4. Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі Фонетиканың қарастыратын мәселесі және тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық сипаты


Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі



бет10/11
Дата07.01.2022
өлшемі45,43 Kb.
#18030
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Лекция-1600975896430

4. Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі

Дыбысталу жағынан алып қарағанда, сөйлеу (речь) жік-жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құуралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі ажырап, кіші топтарға (үзбелерге) бөлшектенеді. Олар (шумақтың үзбелері) сөйлеудің фонетикалық единицалары ретінде қаралады. Олар мыналар: 1) фраза, 2) такт, 3) буын, 4) дыбыс.



Фраза - ең ірі фонетикалық единица. Бір фраза екінщі фразадан пауза (кідіріс) арқылы ажыратылады. Сөйлеуші екінші фразаны айту үшін бірінші фразадан кейін пауза жасайды. Пауза жасалғанда, дем ішке тартылады да, екінші фразаны айтқанда, сыртқа шығады. Мысалы, Қонағын сүймеген баласын ұрады (мақал) деген сөйлемде екі фраза бар: оның бірі қонағын сүймеген, екіншісі - баласын ұрады. Бұл фразалардың басын біріктірген нәрсе - интонация. Интонация - өте күрделі құбылыс. Оны құрайтындар мыналар:

- мелодика. Дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі немесе бәсеңдеп барып қайта көтерілуі мелодика деп аталады. Әрбір тілдің өзіне тән мелодикалық, кестесі болады. Паузамен бірге мелодика да сөйлеуді мүшелеу тәсілі (құралы) ретінде қызмет атқарады. Сөйлемнің бөлшектері айтылуда дауыстың көтеріліп төмендеуі немесе төменден барып қайта көтерілуі арқылы ажыратылады. Хабарлы сөйлемде паузаның алдындағы сөз көтеріңкі дауыспен айтылады да, онан кейінгі бәлшектің құрамындағы сөздерде дауыс біртіндеп бәсеңдей береді. Мысалы, Сіркіреп жауған жауын түні бойы басылмады - деген сейлемнің мелодикалық кестесі (дауыстың кәтеріліп барып бәсеңдеуі) мынадай болады:

- сөйлеудің темпі. Темп сөйлеудің шапшаң немесе баяу болуы дегенді білдіреді.

- сөйлеудің үдемелілігі. Сөйлеудің үдемелілігі айтылудың күштілігі немесе әлсіздігі (демнің қатты немесе әлсіз шығуы) дегенді білдіреді.

- сөйлеудің әуені. Сөйлеудің әуені айтылудың мақсатына қарай, «көңілді» немесе «ойнақы», «қапалы (қайғылы)» немесе «қорқынышты (үрке сөйлеу әуені)» болуы мүмкін. Сейлеу әуені бар да, дауыс әуені деген бар. Дауыс әуені (мысалы, баритон, бас тенор, сопрано т. б.) мен дыбыс әуені сөйлеу әуенінен басқаша болады. Бұларды бір-бірімен шатыстырмау керек.

Такт. Фраза тактыларға ажыратылып бөлшектенеді. Такт - фразаның бір екпінге бағынған бөлшегі. Тіл-тілдегі атауыш сөздердің әрқайсысы бір-бір екпінге ие болғандықтан, өз алдына бөлек такт болып бөліне алады. Ал кемекші сөздер бөлек екпінге ие бола алмайды. Сондықтан олар өз алдына бөлек такт құрай да алмайды. Көмекші сездер атауыш сөздердің не алдында, не соңында келіп, олармен тіркескен калпында бір такт жасай алады.

Буын. Такт буындарға жіктеліп бөлшектенеді. Буын бір дыбыстан немесе бірнеше дыбыстың тіркесінен жасалады. Кез келген дыбыс буын құрай бермейді. Көпшілік тілдерде буын жасайтын дыбыстар - әдетте дауыстылар. Дауыстылар жеке-дара күйінде де, дауыссыздармен тіркесіп келіп те буын құрай береді. Буын құрайтындар тек дауысты дыбыстар ғана емес, сонымен бірге кейбір тілдерде, мысалы, чех, серб тілдерінде дауыссыз дыбыстар да буын қүрай алады.

Сөздердің айтылудағы буын саны мен жазылудағы буын саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес. Кейбір сөздердің жазылудағы буын санынан айтылудағы буын саны көп болса (мысалы, литр сөзі айтылуда екі буынды сөз болып айтылады), керісінше, кейбір сөздердің айтылудағы буын санынан жазылудағы буын саны көп болады (Мысалы, Сарыарқа деген сөздің құрамындағы қатар келген дауыссыздың алдыңғысының түсірілуі нәиіжесінде айтылуда бір буын кемиді).

Дыбыс құрылысы жағынан буын үш түрге бөлінеді: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет