40. Мәделі Жүсіпқожаұлы шығармаларының тақырып аясы, көркемдік шеберлігі. «Мәделінің елімен қоштасқаны», «Еш нәрсе бұл дуниеге болмас тұтқа», «Бәйтерек Байзақ едің мақтап жүрген», «Іліп алма» деген өлең-жырларында өз кезінің алуан шындығы


Спандияр Көбеев шығармашылық өмірбаяны. «Үлгілі тәржіме» оқулығы. «Қалың мал» романы, «Орындалған арман» меуарлық туындысы



бет7/16
Дата06.02.2023
өлшемі0,51 Mb.
#65455
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Спандияр Көбеев шығармашылық өмірбаяны. «Үлгілі тәржіме» оқулығы. «Қалың мал» романы, «Орындалған арман» меуарлық туындысы

Спандияр Көбеев (1878 -1956). Қазіргі Қостанай облысы, Мендіқара ауданында, кедей шаруаның семьясында туған. Спандияр алты-жеті жасында ауылдағы мектепке оқуға түседі; онда екі-үш жыл оқиды.
Кейін, 1887 жылы, тоғыз жасында ол ауылдағы орыс мектебіне түседі. Орыс мектебіне түсуге Ыбырай Алтынсариннің тікелей көмегі, арнайы қамкорлығы себеп болады.
Спандияр осы орысша мектепті 1892 жылы аяқтап, артынша облыстық орысша мектепке түсіп, оны 1895 жылы бітіріп шығады. Мұнан кейін Спандияр қалалык жердегі орысша оқуға ауысады. 1897 жылы Қостанай қаласына барып, сондағы екі жылдық мектепте оқиды. Оны бітірген соң екі жылдық педагогикалық курсқа түсіп оқиды. 1900 жылы аталған курсты бітіріп шығады да, бастаушы мектептің оқытушысы болып қызмет істеуге рұхсат алады.
Ол 1901 жылы Кішіқұм деген жердегі ауылдық орысша мектепке оқытушы болып барады. Мұнда екі-үш жыл оқытушы болып істегеннен кейін Спандияр болыстық мектепке ауысады. 1903 жылы Қызылжар қаласының маңында, Нілді деген жердегі болыстық мектепке оқытушы болып тағайындалады. Онда екі-үш жыл қызмет істейді.
Спандияр 1905 жылы Омскі қаласында бастауыш мектеп оқытушыларына арналып ашылған бір айлық ауыл шаруашылық курсына білімін толықтыру үшін жіберіледі. Курсты бітіріп қайтқан соң Қызылжар қаласындағы екі жылдық орыс-қазақ мектебіне оқытушы болып тарайындалады. Сонан былай Қызылжар, Қостанай жарында үздіксіз оқытушы болып істейді.
Спандияр Кішіқұмда оқытушы болып барғаннан-ақ бос уақытта ауыл адамдарын жинап алып, оларға табиғат, география, тарих, тағы басқа ғылымдардан түсінік, хабар беріп отыратын болады, қазактың ауыз әдебиетінен, орыс әдебиетінен әңгімелер айтып беріп отырады, әсіресе И. Крылов мысалдарын еркін аударып, ауыл адамдарына таратады. Ол жұртшылық арасына зор әсер қалдырады. Сөйтіп Спандияр оқытушылық қызметі үстіне орыс әдебиеті мен мәдениетінің белгілі насихатшысы да болады.
Спандияр Қызылжардағы орыс-қазақ мектебінде қызмет істеп жүрген кезінде өзінің И. А. Крыловтан аударып, көпшілікке ауызша айтып беріп жүрген мысалдарын жинап, түзеп, толықтырып, баспаға жібереді. Онысы 1910 жылы «Үлгілі тәржіме» деген атпен Қазанда басылып шығады.
Енді Спандияр өзінің құрметті ұстаздары Ыбырай Алтынсарин мен орыс халқының атақты педагогы К. Д. Ушинскийдің үлгілері бойынша өзі оқытып жүрген балаларға арнап оқу кітабын жасауға кіріседі. Осының нәтижесінде 1912 жылы Қазан қаласында Спандиярдың екінші кітабы «Үлгілі бала» деген оқу кітабы басылып шығады.
«Қалың мал» романы тұңғыш рет 1914 жылы, Қазанда басылып шықты.
Қазан төңкерісінен кейін де Спандияр оқытушылық қызметте болды. Қазақ жастарына саналы түрде тәрбие беруде өз өмірінің соңғы күндеріне дейін отаншылдық рухта шексіз берілгендік жалынмен ат салысты. Өзінің негізгі педагогикалық-агартушылық қызметі үшін Спандияр Қөбеев екі рет Ленин орденімен наградталды. Жазушылар одағына мүше болды. Халық Спандиярды өз қалаулысы ретінде Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне депутат, бейбітшілікті қорғаудың Қазақстандық Комитетіне мүше етіп сайлады.
Соңғы оншақты жыл ішінде Спандияр өзінің өмірі мен қоғамдық кызметі, басынан өткен оқиғалары мен ойлары, көргендері мен білгендері туралы мемуарлық көлемді шығарма жазды. Онысы «Орындалған арман» деген атпен 1952 жылы басылып шықты.
С. Көбеев 1956 жылы, 2 желтоқсанда 78 жасында ұзаққа созылған ауыр наукастан қайтыс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет