4 сынып оқушыларын орта буынға дайындау Түсінік хат


«Мен басқаның көзімен» атты интелектуалдық сабақ



бет4/10
Дата06.03.2023
өлшемі40,17 Kb.
#71920
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
«Мен басқаның көзімен» атты интелектуалдық сабақ
Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып, қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой - пікірде екенін айтады. Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды.
« Атомдар мен молекулалар»
Әр қатысушы - жеке атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір - бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады.
Афирмациялар
«Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді»,« Мен жетістіктің адамымын»,« Менің жағдайым күннен – күнге жақсаруда» «Таңғажайып дорба» ойыны
Дорбада бірнеше жеміс, көкөніс бөліктері бар. Бала көзі жабылып, дорбадағы заттың дәмін татып, оның қай жеміс екенін, дәмі, исі, формасы, түсі жайында ажырата баяндайды.
Мен қандай адаммын?
Әр қатысушы өзінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтады. Сол бойынша қорытынды жүргізіледі.
Менің қиыншылықтарым
Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп, ортаға салады, өзгелермен ой бөліседі.
Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі Допты бір - біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
Ұқсастық шегі
Қатысушылар жұптасып отырады. Жұбыңа қарап, ұқсастықты тауып жазады. Ұқсастығын оқып, ой бөліседі Мен саған сенемін Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір - бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін...» өйткені сен жақсы адамсың.
4 сабақ
Қорқыныш сезімінен арылу, сенімділікті арттыру тренингі
Қорқыныш сезімінен арылуға және өз-өзіне деген сенімділікті
арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар
Мақсаты: Ауызша сабақтар кезінде балаларда көбінесе қорқыныш пайда болады. Ұялшақ балаларда қорқыныш басым болады. Қорқынышы басым болса, баланың өз-өзіне сенімсіздігі жоғарылай түседі. Үрей мен сенімсіздікті сезінуі мүмкін екендігін елестетіңіз және оларға көмектесуге тырысыңыз.
1. «Ватмандағы саяхат»
Ойынға ватман мен бояулар керек. Бұл ойынды топпен немесе жеке балаңызбен ойнауға болады. Сіздің ұсынысыңыз: «Біз бүгін бірге ватманға саяхатқа шығамыз. әрқайсымыз кезекпен ватманға жақындап суреттер саламыз. Ойынның талабы қылқаламды немесе маркерді ватманнан үзбей сурет саламыз. Егер маркерді ватманнан үзсеңіз онда басқасы келіп, өз суретін сала бастайды. әр қасында 10 сек ғана бар. әртүрлі сызықтарды салуға, түрлі-түсті бояуларды қолдануға рұқсат.»
2. «Титаник»
«Балалар, сендар жұпқа бөлініп, кім А ал кім Б болады екенін анықтаңдар. Барлық А-лар үстел басын жақындап алдарына қағаз қолдарына қарындаш алып тұрады. Барлық Б-лар маған жақындайды мен олардың құлақтарына кез келген бір кинонын атын айтамын. Олар А-лардың арқаларына сол киноның суретін салады, ал А-лар сол суреттерді қағазға салып қай кино екенін тауып алу керек. Егер А-лар киноның атын тауып алса, дауыстамай
Балалардың құлақтарына сыбырлай қояды. Содан кейін балалар орындарымен ауыстырылады.»
3. «Дұрыс бағыттағы қадам»
Сендер менің 30 сұрағыма жауап беруге тиіссіңдер, егер сендер дұрыс жауап берсеңдер, онда мен бір қадам алға жасаймын, ал егер қате жауап берсеңдер онда бір қадам артқа шегінемін. Мен есік маңынан бастаймын. Бүкіл бөлмені өтіп, қайта орныма оралуға тиіспін. Мен сендердің қолдарыңдағы пешка ретінде боламын. Соңында көрейік қай жерге келеді екенмін. Сұрақтар пәндерге немесе арақатынастыққа байланысты алуға болады (не ұнайды, не ұнамайды, қандай қиялын бар т.б.).
4. «Қандай кейіп?».
Мақсаты: Оқушылардың ұялшақтың сезімін төмендету.
Мұғалім ахуал тізімін таратып береді. Бір бала оқушылардың қандай кейіпте қатып тұрып қалғанын шешу керек. «Толқиды теңіз бір, толқиды теңіз екі, толқиды теңіз үш. Қуаныш фигурасы (ахуал тізімін қара), орныңда қатып тұрып қал». Ахуалдар тізімі: қуаныш, ыза, үрей, мейірім, қызығушылық, ұялшақтық, жетістік.
Осындай тренингтер өткізілсе, балалардың бойындағы ұялшақтық мінездері төмендеп, көп көмек болары анық. Ондай балалар мұғалімнің назарында үнемі болуы керек. Әр баланың дұрыс дамып, жетілуі сіздердің қолдарыңызда.
Жаттығу.«Сөйлемді жалғастыр»
Жақсы өмір – бұл......
Бақытты адам – ол.......
Мен адамдардың ....... жоғары бағалаймын.
Менің өмірімнің маңызы мынада.....
Менің өмірім – ол ...
Менің көңіл-күйім көбінесе ...
Менде нашар көңіл-күй пайда болады, егер...
Айналадағы әлем-ол...
Менің достарыма деген қарым – қатынасым...
Жалғыздық мен үшін ол ...
Оқу мен үшін ол...
Егер мен оқудан шығып кетсем...
Мен ойлаймын, біздің отбасымыздың бір-біріне деген қарым-қатынасы...
Отбасылық қарым-қатынас дегенді мен былай деп түсінемін...
Неке (брак) мен үшін...
Ата-анамның алкогольге деген қарым-қатынасы...
Менің ата-анам спирттік ішімдіктерді ...... қолданады.
Өз өмірімді қию туралы ойлар мені....... мазалайды.
Мен өз түрімді, кел бетімді........ деп ойлаймын.
Пікір алмасу.(Оқушыларға сөз беріледі)
Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімінің өніп шыққаны, оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады.
Жанұядағы тәрбиені адам өз өмірінің «алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді.
Кешірімді болу,кек сақтамау, әділ болу өмірге керекті қағидалар.
Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Өмір сүру құқығы адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.
Адам бойында жақсы қасиет әр оқушының өз отбасын сыйлауынан басталады.

5 сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет