№4144 Р. Бегимбетовке Жұмыс үшін А. Шериязданов


 Требования к максимальному объему учебной нагрузки



Pdf көрінісі
бет16/28
Дата31.03.2017
өлшемі1,87 Mb.
#10670
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28

4. Требования к максимальному объему учебной нагрузки

57.


Максимальный объем недельной учебной нагрузки обучающихся на

47

уровне  общего  среднего  образования  составляет  в  каждом  классе  не  более

37 часов в неделю.

58.  Общий  объем  учебной  нагрузки  обучающихся,  составляющий

инвариантный  и  вариативный  компоненты, а  также  недельная  и  годовая

учебная нагрузка по классам устанавливаются типовым учебным планом.

59.  Недельная  учебная  нагрузка  включает  все  виды  учебной  работы,

определенные  типовым  учебным  планом (инвариантный  и  вариативный

компоненты). В  учебных  планах  специальных (коррекционных) организаций

образования  предусмотрен  обязательный  коррекционный  компонент  сучетом

вида  нарушения  развития. Инвариантный, коррекционный  и  вариативный

компоненты  в  учебных  планах  специальных (коррекционных) организаций

образования устанавливаются с  учетом  особых образовательных потребностей

обучающихся.

60.  Сроки начала и завершения учебного года в организациях образования

независимо  от  форм  собственности  и  ведомственной  подчиненности

определяются  уполномоченным  органом  Республики  Казахстан  в  области

образования.

61.  Деление  класса  на  две  группы  осуществляется  в  городских

организациях образования при наполнении класса в 24 и более обучающихся, в

сельских – в 20 и более обучающихся, в малокомплектных школах – не менее

10 обучающихся при проведении уроков по:

1) казахскому  языку  и  литературе – в  классах  с  неказахским  языком

обучения;

2) русскому языку и литературе – в классах с нерусским языком обучения;

3) иностранному языку;

4) информатике;

5) физической культуре по гендерному (в городской местности – в каждой

группе не менее 8 мальчиков (или девочек), а в сельской местности  – не менее

5 мальчиков (или девочек).

______________________


1

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы «      »

№      қаулысына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «23» тамыздағы

№ 1080 қаулысымен

бекітілген

Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға

міндетті стандарты

1. Жалпы ережелер

1. Осы  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға

міндетті  стандарты (бұдан  əрі – стандарт) «Білім  туралы» 2007 жылғы

27 шілдедегі  Қазақстан  Республикасының  Заңына  сəйкес  əзірленді  жəне

мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  дайындық  деңгейіне, мектепке  дейінгі

тəрбие  мен  оқытудың  мазмұнына, оқу  жүктемесінің  ең  жоғарғы  көлеміне

қойылатын талаптарды айқындайды.

Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес

терминдер қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың

анықтамалары енгізілді:

1) индикатор – баланың даму деңгейінің көрсеткіші;

2) интеграция – мазмұнның  құрылымдық  бөліктері  арасындағы

байланысты жасайтын процесс;

3) инклюзивті білім  беру – ерекше білім  беру  қажеттіліктері мен жеке

мүмкіндіктері ескеріле отырып, барлық балалардың тəрбие мен оқытуға  тең

қол жеткізуін қамтамасыз ететін процесс;

4) білім  беру  ортасы – мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тиімді

тұлғалық, эмоциялық, əлеуметтік 

жəне 

зияткерлік  дамуы 



үшін

пайдаланылатын  перспективалық  міндеттер  мен  құралдар  жиынтығы

қисынында  құрылған  мектепке  дейінгі  ұйымның  ішкі  өмірінің  тұтас

сипаттамасы;

5) білім  беру  траекториясы – педагогтің  ата-аналармен  жəне  басқа

мамандармен бірлесіп белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін межелеген бала

дамуының үздіксіз процесі;


2

6) ұйымдастырылған  оқу  қызметі – педагог  ұйымдастырған  жəне

тəжірибеде  қолдануға  қажетті  білім, білік, дағдыларды  меңгеруге

бағытталған əрекеттің бір түрі;

7) мектепке 

дейінгі  ұйымда  балалардың  тіршілік  əрекетін

ұйымдастыру – балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, олардың физикалық,

адамгершілік  жəне  зияткерлік  дамуы  үшін  уақытты  үйлесімді  бөлу  жəне

қолайлы жағдайларды жасау;

8) заттық-кеңістіктік  дамытушы  орта – бұл  мектеп  жасына  дейінгі

балалардың  тұлғалық, эмоциялық, əлеуметтік  жəне  зияткерлік  дамуын

қамтамасыз ететін жағдайлардың жүйесі;

9) күн  тəртібі – бұл  баланың  қалыпты  дамуына  жəне  оның

денсаулығын  нығайтуға  мүмкіндік  беретін  тəулік  бойғы  уақытты  ұтымды

бөлу жəне түрлі əрекет түрлері мен демалыстың дұрыс өзара сабақтастығы;

10) үлгілік  оқу  жоспары – стандарттың  негізінде  жасалған  мектепке

дейінгі  ұйымдарда  білім  беру  процесін  қамтамасыз  ететін  мемлекеттік

нормативтік құжат.

2. Қазақстан  Республикасының  мектепке  дейінгі  ұйымдары  білім  беру

қызметін:

1) осы стандартқа;

2) үлгілік оқу жоспарларына;

3) жалпы білім беретін оқу бағдарламасына;

4) Қазақстан  Республикасының  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқыту

саласындағы  басқа  да  нормативтік  құқықтық  актілеріне  сəйкес  жүзеге

асырады.


3. Мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға

міндетті стандарты:

1) мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мазмұнын айқындайды;

2) оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, заттық-кеңістіктік дамытушы

ортаның  мазмұнына, тəрбиеленушілердің  дайындық  деңгейіне, мектепке

дейінгі  ұйымдарда  білім  беру  процесін  ұйымдастыруға  қойылатын

талаптарды белгілейді.

4. Стандарт талаптары:

1) үлгілік оқу жоспарларын;

2) баланың  қызығушылықтары  мен  бейімділіктерін  іске  асыруға

бағытталған  білім  беру  бағдарламаларын  жəне  қосымша  бағдарламаларды

əзірлеуге  негіз  болып  табылатын  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың

жалпы білім беретін оқу бағдарламасын;

3) мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасын;

4) мектепке 

дейінгі 


ұйымдарда 

олардың 


ведомстволық

бағыныстылығына, меншік  нысанына, типтері  мен  түрлеріне  қарамастан

білім беру процесін жүзеге асыруды;

5) мектепке  дейінгі  ұйымдарға  арналған  оқу-дидактикалық  құралдар



3

мен əдістемелік ұсынымдарды;

6) мектепке дейінгі ұйымдар мен педагогтардың қызметін мемлекеттік

аттестаттау талаптарын;

7) ерекше білім беруге қажеттіліктері бар (психикалық жəне физикалық

дамуында  түрлі  ауытқушылықтары  бар) балаларға  арналған  білім  беру

бағдарламасын;

8) балалардың  қызығушылықтары  мен  бейімділіктерін  дамыту

бойынша қосымша білім беру бағдарламаларын;

9) педагог 

кадрлардың 

біліктілігін 

арттыру 

курстарының

бағдарламаларын əзірлеу кезінде міндетті.

5. «Тəрбиеленушілердің  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптар»

деген  бөлімде  əрбір  баланың  жетістіктерінің  психологиялық-педагогикалық

диагностикасы  негізінде  ұйымдастырылған  оқу  қызметі  мен  режимдік

процестер арқылы  іске  асырылатын білім  беру  салалары  бойынша  күтілетін

нəтижелер көрсетілген.

6. «Білім  беру  мазмұнына  қойылатын  талаптар» деген  бөлімде

мектепке  дейінгі  білім  берудің  мақсаты, жалпы  білім  беретін  оқу

бағдарламаларын  игерудің  нормативтік  мерзімдері, типіне, түріне  жəне

меншік  нысанына, сондай-ақ  оқыту  тіліне  қарамастан  мектепке  дейінгі

ұйымдарда  жəне  жалпы  білім  беретін  мектептердің  мектепалды

сыныптарында  балалардың  міндетті  түрде  меңгеруі  тиіс  мазмұнның  көлемі

көрсетілген.

7. «Оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар» деген

бөлімде  жас  кезеңдеріне сəйкес ұйымдастырылған оқу  қызметінің  ұзақтығы

жəне  оларды  санитариялық  қағидалардың  талаптарына  сəйкес  жүргізу

көрсетілген.

2. Тəрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

8. Мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  жалпы  білім  беретін  оқу

бағдарламасының мазмұны:

1) 


күтілетін  нəтижелер  түріндегі  мақсаттар  жүйесіне  жету  есебінен

мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыруға;

2) ұлттық  дəстүрлерге, сондай-ақ  жалпы  адамзаттық  қағидалар  мен

нормаларға 

негізделген 

рухани-адамгершілік  жəне 

мəдени-əлеуметтік

құндылықтарды қалыптастыруға;

3) тəрбиелеу, дамыту  жəне  оқытудың  мақсат-міндеттерін  ескере  отырып,

мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  мазмұнына  қойылатын  талаптардың,

мектепке  дейінгі  жəне  бастауыш  білім  беру  деңгейлерінің  арасындағы

жүйелілік, тұтастық, сабақтастық  жəне  үздіксіздік  қағидаттарының  бірлігін

қамтамасыз етуге;


4

4) балалардың, соның  ішінде  ерекше  білім  беруге  қажеттіліктері  бар

балалардың  денсаулығын  сақтау  мен  нығайтуды  қамтамасыз  ететін

психологиялық-педагогикалық жағдайларды жасауға;

5) мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  жеке  жəне  жас  ерекшеліктерін

ескере отырып, ойын қызметінен оқу қызметіне біртіндеп өтуге дайындыққа;

6)  жеке  тəсілдер  негізінде  балалардың  түрлі  іс-əрекеттерінде  олардың

қабілеттерін, бейімділіктерін, талаптары мен дарындылықтарын дамытуға;

7) мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  бастауыш  мектепте  оқуына  тең

мүмкіндік  беруді  көздейтін  қарапайым  қимыл-қозғалыс, коммуникативтік,

танымдық, шығармашылық  білім, білік  жəне  дағдыларын  қалыптастыруға

бағытталған.

9. Əрбір жас тобы бойынша дағдыларды меңгеру деңгейі осы стандартқа

қосымшаға сəйкес 1, 2, 3, 4, 5-кестелерде келтірілген.

10. Баланың қалыптасқан дағдылары:

1) дене бітімі дамыған;

2) білуге құмар;

3) белсенді;

4) эмоциялық елгезек;

5) үлкендермен  жəне  құрдастарымен  қарым-қатынас  жасау  құралдары

мен өзара іс-қимыл тəсілдерін меңгерген;

6) өзі, отбасы, қоғам (жақын əлеумет), мемлекет (елі), əлем жəне табиғат

жөнінде алғашқы түсініктері бар;

7) мектепте  оқуға  қажетті  біліктер  мен  дағдыларды  игерген  мектепке

дейінгі ұйым түлегінің моделін сомдайды.

3. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын

талаптар

11. Мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  мақсаты  осы  жас  кезеңінде

тұлғаның  қалыптасуы  үшін  қажетті  алғашқы  білім, білік  жəне  дағдыларды

қалыптастыру болып табылады.

12. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту:

 1) балаға  өмір  бойы  қажетті  жеке  қасиеттерін  қалыптастыру  үшін  негіз

болып табылатын жалпы адамзаттық құндылықтарға баулуға;

2) халықтық  салт-дəстүрлер  мен  əдет-ғұрыптарға, əдебиет  пен  өнерге,

фольклор мен еліміздің мəдени мұрасына негізделген білім беру мазмұнын іске

асыруға;


3) ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларға  инклюзивті  білім  беру  үшін

жағдайлар жасауға;

4) мектепке  дейінгі тəрбие жəне оқытумен  қамтылған жəне  қамтылмаған

балаларды  дамыту  мəселелерінде  ата-аналардың  біліктілігін  арттыру, оларды



5

психологиялық-педагогикалық  консультациялық  қолдаумен  қамтамасыз  етуге

бағытталған.

13. Мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  мазмұны  əртүрлі  іс-

əрекеттерді  ұйымдастыру  арқылы  кіріктіру  жолдарымен  іске  асырылатын:

«Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Əлеуметтік

орта» бес білім беру саласына негізделген.

14. «Денсаулық» білім беру саласы.

Мақсаты: өз  денсаулығына  саналы  қарауды  дамыту, денсаулықтың

адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсінуге тəрбиелеу, қимыл

белсенділігін дамыту жəне дене бітімі қасиеттерін қалыптастыру.

«Денсаулық» білім беру саласы дене бітімі қасиеттерін дамытуды; негізгі

қимыл  түрлерін  жетілдіруді; қимыл  дағдыларын  қалыптастыруды; қимыл

ойындарының түрлерін ұйымдастыруды жəне өткізуді; спорттық жаттығуларды

орындауды (шанамен, шаңғымен  сырғанау, велосипед  тебу, жүзу); спорттық

ойындардың (футбол, баскетбол, бадминтон  жəне  басқалар) элементтерімен

танысуды қамтиды.

«Денсаулық» білім  беру  саласының  мазмұны  баланың  денсаулығын

сақтауға  жəне  нығайтуға; тұрмыста, көшеде, табиғат  жағдайларында  қауіпсіз

мінез-құлық  дағдыларын  қалыптастыруға  жəне  балалардың  қимыл-қозғалыс

тəжірибесін  негізгі  қимылдарды  жетілдіру  арқылы  байытуға; шығармашылық,

танымдық  жəне  сөйлеу  қабілеттерін  пайдалана  отырып, тəрбиеленушілердің

қимыл белсенділігіне сұраныстарын жетілдіруге бағытталған.

«Денсаулық» білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі:

1) дене шынықтыру;

2) қауіпсіз мінез-құлық негіздері.

15. «Коммуникация» білім беру саласы.

Мақсаты: айналадағы  адамдармен  араласуға  қабілетті, көптілді  тұлғаны

тəрбиелеу үшін баланың қажетті коммуникативтік дағдыларын дамыту.

«Коммуникация» білім  беру  саласы  балалар  əрекетінің  əртүрлі

нысандары  мен  түрлерінде  ауызша  жəне  байланыстырып  сөйлеуді,

шығармашылық  сөйлеу  əрекетін  дамытуды; тілдің  дыбыстық  мəдениетін

тəрбиелеуді; белсенді  сөздікті  байытуды, тілдің  грамматикалық  жағын

қалыптастыруды, балалар əдебиетімен таныстықты дамытуды, мəнерлеп оқуды

жəне мазмұндауды; мемлекеттік, орыс, ағылшын жəне басқа тілдерді дамытуды

қамтиды.


«Коммуникация» білім  беру  саласының  мазмұны  ересектермен  жəне

балалармен  еркін  араласу  дағдыларын  дамытуға; зейінділікке, сөйлеуге,

балалар əдебиетіне қызықтыруға бағытталған.

«Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

1) сөйлеуді дамыту;

2) көркем əдебиет;

3) сауат ашу негіздері;


6

4) қазақ (орыс  тілінде  оқытылатын  топтарда), орыс (қазақ  тілінде

оқытатын топтарда) жəне шет тілдерінің бірі;

5) драма.

16. «Таным» білім беру саласы.

Мақсаты: қоршаған  əлеммен  өзара  іс-қимыл  үшін  қажетті  танымдық

əрекеттің  қарапайым  дағдыларын  меңгерген  мектепке  дейінгі  тұлғаны

қалыптастыру.

«Таным» білім  беру  саласы  қарапайым  математикалық  ұғымдарды

қалыптастыруды: жиынтық  туралы  түсініктерді, сандық  есептеу  дағдыларын

жетілдіруді, геометриялық  пішіндер  туралы  түсініктерді  қалыптастыруды,

кеңістікті  жəне  уақытты  бағдарлауды; құрылыс, табиғи  жəне  қалдық

материалдар  жəне  конструктордың  бөліктерінен  құрастыруды; тірі  жəне  өлі

табиғат  заттары  мен  маусымдық  құбылыстар, өсімдіктер  туралы  білімін

кеңейтуді,  қазақ  жəне  басқа  халықтардың  əлеуметтік-мəдени  құндылықтары,

дəстүрлері  мен  мерекелері  туралы, адамдардың  ортақ  мекені  ретінде  Жер

планетасы, оның  табиғатының  ерекшеліктері  туралы  түсініктерін  кеңейтуді

қамтиды.


«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

1) қарапайым  математикалық  ұғымдарды  қалыптастыру, бөбек  жасы

топтарында (1 жастан 3 жасқа дейін) – сенсорика;

2) құрастыру;

3) жаратылыстану.

17. «Шығармашылық» білім беру саласы.

Мақсаты: баланың  шығармашылық  ойлау  мəдениетінің  негізі  ретінде

оның сезімдік-эмоциялық саласы мен қиялын дамыту.

«Шығармашылық» білім беру саласы сурет салу; мүсіндеу, жапсыру жəне

өнер  туындыларын  қабылдау  мен  түсінуді  дамытуды, қоршаған  ортаға

эстетикалық  қатынасты  қалыптастыруды; өнер  түрлері  туралы  қарапайым

түсініктерді 

қалыптастыруды; музыканы, отандық 

композиторлардың

шығармаларын, ұлттық музыкалық аспаптарды, көркем əдебиетті, фольклорды

қабылдауды; көркем 

шығармалардың 

кейіпкерлеріне 

жанашырлықты

ынталандыруды; балалардың  өзіндік  шығармашылық  қызметін  іске  асыруын

қамтиды.

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

1) сурет салу;

2) мүсіндеу;

3) аппликация;

4) музыка.

18. «Əлеумет» білім беру саласы.

Мақсаты: Отанға  деген  сүйіспеншілікке, үлкендерді  құрметтеуге,

айналасындағыларға  жағымды  мінез-құлықты  жəне  қайырымды  қатынасты

тəрбиелеу.



7

«Əлеумет» білім  беру  саласы  қоғамда  өзін  ұстаудың  адамгершілік

нормаларын, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруді, баланың

ересектермен жəне құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуін; дербес болуын,

өзінің  қылықтарына  жауап  беруін, өзінің  қимылдарының  мақсаттылығы  мен

реттеуді; адамгершілік  қасиеттерін: елгезектікті, жанашырлықты, өзінің

туыстары  мен  жақындарына құрметпен  қарауды, өзінің  отбасын жақсы көруін

дамытуды; салт-дəстүрлерді  сақтауды, тарихты, қазақ  халқының  тұрмысын

білуді  жəне  құрметтеуді; Қазақстан  біздің  ортақ  үйіміз  екені  туралы

түсініктерін  кеңейтуді, сондай-ақ  басқа  халықтардың  мəдениетін, дəстүрлерін

құрметтеуді; еңбек 

пен 


шығармашылықтың 

əртүрлі 


түрлеріне

қызығушылықтарын  қалыптастыруды; тұрмыста, қоғамда  жəне  табиғатта

қауіпсіз мінез-құлық негіздерін тəрбиелеуді қамтиды.

«Əлеумет» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

1) өзін-өзі тану;

2) қоршаған ортамен танысу;

3) экология негіздері.

19. Балаларды  тəрбиелеу  мен  оқыту  деңгейлерін  қадағалау  баланың

жасына сəйкес жетістіктерінің мониторингі негізінде жүзеге асырылады:

1) 1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді жаңғырта алады;

2) 2-деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие;

3) 3-деңгей – бала  өзінің  білетінін  жəне  жасай  алатынын  қолданады,

білімін өз бетінше жəне шығармашылықпен қолдана алады.

Индикаторлар көрсеткіш ретінде баланың даму мониторингін қамтамасыз

етеді жəне оның жеке дамуын жоспарлауға негіз болып табылады.

20. Мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  жалпы  білім  беретін  оқу

бағдарламаларын  меңгерудің  мерзімі – 5 (6) жыл. Жас  жəне  топтық  кезеңдері

мынадай:


1) бөбек жасы – 1 жастан 3 жасқа дейін:

ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жастағы топ);

кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (бірінші кіші топ);

2) мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6 (7) жасқа дейін:

мектепке дейінгі кіші жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (екінші кіші топ);

мектепке дейінгі орта жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ);

мектепке  дейінгі  естияр  жас – 5 жастан 6 (7) жасқа  дейін (5 жастан

6 жасқа  дейін – мектепке  дейінгі  ұйымдағы  ересектер  тобы, 6 жастан 7 жасқа

дейін  – жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды

даярлық сыныбы).



4. Оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар

21. Тəрбиеленушілер  мен  білім  алушылардың  апталық  оқу  жүктемесінің



8

ең жоғарғы шекті көлемі, ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы баланың

денсаулығы мен психикасын қорғау мақсатында енгізіледі.

22. Мектепке дейінгі білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу жүктемесі

үлгілік оқу жоспарында белгіленген.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы:

ерте жастағы балалар үшін – 7-15 минут;

мектепке дейінгі орта жастағы балалар үшін – 15-20 минут;

мектепке дейінгі естияр жастағы балалар үшін – 25-30 минутты құрайды.

23. «Білім  туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі  Қазақстан  Республикасы

Заңының  негізінде  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  жəне  білім  беру

ұйымдарындағы  мектепалды  сыныптардың  педагог  қызметкерлерінің  айлық

еңбекақысын  есептеу  үшін  оқу  жүктемесінің  апталық  ең  жоғарғы  көлемі

24 сағатты  құрайды (МЖМБС-ның  бес  білім  беру  саласының  мазмұнын  іске

асыруға  бағытталған  негізгі  оқу  жүктемесіне 20 сағат, мектепке  дейінгі

ұйымның  күн  тəртібіне  сəйкес  жүзеге  асырылатын  басқа  іс-əрекет  түрлеріне

(ойын, дербес, шығармашылық, жеке жұмыс жəне т.б.) 4 сағат көзделген).

_________________________



1

Мектепке дейінгі

тəрбие мен оқытудың

мемлекеттік жалпыға міндетті

стандартына қосымша

1-кесте


Денсаулықты сақтау дағдылары

Р/с


Дағдылар


тізбесі

1 жастан бастап

2 жасқа дейін

2 жастан


бастап 3 жасқа

дейін


3 жастан

бастап 4 жасқа

дейін

4 жастан бастап



5 жасқа дейін

5 жастан бастап 6

жасқа дейін

6 жастан бастап

7 жасқа дейін

1

2



3

4

5



6

7

8



1 Мəдени-

гигиеналық

дағдылар

Ересектердің

көмегімен

жуынудың,

киінудің,

шешінудің

қарапайым

дағдыларын

орындайды

Жеке бас


гигиенасының

алғашқы


дағдыларын

меңгерген

Жеке бас

гигиенасының

қағидаларын

біледі жəне

сақтайды

Гигиеналық

шаралардың

орындау ретін

біледі

Гигиеналық



шараларды

өздігінен

орындайды

Гигиеналық шараларды

орындау кезінде өзіне-

өзі қызмет ету жəне

өзара көмек көрсету

дағдыларын меңгереді,

шынықтырудың

барлық тəсілдерін

біледі жəне орындайды

2 Дене


тəрбиесі

Белгілі бір бағытта

жүріп, жүгіре

алады


Жүгіру,

өрмелеу жəне

секірудің

алғашқы


дағдыларын

меңгерген

Негізгі қимыл-

қозғалыс


түрлерін

орындаудың

қарапайым

дағдыларын

меңгерген

Өмірлік маңызы

бар  қимыл-

қозғалысты

өздігінен

орындай алады

Негізгі қимыл-

қозғалысты

орындау кезінде

шығармашылық

танытады

Жас  ерекшелігіне  сай

сандық  жəне  сапалық

көрсеткіштерге 

жете

отырып, негізгі  қимыл-



қозғалыс 

түрлерін


орындай алады

2

1

2



3

4

5



6

7

8



3 Дербес

қимыл


белсенділігі

Қатар ойнай алады,

кеңістіктегі ашық,

зейінді тартатын

заттарды өз

бетінше таба алады

Шағын топта

бірге ойнай

алады

Бірлескен



ойындарда

қарапайым

ережелерді

сақтай алады

Өз бетінше түрлі

ойындар ойнай

алады, барлық

ойын ережелерін

сақтай алады

Балалар тобымен

қимыл ойындарын

ұйымдастыру

дағдыларына біледі

Қимылдарын еркін

меңгеріп, саналы түрде

ойын ережесін сақтай

алады. Қозғалыс

қызметінде қарапайым

өзін-өзі бақылау

қалыптасқан

4 Салауатты

өмір салты

Күнделікті шынығу

тəсілдерін біледі

Шынықтыру

шараларын

өткізу кезінде

жағымды


көңіл-күй

танытады жəне

қауіпті

жағдайда


сақтық

танытады.

Салауатты өмір

салтының


қарапайым

ережелерін

біледі,

ересектердің



көрсетуімен

дене


шынықтыру

элементтерін

орындайды

Балабақшада

өзін ұстаудың

қарапайым

ережелерін

біледі жəне

сақтайды.

Өсімдіктерге,

жануарларға,

жəндіктерге

қарым-қатынас

жасай біледі.

Қауіпсіздік

қағидаларын

саналы түрде

орындайды. Дене

шынықтыру

шараларының

қажеттілігі мен

маңыздылығын

түсінеді

Ағзаны шынықтыру

жəне дене сымбатын

сақтау тəсілдерін

біледі. Күн тəртібін

сақтайды


3

2-кесте


Коммуникативтік-тілдік дағдылар

Р/с


Дағдылар


тізбесі

1 жастан бастап

2 жасқа дейін

2 жастан


бастап 3 жасқа

дейін


3 жастан

бастап


4 жасқа дейін

4 жастан бастап

5 жасқа дейін

5 жастан бастап

6 жасқа дейін

6 жастан бастап 7 жасқа

дейін

1

2



3

4

5



6

7

8



1

Қарым-


қатынас

мəдениеті

Жай сөйлеммен

айтылған


өтінішті

орындай алады

Құрбыларымен

қарым-


қатынасқа түсе

алады


Ересектердің

сөзін түсінеді.

Сұрақтарды

тыңдайды,

оларға жауап

бере алады

Ересектермен,

балалармен

қарым-

қатынасқа түседі



жəне олардың

өтініштерін

орындай алады

Қоғамдық


орындардағы

тəртіп ережелерін

біледі жəне оларды

сақтайды.

Тілдесу қағидаларын: сөзсіз

тілдесу құралдарын; сөйлесу

əдебін меңгерген.

2

Тілдің



грамматик

алық


құрылымы

Жеңіл сөздерді

қолданып,

оларды түсіндіре

алады

Өз ойын


түсінікті дұрыс

жеткізе алады

Қажетті сөздер

мен сөз


тіркестерін

қолдана алады

Ересектердің

сұрақ қоюы

арқылы салалас

жəне сабақтас

құрмалас

сөйлемдерді

үйлесімді

құрастыра алады

Сөйлеуге сыни

қарым-қатынас

таныта алады,

грамматикалық

дұрыс сөйлеуге

тырысады


Сөз тіркесі мен сөйлемдерді

грамматикалық дұрыс

құрастыра алады. Сөйлеуде

таныс сөздердің қиын

түрлерін қолданады

3

Сөйлеудің



дыбыстық

мəдениеті

Дауысты

дыбыстарды



жəне дауыссыз

дыбыстарды

артикуляциялық

қатынаста

жеткілікті түрде

анық айта алады

Дауысты жəне

дауыссыз


дыбыстарды

дұрыс


дыбыстай

алады


Сөздердің

дыбысталуын

тыңдай

отырып,


оларды анық

айтады


Ана тілінің

барлық


дыбыстарын

дұрыс айтады

Дыбыстарды

саралай отырып,

интонациялық

мəнерлеудің

əртүрлі тəсілдерін

қолданып, сөздерін

белсенді түрде

құбылтып ойнай

Дыбыстарды анық, дұрыс,

мəнерлеп айта алады, жіктей

алады, дыбыстың шартты

белгілерінің көмегімен буын

мен сөз құрастыра алады


4

1

2



3

4

5



6

7

8



алады

4

Сөздік қор  Ересектердің



айтқан сөздері

мен сөз


тіркестерін

айтады


Өзі, отбасы

мүшелері,

сүйікті

ойыншықтары



туралы

сұрақтарға

жауап бере

алады


Барлық

əрекеттерді,

заттар мен

құбылыстарды,

олардың

белгілерін жəне



сапасын

атайды


Көрнекі

жағдаяттарсыз -

ақ  сөздерді

қолданып,

сөйлеуде

етістіктерді

белсенді қолдана

алады


Сөйлемде антоним,

синоним сөздерді

қолдана отырып,

тілдегі сөздің көп

мағыналығын

түсінеді


Сөзжасам дағдыларына ие.

Заттардың белгілері мен

қасиеттерін қолдана отырып,

сөздің мағынасын түсіндіре

алады.

5

Байланыст



ырып

сөйлеу


Тапсырманы

мұқият


тыңдайды жəне

оны басқа

адамға жеткізуді,

қысқа фразалар

мен сөздерді

қолданып өтініш

жасай алады

Тілектерін,

ойларын,

сезімдерін айту

үшін сөздерді

қолдана алады

Табиғаттың тірі

жəне өлі


нысандарын

бақылау,


суреттерді,

заттарды


қарастыру

арқылы


сұрақтарға

дұрыс жауап

бере алады

Диалогтік

сөйлеудің,

тілдесудің

негізгі формасын

меңгерген. 2-3

сөйлемнен

тұратын


тұжырымдарды

қолдана біледі

Əртүрлі сөз

таптарын,

эпитеттерді,

салыстыруларды

қолдана отырып,

монолог құра

алады

Берілген тақырып , сурет



бойынша қарапайым,

жайылма сөйлемдерді

қолдана отырып

байланыстырып,

бірізділікпен əңгіме

құрастыра алады

6

Шығармаш


ылықпен

сөйлеу


қызметі

Күрделі емес

шағын сахналық

мазмұндағы

ойыншықтардың

қойылымдарын

түсінеді,

олардың


əрекеттеріне

еліктей алады

Саусақ

ойындарына



арналған

тақпақтарды

жатқа айтады

Кейіпкерлердің

мінездемесін

беру үшін

интонациялық

мəнерлеудің

қарапайым

түрлерін


қолданады

Таныс


ертегілерін айта

алады,


ойыншықтар

бойынша шағын

əңгімелер

құрастырады

Оқиғалар

құрастыра алады,

астарлы жəне

ауыспалы сөздерді

қолданып, түсіне

алады.


Түрлі оқиғалар айта алады,

ертегілер ойлап шығарады,

ойынға өлең ұйқастары мен

сөз құрастыруға қызығады



5

1

2



3

4

5



6

7

8



7

Шығармал


арды

қабылдауы

Тиісті суреттерді

қолдана отырып

шағын,

қарапайым



əңгімелерді,

өлеңдерді,

тақпақтарды

түсінеді


Халық ауыз

шығармашылы

ғы

туындыларына



эмоциямен үн

қата алады

Түрлі

оқиғаларға,



кейіпкерге

өзінің қарым-

қатынасын

білдіреді

Өзіне ұнайтын

бірнеше


шығармаларды

атай алады,

əдеби

кейіпкерлерді



ойында

қолданады

Кітапқа деген

қызығушылық

танытады,

өлеңдерді жатқа

мəнерлеп оқуы

мүмкін


Көрген, таныс шығармалар

мəтінін мазмұндай алады

8

Сауаттылы



қ негіздері

Үш дыбысты

сөздермен талдау

жасай біледі.

Тыңдай біледі жəне

екпінді буындарды

ажыратады.

Дыбыстардың айтылуы мен

дыбысталуына талдау

жасағанда білімін қолдана

алады. 4 дыбысты сөздерге

дыбыстық талдау жасайды,

дыбыстарды сипаттайды.


6

3-кесте


Танымдық дағдылар

Р/с


Дағдылар


тізбесі

1 жастан бастап

2 жасқа дейін

2 жастан бастап

3 жасқа дейін

3 жастан


бастап

4 жасқа дейін

4 жастан бастап

5 жасқа дейін

5 жастан бастап

6 жасқа дейін

6 жастан бастап 7 жасқа

дейін


1

2

3



4

5

6



7

8

1



Заттардың

қасиеттері

н

бағдарлау



Біртекті

заттарды бір

белгісі бойынша

(көлемі, пішіні)

топтастыра

біледі. Негізгі

төрт түсті

ажырата алады

Заттардың

негізгі түстерін,

пішінін,

көлемін,


сипатын

ажыратады

Салыстыру

(қатар қою,

тіркеу)

тəсілімен



заттарға тəн

айырмашы-

лықтарды

таниды жəне

атайды

Заттарға тəн



ерекшеліктерді

жəне белгілерді

иісі, дəмі,

дыбысы


негізінде

қабылдайды,

атай біледі

Танымдық əрекет

ретінде заттардың

қасиеттері мен

белгілерін

қарастыра алады

Адам өміріндегі маңызына

жəне қолданылуына

байланысты заттарды

даярлау үшін

пайдаланылатын

материалдардың қасиеттері

мен алуан түрлілігі туралы

білімді меңгерген

2

Қоршаған


əлемді

танып


білу

Өзі, отбасы

туралы білімге

ие.


Айналасындағы

жануарларды,

өсімдіктерді

жəне заттарды

таниды

Адамдарға,



олардың

əрекетіне

ерекше

қызығушылық



танытады

Табиғаттағы

жəне ауа

райындағы

қарапайым

өзгерістерді

байқайды

жəне


атайды.Бағдар

шам


белгілерінің

мəнін түсінеді

жəне атайды

Тірі жəне өлі

табиғат пен

қоғамдық


өмірдегі

қарапайым

себеп-салдарлық

байланыстарды

түсінеді

Танымдық


міндеттерді

шынайы-көрнекі

жəне көрнекі-үлгі

тұрғысында шеше

алады, жүйелей

жəне топтастыра

алады.

Ұқсастықтары мен



айырмашылық-

тарын табуға

қабілетті.

Қоршаған ортадағы табиғат

объектілерінің сипаты мен

айтарлықтай белгілерін

айқындау негізінде

түсініктерін қорыта біледі



7

1

2



3

4

5



6

7

8



3

Құрылым-


дау

дағдылар


ы

Ересектердің

көмегімен

қарапайым

құрылыс құрай

алады


Ересектердің

көрсетуімен

қарапайым

құрылыстарды

қайталап

жасайды (үстіне,

жанына, астына

қоя алады)

Құрылыс

материалда-



рын əртүрлі

тəсілдермен

орната алады.

Оның негізгі

бөлшектерін

біледі жəне

атайды

Құрылыс


материалдарын

өз бетінше

таңдайды,

құрылысты

əдемі орындауға

тырысады


Құрастырудың

бірнеше жəне

қарапайым

жинақтау


тəсілдерін

меңгерген.Түрлі

нəтиже алу үшін

бір жəне бірнеше

тəсілдер

қолданады.

Жапсыру жəне сурет салу

түрінде геометриялық

пішіндерден шынайы жəне

абстракциялық объектілердің

қарапайым модельдерін

жасай алады

4

Экология-



лық

мəдениет


негіздері

Тіршілік


иелерін,

өсімдіктерді

ажырата алады,

оларға


қызығушылық

танытады


Жануарлар

əлеміне


мейірімділік

танытады жəне

ұқыпты қарым-

қатынас


жасайды

Ересектердің

көмегімен

өсімдіктерді

күтіп баптау

бойынша


қарапайым

еңбек


дағдыларын

орындай


алады

Табиғатта өзін-

өзі ұстаудың

кейбір


нормаларын

меңгерген

Қоршаған əлемнің

алуан түрлілігін

түсінеді.

Өсімдіктердің

қасиеттері  мен

жануарлардың

мекендейтін

ортасын біледі

Ұсақ ерекше белгілері

бойынша жануарлар мен

өсімдіктерді ажырата біледі

жəне атай алады. Табиғат

бұрышындағы

мекендеушілерді күтіп

баптай алады. Өмірлік жаңа

жағдайларда қауіпсіздікті

сақтай алады

5

Қарапайы



м

математик

алық

түсініктер



Ересектердің

нұсқауларын

түсінеді жəне

айналасындағы

кеңістіктен

заттарды таба

алады

Кеңістікте



бағдарлаудың

бастапқы


дағдыларын

меңгерген

Уақыт,

кеңістік,



туралы

қарапайым

түсініктерін

көрсете алады

Уақыт туралы

(тəулік


бөліктері:

таңертең, күн,

түн; күндер:

бүгін, кеше,

ертең; жылдам,

баяу)


түсініктерге ие

Геометриялық

пішіндердің

құрылымдық

сипаттамаларын,

тура жəне кері

реттегі сандық

қатынасты біледі

Түрлі белгілері бойынша

объектілерді жіктей алады;

сөз арқылы кеңістіктік-уақыт

қатынасын меңгерген;

логикалық ойлау тəсілдеріне

ие.


8

1

2



3

4

5



6

7

8



6

Ізденіс


жəне

экспери-


менттік

іс-əрекет

Əртүрлі

пішіндегі



(тесіктерге)

ойықтарға

сəйкес заттарды

салуды біледі

Əртүрлі

заттармен



эксперимент

жасай (ажырата,

жалғай,

құрастыра)



алады

Таныс


материалдар-

мен өз


бетінше

эксперимент

жасай алады

Мақсатты түрде

жаңа

материалдармен



эксперимент,

моделін жасай

алады жəне

заттар


арасындағы

жалпы


белгілерді

ажырата біледі

Қарапайым себеп-

салдарлық

байланыс орната

алады, ретімен

жəне нəтижелі

эксперимент жасай

алады

Нəтижеге жететін



эксперимент əрекетіне

мақсат қоя, нəтижеге жете

біледі

7

Ақпаратп



ен жұмыс

Əртүрлі ақпарат

көздеріне

қызығушылық

танытады

Ескі жəне

жаңа ақпарат-

тардың


айырмашылы-

ғын


анықтайды

Жаңа ақпараттар

алу қажеттігін

түсінеді


Жаңа ақпаратты

қалай ұсынуды,

кімдер

қызығушылық



танытатынын

біледі жəне

түсінеді

Алған ақпаратқа талдау

жасайды, оларды саналы

түрде қолдана алады.



9

4-кесте


Шығармашылық дағдылар

Р/с


Дағдылар


тізбесі

1 жастан бастап

2 жасқа дейін

2 жастан


бастап 3

жасқа дейін

3 жастан бастап

4 жасқа дейін

4 жастан бастап

5 жасқа дейін

5 жастан бастап

6 жасқа дейін

6 жастан бастап

7 жасқа дейін

1

2

3



4

5

6



7

8

1 Музыкалық



іс-əрекет

Əн орындау

барысында күрделі

емес қимылдармен

би əуеніне көңілді

сипат бере алады

Музыкалық

аспаптарды

біледі,

музыкалық



фразалардың

жоғары жəне

төмен

дыбысталуын



ажыратады,

ересектермен

бірге əн айтуға

ықылас


танытады

Музыкалық

шығарманың

қарқынын


ажыратады

жоғары


дыбыстарды

ажыратады,

əуеннің басы

мен соңына

назар аударады

Дауыс тембрін

ажыратады, əнді

созып айтады,

сөздерді анық

айтады; бидің,

музыкалық

ырғақтың


қимылдарын

орындайды

Балалар музыкалық

аспаптарында

ойнаудың

қарапайым

дағдыларына ие,

музыкалық

дыбыстың,

ұзақтығының,

тембрінің негізгі

қасиеттерін

ажыратады. Əнді

суырып салып айту

қабілетіне ие.

Музыкалық аспап

сүйемелдейтін əуенді,

регистр дыбысын

ажырата алады.

Балаларға арналған

музыкалық аспапта

ойнау барысында, əн

айтқандай, билегенде

минорлы жəне

мажорлы

дыбысталуды



қабылдап, жаңғырта

алады


2  Өнімді іс-

əрекет


Қағаз бетін ашық

дақтармен,

жақпалармен

толтырады,

дөңгелек, жайпақ

пішіндерді

мүсіндейді

Мүсіндеу


дағдыларын

игерген


(заттарды

шұңқырлау,

сəндеу). Қағаз

бетіне тік

жəне жатық,

ирек сызықтар

сыза алады.

Бейнелеу


əрекетіне

қажетті негізгі

техникалық

дағдылар мен

іскерліктерді

игерген


Бейнелеу

өнерінің түрлері

туралы

ұғымдары бар



(кескіндеме,

мүсіндеу, халық

өнері)

Бейненің сипатына



тəн бейнелеудің

техникалық

тəсілдері мен

құралдарын өз

бетінше таңдай

алады


Түрлі техникалық

құралдарды өз

бетінше қолдана

алады, жұмыстарды

жаңа бөліктермен

толықтырады жəне

əсемдей алады


10

1

2



3

4

5



6

7

8



3 Қоршаған

ортаны


эстетикалық

қабылдау


Бояудың ашық

түстеріне назар

аударады, оларға

таң қалады,

қуанады

Халықтық


ойыншықтард

ы қарастыру

кезінде

эмоциялық



қуаныш

білдіреді,

олардың

ашықтығын,



əдемілігін

атап көрсетеді

Түрлі бейнелеу

өнері түрлеріне

қызығушылық

танытады,

материалдарды

ұқыпты


қолданады

Геометриялық

пішіндер мен

өсімдік


элементтерін

ырғақты


орналастырады.

Би сипатындағы

музыканы

эмоциялы түрде

қабылдайды

Сəндік өнерге,

дизайнға

қызығушылық

білдіреді,

жұмыстың


тəсілдерін

таңдайды жəне

дəлелдейді,

жұмысқа


материалдарды

тиімді қолданады,

табиғаттың

əсемдігіне, киімге

жəне бөлменің

жинақылығына

эмоциялы түрде

мəн береді.

Қарастырған заттары

бояуының қанықтығы

(фактурасы) туралы

түсінігі бар.Өнердің

басқа түрлерінің

түпмəтінінде өнер

туындыларына

алғашқы талдау

жасау дағдысына ие.


11

5-кесте


Əлеуметтік дағдылар

Р/с


Дағдылар


тізбесі

1 жастан бастап

2 жасқа дейін

2 жастан


бастап

3 жасқа дейін

3 жастан

бастап


4 жасқа дейін

4 жастан


бастап

5 жасқа дейін

5 жастан бастап

6 жасқа дейін

6 жастан бастап

7 жасқа дейін

1

2

3



4

5

6



7

8

1 Өзін



ұстау

мəдениеті

дағдылары

Өзін


ұстаудың

қарапайым

нормаларын меңгерген

жəне 


жағымды

əдеттері қалыптасқан

Мінез-құлық

нормалары

мен

қағидаларын



түсінеді,

сəлемдесу,

қоштасу,

ризашылық

сөздерін

қолданады

Адами  қарым-

қатынас туралы

білімді

меңгерген,



эмоциялық

жағдайды


түсінеді

Жақын 


жəне

айналасындағы

адамдарға

қарапайым

қамқорлық

танытады


Қажетті

жағдайда  көмек

сұрай 

алады,


басқа

адамдардың

тілектерін

құрметтейді

Мінез-құлықтың

адамгершілік

нормалары  туралы,

табиғатта  өзін-өзі

ұстау  туралы, əдеп

қағидалары  туралы

біледі

2

Ересектермен



жəне

құрдастарымен

өзара іс-əрекет

Ересек 


адамды

ынтамен 


тыңдай

біледі, оның

тапсырмаларын

орындайды. Күрделі

емес  тапсырмаларды

есінде  сақтайды  жəне

орындайды

Жақындарына,

құрдастарына

бауырмалдық,

тілектестік

сезім


танытады

Құрдастарымен

тұрақты  ойын

бірлестіктеріне

қосылады  жəне

танымдық


тақырыптарға

ересектермен

тілдесе алады

Ересектермен

бірге 

еңбек


əрекеттерін

орындайды.

Құрдастарының

арасында  өзінің

орнын,

«Менін»


сезінеді

Ересектермен

жəне

құрдастарымен



бірге  еңбек  ете

алады, ортақ

мақсат 

қояды


жəне 

оның


нəтижесін

талқылай алады

Ересектермен

бірлескен  əрекетке

татулықпен  қосыла

алады, пайдасын

тигізуге  жəне  оған

қанағаттануға

тырысады

3

Адамгершілік



нормалары

туралы түсінік

Айналасындағылармен

қарым-қатынасты

реттеу 

үшін 


жəне

тілектерін 

білдіру

үшін  қажетті  сөздерді



қолдана алады

Ненің


«жақсы»,

ненің «жаман»

екенін  біледі

жəне түсінеді

Өзінің

əрекеттерін,



ертегі

кейіпкерлерінің

əрекеттерін

бағалай алады

Адамгершілік

нормалары  мен

қоғамда 

өзін-


өзі

ұстау


қағидаларын

сақтайды


Өзін-өзі

ұстаудың


адамгершілік

нормаларын

сақтайды,

жағымды 


іс

Өзінің  жəне  басқа

да 

халықтардың



əдептілік

нормалары 

мен

құндылықтарын



біледі, түсіністік,

12

1

2



3

4

5



6

7

8



жасағанда

қуанады,


рахаттанады,

адамгершілік

нормалары

бұзылғанда

уайымдайды

төзімділік

танытады.

Əлеуметтік  əлемде

өзара

қарым-


қатынас 

жасау


іскерлігіне 

ие,


қоғамдық 

тəртіп


қағидаларын

сақтаудың

коммуникативтік

дағдыларын

меңгерген.

______________________________



1

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы «      »

№       қаулысына

2-қосымша

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 23 тамыздағы

№ 1080 қаулысымен

бекітілген



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет