металды, грамға, киловаттқа, съезге, съезі, ведомосқа, журналисі.
1957 ж. үкіметтің қаулысымен қабылданған ҚТОНЕ-де қосар дауыссызбен
аяқталған орыс сөздеріне қосымша жалғағанда бір әріпті түсірмей жазу туралы
ереже болған: классқа, когресске;
Бірдей қос дыбыстарға аякталған жалқы есімдерге қазақ тілі қосымшалары
жалғанғанда, қос әріп сақталып жазылады, тек қосымшаның басқы дауыссыз
дыбысы түбірдегі кос дыбыспен бірдей болғанда ғана, үш біркелкі әріп жазылмай,
екеуі жазылады: Гриммге, Гриммен, Кириллге, Филипптің, Филиппен, Кузбасстың,
Донбассқа.
Әріптерден қысқарған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары соңғы әріптің
немесе соңғы цифрдың айтылу әуеніне қарай, ал олардың ішінде дауысты дыбыс
болса, сол дыбыстың айтылу әуеніне қарай жуан не жіңішке жалғанады да, дефис
арқылы жазылады: АҚШ-қа, БАМ-ға, ЮНЕСКО-ның, МТЗ-82-ге (сексен екіге).
Цифрмен жазылған есептік, бөлшек сан есімдерге дефис арқылы жалғанатын
косымшалардың жуан-жіңішкелігі цифрмен белгіленген санның айтылуына қарай
болады: 10-ды 2-ге көбейт (онды екіге). Оқушылардың 20-сы экскурсияға кетті
(жиырмасы). Жолдың 1/5-іне келіп қалдық (бестен біріне).
Пайызды (%), градусты (°) белгілейтін таңбалары бар сөздерге қосымша пайыз,
градус деген сездердің соңғы буынының әуенімен жалғанады: жұмыстың 90%-ы
(тоқсан пайызы) немесе 90%-ті істелді (тоқсан проценті). Суықтық 20°-қа дейін
барды (жиырма градусқа).
см, мм, км, га сияқты қысқарған белгілерге жалғанатын қосымшалар да дефис
арқылы жазылып, осы белгілер таңбалайтын сөздердің соңғы буынының жуан-
жңішкелігіне қарай жалғанады: Ұзындығы 10 см-ге (он сантиметрге) жуық сызық
сызыңдар. 20 км-ден (жиырма километрден) астам жер жүрдік. 500 га-ға жуық
жер жыртылды (500 гектарға).
Жеке әріптер, жеке сөздер объект болып, оларға қосымшалар жалғанғанда, сол
объектілердің айтылу әуеніне қарай жуан не жіңішке болып, дефис арқылы
жазылады: а-ның артикуляциясы ә-ге қарағанда өзгеше. "Жаз шықты " және "хат
жаз " дегендердегі жаз-дың мағыналары бір емес. Жомарт Жақыптың "дұрыс"-
ын осымен екі рет естіді (Ғ.Мүсатфин).
Е с к е р т у: см, мм, км, га сияқты қысқарған таңбалар өзге шрифтімен
(курсивпен) терілуі мүмкін. Бірақ барлық жағдайда да қосымша дефис арқылы
жазылады. Сондай-ақ объект болып тұрған жеке әріптер, буындар, сөздер
тырнақшаға алынып жазылуы да мүмкін, бірақ ол күнде де қосымшамен екі араға
дефис қойылады: "а"-ның артикуляциясы "э"-ге қарағанда өзгеше.
Жалпы жазу теориясы бойынша емле принциптері екіге, уәждемелі және
уәждемесіз принципке, бөлінеді. Уәждемелі принцип, яғни тілдің өз жүйесіне
негізделген
принципке
фонетикалық,
морфематикалық,
грамматикалық
принциптер жатады да, уәждемесіз принципке (тіл табиғатынан тысқары) дәстүрлі,
айырмыс, транслитерациялық, транскрипциялық, түпнүсқа принциптер жатады.
Енді бір топ ғалымдар үшін (Н.Гвоздев, В.Щерба, Я.К.Грот, М.В.Ломоносов) тіл
болмысына лайықталған жазу фонетикалық және этимологиялық немесе тарихи,
дәстүрлі принциппен жазылады. Мұның екіншісімен жазу арқылы сөздің
этимологиясын немесе сөздің бір кездегі айтылу нормасын сақтауға болады.
Сондықтан орыс тіл білімінде морфологиялық принцип тарихи, тарихи-
этимологиялық деп те аталады.
Ал жалғамалы тіл – қазақ тілі үшін түбірді барлық позицияда бірдей жазудың
мүмкіндігі жоғары. Сондықтан түбірдің морфологиялық принциппен жазылуын
қазақ жазуы жеңіл қабылдады. Қ.Жұбанов «Әліппеміз бұқарашыл болсын» (1929)
деген мақаласында: «Сөз негізі туысынша, жалғауы дыбыс жүйесінше жазылу
керек дер едім. Сонда емлеміз мінсіз, әрі жеңіл болады. Себебі сөз түбірі белгілі
жолмен кейде болмаса тіпті өзгермейді. Сондықтан біздің дыбыс емлеміз бен туыс
емлеміздің арасында айырмашылық болмайды деймін. Сол ғасырдан бері мың жыл
ұдайынан біз туыс негізді емле ұстап келеміз. Онан түрік тілдерінің арасы канша
жақындасты... Көптіктің -дар, -дер - дұрыс түрі, - тар, - тер –бұралқы түрі деген
қиялдан туған...» деп, морфо-фонетикалық ұстаныммен жазуды ұсынады. Біздің
алтай тілдері қатаң, үяң дыбыстарын бұрын айырмаса керек. Мәселен, ұйғыр
жазуында п мен б, к мен г айырылмаған. Сондықтан ұйғыр әліппесімен жазған
түріктер катаң дыбыстан ұяң дыбысты айыра алмаса керек. Мәселен, шуваш тілінде
қатаң мен ұяң дыбыстар айырылмады. Бітеу буында катаң болған дыбыс, ашық
буында ұяңға айналады» деді. Бүгінгі таңда да сөзді ұяңдатып, шағатайша жазайық
деген көзқарастар табылады. Оның себебі кейінгі кезде оқу деген сөзбе-сөз
идентификация жасау емес, трансактілегенде мәтінді мағынасына қарай қалпына
келтіру деген ұғымдардың көбеюіне байланысты сияқты. Әйтпесе ХІХғ. аяғындағы
революциядан бұрынғы шыққан емлеге қатысты И.Бейсенұлы дегеннің мақаласы,
мысалы, қандай қатты естілсе де қосымшалардың үнді не ұяң түріндегі варианты
ғана жалғану керек дегенді принцип еткен: - мақ, -мек,- лар, -лер, -ны, -ні, -ның, -
нің, - мен, -бен. Тіпті -мас, - мес, - сыз, - сіз жұрнағы - маз, - мез, -баз, - без деп
жазылады делінді. Сөйтіп, жазу универсалды сипат алып, ортақ мәтінді әр халық
өз тілінде оқып түсінген еді.
Бұл принципті одан әрі негіздеп, орта мектеп грамматикасына (1938ж. бастап)
енгізген С.Аманжолов: «Байыбына бармаған кісі сөз жоқ, бірінші принцип
(фонетикалық) қолайлы дейді, сөз қалай айтылса, солай жазылады, бұдан артық не
бар? Тіпті былай болған күнде жазу ережесінің де керегі болмай қалады ма дейді
олар. Дұрысы бұлай емес, тіл, сөз өзгермейтін нәрсе болса ғана оған бір қалып, бір
принцип әр уақытта да жараған болар еді. Ал біз тілге, сөзге ондай түпкілікті нәрсе
деп қарамаймыз, өсіп, дамып, өзгеріп отыратын нәрсе деп қараймыз. Сондықтан
бірсыпыра сөзге фонетикалық принцип дәл келгенмен, бірсыпыра сөзге
морфологиялық принцип дәл келеді. Ал сонымен катар, көп сөздерге бұл екі
принцип бірдей қолданылмаса болмайтыны да болады. Осыларды еске алғанда
казақтың әдеби тілінің орфографиясындағы негізгі принцип төмендегіше болсын
дейміз. Сөздердің түбір тұрпаты морфологиялық принципте болсын да, түбір мен
жалғау арасы фонетикалық принципте болсын. Қысқасы, жазуымыздың жалпы
принципі фонетика-морфологиялық болсын. Мысалы, жұмысшы /жұмышшы
емес/, қонбады /қомбады емес/, түнгі /түңгі емес/ . Орфографиямыздың негізгі
принциптері - жеке сөздің түбірін, негізін, қосымшаларын дұрыс жазу деп табамыз.
Бірақ тіл жанды нәрсе болғандықтан, сөздің айтылуы алуан-алуан болады. Кейбір
сөздер шеттен, көршілес елден келіп, тілімізді байытып жатады. Мысалы: орыс тілі
аркылы тілімізде енген кейбір сөздердің (колхоз, совхоз, трактор т.б.) аталуы
алғашқы кезде бір басқалау болып, соңғы кезде дұрысталды. Алғашқы айтылу
түрімен жазамыз десек, калхоз, сапқоз, тырактыр т.б. деп жазар едік. Бұл жаңа
сөздердің жалғау-жұрнақтарына да өзгешелік болып отырады. Мысалы: сотсиалист
деген сөзге -тің тәуелді жалғауын жалғасақ сотсиалисттің болып екі т катар тұра
алмайды, бірін түсіру керектігі айқын көрініп тұр. Ал егер сол сотсиалист деген
сөзге тәуелді жалғау ы-і жалғасақ, сөз табыс жалғауда тұрған сиақты болады.
Контексте сөздің сөйлемнің мағынасы екі ұшты болады. Сондықтан мұнда да түбір
соңындағы т - ны алып тастауға тура келеді. Сонда ғана сотсиалист - сотсиалисі
болып жалғанғаны анықталады. Міне, сондықтан да жаңа сөздерге аз да болса,
ерек-ше еміле ережесі керек екендігі түсінікті болса керек» деді. Бұдан емледегі
морфологиялық принцип негізінен кірме сөздерді орыс жазуындағы
түпнұсқасымен қалыптандыру қызметінде келгенін аңғару қиын емес сияқты.
Қысаң езуліктердің түсіріліп жазылған (құрлыс, жапрақ, аброй). атқора,
антатқан, антұрган, атсалысу, атышулы, қонақүй құрама сөздерінің бірге
таңбаланған 1941ж. алғашқы емле сөздігіндегі кодификация уәжді.
Бұл орфограмма 1960 ж. емле сөздігінде сөз түбірі айқын болу керек деген
мақсатта басқаша заңдастырылды: бұрын бірге жазылып келген көпжылдық,
бүкілодақтық, ауылшаруашылық, теміржолшы, аяқкиім сарыала сияқты құрама
атаулар бөлек жазылды. Сөздіктен ізделетін сөздің түбірін білу басты нәрсе
делінді. Академиялық емле сөздігінің екінші басылымында: «Морфологиялық
принцип бойынша сөздердің ауызекі айтылуында көршілес дыбыстардың әсері
нәтижесінде пайда болатын дыбыстық қүбылыстар ескерілмей, бастапқы түбір
күйіндегі дыбыстық кұрамы сақталып жазылады. Мысалы, түнде, түнгі, түні бойы
дегенде түн сөзінің үш жағдайына қарамай түбір сақтап жазылады» делінді.
Алайда қатаң п, қ, к фонемаларына аяқталған сөздерге тәуелдік жалғауы
қосылғанда п-б, қ-ғ, к-г-ге алмасып жазылуын, қысаң езуліктердің түсірілу уәжін
морфологиялық принцип түсіндіре алмады. Осы мәселелер төңірегінде зерттеу
жүргізген ғалым Н.Уәлиев қазақ жазуының тарихында алғаш рет қазақ емлесіндегі
негізгі принцип фонематикалық екенін анықтады. Ғалымның аныктауында
фонематикалық принцип «белгілі бір фонеманың дыбыс түрленімдерінің ішінен
фонетикалық ортаға неғұрлым тәуелсіз түрін жазу» болып шығады.
Фонематикалық принциптің теориялық тірегі фонема-дыбыс типтері, дыбыс
кластары, сондай-ақ олардың күшті және әлсіз позициясы» дегенге сайды.
Морфологиялық өлшем жазуда сөздің позициялық өзгерісі ғана таңбаланбай
отырғанына көз жеткізу үшін қажет. Сонда дыбыс позициялық өзгерістің нәтижесі
екеніне дыбысты күшті позициядағы, яғни түбірлес басқа бір сөздің құрамындағы
позициясына апарып тексереміз. М.В Панов барлық фонологтер морфологиялық
өлшемді қолданған, тек әркім әртүрлі деңгейде: біреу ашық, біреуі жасырын, біреуі
жүйелі, біреуі жүйесіз, біреуі саналы т.б. дейді. Олай болса Е.Омаров айтқандай,
«Сөз жүйесінше дұрыс болған жазу дыбыс жүйесінше де дұрыс болуы шарт, себебі,
қазақша сөздің түбірі өзгермейтін болған соң, біздің дыбыс жүйесіндегіше
жазғанымыз сөз жүйесінше де дұрыс болады» [24,49].
Н.Уәлиев [қап], [қаб ішінде], [қабы] айтылымында <п> фонемасының қа<п>
және қа[б] екі позициялық түрленімі бар. Мұның екіншісі дыбыстық ортаға
неғұрлым тәуелді [б] варианты, біріншісі неғұрлым тәуелсіз [п] фонемасы дейді.
Ал [қабы] сөзіндегі дыбыс <б> фонемасының өзі болады [16] дейді. Сонда қап
сөзіндегі [п] дыбысы да негізгі реңк, қабы сөзіндегі [б] дыбысы да негізгі реңк
болып шығады, яғни қалыбы, қалпы, сабы, сапы деген сөздеріндегідей мағына
ажырататын дыбыс алмасу бір деңгейде қарастырылады. Жалпы, қазақ тіліндегі
мұндай сипатты сөздердегі дыбыс алмасуларды жаппай қамтитын құбылыс
болмағандықтан, морфонологиялық алмасу, яғни тарихи алмасуға жатқызады. Ал
морфонологиялық алмасу бәрі жазуда жүйелі түрде көрініс тауып отырады.
Сондықтан ғалымдар қазіргі ДЖ морфологиялық сипатта дейді. Мысалы: қалып-
қалыбы (кірпіш құятын, нан салатын қалып), қалпы (сипаты, күйі), сап-сабы
(күректің сабы), сапы (еңбек сапы). Бірақ тәуелдік жалғауы қосылған сөздерде ғана
(қалыбы-қалпы) мағыналық айырмашылық көрінеді, ал қалып сөзі мен қалыбы сөзі
бір мағынаны білдіреді. Егер жазуда фонема таңбаланады десек, мұндағы мағына
ажыратушылық белгісі калай болады? Сондай-ақ бұл қатарға <қ>, <к>
фонемаларының түбір мен қосымша, екі сөз жігінде ұяң <ғ>, <г> фонемаларына
айналып айтылуы және жазылуы да кіреді. Мысалы: балық-балығы, ақ-ағы, көк-
көгі, жақ-жағы, бақ-бағы. Бұл қатар да жаппай қамтитын фонетикалық құбылыс
еместігіне байланысты (тұрық/тұрқы) морфонологиялық алмасу деп табылады.
Түбір сөздер емлесі
Қазақ тілінде түбір сөздер тіл үндестігі бойынша жазылады.
Төл сөздер бірыңғай жуан не жіңішке үндесіммен жазылады: azamat, yntymaq,
bosaǵa, turmys; ásem, memleket, izet, úmit, sóılem. Ал кейбір кірме сөздерде тіл
үндестігі сақталмай жазылады: quzіret, qudіret, muǵalim, qyzmet, qoshemet, aqіret,
qasıet, qadir, kitap, taýqіmet, qazіret.
Сөздердің және күрделі сөздер мен сөз тіркестері сыңарларының түбір тұлғасы
сақталып жазылады: qulyn (qulun емес), júzim (júzúm емес), kóılek (kóılók емес),
júrek (júrók емес), oryndyq (orunduq емес), kók oramal (kóg oramal емес), aq ala (aǵ
ala емес), aq aıý (aǵ aıý емес); bara almaımyn (baralmaımyn емес), barsa ıgi edi
(barsıgedi емес), baryp pa eken (baryppeken емес), kele jatyr (kelatyr емес), kúnkóris,
kúnbaǵys, shekara, qyrkúıek, kókónis.
Қосымшалардың жалғануы
Қосымшалар түбірдің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың үндесіміне қарай
не жуан, не жіңішке жалғанады: jumys-shy-lar-dyń, qart-tar-dyń, baqsha-myz-da;
mekeme-de, bereke-si, teńiz-shi-ler; kitap-tyń, qudiret-ke, muǵalim-niń; kógal-ǵa,
kógoraı-ǵa.
Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымшалар қатаңнан, ал дауысты, ұяң
немесе үнді болса, қосымшалар ұяң не үндіден басталып жалғанады: halyq-qa,
qyrat-tar, mektep-ke, kólik-pen; táj-ge, qaryz-ǵa, juldyz-dar; tań-ǵa, pán-der, tal-dyń,
kól-ge, bala-ǵa, bala-lar, áje-ge, áje-niń.
Түбірдің соңғы буынында үнді дауыссыз дыбыстан кейін тұрған y, i әріптері
тәуелдік қосымшасы жалғанғанда түсіріліп жазылады. Мысалы: aýyl – aýly, daýys
– daýsy, erin – erni, halyq – halqy, oryn – orny, ǵuryp – ǵurpy, qyryq – qyrqy (қырқын
беру), kórik – kórki (бет-ажар), árip – árpi, naryq – narqy (бағасы), paryq – parqy, qulyq
– qulqy, oıyn - oıyny.
Достарыңызбен бөлісу: |