4. Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі Фонетиканың қарастыратын мәселесі және тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық сипаты



бет1/11
Дата07.01.2022
өлшемі45,43 Kb.
#18030
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Лекция-1600975896430


Лекция 4 Фонетика және оның салалары
Жоспар:

  1. Фонетиканың қарастыратын мәселесі және тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық сипаты

  2. Тіл дыбыстары және олардың түрлері

  3. Фонема ұғымы, дыбыс және фонема

4. Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі
1.Фонетиканың қарастыратын мәселесі және тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық сипаты.

Адам баласының тілі - дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Егер сөздер дыбыстардың өзара тіркесі түрінде айтылмаса, тіл қатынас құралы да, пікір алысу құралы да бола алмас еді. Тілдің лексикасын құрастыратын сан мыңдаған сөздер дыбыстық жағынаи алғанда, ондаған ғана дыбыстардың әр түрлі комбинацияларынан құралған. Лексикалық элементтер болсын, грамматикалық элементтер болсын, белгілі бір дыбыспен немесе дыбыстардың тіркесімен айтылады, сол арқылы өмір сүреді. Тіл дыбысгары, дыбыс заңдары тіл білімінің арнаулы бір саласы - фонетиканың зерттеу объектісі болып саналады.

Фонетика ғылым ретінде жалпы фонетика және жеке фонетика (нақтылы тілдің фонетикасы) болып бөлінеді. Жалпы фонетика жалпы тіл білімінің бір саласы ретінде адамның сөйлеу аппаратының дыбыстық мүмкіндігін айқындайды, тіл.дыбыстары классификациясының принциптерін белгілейді. Жалпы фонетика ғылымының басқа салаларымен, мысалы акустика, физиология және психологиямен тығыз байланысты болады. Жеке фонетика белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық, статикалық) фонетика және тарихи (диахрониялық) фонетика болып бөлінеді. Сипаттама фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын қарастырады да, ондағы фонемалар жүйесін және фонемалардың ішкі өз ара байланыстарын белгілеп айқындайды. Сипаттама фонетикада қазіргі тілдің фонетикалық жүйесін және оның ары қарай даму мүмкіндіктерін айқындаудың құралы ретінде ғана қаралып, есепке алынады. Тарихи фонетика белгілі бір тілдің даму тарихының әр түрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін және өзгерудің себептерін зерттеп айқындауды мақсат етеді.

Дыбыстың жалпы теориясын физиканың акустика (akustikos- естілу) деп аталатын саласы қарастырады. Акустикалық тұрғыдан алғанда, дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп козғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта - ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып пайда болуы мүмкін емес. Акустика дыбыстардағы төмендегідей белгілерді ажыратады: дыбыс ырғағы, дыбыс күші, дыбыс әуені, дыбыстың созылыңқылығы.



Дыбыс ырғағы (высота звука). Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің (уақыт мөлшеріне, әдетте, секунд өлшем ретінде алынады) ішіндегі дірілдің санына (количество колебаний) байланысты болады. Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе, дыбыстың ырғағы соғұрлым өсіп күшейе береді, керісінше, дірілдің саны азайған сайын дыбыстың ырғағы солғындап әлсірей береді. Адамның құлағы бір секунд ішіндегі 16-дан 20 000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты қабылдап ести алады.

Дыбыс күші (сила звука). Дыбыс күші дірілдің қарқынына байланысты болады. Егер дірілдің амплитудасы, яғни қарқыны, неғұрлым көбейе түссе, дыбыс күші де соғұрлым ұлғайып, күшейе береді. Мұны шекті аслаптардан да айқын аңғаруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет