2. Білім алушылар мен тəрбиеленушілердің дайындық деңгейіне
қойылатын талаптар
11. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
жаратылыстану-математикалық
жəне
қоғамдық-гуманитарлық
бағыттар
бойынша бейінді оқытуды енгізе отырып, саралау, кіріктіру жəне білім беру
мазмұнын кəсіптік бағдарлау негізінде əзірленеді.
12. Білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар
білім алушылардың дайындық деңгейі жаратылыстану-математикалық жəне
қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытудың міндетті оқу пəндері мен
бейіндік оқу пəндері бойынша оқытудан күтілетін нəтижелер арқылы
айқындалады.
13. Міндетті оқу пəндері бойынша оқытудан күтілетін нəтижелер жалпы
орта білім берудің базалық мазмұнын анықтау үшін негіз болып табылады.
14. Міндетті оқу пəндері қатарына «Қазақ тілі»жəне «Қазақ əдебиеті»
(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Орыс тілі» жəне «Орыс
əдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Ана тілі мен
əдебиеті» (оқыту ұйғыр/өзбек/тəжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін),
«Қазақ тілі мен əдебиеті» (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін),
«Орыс тілі мен əдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін),
«Шет тілі», «Математика», «Қазіргі əлемдегі Қазақстан», «Өзін-өзі тану»,
«Экономика жəне кəсіпкерлік негіздері», «Дене шынықтыру», «Алғашқы
5
əскери жəне технологиялық дайындық» пəндері енеді.
15. Əр бағыттағы бейіндік оқу пəндері бойынша оқытудан күтілетін
нəтижелер тиісінше оқытудың стандарттық жəне тереңдетілген деңгейлері
бойынша көрсетілген жəне олар оқыту бейінінің ерекшелігін ескеріп оқу
пəндерінің мазмұнын анықтауға негіз болады.
16. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде
оқытылатын оқу пəндері қатарына «Биология», «Химия», «Физика»,
«Информатика» пəндері енеді. Осы бағыттағы бейінді оқытудың стандарттық
деңгейдегі оқу пəндері қатарына «География», «Құқық негіздері», «Графика
жəне жобалау» пəндері енеді.
17. Қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы
тереңдетілген
деңгейде
оқытылатын оқу пəндері қатарына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде
жүргізілетін сыныптар үшін), «Орыс тілі» (оқыту орыс тілінде жүргізілетін
сыныптар үшін), «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «География»
пəндері енеді. Осы бағыттағы бейінді оқытудың стандарттық деңгейдегі оқу
пəндері қатарына «Информатика», «Құқық негіздері», «Жаратылыстану»
пəндері енеді.
18. Жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларында оқытудан күтілетін
нəтижелер əрбір оқу пəнінің бөлімдері бойынша оқыту мақсаттарымен
нақтыланады.
19. Оқытудан күтілетін нəтижелер жүйесі білім алушылардың, оның
ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың жеке-дара
даму траекторияларын қалыптастыруға жəне оларды орта білім беру ұйымын
аяқтағандағы оқытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына жетуге кезең-кезеңмен
жетуге жағдай жасайды.
20. Міндетті оқу пəндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда
күтілетін нəтижелер.
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/орыс тілі
(оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін):
1) тыңдалым жəне айтылым:
білім алушы сөйлеу тəртібінің, бағалаудың ашық жəне жасырын берілген
түрлерін талдай отырып, тілдесу жəне стильдік қатыстылығы бар түрлі
саладағы мəтіндерді түсінеді; дайындалған жəне дайындалмаған монологтік
жəне диалогтік, оның ішінде көпшілік алдында тілдесу жағдайында
коммуникацияның əртүрлі мақсаттарына қол жеткізеді; тыңдаушыларға əсер
етуге талпына отырып, сөйлеу тəртібінің тактикасын іске асырады; өзінің
көзқарасын білдіре отырып, тыңдалған мəтіндегі ақпаратты талдайды жəне
сыни тұрғыдан бағалайды; мəтіннің мазмұнын болжайды; стилистикалық
дифференциацияны есепке ала отырып, тілдік бірліктерді қолдану құрылымы
мен нормаларын сақтайды;
2) оқылым:
білім алушы түрлі типтегі, стильдегі жəне жанрдағы, оның ішінде ғылыми-
техникалық тақырыптағы мəтіндердің мазмұнын түсінеді жəне түсіндіріп айтып
6
бере алады; мəтіннің жасырын мағынасын жəне мəтінге енгізілген көркем
бейнелеуіш құралдардың мəнін анықтай алады; күрделі мəтіндердің тілдік,
композициялық жəне жанрлық ерекшеліктерін айқындайды; оқырман алдында
қойылған міндеттерге байланысты оқудың түрлі стратегияларын пайдаланады;
ақпараттық іздеу жүргізеді, қажетті ақпаратты іріктейді жəне өңдейді; əртүрлі
жанр мен стильдегі мəтіндердің композициялық, лингвистикалық, жанрлық
жəне стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; қорытынды жасай отырып
жəне шешу жолдарын ұсына отырып, проблемалық мəтіннің мазмұнын сыни
тұрғыдан бағалайды;
3) жазылым:
білім алушы түрлі типте, жанр мен стильде, оның ішінде əсер етуші
сипатқа ие мəтіндерді құрастырады; ақпаратты қысқарту жəне кеңейту
тəсілдерін қолдана отырып, тұтас жəне аралас мəтіндерді құрастырады; өзінің
пікірін дəлелдей отырып жəне зерттеу дағдыларын қолдана отырып,
шығармашылық, академиялық сипатта мəтіндер, жаһандық мəселелер бойынша
эссе жазады; түрлі жазбаша немесе ауызша дереккөздерінен алынған ақпаратты
жинақтайды жəне оны нақты дəлелденген жүйелі түрдегі хабарлама түрінде
ұсынады; мəтіндерді түзетеді жəне редакциялайды; жоспарлардың əртүрлі
түрлерін құрастырады; орфографиялық, грамматикалық жəне стилистикалық
нормаларды сақтайды.
Қазақ əдебиеті (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/Орыс
əдебиеті (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін):
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) тарихи-əдеби процестің негізгі заңдылықтарын; өлең жолдары мен
прозалық мəтіндердің үзінділерін (таңдау бойынша) жатқа; оқытылатын
тақырыптар шеңберінде əдеби-тарихи мағлұматтарды жəне əдеби теориялық
түсініктерді; оқытылатын шығармалардың мəдени-тарихи мəнмəтінін жəне
олардың авторларының өмірлік жəне шығармашылық жолы туралы негізгі
деректерді біледі;
2) əдебиеттің рухани-адамгершілік жəне эстетикалық мəнін; əдебиеттің
тарихпен, өнермен байланысын; түр мен мазмұн тұтастығында көркем
шығарманы; шығарманың тақырыбын, идеясын, мəселелер жиынтығын,
шығармада автордың ұстанымын; көркем шығармалардың бейнелеу табиғатын
жəне жасырын мағынасын; орыс, қазақ жəне əлем əдебиетінің шығармалары
арасындағы ұлттық сипатқа негізделген айырмашылықтар мен ұқсастықтарды
түсінеді;
3) көркем
шығарманың мазмұнына талдау
жасау барысында
əдебиеттанудың түсінікті тілін белсенді азаматтық ұстанымды, адамгершілік-
рухани қасиетін көрсете отырып, көркем бейнелеуіш құралдар мен
стилистикалық тəсілдерді: əдеби тақырыпта ауызша немесе жазбаша сөздерде,
талдамалық сипатта өзінің мəтінін дайындағанда, оқыған мəтінді түсіндіріп
беруде, пікірталастарда, көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде қолданады;
4) əртүрлі əдеби шығармалар мен оларды сыни тұрғыдан жəне көркем
7
түрде түсіндіріп беруді; сюжет, композиция ерекшеліктерін, көркем бейнелеуіш
құралдар рөлін, басты эпизодтарды, кейіпкерлердің əрекеттері мен
қылықтарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін; көркем шығармаларда жəне
фольклорда қазақтың жəне өзге де ұлттардың адамгершілік мұраты туралы
түсініктерін талдайды;
5) көркем шығармаларды қорытындылау, шығармалардың мазмұнын
тарихи деректермен салыстыру үшін əртүрлі ресурстарды қолдану арқылы
жазбаша мəтіндерді; көркем шығарманың мəселелер бойынша дəлелді
пайымдауларды, шығарманың мазмұнын адамгершілік-рухани жағынан
толықтыру туралы дəлелді пікірді жинақтайды;
6) мазмұнының өзектілігі мен адамның адамгершілік-рухани қасиеттерін
қалыптастырудағы оның мəні жағынан шығарманы; композициялық, стильдік
тұтастық жəне тілдік ресімдеу тұрғысынан ауызша жəне жазбаша сөздерді;
өнердің өзге де түрлерімен дайындалған көркем туындыны түсіндіріп беруді;
өзі үшін белсенді оқырмандар тобын анықтау үшін көркем шығармаларды
бағалайды.
