Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату
2019 жыл – жастар жылы болып жарияланды. Елбасы жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Әр жастың әлеуеті мен таланты ел игілігі үшін пайдаланылып, бағалануы тиіс.
Жастардың ғылыми, инновациялық және кәсіпкерлік қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілген жастар инновациялық жобасының жеңімпазы атанған Орал қаласы М.Б.Ықсанов атындағы № 36 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларның «Жел энергиясын тиімді пайдалану» тақырыбындағы жобасы жаңашылдығы, әлеуметтік маңызы бар деп епсептелді. Зерттеудің мақсаты – энергия үнемдеу әдістерін анықтау және кешенді зерттеу болатын. Бұл ғылыми жұмыста жаңа аспаптық құралдың жобасы ұсынылған. Бұл жоба осы проблемамен байланысты адамдар үшін үлкен жаңалық болуы мүмкін. Төбеде орналасқан жел диірменінің күші әлдеқайда жоғары болғандықтан, шығын үнемдеу, құрылғының тұрақты жұмысы, экологиялық салдардың қарапайымдылығы бар. Жоғарыда аталған ғылым мен техниканың дамуындағы инновация. Қазіргі таңда күн көзінен, желден, су ағысының күшінен тағы басқа сарқылмайтын ресурстардан энергия алу ойластырылуда. Ұсынылған жоба жаңа технологиялық құрылғылар көмегімен қуатты үнемдеуге бағытталған.