№7 дәріс тақырыбы: Бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын
сөздердің емлесі
Дәріс жоспары:
1. Бірге жазылатын сөздер
2. Бөлек жазылатын сөздер
3. Дефис арқылы жазылатын сөздер
4. Цифрлардың қолданылуындағы дефистің қызметі.
Дәріс мәтіні:
Біріккен сөздерді жасап тұрған компоненттер, негізінен, түбір тұлғалары
сақталып, бірігіп жазылады: бірыңғай, бозбала, бозқырау, демалыс, денсаулык,
еңбеккүн, жарқабақ, кәсіподақ, кәсіпорын, сегізкөз, солтүстік. Бірсыпыра біріккен
сөздер өзгерген қалпында, айтылуынша жазылады: бүгін, биыл, жаздыгүні,
қыстыгүні, бүрсігүні, күздігүні, белбеу, қолғап, қолғанат, қолғабыс, қарағаш,
апару, әкелу, түрегелу, мойынсұну.
Топонимикалық атаулар, яғни жер-су аттары. Бұлар, негізінен, түбір тұлғалары
сақталып жазылады: Ақтөбе, Ақжар, Алатау, Жезқазған, Талдықорған, Қызылорда,
Сарыөзек, Сырдария, Баянауыл, Ұлытау. Қазақша кісі аттары мен ру-тайпа және
бірен-саран халық аттары. Бұлардың да көпшілігі, негізінен, түбір тұлғалары
сақталып, бірге жазылады: Акбөпе, Акмарал, Гүлжәмила, Ғалиябану, Жақыпбек,
Жанбота, жетіру, қаракалпақ. Бірқатар кісі аттары дыбысталуы жағынан өзгерген
күйінде жазылады: Амангелді, Жангелді, Нұргелді, Қарагөз, Ботагөз, Айғыз,
Әйгерім, Жанғозы, Телғожа, Дәметкен, Ұлбосын, Айғаным.
Ғыльм мен техниканың әр түрлі саласындағы терминдік мәнге ие болған
атаулар бастапқы түбір тұлғаларын сақтап, бірігіп жазылады: баспасөз, арақатынас,
еңбеккүн, еңбекақы, жалақы, қырықаяқ, бұзаубас, қарақұрт, жанармай, жағармай,
соқырішек, сарысу (илену), сарауру, қылқалам, колтаңба.
Бірінші сыңары түсті білдіретін сын есімдер (ақ, сары, қызыл, қара т.б.), немесе
мал, аң-құстардың жалпы атаулары ( қой, сиыр, түйе, қозы, бөрі, аю, коян, каз т.б.),
я болмаса тау, шөл, құм, дала, су, тас, у деген сияқты сөздер болып, екінші сыңары
нақты өсімдік немесе аң-құстардын аты болса, бұлармен жасалған сөздер
биологиялық терминдер ретінде қосылып жазылады: коянжоңышқа, қойжусан,
қызылжусан, қаражусан, қойқарақат, аққайың, қотырқайың, үлпекқайың,
кызылқайың, итжуа, итбүлдірген, теміржолшы, жолсерік.
Достарыңызбен бөлісу: |