Ұзақтығы – 40 минут Түсіну және жауап беру – 10 минут
Анализ және интерпретация – 10 минут
Бағалау және салыстыру – 20 минут
Балл саны – 30
Тапсырмалар түрлері: Таңдауды қажет ететін сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тапсырма
Қамтылатын мақсаттар
Тапсырма түрлері
Тапсырмалар сипаттамасы
Орындау уақыты, минут
Балл
1-5
10.1.2.1әдеби шығарманың
жанрлық табиғатын тану;
10.1.4.1көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану.
Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар
Тапсырма жеке орындалады.
Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.
Голощекин (әуелі тұтығып). А-а-ау, л-л-либерализмнің ш-шегі болмаушы ма е-е-еді! Бұл не, Иванов?! Ау, бұл бізді қайдағы бір қаныпезер деспоттар мен тирандарға теңеді ғой! Соны да түсінбедіңдер ме?!
Үзіндіде Голощекин қандай оқиғаға байланысты ашуға булықты?
А) Мүсіреповтың Крайкомның іссапарымен, ұжымдастыру науқанын бақылау мақсатымен өңірлерді аралау кезі туралы жайып салғанда.
В) Бір үзім нан сұрап, оның кеңсесінің алдында сұлап жатқандардың үстінен аттап - бұттап өткенін айтқанда.
С) Ғабиттің «Біз халық қырылып жатқандықтан атыламыз. Ал сендер халық қайта тіріліп кеткендіктен атыласыңдар!» деген жан айқайын естігенде.
D) Римнің баяғы императорлары Нерон мен Калигуланың «диалектикасы» жөнінде сөз қозғалғанда.
[1]
«Қарой бір уыс топырақ» сөзі қай тұлғаға қатысты айтылған?
А) Махамбет
В) Исатай
С) Абылай
D) Абай
[1]
Жәркен Бөдеш «Жалғыз» поэмасының кіріспесінде қай жануар туралы айтылады?
А) Арыстан
В) Киік
С) Қасқыр
D) Арқар
[1]
«Жалғыз» поэмасында есімі кездескен қазақтың батырлары?
А) Баян Батыр
В) Бауыржан Момышұлы
С) Махамбет Өтемісұлы
D) Барлық жауаптары дұрыс
[1]
2-БӨЛІМ Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасының кейіпкерлерін өмірлік мақсаттары мен ұстанымдары тұрғысынан топтастырыңыз.
[5]
7. Ж.Бөдештің «Жалғыз» поэмасынан алынған үзіндіні оқып, автордың шығармада көтерілген мәселеге қатысты қарым-қатынасын анықтаңыз. Жалғыздықтың азабын Шәкәрімдей тартқан кім?
Жалғыз құдық түбінде жалғыз қурап жатқан кім?
Жалғыз таудың қуысын қысы-жазы паналап,
Жалғыз балға. Төрт таға.
Жалғыз атын тағалап.
Тобылғы сап, жез бунақ, жалғыз қамшы сабалап...
Жалғыз қыстау. Жалғыз меңіреу тас үйде:
Жалғыз шырақ. Жалғыз төсек. Жалғыз жастық.
Жалғыз Құран. Жалғыз құман. Жалғыз шаршы жайнамаз.
Бес намазын оқиды. Күңіреніп білікті ұл,
Тыңдайды оны сай-сала,
Орман тоғай, Тымық қыр.
Жалғыз жарлы ас үйде:
Жалғыз ошақ. Жалғыз қазан.
Жалғыз шөміш. Жалғыз көсеу.
Жалғыз табақ. Жалғыз кесе.
Жалғыз қасық. Жалғыз шәугім.
Бәрі-бәрі жалғыздан.
Жалғыз жүрек. Жалғыз қалам.
Жалғыз жан. Тас қораның сыртында:
Төңкерілген итаяқ.
Жалғыз боран. Жалғыз бөрі ұлып тұр.
Емен есік күзеткен жалғыз шойын құлып-құл...
Босағада мөңірейді іші қуыс тұлып құр.
Ағаш науа ішінде қатып қалған тұнық су.
Қатып қалған сіресіп жалғыз қайың құрық тұл.
Беу, жалғыздық әлемі, беу жалғыздық әлемі.
Ғұламаға ғұмырлы жарасқаның әдемі...
Жалғыздықтан қорқады обыр, жемқор,
Топшыл, құзғын, күшіген.
Жалғыздықты – даралық, даналық деп түсінем.
Тағдырлар бар сан алуан, ішінде құла, аласы.
Жалғыздықтан жаралған адамзаттың баласы.
Данасы мен дарасын мәрмәр тасқа қашайды ел.
О, жалғыздық, жасай гөр, о, жалғыздық, жасай бер!
[5]
«Жалғыздықты» сипаттаудағы ақынның стильдік ерекшелігіне баға беріңіз. Шығармадағы автор бейнесінің көрінісін талдаңыз.
[5]
3-БӨЛІМ
Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасының негізінде жаңа дәуір ұрпағының атынан Ғ.Мүсіреповке өлең / хат жазыңыз.