14-билет Құрамы күрделі Пилорид дәрісінің құрамына кіретін дәрілердің жеке-жеке әсер ету механизмін айтыңыз. Осы дәріге рецепт жазыңыз.
Жауабы: Пилорид- Асқазан ойық жарасы дамуында Helicobacter pylori маңызын ескеріп, өзіне H2- гистаминдік рецепторларды тежейтін қасиеін Helicobacter pylori жөнінде жоғары бактерицидтік әсермен біріктірілген ранитидин, висмут, цитрат(пилорид), препараты алынған. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын емдеуде препараттың емдік тиімділігі жоғары.
Мұндай препараттар лорлысутек қышқылы және пепсиннің эрозиялық әсерімен гастродуоденальді шырышты қабаттың қорғаныс механизмі арасындағы баланстың бұзылуынан дамитын, асқазанның жане он екі елі ішек шырышты қабатының ойық жаралы зақымдалуында қолдананды.
Сондықтан, мұндай патологияны емдеу, негізгі тактикасы асқазан бездерінің секреторлық белсенділігін төмендету жане цитопротекторлық механизмдерді күшейту болып табылады. Бұл препарат H2- гистаминдік рецепторлар аденилатциклазамен байланысқан. Н2-РЕЦЕПТОРЛАР гистаминмен қозғанда жасуша ішінде ЦАМФ деңгейі артады. Бұл кезде асқазанның париетальды жасушаларының секреторлық белсенділігі жоғарылайды. H2- гистаминдік рецепторлардың тежелуі гистаминнің бәсекелес антогонистері болып табылды. Оның өте айқын тиімділігі асқазанның шырышты қабаты бездерінің секрециясына әсерімен байланысты. Аз дарежеде пепсиноген жане ішкі касл факторы секрециясы тежеледі. Асқазан сөлінің мөлшері азаяды.
Осы дәріге рецепт жазыңыз.
Recipe.: Pyloridі 0,4
Da tales doses N10
Signa. 1 таблеткадан, кунине 2 рет ішке қабылдау үшін.
15-билет Панкреатиннің құрамы,қолдану қөрсетпелері,әсер ету механизмі. Осы дәріге рецепт жазыңыз.
Жауабы: Ұйқы безінің жетіспеушілігінде орын басушы ем үшін панкреатинді (ірі қара малдың ептірілген ұйқы безінен алынған ұнтақ) қолдануға болады. Ол трипсин мен амилазадан тұратын ферментті препарат болыып табылады. ПАнкреатинді созылмалы панкреатитте, энтероколитте қолданылады. Оны тамақтың алдында ішке тағайындайды. Панкреатин ферментті препарат құрамында ұйқы безінің ферметті амилаза, липаза, протеаза бар. Олар майлардың, ақуыздардың, көмірсулардың қорытылуына ықпал етеді. Ұйқы безінің сыртқы сөлінісі жеткіліксіздігінің орнын толықтырады. Асқазан ішек жолынан сіңбейді, нәжіс арқылы шығарылады.
Панкреатинді қолданылуы:
Ұйқы безінің сөлініс бөлінуінің жеткіліксіздігінде
Асқазан ішектің, бауырдың, өт қабының созылмалы қабынуы, дистрофиялық ауруында
Асқазан ішек жолдарыныың қызметі қалыпты адамдарда тамақтануда ақау болғанда, ас қорытылуын жақсарту үшін.
Recipe.: Pancreatini 0,5
Da tales doses N30 in tabulettis
Signa. 1таблеткадан күніне 1-2 рет ішке қабылдайды.