4-тақырып. Кәсіпкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі. Мақсаты- Кәсіпкерлік қызметтегі мүлік пен және меншік құқығымен таныстыру.
Жоспар: Азаматтық құқық объектілерінің жалпы сипаттамасы.
Заттардың жіктелуі.
Мүліктің жекеленген түрлерінің құқықтық режимі.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы. Мүлікті-шаруашылық жүргізу және мүлікті тікелей басқару құқығы. Меншік материалдық және материалдық емес игіліктер мен жӛніндегі құқық субъектілері арасындағы қоғамдық қатынас болып табылады. Меншік құқығы — субъектінің ӛз иелігіндегі мүлікті қалауы бойынша иеленуін, пайдалануын және билік етуін заң мойындайтын және қорғайтын құқығы. Иелену құқығы — мүлікті іс жүзінде иеленуді іске асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Пайдалану құқығы — мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін шығарудың, онымен пайда табудың (табыс, ӛсім,жеміс, тол және басқадай табыс түрінде) заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Билік ету құқығы — мүліктің заңды немесе іс жүзіндегі нақты тағдырын анықтаудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Меншік құқының мерзімі шектеусіз және мәжбүрлі түрде Азаматтық кодекспен кӛзделген негіздемелер бойынша ғана күшін жоюы мүмкін: меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүлікке ӛндіріп алу талабын қою; заң актілеріне байланысты осы тұлғаға тиесілі болуы мүмкін емес мүлкін мәжбүрлі түрде иеліктен шығару; иеліктен айыру (реквизиция); тәркілеу; жер телімін алып қоюға байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару; иесіз тұрған мәдени және тарихи құндылықтарды сатып алу; (ҚР АК 249-бабының 2-тармағы). Жеке меншік — мүліктің азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және олардың бірлестіктеріне тиесілі болады.Кез-келген мүлік (заңға сәйкес мүліктің азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген түрлерін қоспағанда) жеке меншікте бола алады. Заң шығарушы жеке меншіктегі мүліктің қандай да бір сандық және құндық шектеулерін белгілей алмайды, ӛйткені мұндай мәселелерді меншік иелерінің ӛздері шешуге тиіс деп жорамалданады. Мемлекеттік меншік — республикалық және коммуналдық меншік түрінде кӛрінеді. Республикалық меншік мемлекеттік қазынадан және заң актілеріне сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.ҚР мемлекеттік қазынасын республикалық бюджет қаражаттары, алтын-валюта, алмас қоры, табиғи ресурстар және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген басқадай мемлекеттік мүлік құрайды. Коммуналдық меншік — жергілікті қазынадан және заң актілеріне сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген берілмеген басқадай коммуналдық меншік құрайды.Мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша облыстық және аудандық деп бӛлінеді. Заттық құқық жүйесіне тӛмендегілер: 1) меншік құқығы; 2) меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқығы (оның ішінде: жер пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, тікелей басқару құқығы) кіреді. Шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті меншік иесі ретінде мемлекеттен алған және бұл мүлкін заң актілермен белгіленген меншіктерде иелену, пайдалану және билеу құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады.(ҚР АК 196-бабы). ҚР Азаматтық заңымен мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік құқықтарын іске асырудың айрықша шарттары белгіленген мемлекеттік кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқымен меншік иесінің немесе ол ӛкілеттілік берген мемлекеттік органның жазбаша келісімінсіз тӛмендегілерді: иеліктен шығаруға немесе басқадай тәсілмен билеуге, ұзақ мерзімді (3 жылдан артық) жалға беруге; ӛзіне тиесілі ғимаратты, құрылысты, жабдықтарды және кәсіпорынның негізгі құралдарын уақытша қайтарымсыз пайдалануға беруге; филиалдар, ӛкілдіктер, еншілес кәсіпорындар құруға; жеке кәсіпкерлермен бірігіп кәсіпорындар және бірлескен кәсіпорындар құрауға; оларға ӛзінің ӛндірістік және ақшалай капиталын салуға; ӛзіне тиесілі акцияларға, сонымен қатар дебиторлық берешектерге билік етуге; қарыз беруге; үшінші тұлғалардың міндеттері бойынша кепілгер болуға құқылы емес.(ҚР АК 200- бабы) Тікелей басқару құқығы мекеменің, меншік иесі қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің және мүлікті меншік иесінен алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және билеу құқықтарын ӛз қызметінің мақсаттарына, меншік иесіне тапсырмаларына, мүліктің қызметіне сай және заң актілерімен белгіленген шектерде жүзеге асыратын қазынашылық кәсіпорынның заттық құқы болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылатын шаруашылық жүргізу құқығынан айырмашылығы — мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар, қазынашылық кәсіпорындар тікелей басқару құқығы субъектілері бола алады. Мүлік (түсінігі және құрылымы Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін субъектінің оқшауланған мүлкі болуға тиіс. «Мүлік» ұғымының негізгі 3 бағыты.1) мүліктің материалдық түсінігі; 2) мүліктің міндеттемелік түсінігі; 3) мүліктің кең мағынадағы түсінігі. Заң шығарушы «мүлік» ұғымының кең түсініктемесін қабылдады, себебі ҚР азаматтық заңы мүліктің құрылымын анықтап берді: заттар (ақша мен бағалы қағаздарды қосқанда); жұмыстар мен қызметтер; зияткерлік меншік; мүліктік құқықтар (талап ету құқығы); міндеттер (борыштар). Кәсіпкерлік қатынастар, мүліктік қатынастар бола отырып, заттық немесе міндеттемелік құқық қатынастары да бола алады, нысандары ретінде заттар, мүліктік құқықтар мен міндеттер, әрекеттер қолданылады.Кәсіпкерлік мүліктік емес қатынастардың нысандары болып рухани шығармашылық ӛнімдері, мүліктік емес құқықтар мен міндеттер, әрекеттер саналады. Мүліктің түрлері: 1) Заттар; 2) Ақша; 3) Бағалы қағаздар; 4) Жұмыстардың нәтижелері; 5) Қызметтер; 6) Шығармашылық зияткерлік қызметтің нысандырылған нәтижелері; 7) Ақпарат; 8) Мүліктік құқықтар. Мүліктің жекелеген түрлерінің құқықтық режимі Азаматтық құқықтың ең кӛп тараған нысандарының қатарына заттар жатады. Заттар деп адамдарды қоршаған сыртқы ортаның материалдық нәрселері түсініледі, оған қоса заттардың мәртебесі олардың пайдалы қасиеттерін тек адамдар түйсінетін және игеретін материалдық құндылықтарға ие. Заттың мүлік ретіндегі мәнін ашатын белгілер: 1) зат — адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын мүліктік игілік;2) зат тұтынушылық және айырбас құнына ие; 3) заттың кӛбінесе ақшалай құны болады; 4) зат айналымға қабілетті болуға тиіс. Заттардың топтары: 1) айналымға рұқсат етілген, айналымға шектеулі қабілетті және айналымнан шығарылған (ҚР АК 116-бабы); 2) жылжитын және жылжымайтын заттар (ҚР АК 117-бабы); 3) табиғаттан шыққан заттар және адам еңбегімен құрылған заттар (1996ж 27 қаңтар №2828 «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңы 1-бабы); 4) бӛлінетін және бӛлінбейтін заттар (ҚР АК 120-бабы); 5) басты заттар және керек-жарақтар (ҚР АК 122-бабы); 6) күрделі және қарапайым заттар (ҚР АК 121-бабы); 7) дара белгілі заттар және тектік белгілерімен айқындалатын заттар (ҚР АК 715-бабының 1-тармағы, ҚР АК 177-бабы); 8) тұтынылатын және тұтынылмайтын заттар (ҚР АК 541-бабының 1- тармағы); 9) денелі және денесіз заттар; 10)жанды және жансыз заттар (ҚР АК 124-бабы) Азаматтық құқықтағы заттарды жіктеудің ең маңызды белгісі олардың айналымға қабілеттілігі яғни азаматтық айналым нысаны болу және ӛзінің меншік иелерін ауыстыру қабілеті болып табылады.Осы белгі бойынша барлық заттар үш топқа бӛлінеді. 1) айналымға рұқсат етілген заттар, 2) айналымда шектелген немесе айналымға шектеулі қабілетті заттар;3) айналымнан алып тасталған, меншік иесі мемлекет болып табылатын заттар. Заттар азаматтық құқықтық нысандарының табиғи қасиеттерімен тығыз байланысты және заттар жылжитын және жылжымайтын деп бӛлінеді. ҚР АК жылжымайтын мүліккке жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар, кӛпжылдық ӛсімдіктер және жермен тығыз байланысты басқа да мүліктер, яғни орнын ауыстыру олардың атқаратын қызметіне ӛлшеусіз шығын келтірмей мүмкін болмайтын нысандар (117-бап) жатады. Жылжымайтын мүліктің құқықтық режимінің ӛзгешелігі жылжымайтын мүлікке берілетін құқықтарды және олармен жасалатын мәмілемелерді мемлекеттік тіркеуде болып табылады. Мемлекеттік тіркеуге мүлікке берілетін құқықтар жатады: 1) тікелей басқару құқығы; 2) шаруашылық жүргізу құқығы; 3) тікелей басқару құқығы; 4) бір жылдан аз емес мерзімге берілетін жерді пайдалану құқығы; 5) бір жылдан аз емес мерзімге басым жер телімі немесе басқадай жылжымайтын дүние-мүлік нысанының пайдасына сервитут. (2007ж 26-шілде №310-ІІІ ҚРЗ «Жылжымайтын мүлікке берілетін құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңы. Мемлекеттік тіркелуге иісті ауыртпалықар қатарына заң шығарушы мыналар жатқызады: 1) бір жылдан кем емес мерзімге берілетін пайдалану құқығы, оның ішінде жалдау, ӛтемсіз пайдалану, сервитуттар, ӛмір бойы асырап, қамқорлық жасау құқығы; 2) сенімгерлікпен басқару құқығы, оның ішінде қамқоршы, жаңашыр болу кезінде, мұрагерлік құқық қатынастарында, банкроттықта және т.б; 3) кепілдік; 4) тыйым салу; 5) жылжымайтын мүлікті пайдалануға, билеуге немесе белгілі бір жұмыстарды орындауға мемлекеттік органдардың ӛз құзыреті шегінде шектеу қою (тыйым салуы); 6) басым мүдделерді қоспағанда, жылжымайтын мүлікке ҚР заңдарымен кӛзделген басқадай құқық ауыртпашылқтары. Құқықтарды тіркеудің арнайы ережелері ӛздерінің табиғи қасиеттеріне байланысты «жылжитын» болып табылатын нысандарға белгіленген, бірақ заң шығарушы оларды жлжымайтын мүлікке (әуе және теңіз кемелері, ішкі жүзу кемелері,ғарштық нысандар) жатқызады. Заттардың үшінші жіктелуі екі топты: 1) шығу тегі табиғи заттарды (құндылықтар) және 2) азаматтық құқықтар ретінде кӛрінуге қабілетті, адам еңбегінен туған заттарды қамтиды. Қоғамның сыртқы әлемі адам еңбегінің қолданылуына байланыссыз ӛмір сүретін материалдық құндылықтардан, сонымен қатар адам еңбегі пайдаланылған заттардан тұрады. Алғашқы түріне жер, жер қойнауы, ормандар, сулар, және басқа да табиғат нысандары, ал екінші түріне тауар қасиеттерін иеленген материалдық құндылықар жатады. Тауар-материалдық құндылықтардың құқықтық-режимінің табиғат нысандарының құқықтық-режимінен айырмашылығы бар. Тауар материалдық құндылықтардың меншік иесі ӛз құқықтарын іске асырудың формалары мен әдістерін таңдауға ерікті және мүлікті иелену, пайдалану және билеу бойынша ӛз құзыреттілігін еркін іске асырады; табиғи ресурстарға қатысты абиғатты пайдалану бойынша әрекеттер жасауға құқылы заңды және жеке тұлғалардың мұндай еркіндігі жоқ. Табиғат нысандарының маңыздылығын құзыреттердің жекелеген азаматтарды меншік иеленушілерге айналдыра алмайтындай кӛлемі алдын ала айқындайды.Бұл саладағы мемлекеттік реттеу шаралары ішінен тӛмендегілерді бӛліп қарауға болады: әр түрлі салық режимінің тағайындалуы; меншік иесіне ӛте отырып, жерді қоғамдық мақсаттар үшін иелктен айыру; мұрагерлері жоқ қайтыс болған адамның жерінің мемлект меншігіне ӛтуі; қандай да бір табиғат нысанының мақсатты пайдалануын меншік иесінің ӛз еркімен ӛзгертуіне жауапкершілік тағайндау және т.б. Екінші жағынан, табиғат нысандарының бӛлініп кӛрсетілген айрықша ерекшеліктері олар әлі де азаматтық-құқықтық мағынады заттар деп таныла алмайды деуге жеткіліксіз. Тӛртінші жіктеу заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп ажыратады. Бөлінетін заттар-олар физикалық та, заңды бӛліне алатын және осыдан кейін оның бӛліктерінің әрқайсысы тұтастай алғанда заттың ӛзі атқаратын қызметті атқара алады.Бөлінбейтін заттар олардың бастапқы қызметін бұзбай, заттай бӛлудің мүмкін еместігімен ерекшеленеді. Заттарды басты заттар және керек-жарақтар деп бӛлуге болады. Керек-жарақ басты затқа қызмет етуге арналған және онымен ортақ міндеті бойынша байланысты. Бұл жағдайда тіпті басты заттың құнынан жоғары болуы мүмкін керек-жарақтың құны айқындаушы маңызға ие бола алмайды, ӛйткені ӛзінің міндетіне қарай әрқашанда қосымша рӛл атқарады. Күрделі зат- бұл бір зат ретінде пайдалану үшін біріктірілген әр түрлі заттар жиынтығы. Ӛзара ортақ міндетпен байланысқанмен, екі дербес нысан болып табылатын басы заттар керек-жарақтардан айырмашылығы: күрделі зат- бұл бірнеше құрамдас бӛлшектерден тұратын бірбүтін нысан. Жетінші жіктеу заттарды екі түрге бӛлуді болжайды: 1) өзіндік белгілермен анықталған (жеке анықталған заттар) және 2) текті белгілермен анықталған заттар (текті заттар). Жеке дара анықталған заттар нақты, тек оларға тән белгілермен сипатталады және заңдық мағынада ауыстырылмайтын болып табылады. Ал бір тектен шыққан болғандықтан, текті заттар заңдық мағынада ауыстырылатын заттар саналады. Ал егер текті зат дараландырылса, онда ол жеке-дара анықталған зат мәртебесін алады. Заттар тұтынылатын және тұтынылмайтын деп бӛлудің практикалық та, теориялық та маңызы бар. Тұтынылатын заттар- олар пайдалану барысында жойылатын заттар (мысалы, шикізат және тауар ӛндірісінде пайдаланылатын материалдар). Тұтынылатын заттар пайдалану барысында ӛзінің табиғи қасиеттерін жоғалтқандықтан және оны бастапқы иесіне қайтару мүмкін болмайтындықтан, мүліктік жалдауға беруге жатпайды. Тиісінше, тұтынылмайтын заттар – бұлар жергілікті жергілікті ұзақ уақыт кезеңінде пайдаланылуы мүмкін заттар және біртіндеп не ішінара тозуы мүмкін. Заттар денелі (түйсінетін) және денесіз заттар (мүліктік құқықтар), жанды (мысалы үй жануарлары немесе зоопарк және цирк үшін сатып алынған жабайы жануарлар) және жансыз болуы мүмкін. Заттардың ерекше түрлеріне олардың жемістері, өнімдері және табыстары жатады. Бұның барлығы негізгі заттарды пайдалану нәтижесінде алынуы мүмкін түсімдердің сан алуан түрлері. Жемістер- негізгі заттың табиғи кӛбеюі; өнім- бұл заттар немесе жұмыстар қызметтердің негізгі затты пайдалану нәтижесінде алынған заттанған нәтижелері; табыстар-бұл мүліктің, ақша түріндегі ӛсімі (экономикалық ұлғаюы). ҚР АК 123-бабына сәйкес, жемістер, ӛнім және табыстар, егер заңмен немесе бұл мүлікті пайдалану туралы шартпен басқадай кӛзделмесе, осы мүлікті заңдық негізде пайдаланатын тұлғаға тиесілі болады. Құқық нысаны ретінде кәсіпорын деп кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға пайдаланылатын мүлік кеңінен танылады. Мүлікті кешен ретіндегі кәсіпорын құрамына ғимаратты, құрылысты, жабдықты, саймандарды шикізатты, ӛнімді, жер теліміне берілген құқықты, талап ету құқығын, борыштарлы сонымен қатар оның қызметін даралайтын белгілерге (фирмалық атау, тауар белгілері) берілетін құқықты қосқанда, егер заң актілерімен немесе шартпен басқадай кӛзделмесе, оның қызметіне арналған мүліктің барлық түрлері және басқадай айрықша құқықтар кіреді. (ҚР АК 119-бабы) Кәсіпорын жылжымайтын мүлік деп танылады және сол себепті оған қатысты жасалған мәмілелер мемлекеттік тіркеуге жатады. Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын мүліктің маңызды түрлерінің бірі ретінде ақша саналады. Ақша екі негізгі формада: 1) ақша белгілері (қолмақол ақша) және 2) олардың клиенттерінің банктегі шоттарында жазылған жазу түріндегі банктердің ақшалай міндеттемелері формасында қолма-қол емес ақша ӛмір сүреді. Қолма-қол емес ақша бұл банк шоттарында есепке алынатын және заттанған формасы болмайтын ақша сомалары. Ақша бірқатар қызмет атқарады: 1) тӛлем құралы қызметін; 2) жинақтау құралы қызметін; 3) құн шамасы қызметін атқарады . Алғашқы қызметі басты болып табылады, бірақ ақша ерекше тауар рӛлінде кейбір мәмілелердің мысалы банк қарызы шарты бойынша дербес құрал (ҚР АК 727-бабының 1-тармағына сәйкес қарыз беруші қарыз алушыға тӛлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақша беруге міндеттеледі) ретінде әрекет ете алады. ҚР АК қолма-қол ақшаны жылжитын мүлікке, ал қолма-қол емес ақшаны мүліктік құқықтарға (талаптарға) жатқызады. (ҚР АК 115-бабының 2-1 тармағы). Қолма-қол емес ақша мүліктің бір түрі болып табылады және мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның құрамына кіре алады немесе азаматтық құқықтардың дербес нысаны болуы мүмкін. Бағалы қағаздар да мүліктің ерекше бір түрі болып саналады. Бағалы қағаз - белгілі бір жазулардың және мүліктік құқықтарды куәландыратын басқа да белгілердің жиынтығы (ҚР АК 129-бабының 1-тармағы). Бағалы қағаздар шығарылу формасына байланысты құжаттамалық және құжаттамалық емес бағалы қағаздар деп бӛлінеді. Құжаттамалық бағалы қағаздар- құжаттамалық формада шығарылған бағалы қағаздар (қағаз немесе басқадай материалдық негізде бағалы қағаздың мазмұнын арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай оқу мүмкіндігімен.) Құжаттамалық емес бағалы қағаздар- құжаттамасыз формада шығарылған бағалы қағаздар ( электрондық жазулар жиынтығы түрінде). Айналыс саласына байланысты бағалы қағаздар эмиссиялық бағалы қағаздар (бір шығарылым шегінде осы шығарылым үшін бірбүтін шарттар негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін біртектес белгілер мен реквизиттерге ие бағалы қағаздар) және эмиссиялық емес бағалы қағаздар (эмиссиялық бағалы қағаздар белгілеріне сай келмейтін бағалы қағаздар). Эмисияның екі түрі болады: бағалы қағаздар эмиссиясы және ақша эмиссиясы.Бағалы қағаздар эмиссиясы айналысқа акциялар, облигациялар және басқа да құралдар (бір жалпа атауға біріккен- эмиссиялық бағалы қағаздар) шығару жолымен іске асырылады. Бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдар да, мемлекеттік ұйымдар да шығара алады, ал ақша белгілері эмиссиясын тек мемлекет шығарады. 2003ж. 2-шілде №461-11 «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес, эмиссиялық бағалы қағаздардың негізгі түрлері мыналар болып табылады: 1) ҚР ұйымдары-резиденттерінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары; 2) ҚР резидент емес ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары; 3) халықаралық қаржы ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздар; 6) туынды бағалы қағаздар және басқадай қаржы құралдары. Эмиссиялық бағалы қағаздар үлестік (акциялар) және борыштық (облигациялар) болуы мүмкін. Акция – акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқын, сол бойынша дивиденд және тарату кезінде АҚ мүлкінің бір бӛліктерін алуды ҚР заң актілерімен кӛзделген басқа да куәландыратын басқа да бағалы қағаз (ҚР АК 139- бабының 1-тармағы). Облигация – оны шығарған кезде айналыс мерзімі алдын ала белгіленген, шығару шарттарына сәйкес облигация шығарған тұлғадан сол бойынша сыйақы, ал оның айналыс мерзімі біткенде, ақшалай немесе басқадай мүліктік балама түрінде облигацияның нақты құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз (ҚР АК 136-бабының 1-тармағы). Эмиссиялық емес бағалы қағаздарға банктік депозиттік сертификаттар (бағалы қағаз үшін белгіленген шығару, айналыс мерзімі ӛткеннен кейін немесе ол мерзім біткенге дейін оны ұстаушының оның нақты құның, сонымен қатар шығару шартымен белгіленген кӛлемде сыйақы алу құқын куәландыратын атаулы бағалы қағаздар), тауарлық билік құралдары (коносамент) және басқалары жатады. Бағалы қағаз иеленушісін көрсететін тәсіл бойынша бағалы қағаздар: атаулы, ұсынбалық, және ордерлік деп бӛлінеді.Атаулы бағалы қағазда ол куәландырылған құқықтардың (оларға акциялар, атаулы облигациялар, атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары және т.б жатады) аталған тұлғаға тиесілі екенін расталады. Ұсынбалық бағалы қағазда нақты адам кӛрсетілмейді ал ол куәландырылған барлық құқықтар бағалы қағазды ұсынушы, яғни оның иесіне тиесілі болып табылады. Ордерлік бағалы қағаз ол куәландыратын құқықтырдың онда аталған тұлғаға тиесілі екеніндігін растайтын бағалы қағаз. Ордерлік бағалы қағаз (индоссант) бойынша құқықтарды берген адам құқықтың болуы үшін ғана емес, сонымен бірге оның жүзеге асуына да жауапты болады. Пайдалылықты (табыстылықты) анықтау тәртібін есепке ала отырып, бағалы қағаздарды негізгі үш топқа бӛлуге болады. 1) тіркелген табысы бар бағалы қағаздар (облигациялар, депозиттік сертификаттар (кредит беру мекемелерінің салымшының депозит алу құқын растайтын, ақша қаражаттарының депозитке салынғаны туралы жазбаша куәлігі); 2) тіркелмеген табысы бар бағалы қағаздар (акционерлік қоғамдардың акциялары, акциялар сертификаттары және т.б); 3) аралас формалар (опциондар, фьючерстер және т.б). Бағалы қағаздарға айналдырылған құқықтардың мазмұны негізінде олар: 1) ақша құжаттары (материалдық игіліктерді тӛлеу есебінен берілген және ақша сомасын алу құқын бекітетін бағалы қағаздар (чек, депозиттік сертификат); 2) инвестициялар нысаны болып табылатын ұзақ мерзімді борыштық бағалы қағаздар (ӛздерінің жинақтарының құнын сақтау және инвестициялық табыс табу мақсатында инвесторлар сатып алатын орташа мерзімді және ұзақ мерзімді корпорациялық облигациялар және мемлекеттік борыштық бағалы қағаздар); 3) қандай да бір компанияға, кәсіпорынға және т.б қатысу құқын бекітетін бағалы қағаздар (яғни, корпорациялық құқықтар капиталдағы, жарғылық қордағы үлес, кәсіпорынды басқаруға қатысу және тарату кезінде оның мүлкінің бір бӛлігін (дауыс беру құқымен акциялар, корпорациялық облигациялар және басқалары) алу құқығы; 4) Заттық құқықтарды бекітетін тауарлық билеу құжаттары, әдетте, меншік құқығы немесе иелік ету , қандай да бір негіздемелерде басқа адамның иелігінде тұрған тауарларға кепілдік құқығы (коносамент, қойма және ипотека куәлігі). Кәсіпкерлік қатынастар нысаны ретінде сонымен қатар зияткерлік меншікті, яғни адамзаттың немесе заңды тұлғаның дараланған құралының, жеке және заңды тұлғаның ӛнімінің, солар орындайтын жұмыстар мен қызметтердің нәтижелеріне айрықша құқын атауға болады. ҚР АК 125- бабының 2-тармағына сәйкес, айрықша құқық (зияткерлік меншіктің) нысаны бола алатын зияткерлік шығармашылық меншік және даралау құралдары нәтижелерін үшінші тұлғалардың пайдалануы тек құқық иеленушінің рұқсатымен қана жүзеге асырылады. Айрықша құқық: 1) шығармашылық қызмет нәтижелеріне; 2) азаматтық айналым (фирмалық атау) қатысушыларының даралау құралдарына; 3) орындалатын жұмыс немесе кӛрсетілетін қызметтердің (тауар белгісі)даралау құралдарына және тауардың шыққан орнына белгіленуі мүмкін. Фирмалық атау – бұл коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның тіркелгеннен кейінгі атауы.(АК 38-бабының 2-тармағы) Фирмалық атау заңды тұлғаның жарғысын бекіту барысында анықталады және заңды тұлғалардың Мемлекеттік тіркеліміне енгізіледі. Бӛтен фирмалық атауды заңсыз пайдаланғаны үшін , заң бұзушы құқық иеленушіге келтірген шығындарын ӛтеу түрінде жауапкершілікке тартылады. Жаңадан тіркеліп жатқан және бұрын тіркелген заңды тұлғалардың фирмалық атауларының бірдейлігінен шығуы мүмкін келеңсіз зардаптарды болдырмау үшін, тиісті заңды тұлғалардың теңдестірілуіне, сонымен қатар олар шығаратын тауарларға немесе кӛрсететін қызметтерге қатысты шатасушылыққа келтірмеуі үшін, бұрын тіркелген заңды тұлғаның фирмалық атауына ұқсас атауды пайдалануға рұқсат етілмейді. (ҚР АК 1020-бабының 3-тармағы). Тауар белгісі (қызмет кӛрсету белгісі) деп тіркелген немесе халықаралық шарт негізінде тіркеусіз қорғалатын, бір тұлғаның тауарлары мен қызметтерін басқа тұлғаның біртекті тауарларынан немесе қызметтерінен ажырату үшін қолданылатын сӛз, бейнелеу белгісі, кӛлемді немесе басқадай белгі танылады. (ҚР АК 1024-бабының 1-тармағы).Тауар белгісіне құқы бар адам ӛтінімін тіркеткен сәттен бастап 10 жыл бойы ӛзіне тиесілі белгіні пайдалануға және билеуге айрықша құқыққа ие болады. Тауар белгісін пайдалану болып, оның айналымға түскен кез-келген формасы тауар белгісін немесе осы таңбамен белгіленген тауарды әзірлеу, қолдану, енгізу, сақтау, сатуға, ұсыну, сату, маңдайшадағы жазуларды жарнамада басты ӛнімінде немесе басқадай іс-құжаттамаларында пайдалану саналады. ҚР АК тауар белгісіне берілген құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленген ҚР АК 1032-бабына сәйкес, тауар белгісін немесе араласып кету дәрежесіне дейінгі соған ұқсас таңбалауды заңсыз пайдаланған тұлға, біріншіден, заң бұзушылықты тоқтатуға және тауар белгісінің иесіне келтірілген шығынды ӛтеуге міндетті, екіншіден, тауар белгісінің әзірленген бейнелерін жоюға, тауардан немесе оның орауынанзаңсыз пайдаланылып жатқан тауар белгісін немесе араласып кету дәрежесіне дейінгі соған ұқсас таңбалауды кетіруге тиіс (егер оны орындау мүмкін болмаса, онда тиісті тауар жоюға жатқызылады) Тауардың шыққан орнынан атауы болып тауарды таңбалау үшін қолданылатын елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа географиялық нысанның атауы танылады; тауардың ерекше қасиеттері айрықша немесе ең алдымен осы географиялық нысанға тән табиғи шарттармен немесе басқадай фаторлармен немесе табиғи шарттар және осы факторлардың үйлесімімен анықталады (ҚР АК 1033-бабының 1-тармағы). Географиялық нысан болып табылатын немесе оның атауын құрайтын, бірақ оны даярлау орнына байланысты емес белгі бұл ережеге бағынбайды, ол тауардың шыққан орнының атауы ретінде тіркеуге жатпайды. ҚР АК 1037-бабына сәйкес, тауардың шыққан орны атауын пайдалану құқығы бар тұлға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдары осы атауды заңсыз пайдаланатын адамнан оны пайдалануды тоқтатуды, тауардан, оның орамынан, бланктерден және басқадай құжаттамадан заңсыз пайдаланылып отырған атауды немесе араласып кету дәрежесіне дейінгі соған ұқсас таңбалауды жоюды, егер оны орындау мүмкін болмаса, онда тауарды және оның орауын құртуды талап ете алады. Тауардың шыққан орны атауын пайдалану құқы бар тұлға бұл құқықты бұзған адамнан келтірілген шығынның орнын ӛтеуді талап етуге құқылы.