығына кеңінен таныс араб 
графикасымен жөндеп, қазақ тіліне лайықтауды өолға алды. Қазақ алфавитінің 
реформаторы атанған А.Байтұрсынұлы 1910 жылдан бастап қазақ жазуын 
жетілдірумен айналысты. Сол күндері қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты 
пайдаланып келген араб таңбаларының дәл сол күйінде қазақ тілінің дыбыстық 
жүйесін дәл бере алмайтындығын түсініп, былай деп жазды: «Хәріп тіл үшін 
шығарылған нәрсе. Олай болса хәріп жоқ деп тілдегі дыбысты жоғалту керек емес, 


ол дыбысқа жоқ әріпті іздеп табу керек. Ол жалғыз бізде ғана болған емес, өзге 
жұртта да болған, хәріпке бола тілді бұзбайды, тілге бола хәріпті бұзып өзгертеді. 
Осындай білгірлік танытқан А.Байтұрсынұлы араб таңбаларын қазақ тілінің 
дыбыстық жүйесіне икемдеп , түзетуді қолға алады да, «XX ғасырға дейін түріктің 
тілін асыл қалпында алып келген тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиіс», 
«асыл тіл, түзу емле қазақта боларға тиісті» дейді.
А.Байтұрсынұлының тіл біліміндегі алатын орнын белгілі ғалым Н.Уәлиев бір 
сөзбен былай деп түйген еді: «Жалпы тіл білімінде тұңғыш деп әдетте әліпби 
түзушілерді атайды (олардың фонологиялық зерттеу жазуы шарт емес). Олай болса 
қазақ тіл біліміндегі алғаш фонолог – А.Байтұрсынұлы». А.Байтұрсынұлының 
қазақ тіл білімінің өзге тіл салаларындағы еңбегі бір төбе болса, әліпби, жазу 
теориясы, емле жайындағы еңбегі бір төбе. 
А.Байтұрсынов әліпбиінің фонологиялық негіздері, ондағы «инвариант-
вариант» қисыны бойынша «әріптердің фонемалық мәнді бере отырып, дыбыстық 
мәнді де (жуан-жіңішк әуезін)» білдіріп, біте қайнасып тұрған ішкі құрылымдық 
ерекшелігі туралы да бірегей зерттеу Н.Уәлиевтің «Қазақ графикасы мен 
орфографиясының фонологиялық негіздері» атты еңбегінен табылады. Онда 
бодуэн де Кортунэ, Л.В.Щерба салған жалпы жазу теориясының фонологиялық 
негіздері А.Байтұрсынұлының «бес дауыстыға» құрылған жазуындағы әріптердің 
белгілі бір фонеманы таңбалай отырып, оның жуан-жіңішке екі тембрін қоса 
бейнелейтін сингарможазуында көрініс тапқаны толыққанды дәлелденген. 
Ең бірінші, А.Байтұрсынұлы жазудың негізгі екеу (таңба негізді және әріп 
негізді), ал жүйесі төртеу (таңбаша, дағдыша,туысша,дыбысша) деп көрсетуі 
жалпы жазу теориясының ортақ қағидаттарымен сәйкес келетінін айтқан жөн. 
Мысалы, Л.В.Зиндер жазудың тегі семасиографиялық немесе идеографиялық жіне 
фонографиялық болып бөлінеді дейді. 
Ал таңба жүйелі емле, тарих жүйелі емле, туыс жүйелі емле,дыбыс жүйелі 
емлеорфографиядағы тарихи принцип, морфологиялық, фонетикалық принциптері 
атағаны. 
Қазақ 
жазуының алғашқы кезеңі емле принципін айқындап алу 
қиындылығымен өлшенді десек, бұл шешуші міндетті ғалым «туыс жүйелі емленің 
де, дыбыс жүйелі емленің де түкпіріне қиналмай өтетін, екеуінің арасынан жол 
тауып беретін» төмендегі ұсыныстар арқылы шешкен: 
«Әрбір өз алдына түбірі бар сөз оңаша айтылғандағы естілуінше жазылу. 
Азған сөз азған күйіндегі естілуінше жазылу. 
Үйлестікпен дүдәмәл естілетін болған дыбыстар айқын орындардағы 
естілуінше жазылу. 
Қосымшалар қосылатын сөздермен бірге жазылу. 
Қосалқы сөз, қос сөз, қосынды сөз – бәрі де қосарлық белгімен жазылу. 
Жалғаулықтар бөлек жазылу орындарынан басқа жағы жалғау ережесінше 
болады. 
Үйір айтылатын сын есім мен зат есім бөлек жазылу. 
Көсемше, көмекші етістіктер бөлек жазылу». 
Әлді позициядағы дыбыс тіркесімдері жазуға біршама сәйкес екендігі, әлсіз 
позиция әлді позициядағы тұрпатымен тексеріліп, негізгі реңкі айқындалатыны 
қазіргі емленің басты әдіс-тәсілдеріне жатады. Бұл әдісті кезінде А.Байтұрсынұлы: 
«Сөздің ауыздан шығуының өзі екі түрлі болады. Сөйлегенде сөздер бір-біріне 


жалғаса айтылғанда бір түрлі,әр сөзді оңаша жеке алыпайтқанда ауызан екіші түрлі 
болыпшығады. ...Жеке айтқандағы ауыздан шығуынша жазу түрін біздің қазақ 
қолданып келеді»,- деген екен: «Сондықтан емлеміздегі туыс жүйесіне қатысқан 
жүйелеріне қарамай, көпшілігіне қарап, дыбыс жүйелі деп атап келдік. Дыбыстар 
үйлес болғандықтан, бірінің орнына бірі алмасып айтылатын дыбыстардың тегі 
тексерілмей, ауыздан шығуынша жазылсын» деген ұсыныстар барын айтады 
ғалым. 
«Туыс жүйені де, дыбыс жүйені де «аралас ьұтыну керек деушілер: керегіне 
қарап, екеуін де тұтыну керек дейді... сөйтіп сөз басына ереже жасайды ... ондай 
емле оңай болып табылар ма» дейді А.Байтұрсынұлы. 
А.Байтұрсынұлының орфограммасын шешіп алуды алдына мақсат еткен әріп 
қатары «үйлестікпен дүдәмәл естілетін» б-п, т-д, ж-ш, з-с, ш-з фонемалары болады. 
Бүгінгі елімізде қосымшалардың түбірдің соңғы дыбысына немесе түбірдегі 
дауыстыға үйлесіп жазылуы проблема тудырмайды. Аффикстік морфемалар 
болсын, сөз тудырушы, түрлендіруші жұрнақтар болсын бірнеше (әдетте жазба 
тілде алтауға дейін, ауызша тілде тоғызға дейін) нұсқада жүреді. 
Ал А.Байтұрсынұлы, мысалы, жедел өткен шақ жалғауын ұяң вариантымен 
ғана жазуды дұрыс көрген. «Сондай орындарда күңгейленбейтін айқын жерге 
келтіріп айтып, сондағы естілуінше жазу. Мәселен: «Қасекең сау күндегі әнге 
басты» дегенде «басты» деген жіктік жалғауында «т» естіле ме, «д» естіле ме» – 
дүдәмал, ашық емес. Қасындағы «с» дыбысының әсерімен күңгейленіп, анық 
естілмей тұр. Күңгейленіп тұрған дыбыстан аулақ, басқа жерге қойып айтып көру 
керек. Мәселен, «Қас екең сау күндегі әнге салды» десек, қай дыбыс екені анық 
естіледі. Сол сияқты септік жалғаулары да көмескі естіліп, дүдәмалдық танытатын 
жерлерде, аяғында әсер етпейтін дыбыс бар сөздерге жалғап қарау керек дейді. 
Позициялық әсері болмайтын дыбыстарға л, р, з фонемаларын жатқызады. 
Мысалы: балдың, қардың, қозда. Бүл дыбыстардың неге позициялық әсері 
болмайтынынан бұрын, алдымен ғалымның осы жазу арқылы қазақ тілінің 
типологиялық сипатын айқындап алғысы келгенін байқайтын сияқтымыз. Яғни 
тілдің қатаң дыбысталуынан гөрі жұмсақ, үнді болып естілуін қалаған сыңайлы. 
Осы дәйексөз алған мақаланы жазған жылы А.Байтұрсынұлы Алма-Ата қаласының 
атын Алматы етіп жөндеуді ұсынған Т.Шонанов екеуінің хатында «-ты вместо 
современной -лы, -ды свойственно тюркским языкам в частности казахскому ... -
ты, в казахском языке является более древним чем другие формы этого рода» деп, 
қазақ даласында Шідерті, Қалдығайты, Бұлдырты, Мойынты деген жер атаулары 
ұяңдамай сақталып отырғанын айтады.
Бұл арада мәселе ғалымның бір мәселеге екі түрлі көзқарасы болғанын көрсету 
үшін емес, болмаса жазу нормасын негіздеуде «дүдәмал» жерге иек артқанын 
қателікке шығару үшін емес, жалпы қазақ жазуында қосымшалардың немесе 
шылаулардың позицияға тәуелді реңктері таңбаланғандарын, морфонологиялық 
құбылыстар ғана емес, фонетикалық құбылыстар да таңбалағанын айтқымыз келді.
Ғалымның шартты рай жұрнағы -са, -се ме, әлде -ша, -ше ме дегенді анықтау 
үшін неғұрлым тәуелсіз позиция ретінде қонса, сепсе, келсе, қуса, қанса 
тұлғаларын таңдап алуы – кешше (кешсе), пішше (пішсе) сөздерінде бұлар әлсіз 
позицияда алдыңғысында әлді позицияда тұрғанын анықтағаны. Сондай-ақ ғалым 
Қорғамбай - Қорганбай, Арғымбай - Арғынбай, Тасқымбай - Тасқынбай, қоңған -
қонған, жаңған - жанған, жоңған - жонған, көңген -көнген, өңген - өнген, сеңген - 


сенген, күңге - күнге тұлғаларының соңғылары дұрыс, өйткені сөздің түбірі 
«қорғам», «арғым» «тасқым» емес қорған, арғын, тасқын болады деп анықтайды. 
Сондай-ақ [н] дыбысын қ, ғ, г дыбыстарының әсерінен айырсақ, дүдәмалдық 
жоғалады, «қоныс», «қондық», «жону», «жондым», «жанып», «жанды», «көніп», 
«көнді», «өніс», «өнім», «мініп», «мініс», «сеніп». «сенім», «күнде», «күндік» 
дегенде, «ң» емес, «н» екені айқындалады дейді ғалым. А.Байтұрсынұлының бұл 
ойлары емлені әлді позицияға қойып тексеру әдістері арқылы негіздейтін бүгінгі 
орыс жазу нормасында енді айтылып жүр.
Ғалымның келесі негіздеген мәселесі – жалғаулықтардың сөздің аяққы 
дыбысына қарап айнып келуі жайында.
Автор мұнда мен, менен, бен, бенен, пен, пенен шылауларының ұяң, үнді 
варианттарына артықшылық беріп, қатаң вариант позициялық өзгерістің әсері 
дегенді айтқан. Қайталап айтсақ, ғалымның қазақ сөздерін жұмсартып айту жағын 
қатты назарға алғанын байқаймыз. Оған дәлел: «Аспан ба?», «асбан ба?» – дүдәмал 
екен, жоғарыдағы айтылған жолмен айқынға шығарып алу болмайды екен. Сол 
сияқты сөздер өте көп болмағанмен, қазақ тілінде ұшырайды: дұспан - дұсбан, 
оқпан - оқбан, кетпен - кетбен, шекпен - шек-бен тағысын тағылар. Бұлардың «п» 
мен «б» дүдәмал болған орындағы ашылуы ылғи «б» жағына болғандықтан, «б»-
мен жазу. Түбін қарап тексергенде де, солардың көбі «б»-мен жазылуға тиіс болып 
шығады. Мәселен: «асбан, дұсбан, данышбан, кетбен» деген сөздер «асман, 
дұшман, данышман, кетмен деген сөздерден шыққан: «м» дыбысы «б» дыбысымен 
алмасып отырады. «Қақбан, қақба, қақбақ, өкбе, оқыбан секілді сөздерде «қақбан,
қаңба, қақбақ, екбе, оқбан» дегеннен дыбыстары алмасу мен «б» дыбысты сөз 
екені көрініп тұр» деген жолдар. Жалпы мұнда жазу тарихы, жазудың өзіндік 
ерекшелігі тұрғысынан келсек, А.Байтұрсынұлының араб жазу дәстүрін үзбеу, 
жазу дәстүрін сақтау жағына көбірек көңіл бөлгенін байқаймыз.
Қазіргі қазақ жазуының бір проблемасы ы, і әріптерінің емлесі болса, бұл 
жайында Ахаңның мына көзқарасы жазу тарихы үшін маңызды: «Оны 
қалдырмастан жазамыз сөздің аяғында. Ортасында я басында ашық естілетін 
орында һэм жазбасақ кемшілік болып жоқтығы еленетін орында. Мысалы: жаны – 
жанына» дейді ғалым. Ал түбір ішінде, сөз басында ы-ны жазса да, жазбаса да солай 
оқитын орындарда, жазбағанда оқуымызға кемшілігі болмаса, оны жазуға да қажеті 
жоқ деп табады. Мысалы: қн (қын), қр (қыр), жлм (жылым), жлтр (жылтыр), мсқ 
(мысық), бірақ мсығы, қры, жлымы, жлтры. Бұл қазақ әліпбиіндегі әріптердің атауы 
туралы айтқан Н.Уәлиұлының мына пікірлерінде жалғасын тауып жатады: «Қазақ 
дауыссыздары әдетте жалаң түрде дыбысталмайды.., біздің аңғаруымызша, сол 
тоғыз түрленудің ішінен фонетикалық жағдайға неғұрлым тәуелсізі -бы». Қазақ 
тіліндегі әрбір дауыссыз дыбысты жеке дыбыстағанда қасына ы, і (к, г - әріптерін 
атағанда) қосып айтамыз. Олай болса, Қ.Жұбанов айтқандай, бұл дауысты 
дыбыстарды буын, не та-сымал үшін жазамыз деген дұрыс емес, «әр ережеге өзінің 
әдісін шығарып алуға болады».
Бірақ ғалым ы әрпінің бітеу буындардан қалмай жазылатынын ескертеді: қарт 
- қарыт, арт - арыт, жұрт -жұрыт. «Бітеу буынға ы жазсақ, бірдей естіледі деген 
болып шығады».
Тегінде А.Байтұрсынұлы жазу нормаларын тиянақтағанда ауызша тілге табан 
тіреп отырған. Емле – жазу үшін шығарған нәрсе, жазу – тіл үшін шығарған нәрсе. 
Олай болса тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек. Негізгі 


жол: айтылуы басқа сөздерді (мағынасы басқа болсын, бір болсын) басқа жазу, 
айтылуы бірдей сөздерді (мағынасы басқа болсын, бір болсын) бірдей жазу деп, 
ауызша тілмен жазуды мейлінше жақындатуға тырысқан. Ендеше жоғарыдағы 
сөздердің қазақ тілінің бұрынғы сөз сазында солай айтылуы ғажап емес.
Енді лабиалды сингармонизмнің таңбалануы туралы А.Байтұрсынұлының 
көзқарасына қысқаша тоқтала өтсек, ғалымның қазақ тілі үндестігі тек екі түрлі: 
бірі жуан, екінші түрі жіңішке деп, тек лингвалды сингармонизмді қазақ тілінің 
өзіндік ерекшелігі екенін айқындағанын көреміз. Ғалым: «о - дыбысы сөздің бас 
буынында ғана естіледі. Басқа буындарында һәм дауысты дыбыстардан соң қазақ 
өзгеше у әрпі ыу, іу дыбыстарының тіркесінен тұрады дейді. Алып демей сөзінде 
һеш орында естілмейді, сондықтан бас буыннан басқа орында яки дауысты 
дыбыстан соң (о) жазылса, (ұ) қылып оқу тиіс» дейді.
У әрпі туралы қазіргі тұжырымдардан, алуб десек, келіб демей, келүб десек, 
онда алұу, барұу деуге болады. Оның үстіне алыуды - алыс, барыуды - барыс, 
келіуді - келіс деген сөздермен алмастыруға болады. Ендеше у-дың алдына ұ, ү 
әріптерін салудың еш қисыны жоқ. Сонда ғалымның ойынша, дүдәмалдық ы 
жағына қарай шешіліп отырады. Алайда ғалым уақыт сөзін ұуақыт, уақ сөзін ұуақ 
деп айтылатынын ескертіп, өз пікіріне қарсы шығады.
Сөз басындағы үнділердің алдынан келетін қысандар туралы ғалым былай 
дейді: р, л, у, и әріптерінің алдында «ы» әрпі жазылу-жазылмауы естілуінше: 
естілсе жазылады, естілмесе жазылмайды. Мәселен: лыпа, леп, лепес, лап қойды, 
лаулап жанды, лоқы, лықылдап, Ленін, Лепсі деген сөздердің алдында келген «л» 
тап-таза «ы»-сыз естіліп тұр Оған «ы» жазудың керегі жоқ. «Ылай, ылайық, ылаж, 
ылау, ілім, ілік, ылғи» деген сөздерде «л» алдында «ы» анық естіліп тұр. Ал 
күмәнданатын жердің тексеру әдісі өлең өлшеуі болады деген.
Ғалым һ әрпін қазақ тілінде бар дыбыстың таңбасы деген. Шаршағанда - уһ, 
жақтырмағанда түһ, өкінгенде - аһ жэне ә
Һ
,
үһлеу, үһлеген, аһламақ дейміз деген.
Қолданылатын реті аз болса да, тілде бар дыбыс болған соң, жоқтығы сезіледі 
дейді. Ал х дыбысын қ-ның реңкі деп табады. Өйткені ғалым х-ның мағына 
айыратын қызметі шамалы дегенге саяды Мысалы: халық - қалық, құрметті - 
хұрметті, хажы - қажы деген сөздердің қайсысын қолдансақ та түсінікті дейді. 
Автор көрсеткен бұл сөздердің ішінде тек халық сөзі ғана бүгінде х әрпімен 
таңбаланады. Ал құрметті, қажы сөздері негізгі реңкке көшкен. Бұл қатарды 
дастархан - дастарқан, дихан -диқан, рахмет - рақмет деген сияқты, екінші сыңары 
жазуда кодификацияланып кеткен сөздермен толықтыра беруге болады. Ендеше, 
әліпби құрамын өзгертудің қазіргі қарсаңында һ әрпін алып тастау туралы ойлану 
керек. Қақарман, жиқаз, гауқар сөздерін алдын-ала дайындалған артикуляциямен 
айтсақ [17], қазақ тіліндегі басқа дауыссыздары сияқты төрт әуезбен тоғыз түрлі 
реңкте түрлене алмаса,оны к - фонема-инвариантының варианты деп тану, әрі к, г-
ні инвариант-фонеманың варианттары деп тану бірауызды бола қоймай отырғанда 
ертелеу сияқты. Қ.Жұбанов одағайларды айтқанда небір дыбыс құбылыстары 
шығып отырады, оның бәрін таңбалай беру мүмкін емес деген. Болса да тілдік 
қызметі бар құбылыстардың жазуда таңбалану мүмкіндігі табылып отырса, ол 
графикамыздың жетістігі деп ойлаймыз. А
Һ
,
үһ, түһ, аһылау үһлеу сөздерін ақ, үқ, 
түқ, ақылау, үқілеу деп жазып, һ-мен айтамыз десек, онда жазба тіл мен АТ-ның 
айырмашылығын көрсететін баска да көптеген қүбылыстарды көрсетуге болады 
деген сөз. Мысалы, мсқ деп жазып, мысық деп айтамыз деген сияқты, болмаса кол, 


гана деп жазып қол, ғана деп айтамыз дегендей (яғни қ, ғ-ны әліпбиден алып 
тастау).
Сонымен, А.Байтұрсынұлы қазақ грамматикасы мен әліпбиін, емле ұстанымы 
мен орфограммалау әдістерін саралаған алғашқы лингвистердің бірі дейміз. 
Қазақ жазуының қалыптасу, даму жолдарының көшбасында тілдің жаңа 
жүйесінің бағыт-бағдарын айқындайтын екі мектеп тұрды. Оның бірі 
А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Т.Шонанұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Ж.Аймауытұлы, 
Х.Досмұхаметұлы ұстанымдары үйлескен сингармониялық жазу мектебі болса, 
екіншісі Қ.Жұбанов бастаған қазақ жазуы дамуының жаңа кезеңі өкілдерінің 
(С.Аманжолов, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, Н.Сауранбаев, Р.Сыздық) қалыптандыру 
мектебі болды. 
Қазіргі қазақ графикасы мен әліпбиіндегі әріп-дыбыс қатынасы, емле 
принциптері, кірме сөздердің орфографиясы, кірме сөздерге қосымша жалғану 
қағидалары алдыңғы мектептен өзгеше бағыт алды десек, ол негізінен Қ.Жұбанов 
көзқарастарының өміршендігі мен ұсынған пікірлерінің қолдау тауып кеткеніне 
байланысты. Сондықтан қазіргі қазақ жазулары туралы сөз ету үшін Қ.Жұбановтың 
әліпби, фонема, орфография туралы ойларына тоқтала кеткен жөн. 
Әріптік жазудың тірегі болған АС-ның дыбысқа бөлінуі туралы айтқан 
ғалымның ауыздан шыққан дыбыстың саны жоқ, олардың ішінде тек мағынаға ие 
болатындары ғана фонетика обьектісі дегенін автордың жалпы тіл біліміндегі 
фонема ұғымын өздігінен пайымдап отырғаны деп білеміз. Мысалы: «Баба 
дегендегі <б>-ның бәрін де бір әріппен таңбалап, орта есепке келтіріп, бәрінің 
басын қосып, бір белгісін ғана алғанбыз» дейді ғалым. 
Қазақ жазуының қалыптасу, даму жолдарының көшбасында тілдің жаңа 
жүйесінің бағыт-бағдарын айқындайтын екі мектеп түрды. Оның бірі 
А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Т.Шонанұлы, Қ.Кемеңгерүлы, Ж.Аймауытұлы, 
Х.Досмұхамбетүлы ұстанымдары үйлескен сингармониялық жазу мектебі болса, 
екіншісі Қ.Жұбанов бастаған қазақ жазуы дамуының жаңа кезеңі өкілдерінің 
(С.Аманжолов, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, Н.Сауранбаев, Р.Сыздық) қалыптандыру 
мектебі болды.
Қазіргі қазақ графикасы мен әліпбиіндегі әріп-дыбыс қатынасы, емле 
принциптері, кірме сөздердің орфографиясы, кірме сөздерге қосымша жалғану 
кағидалары алдыңғы мектептен өзгеше бағыт алды десек, ол негізінен Қ.Жұбанов 
көзқарастарының өміршендігі мен ұсынған пікірлерінің қолдау тауып кеткеніне 
байланысты. Сондықтан қазіргі қазақ жазуы туралы сөз ету үшін Қ.Жұбановтың 
әліпби, фонема, орфография туралы ойларына тоқтала кеткен жөн.
Әріптік жазудың тірегі болған ауызша сөзді дыбысқа бөлінуі туралы айтқан 
ғалымның ауыздан шыққан дыбыстың саны жоқ, олардың ішінде тек мағынаға ие 
болатындары ғана фонетика объектісі дегенін автордың жалпы тіл біліміндегі 
фонема ұғымынан хабардарлығы немесе фонема үғымын өздігінен пайымдап 
отырғаны деп білеміз. Мысалы: «Баба» дегендегі <б> екі басқа, бір емес. 
Сондықтан бұл екеуінің физиологиясы да басқа. Біз көп <б>-ның бәрін де бір 
әріппен таңбалап, орта есепке келтіріп, бәрінің басын қосып, бір белгісін ғана 
алғанбыз" дейді ғалым.
Сондай-ақ автордың сөзайырымдық қасиеті жоқ п-ф, қ-х дыбыстарын п, қ 
фонемаларының дыбыстары деп қана танығанын (Файзолла - Пайзолла), «дыбысты 


түгел таңбалайтын әліпби ешбір елде жоқ» дегенін фонематикалық жазу түрінің 
теориясын меңгергені деп түсінеміз.
Қ.Жұбановтың «Оқымыстылар тіл дыбыстарын, сөз тұрпаттарын, сөйлем 
құрылысын бір-біріне қоспай, аулақ ұстайды. Өйткені бұлардың өзара катынасын 
зертгесе, бұлардың өзі де мәңгілікті категория болмай, бір-біріне өтіп, ауысып 
отырғанын көрер еді, тілдің әрбір категориясының да өткіншілігін сипаттаған 
болар еді» деген сөзі құрылымдық тіл білімі зерттеулерінен кешенді тіл білімі 
зертгеу әдістеріне ауысып отырған бүгінгі қазақ тіл білімінің жайына келеді. Соған 
қарап тіл білімінде фонетика, морфология, лексикология, синтаксис салаларының 
екшелініп зерттелінуін, өз зерттеу пәні мен әдістерін, нысанын ерте анықтауын, 
орфография, жазу тарихы сияқты кеш дамыған аралық ғылым саласына жете көңіл 
бөлінбеген себебін парықтауға болады. Өйткені жазу тарихы ең арғысы тарих пен 
ұлт, этнос, дін тарихымен бергісі каллиграфиямен байланысты болса, орфография 
фонетика, морфология, семасиология, синтаксис салаларындағы зерттеу 
нәтижелеріне сүйенеді. Ғалым структуралық тіл білімінің әр саласына қалам 
тартқанда оны міндетті түрде жазу мен практиканың қажетілігіне бай-ланыстырып 
отырады.
Ғалымның латын графикасына негізделген әліпби жобасын ұсынып, емлені 
жетілдіру жолында бірнеше ұсыныс айтқанын тиісті тарауда сөз еткен едік. 
Қайталап айтсак, оның біреуі – біздің орфография Т.Шонанүлы айтқан 
мағынадағыдай фонетикалық принципке құрылуы керек. Бізде морфологиялық 
принцип пен фонетикалық принцип арасында флективті тілдердегідей үлкен 
айырмашылық болмау керек, бір түбірдің бірнеше формасы болуы мүмкін емес, 
сондықтан қазақ орфографиясында түбір морфологиялық, қосымша фонетикалық 
принциппен жазылсын дегені болды. Ғалым Е.Омаровтың кейінгі қазақ емлесі 
үшін ұсынған қосымшалардың ортақ формасын жазып, түркі халықтарының 
жазуларын унификациялап аламыз деген пікіріне абайлап қарау керек дейді, емлені 
тілдің сол кездегі қалпынан ғана шығаруды дұрыс санайды.
Сондай-ақ қысаң, езулік ы, і дыбыс таңбалары туралы «Жанғазыға хатында» 
(1936 ж.) автор орыс тілінен енген сөздердегі ы, і-лерді қысқарту жағын көп 
ойластырады. Сондай-ақ қазақ тілінің бір буынды төл сөздерінде ы/і таңбасын 
салып, екі буындыда түбірдегі қысаңды түсіріп жазуды ұсынады: біл - блек, қыр - 
қрау, ыс - стау. «Буын айыртуды есепке алма. Қандай емле болса да, соған қарай 
буын жігін таптыру методикасын шығаруға болады» деді.
Қазақ тілі фонемалар санын анықтауда һ дыбысы одағайларда болғанмен, қазақ 
сөздерінде жоқ, ал одағайларда кездесетін дыбыстың неше бір саны бар, сондықтан 
бұл фономорф негізгі емес деп табады Қ.Жұбанов.
Бүгінгі қазақ орфографиясындағы бір қиындық екінші буындағы ә әрпінің 
жазылуы болса, Қ.Жұбанов оны: «Көп буындағы түбірдің соңғы буынындағы 
дауысты дыбыстың а-ә екені дүдамал болса, не дүдамал болмай-ақ, анық ә дыбысы 
болса да, қосымша жуан түбірге жалғанғандығынан жуан айтылады да а мен е, қ 
мен к, ғ мен г бір келетін қосымшаларда а,қ,ғ жазылады. Оңайлық үшін ондай 
түбірдің соңғы буынына да ә жазылмай, а жазылады: кітапқа (кітәпке емес)» деп 
шешкен. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы жазуда линвалды үндесім құбылысын таңбалау 
арқылы және ұяң дауыссыздарға артықшылық берк арқылы тілдің ерекшелігін 
айқындаса, Қ.Жұбанов тілдің қысаң емес, ашық сипатын таңбалауды дұрыс көрді. 
Бұл қағида қазақ жазуының бүгінгі проблемасына қатысты. Қазақ тілі 


орфографиялық сөздігінің 1964 ж. басылымы бұл қатарды Қ.Жұбановтың пікіріне 
сүйеніп, күшала,дүдамал, ділда, күнә, кінә сияқты сөздерді а-мен таңбалады. Кейін 
жазу практикасы мен орфографиялық сөздік арасында қайшылық туған соң
алдыңғысы ескеріліп, Қазақ тілі орфографиялық сөздігінің кейінгі басылымдары ә-
мен қалыптандыра бастады. 2001 ж. сөздік тек барыс жалғауын ғана жуан 
вариантта, басқа қосымшаларды жіңішке формада жалғауды ұсынды. 
Ал ғалымның кірме сөздердің емлесі жайлы айтқан пікірлері арнайы сөз 
қылуды қажет етеді. Өйткені бүгінгі танда жаңа латын графикасына көшу 
қарсаңында немесе орыс графикасынан бас тартудың себебін іздеу барысында, 
жоғарыда ескерткендей, Қ.Жұбановтың казақ тілінің даму бағыттарына тигізген 
ықпалы көрінеді. Ғалым шеттілдік сөздерді орыс тіліндегі орфографиясымен қоса 
қабылдауды ұсынды, бүл ұсыныс қолдау тауып, қазірде біз екі түрлі алфавит, екі 
түрлі орфография пайдаланамыз: қазақ тілінің төл сөздерін таңбалайтын және 
шеттілдік сөздерді жазу орфографиясы. Жазылған сөз ішінде ц, щ, ъ, ь, ч таңбалары 
кірме сөз екеніне маркер болып тұрады.
Орфография да тарихи, «жанды» құбылыс. Қоғамның әлеуметтік-саяси 
өмірінің дамуы ол пайдаланылып отырған жазба тілдің, әсіресе оның сөздік 
қазынасының толығуы, реттеле түсуі (нормалану процесі) сияқты қозғалысына 
орай оның жазба тәжірибесі де, жазу тәртіптері – емле қағидалары да азды-көпті 
өзгерістерге ұшырап отырады, өңделе, қырнала түсіп реттеледі. Сондықтан 
өткен ХХ ғасырдың 80-жылдарының бас кезінде соңғы рет ресми түрде 
қабылданған, яғни осы ережелер бойынша жазу міндеттелген орфографиялық 
ережелерге кейінгі, 20 жылдан астам мерзім ішінде де ғылыми-практикалық мәні 
бар пікірлер айтылып келеді. Бұл пікірлер мен ұсыныстар әсіресе қазақ тіліне 
мемлекеттік тіл дәрежесі (статусы) берілгеннен кейін тіпті жандана түсті. Әңгіме 
көбінесе орыс сөздері мен интертерминдерді жазуға (олардың дыбыстық тұрпатын 
қазақша сындырып жазуды, қазақ, араб, парсы сөздерінің екінші, үшінші 
буындарында еріндік үндестігін сақтап жазуды (құдұқ, құлшұлұқ) ұсынған 
өзгерістер енгізуге қатысты болып келеді, сондай-ақ қазақ сөздерінің бірге және 
бөлек жазылатын сәттерін әлі де айқындай түсу, адам, жер-су аттарын дұрыс жазу 
(яғни бұзып жазуға бет алған ағымға тойтарыс беру) тәрізді жеке тұстары да айтыла 
бастады. 
Емле немесе сауатты жазу нормалары да көпшілік талқысына көп түсетін 
болғандықтан, үнемі түзету, қырнау, толықтыру сияқты неғұрлым жетілдіру 
процесін басынан кешіреді. Қазақ тілі емлесі де бұл процестен шеттеп қалмады. 
Тағы да әрі қарай тәжірибеміз көрсеткендей, әрі енді жазу мәдениетіне көңіл бөліне 
бастағандықтан, сауаттылықтың тетігін ғылыми негізге сүйеніп табу әрекеті қолға 
алына басталды. Сондықтан 1983 жылы қазақ емле ережелеріне біраз түзетулер 
мен өзгерістер енгізілген жаңа редакциясы ұсынылды. Бұл соңғы нұсқа да заң 
жүзінде қабылданды: 1983 жылы 23 тамызда Қазақ ССР Жоғарғы Советі 
Президиумның Указымен бекітілді. Бұл қаулыда: «Министрліктерге, мемлекеттік 
комитеттерге, ведомостыларға, газет-журнал редакцияларына, баспаларға, 
ғылыми-зерттеу мекемелеріне, оқу орындарына қазақ тілі орфографиясының осы 
негізгі ережелері жарияланған күннен бастап оларды жазу практикасына алу 
міндеттелді»-деп жазылды. 
Бүгінгі кезге дейін қолданылып отырған сауатты жазу әрекетіміз осы қаулыға 
бағынып келе жатыр. Қоғам өмірінде небір күрделі де зор әлеуметтік-саяси


өзгерістер болып жатқанымен, сауатты жазуға қойылатын талаптар түбегейлі 
өзгерістерге ұшырамауға тиіс болып келеді. Заң жүзінде қабылданған ережелерді 
орындап отыруға қалың жұртшылық өзін-өзі міндеттемесе, ол ережелерді әркім 
өзінше қолданса, ол мәдениетті жұрттың, көзі ашық, жаппай сауатты елдің белгісі 
емес екені баршаға түсініктіде. Сондықтан да болар, күнделікті баспасөздің басым 
көпшілігі, оқу-ағарту орындары: мектептер мен институттар, университеттер мен 
ресми мекемелер күнделікті жазу тәжірибесінде қазақ тілінің 1983 жылғы соңғы 
бекітілген емле ережелерін, негізінен ұстанып отыр.
Орфографиялық нормаларды, дәлірек айтсақ, дұрыс жазу ережелерін 
тұрақтандырып, нормаға айналдыруда ғылыми пікірталастар да жоқ емес. Бірқатар 
фонетис мамандар қазіргі емле ережелеріміз қазақ тілінің үндестік заңдарын бұзып 
барады, яғни екінші, үшінші буындарда езулік ы, і әріптерін жазу тілімізге тән ерін 
үндестігін сақтап құлұн, күмүс, күмүстү деп жазу керек, сондай-ақ қазақ тілінің 
буын үндестігі деп аталатын фонетикалық нормасын жазуда да сақтау керек, ол 
үшін төл сөздерді де, кірме сөздерді де тұтас не жуан, не жіңішке дауыстылармен 
таңбалау керек деген пікірлер айта бастайды. 
Тіл мәдениеті, сөйлеу шеберлігі, жазу сауаттылығы – ұлттық мәдениеттің 
көрсеткіші. Ол төмен болса, қазақ тілінің де мемлекеттік дәрежесінің төмен 
болатыны белгілі. Бірақ егемендігімізді алдық деп, тілге де еркіндік жасап, кез 
келген адамның орыс тілінен енген кірме сөздерді өз еркімен аудара беруіне жол 
беруге болмайды. Қазір баспасөз беттерін аша қалсақ, бұрмаланған сөздер көз 
сүріндіретін жағдайға жеттік. Мұндай экспериментті тоқтатып, өзгертілген 
сөздерді келісіп отырып көңілге қонымдысын ғана алу керек. Р.Сыздықтың пікірі 
бойынша орыс сөздерін аударуда «көпшілік қауымға түсінікті, қолданысқа 
қолайлы, мағынасы дәл келетін, яғни семантикалық сыйымдылығы көтеретін 
қазақша баламаларды алуға болады» деген пікіріне біз де қосыламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет