4. Орфографиялық сөздіктер. Олардың әр жылғы басылымдарындағы өзгерістер



Pdf көрінісі
бет23/38
Дата19.11.2022
өлшемі1,06 Mb.
#51226
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
Байланысты:
3cb6657a70360b9c12f83223ae5a1768 (8)

ҚТОС Ү басылымында бірге, бөлек жазылатын сөздер қатары жүйеленді: 
емле ережесіне сай бұрын анықтауыш-анықталғыш қатынастағы есімді тіркестер 
делініп бөлек жазылып келген бір ғана зат, ұғым атаулары бірге таңбаланды. Жазу 
дәстүрін бұзбау мақсатымен, мұндай қатардағы сөздерді жазу жүйесіне сатылап 
енгізу қарастырылды. Тірек сөзінің тіркесімдік қабілеті төмен болғандықтан, бірге 
жазылатын тіркесті сөздердің жазылуы көрсетілді: Қолорамал, беторамал, асқасық, 
шайқасық, қолсағат, қолайна, желдиірмен, будиірмен, қолшана, атдорба, шыныаяқ, 
қойындәптер, ішкөйлек, көрпетыс. 
Аталған қатардың бірге жазылуына, біріншіден, екі сыңары да, әсіресе соңғы 
сыңары өз мағынасында тұрғанмен, екеуі бірігіп, бір заттың атауы болуы, 
екіншіден, жиі қолданыстағы тұрмыстық атау болуы, үшіншіден бір екпінге 
бағынуы себеп болды. 
Сондай-ақ бір ұғымды білдіретін –ым жұрнағымен келетін ұлттық өлшем 
атаулары бірге жазылды. біркөш, біруыс, бірсалым, аспісірім, көзкөрім, етасым, 
атшаптырым, биесауым, бірасым, біркиер, біртабан, біршайқам т.б. 
Бірге таңбалауға байланысты енді бір өзгеріс бейнелі тіркес ретінде бөлек 
жазылып келген дерексіз атаулар, әсіресе адам мінезін сипаттайтын біріншілік атау 
дәрежесіндегі фразеологизмдердің жазылуында болды. Және бұл қатардың 
сөзжасам жұрнақтарымен (-лан, -лық, -лы) түрлене алатын сипаты бірге 
таңбалаудың шартына айналды: ақкөңіл, ақкөңілділік, алауыз, алабөтен, 
алашапқын, арамтамақ, шаласауатты, бірсөзді, жалаңаяқ, еркөңілді т.б. 
Сондай-ақ көп денотантқа үй, ағаш, мәшине, тас сөздері нақты мағынасынан 
ауытқып, дерексіздене бастаған қолданысында бірге жазылды: ісмәшине, 
сүтмәшине, ауызүй, төрүй, алмаағаш т.б. 
Бейнелі тіркес ретінде бұрын бөлек таңбаланып келген мезгіл, шақ атаулары 
бірге жазылды: күнұзаққа, күнілгері, күнібұрын, алакөлеңке. Сондай-аө аяқасты, 
аяқастынан, әртарап, әртекті, әртүрлі, басыбүтін сияқты сөздер үстеу ретінде бірге 
таңбаланды. 
Сонымен қатар үш сөзден тұратын зоологиялық атаулардың –ды жұрнағымен 
келетін алдыңғы екі сыңары және осы тіркестің –лар қосымшасымен келетін түр 
атауы біріктіріліп реестрге шығарылды. 
Бұрын бөлек жазылып келген ботаника, зоология терминдерінің бірінші 
сыңары түс атауларымен келетін немесе бір сыңары қой, сиыр, түйе, қоян, ат, аю, 


бөрі, ағаш, шөп, от, тікен, гүл, жапырақ, тамыр, құс, балық, тауық, құрт сияқты 
жалпы атаулар болып келетін өсімдік, аң-құс атаулары бірге жазылады. Мысалы: 
ақбидай, көкпияз, қараторғай, қызылқайың, ақтиін, ақшабақ, қараләйлек, сужылан, 
суықторғай, таскене, тасторғай, майсораң, майзығыр, қойбүлдірген, аюбалдырған,
т.б. 
Формалды белгісі бар біріккен сөздердің қатары молайды: адамсүйгіш, 
еңбексүйгіш, ауырдәулетті, беткеұстар, қазақтілді, ақнәсілді т.б. 
-лық жұрнағының сөзбіріктірушілік сипатына артықшылық берілді: жұрнақ 
қатар айтылған есімді тіркесті де, етістікті тіркесті де біріктірді: алдыналушылық, 
артықкетушілік, 
ауылшаруашылық, 
жалпыұлттық, 
ауызтатырлық, 
арттақалушылық, бұғышаруашылық, жатжерлік т.б.
Бұрын бөлек жазылып келген бірқатар тіркес біріккен сөз ретінде қосылып 
жазылды: Қолбала, қансонар, бойжету, ержету, бойұру, т.б.
Бір жаңа ұғымды білдіретін атау сөз іспеттес бірсыпыра тіркестер де біріккен 
сөз түрінде тұлғаланды: Ойтүрткі, ойтолғақ, алмаағаш, кестежіп, аяқмәшине, 
бормәшине, ішбүлгін, тастабақ, ауызүй, басқосу, т.б.
Құрал-жабдықтардың қазақша аттары техникалық атаулар ретінде қосылып 
жазылды: Ақаутапқы, әуетозаңдатқыш, бензоқұйғыш, дәнсепкіш, жылутартқыш, 
т.б.
Ерғашты (болу),жолсоқты (болып шаршау), пышақкесті (тыйылу), қағазбасты 
(болу), жүрекжарды (хабар) сияқты сөздер бұрын бейнелі тіркес ретінде бөлек 
жазылып келсе, енді біріккен сөз ретінде қосылып жазылуы ұсынылды.
Сондай-ақ біріккен сөз сыңарларының аражігінде келетін екі дауыстының 
біреуі түсіріліп жазылатындығы зандастырылды (алтатар, алаяқ, саптаяқ, сабаяқ, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет