4-ші тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық Талдау сұрақтары


Технологиялық жұмыссыздық



бет3/7
Дата07.02.2023
өлшемі27,36 Kb.
#65777
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
макроэкономика 3 апта

Технологиялық жұмыссыздық – бұл адамдардың еңбек күшін машинамен алмастыру нәтижесінде болатын жұмыссыздық
Қүрылымдык және фрикциондық жүмыссыздықтар оның «табиғи» деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді. Циклдық факторлар жұмыссыздықты «табиғи» деңгейден жоғарылатады.
Шамадан тыс жұмыссыздықтың кері әсерлері: біріншіден- әлеуметтік, яғни жұмысшылардың ешқандай жұмыс істемеуі олардың мамандығының жойылуына, тұлғалық азғындауына, әлеуметтік және саяси шиеленіске әкеледі. Екіншіден, экономикалық, яғни өнім шығарылмайды, ЖҰӨнің көлемі азаяды.
ЖҰӨ-ң шығынын анықтау үшін Оукен заңын қолданады. Ол жұмыссыздық деңгейі менЖҰӨ арасындағы математикалық тәуелділікті көрсетеді. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен асқан әрбір 1 % ЖҰӨ-ді 2,5 %-ке төмендетеді. Мысалы, табиғи жұмыссыздық- 6 % , нақты жұмыссыздық9 % болса, онда ЖҰӨ 7,5 %-ға төмендейді (9 - 6) * 2,5 = 7,5
Мемлекеттің халықты жұмыспен қамту саясаты әртүрлі нысанда жүзеге асырылады. Соның ішіндегі аса маңызды бағыты қоғамдық өндірісте мемлекеттік бюджет есебінен қосымша жұмыс орындарын ашу, жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру болып табылады. Сонымен қатар, мемлекет адамдарға өзінөзі жұмыспен қамтуға жағдай жасайды. Осы саясатттың аса маңызды бағыттарының бірі шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру.
Еңбек рыногын реттеуде еңбек биржасы маңызды орын алады. Еңбек биржасы дегеніміз жұмыс күшін сатусатып алу туралы кәсіпкерлер мен жұмысшылар арасындағы делдалдық қызмет атқаратын мекеме.


4.Инфляцияның мәні және себептері, түрлері, зардаптары
Инфляция термині латынша - inflatio қазақша - ісіну, қампаю дегенді білдіреді. Тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген. Инфляция өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі әрі көп факторлы құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет