Байланысты: 4 сынып оқушыларын орта буынға дайындау
Оқушының жеке қабілетін арттыруға арналған ойындар Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар
1. Ине мен жіп
Жүргізуші:
Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.
2. Бұл қашан болады?
Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.
Кесте, құрал – жабдықтармен жұмыс
1. Айлардың аттарын ата ?
2. Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата?
3. Әр мезгілде неше ай бар?
4. Бір айда неше апта бар?
5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?
3. Не үлкен?
Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.
4. Сиқырлы қапшық
Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина т.б.Балалар қолымен заттарды сипап бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.
Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар
1. Төрт құбылыс
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екіқолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.
2. Көңілді шеңбер
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір – біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды.(гүл, оамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.
3. Орныңды тап
Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан – жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі ). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орынын таппаған балалар ойыннан шығарылады.
4. Ойыншықты сипатта
Жүргізуші балаларғақолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі – түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр – түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.
5. Сөзді есіңде сақта
Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.
1. көктем – жаңбыр
2. жаз – күн шықты
3. аспан – бұлт
4. жер – шөп