4. Орфографиялық сөздіктер. Олардың әр жылғы басылымдарындағы өзгерістер



Pdf көрінісі
бет6/38
Дата19.11.2022
өлшемі1,06 Mb.
#51226
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
3cb6657a70360b9c12f83223ae5a1768 (8)

Әзірбайжан. Баку қаласындағы ғалымдармен кездесу барысында анықталған 
ақпараттар бойынша Әзірбайжанда латын графикасына көшуге саяси
экономикалық, мәдени, лингвистикалық, қоғамдық-әлеуметтік түрткіжайттар 
себеп болды. Осы аталғандардың ішінде алғашқысы саяси, одан кейінгі кезектегісі 
экономикалық, 
тілдік 
түрткіжайттар 
болған. 
1991 жылы 25 желтоқсанда Әзірбайжан Республикасының Президенті 
А.Муталибов «Латын графикасы негізіндегі әзірбайжан әліпбиін қалпына келтіру 
туралы» заңға қол қояды. Бұл заң бойынша Әзірбайжанда 1940 жылға дейін 
қолданылған 32 әріптен тұратын латын графикасындағы әліпби азын-аулақ 
өзгерістермен қалпына келтірілу ұйғарылды.
Әзірбайжан ғалымдарының айтуынша, 1991 жылы Әзірбайжанда түрік тілінің 
нұсқасындағы әліпби қабылданды; алғашқы заң қабылданғаннан кейін ел ішінде 
осы мәселеге қатысты әртүрлі көзқарастар болды; осыны ұзаққа созып, аяғын 
ушықтырып жібермес үшін Үкімет қатаң қадағалау саясатын ұстанды; артық-ауыс 


пікір білдіруге теріс қарады, тіпті агрессиялық қатаңдықпен барлық 
қарсылықтарды тыйып отыруды ұстанды, осының нәтижесінде негативті жайттар 
көп орын алған жоқ; елдің беті бірден бері қарады; біржақтылықты ұстанған саясат 
өз жемісін берді; қазіргі кезде Әзірбайжанда латын графикасына өту процесі 
аяқталды, осы кезеңге дейін аталған мәселе бойынша айтарлықтай наразылық 
болған жоқ. 
Әзірбайжан жазуының латын графикасына көшу тәжірибесін қорыту: 
1 факт. Әзірбайжан тілінің дыбыстық жүйесіне негізделген латын 
графикасындағы жазу кирилл әліпбиінде қалыптасқан қосамжар орфографиядан 
арылудың жолына айналды. 
2 факт. Түркі дүниесіне ортақ жаңа әліпби негізінде бауырлас елдермен, әсіресе 
көршілес Түркиямен мәдени қатынастарды жақсарту көзделді; 
3 факт. Жаңа графика тоталитарлық жүйенің боданынан босаған жаңа 
мемлекетте ұлттық сананың көтерілу, өз рәміздерін, ұлттық нақышын белгілеу 
процесінің жемісі ретінде қаралып, әртүрлі саяси қарсы топтар тарапынан болған 
қарсылықтар мемлекеттің қатаң саясаты арқылы тойтарылып отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет