3. Таблетканы престеу Престеу ИҚ-сәулесі спектроскопиясы және т.б. мақсатта қатты дене техникасына арналып жасалған гидравликалық децимальды прессте жүргізіледі. Пресс-форманың үлгімен (таблетка) жанасатын беткі қабаты шыныққан болаттан жасалып, хромдалған болады. Пресс-форманың маңызды бөлшектерін алдымен спиртпен суланған мақтамен, артынан октанмен жақсылап сүрту керек. Пресс-формаға жаңа сақина кигізіп, ұнтақтап, дайындалған үлгіні салады. Шыны қалақша көмегімен үлгіні біркелкі таратады да бетін жауып, преске қояды. Престеу уақыты 5 минут. Қажетті уақыт өткеннен кейін прес-форманы ашып, пинцет көмегімен дайын таблетканы таблетка ұстағышқа салады (дұрыс престелген таблетка мөлдір және тұрақты өлшеммен алынады).