Ана тілі мен əдебиеті (оқыту ұйғыр/өзбек/тəжік тілінде жүргізілетін
сыныптар үшін):
1) тыңдалым жəне айтылым:
білім алушы сөйлеу тəртібінің, бағалаудың ашық жəне жасырын берілген
түрлерін талдай отырып, тілдесу жəне стильдік қатыстылығы бар түрлі
саладағы мəтіндерді түсінеді; дайындалған жəне дайындалмаған монологтік
жəне диалогтік, оның ішінде көпшілік алдында тілдесу жағдайында
коммуникацияның əртүрлі мақсаттарына қол жеткізеді; тыңдаушыларға əсер
етуге талпына отырып, сөйлеу тəртібінің тактикасын іске асырады; өзінің
көзқарасын білдіре отырып, тыңдалған мəтіндегі ақпаратты талдайды жəне
сыни тұрғыдан бағалайды; мəтіннің мазмұнын болжайды; стилистикалық
дифференциацияны есепке ала отырып, тілдік бірліктерді қолдану құрылымы
мен нормаларын сақтайды;
2) оқылым:
білім алушы түрлі типтегі, стильдегі жəне жанрдағы, оның ішінде ғылыми-
техникалық тақырыптағы мəтіндердің мазмұнын түсінеді жəне түсіндіріп айтып
бере алады; мəтіннің жасырын мағынасын жəне мəтінге енгізілген көркем
бейнелеуіш құралдардың мəнін анықтай алады; күрделі мəтіндердің тілдік,
композициялық жəне жанрлық ерекшеліктерін айқындайды; оқырман алдында
қойылған міндеттерге байланысты оқудың түрлі стратегияларын пайдаланады;
ақпараттық іздеу жүргізеді, қажетті ақпаратты іріктейді жəне өңдейді; əртүрлі
жанр мен стильдегі мəтіндердің композициялық, лингвистикалық, жанрлық
жəне стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; қорытынды жасай отырып
жəне шешу жолдарын ұсына отырып, проблемалық мəтіннің мазмұнын сыни
тұрғыдан бағалайды;
3) жазылым:
білім алушы түрлі типте, жанр мен стильде, оның ішінде əсер етуші
8
сипатқа ие мəтіндерді құрастырады; ақпаратты қысқарту жəне кеңейту
тəсілдерін қолдана отырып, тұтас жəне аралас мəтіндерді құрастырады; өзінің
пікірін дəлелдей отырып жəне зерттеу дағдыларын қолдана отырып,
шығармашылық, академиялық сипатта мəтіндер, жаһандық мəселелер бойынша
эссе жазады; түрлі жазбаша немесе ауызша дереккөздерінен алынған ақпаратты
жинақтайды жəне оны нақты дəлелденген жүйелі түрдегі хабарлама түрінде
ұсынады; мəтіндерді түзетеді жəне редакциялайды; жоспарлардың əртүрлі
түрлерін құрастырады; орфографиялық, грамматикалық жəне стилистикалық
нормаларды сақтайды;
4) əдебиет дамуындағы негізгі үрдістерді, оның қоғам дамуымен
байланысын; əдебиет саласындағы көрнекті қайраткерлердің биографиялық
деректерін; əлемдік əдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; əдебиет теориясы
туралы негізгі түсініктерді; толық жəне шолып оқу бағытында олардың нақты
мазмұнын айту үшін, (басты кейіпкерлерді, негізгі сюжеттік оқиғаларды)
шығарманың мазмұнын біледі;
5) тарихи-мəдени жəне əдеби процестегі шығармалардың орны мен рөлін;
көркем əдебиетте көрсетілген ұлттық құндылықтарды, оның тарихи дамуында
əдебиеттің қалыптасу процесін; шығармалардың идеясын жəне оны жеткізе
білудегі автордың шеберлігін, қолданған əдістерін; шығармадағы құрылымдық
элементтердің мағынасын (сюжет жəне композиция, көпқырлы көркем
детальдар мен оның мəтінде берілген проблемамен астарласуы, көркем сөзді
бейнелеуіш құрал ретінде тиімді пайдалануы жəне т.б.); автордың негізгі ойын,
жазушының өз шығармасындағы кейіпкерлері мен оқиғаларға көзқарасын,
авторлық ұстанымды; шығарма арқылы берілетін көңіл-күйді түсінеді;
6) əдеби тақырыпқа ауызша немесе жазбаша пікір дайындау барысында,
өзінің талдамалы сипаттағы мəтінін құруда, зерттелген мəтінді түсіндіруде; өзі
үшін оқуға белгілеген идеялық-тақырыптық тұрғыдан алуан түрлі өнер
туындыларын жəне көркем шығармаларды бағалауда; пікірталастарда, жұрт
алдында сөз сөйлеуде белсенді азаматтық ұстанымы мен рухани-адамгершілік
қасиеттерін білдіруде, өз бетінше көркем əдеби шығарманы талдауда
жинақтаған білімі мен дағдысын қолданады;
7) əдеби шығарманы оның мазмұнын тұжырымдай отырып, əңгімелеу
арқылы; əртүрлі жанрдағы шығармаларды талдай отырып, шығарма желісінде
оқиға болған уақытты, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінікті, нақты
тарихи жəне өзекті мəселелерді; автордың шығарма негізіне алған идеясы
бойынша ой қозғайды, талдайды;
8) аннотация, пікір жазу үшін оқыған шығарманың мазмұнын; түрлі
ақпарат көздерінен, оның ішінде Интернет желісінен алынған ақпараттарды
шығармашылық жұмыстарға негізге алу үшін, өзінің жеке көзқарасы мен
алынған ақпаратты; қазақтың жəне өзге ұлттардың құндылықтарымен
байланыстырудағы əдістерді; көркем шығарманың жанрлық шығу тегіне сəйкес
талдаудың əдістерін жинақтайды;
9) көркем шығармалардың маңызын; ұлттық əдебиеттің өзіндік
9
ерекшелігін жəне оның əлем мəдениетінің контексіндегі алатын орнын; көркем
шығарманың мазмұны жағынан өзектілігін жəне оның адамның рухани-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы мəнін; шығарманың
композициялық жəне стильдік тұрғыдан үйлесімін, тілінің байлығын, қойылған
коммуникативтік міндеттерге жетудегі тиімділігін ауызша жəне жазбаша
жеткізуді; басқа да көркем шығарма құралдары арқылы көркем мəтінді
əңгімелеуді бағалайды.
«Қазақ тілі мен əдебиеті» (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар
үшін)/«Орыс тілі мен əдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар
үшін)
1) тыңдалым:
білім алушы қарым-қатынастың əртүрлі аяларындағы мəтіндердің
мазмұнын, коммуникативтік мақсатты, сонымен қатар, сөйлеушінің əлеуметтік
жəне эмоционалды-экспрессивті сөйлесім ерекшеліктерін толық түсінеді;
ақпаратты сыни тұрғыдан түсіну деңгейінде қабылдайды; тыңдалған мəтінді
айқындылығы мен бейнелілігі жағынан бағалайды;
2) айтылым:
дəлелді
монологтік
немесе
диалогтік
сөз
дайындай
отырып,
коммуникативтік мақсатқа сəйкес түрлі тіл құралдарын тиімді қолданады;
көркем шығармалардың тақырыбы бойынша пайымдайды, шығарма
кейіпкерлеріне жəне олардың əрекеттеріне деген өзінің қатынасын білдіреді;
əртүрлі айтылған сөздерді сыни тұрғыдан бағалайды; тіл нормаларын, сөйлеу
тəртібі мен əдеп нормаларын сақтайды; проблеманың себептері мен
салдарларын болжайды; мəселелерді шешу жолдарын ұсына отырып, қоғамның
əлеуметтік-экономикалық, адамгершілік-рухани, патриоттық, тарихи-мəдени
дамуымен байланысты идеяларды жинақтайды;
3) оқылым:
жасырын мағынасын таба отырып, тұтас жəне тұтас емес мəтіндердің
мазмұнын толық түсінеді; мəнмəтіннен бейтаныс сөздердің мəнін анықтайды;
оқытылатын тақырыптар шеңберінде академиялық мəтіндердің ерекшеліктерін
айқындайды; түрлі дерек көздерінен ақпаратты іріктейді; көркем шығармаларда
жəне фольклорда қазақтың жəне өзге де ұлттардың адамгершілік мұраты
туралы түсінігін талдай отырып, əдебиет туындыларын өнердің басқа
түрлеріндегі бейнесімен салыстырады; қойылған міндеттерге байланысты
оқылымның əртүрлі стратегияларын қолданады;
4) жазылым:
тақырып, мақсат, мəселелер жиынтығы жəне тілдесу жағдаятына сəйкес
орфографиялық, грамматикалық жəне стилистикалық нормаларды сақтай
отырып, түрлі типте жəне стильде мəтіндер құрайды; алынған ақпаратты
зерттеу жəне жинақтау негізінде түрлі тақырыпта тұтас немесе тұтас емес
мəтіндер құрайды; мəтіндерге жоспардың əртүрлі түрлерін құрастырады;
мəдениет пен тілдің көпқырлылығы, патриотизм жəне тұлғаның рухани-
адамгершілік дамуы мəселелерін бағалай отырып, көркем əдебиет
10
шығармалары бойынша шығармашылық жұмыстар жазады; ойы мен сезімін
анағұрлым дəлме-дəл жеткізу үшін көркемдеу құралы – троптар мен
стилистикалық тəсілдерді қолданады.
Шет тілі
1) тыңдалым:
білім алушы əртүрлі жанрлардағы түпнұсқалық мəтіндердің негізгі
мазмұнын, таныс жəне жартылай таныс тақырып бойынша диалогтарды
түсінеді; формалар, кестелер, сызбаларды толтыру үшін анағұрлым
функционалдық маңызды мағыналық, оның ішінде толық жəне ерекше
ақпаратты іріктейді; əртүрлі білім беру салаларының, сонымен қатар тілдесудің
өзге де салаларының мəтіндерінде кездесетін терминдер мен негізгі
бірліктерінің мəнін түсінеді; дерек пен пікірді ажырата алады; оқыған жəне
жалпы тақырыптар шеңберінде əртүрлі жанр мен стильдегі орта көлемдегі
мəтін ішінен сəйкессіздіктерді тауып алады жəне өзара салыстыра алады,
мəнмəтіндегі таныс емес сөздердің мағынасын түсінеді;
2) айтылым:
білім алушы ресми жəне бейресми күнделікті тілдесу жағдаяттарында
диалог жүргізеді; тілдің лексикалық жəне грамматикалық құралдарын қолдана
отырып, өзінің сөздерін дұрыс ресімдейді; алдын ала ұсынылған тілдік
байланыстағы тактиканы іске асыра отырып, қоршаған шынайы ортаға деген
эмоционалды тұрғыдан бағалаудағы көзқарасын білдіре алады; өзінің
көзқарасын дəлелдей отырып, мəтіндерді талдайды жəне салыстырады;
оқиғаларға, пікірлерге жəне мəселелерге баға бере отырып, пайымдайды;
қорытынды жасайды жəне берілген мəселе бойынша өзінің шешу жолдарын
ұсынады;
3) оқылым:
білім алушы белгілі бір күрделіліктегі публицистикалық, ғылыми танымал,
көркем мəтіндердегі негізгі мазмұнды түсінеді; оқудың əртүрлі стратегияларын
пайдаланады; оқиғалар мен құбылыстардың уақытша жəне себеп-салдарлық
өзара байланысын анықтайды; кітаптар жəне электронды ресурстарды
пайдалана отырып, сөздердің мағынасын талдайды жəне салыстырады; түрлі
жанр мен стильдегі мəтіндердің мазмұнын сын тұрғысынан бағалайды.
4) жазылым:
білім алушы жазбаша хабарлама тезистерін жасайды, жоспар құрады, түрлі
жанрлар мен стильдердегі мəтіндерді редакциялайды жəне түзетеді;
орфографиялық жəне грамматикалық нормаларды сақтайды; медиа-ақпарат
негізінде дəлелге сүйенген мəтін жазады; өзінің мəселеге қатысты көзқарасын
білдіре отырып, проблемалық сипатта мəтіндерді жазады; іс туралы хаттар мен
құжаттарды дайындайды; əртүрлі тақырыптарда эссе жазады (150-200 сөз).
Математика
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) көрсеткішті, логарифмдік функциялардың анықтамаларын, олардың
қасиеттерін жəне графиктерін; күрделі функция ұғымын; кері функция ұғымын;
11
кері тригонометриялық функциялардың анықтамаларын; тригонометриялық,
көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу əдістерін;
рационал жəне иррационал теңдеулерді шешу əдістерін; рационал
теңсіздіктерді шешу тəсілдерін; көпжақтар мен айналу денелерінің түрлерін
жəне олардың жазбаларын; көпжақтар жəне айналу денелерінің аудандары мен
көлемдерінің формулаларын; стереометрия аксиомалары мен олардың
салдарларын; кеңістіктегі вектор ұғымын; сфераның теңдеуін; статистиканың
негізгі ұғымдарын; дискретті жəне үзіліссіз кездейсоқ шамалар ұғымдарын;
фунцияның нүктедегі жəне шексіздіктегі функция шегінің анықтамаларын;
нүктедегі
жəне
жиындағы
функция
үзіліссіздігінің анықтамаларын;
функцияның туындысының анықтамасын; функцияның графигіне жүргізілген
жанаманың теңдеуін; алғашқы функцияның, анықталмаған жəне анықталған
интегралдың
алғашқы
функцияларының
анықтамаларын; анықталған
интегралдың көмегімен жазық фигураның ауданын жəне дененің көлемін табу
формулаларын біледі;
жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: иррационал
теңсіздіктерді шешу əдістерін; екі айнымалысы бар теңдеулерді жəне олардың
жүйелерін шешудің графиктік əдісін; ықтималдықтарды қосу жəне көбейту
формулаларын; Бернулли формуласын; толық ықтималдық формуласын; Байес
формуласын; үлкен сандар заңы ұғымын; дискретті кездейсоқ шамалардың
үлестірімі түрлерін; комплекс сан жəне түйіндес комплекс сан (алгебралық
формада) ұғымдарын; алгебраның негізгі теоремасының тұжырымдамасын;
бірнеше айнымалысы бар көпмүшенің анықтамасын жəне оның стандартты
түрін; кеңістіктегі түзудің жəне жазықтықтың теңдеулерін; функцияның
дифференциалының анықтамасын; дифференциалдық теңдеулер туралы жалпы
ұғымдарды біледі;
2) бір айнымалысы бар көпмүшенің стандарт түрде жазылуын; «бас
жиынтық», «таңдама», «дисперсия», «стандартты ауытқу» терминдерін;
туындының геометриялық жəне физикалық мағыналарын; интегралдауды
дифференциалдауға кері процесс ретінде түсінеді;
жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: сан ұғымын
кеңейту жəне комплекс сандарды енгізу қажеттілігін; координаталар əдісінің
мəнін; алмастырулар саны, теру, қайталанбалы орналастыру формулаларының
мəнін; екінші ретті туындының геометриялық жəне физикалық мағыналарын
түсінеді;
3) тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік
теңдеулер мен
теңсіздіктерді шешу алгоритмдерін; иррационал теңдеулерді шешу алгоритмін;
қарапайым стереометриялық сызбаларды орындау техникасын; есептерді
шығаруда түзулердің параллель, айқас жəне перпендикуляр болуының,
жазықтықтардың параллель жəне перпендикуляр болуының белгілері мен
қасиеттерін; геометриялық денелердің беттерінің аудандары мен көлемдерін
табу
формулаларын; геометриялық
есептерді
шешуде
векторларға
қолданылатын амалдар ережелерін; векторлардың коллинеарлық жəне
12
компланарлық шарттарын; функцияның күдікті нүктелері мен экстремум
нүктелерін, кему жəне өсу аралықтарын табу тəсілдерін; туындыны табуда
дифференциалдау техникасы мен туындылар кестесін; анықталған интегралды
табуда интегралдар кестесі мен Ньютон-Лейбниц формуласын қолданады;
жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: иррационал
теңсіздіктерді шешу алгоритмдерін; квадрат теңдеулерді шешуде комплекс
сандар туралы білімдерін; жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномын;
көпмүшені көбейткіштерге жіктеу əдістерін; көпмүшенің түбірлерін немесе
коэффициенттерін табуға арналған Безу теоремасы мен Горнер сызбасын;
функциялардың шектерін есептеу əдістерін; функцияның графигінің ойыстығы
(дөңестігі) аралықтарын, иілу нүктелерін табу тəсілдерін; интегралдау əдістерін
(бөліктеп жəне ауыстыру əдісі); Бернулли формуласын; толық ықтималдық
формуласын; Байес формуласын; айнымалылары бөлінетін дифференциалдық
теңдеулер жəне ay''+by'+cy=0 (a,b,c–тұрақты шамалар) түріндегі екінші ретті
дифференциалдық теңдеулерді шешу əдістерін; функция графигінің
асимптоталарын табу тəсілдерін қолданады;
4) кеңістіктегі түзулердің, түзу мен жазықтықтың, жазықтықтардың,
жазықтық пен айналу денелерінің өзара орналасуын; айналу денелерінің
жазықтықпен қимасын; графигі бойынша функцияның қасиеттерін талдайды;
геометриялық жəне физикалық мазмұндағы есептерді талдайды жəне ондай
есептерді туындының жəне/немесе интегралдың көмегімен шығарады;
кездейсоқ шамалардың типтерінің өзгешеліктерін талдайды жəне дискретті
кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын есептейді;
жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: симметриялық
жəне біртекті көпмүшелердің түбірлерін табу тəсілдерін; көпжақтардың (текше,
тікбұрышты
параллелепипед, пирамида) жазықтықпен
қимасын;
дифференциалдық теңдеулердің жалпы жəне дербес шешімдерін талдайды;
5) тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік
теңдеулер мен
теңсіздіктерді шешудің түрлі əдістерін; иррационал теңдеулерді шешудің
əдістерін; көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларының модельдерін;
нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдерін жинақтайды;
жаратылыстану-математикалық
бағыт
бойынша
қосымша: оқиға
ықтималдығын табуға арналған комбинаторика формулаларын; иррационал
теңсіздіктерді
шешудің
түрлі
тəсілдерін; кері
тригонометриялық
функциялардың анықтамалары жəне өзара кері функциялардың қасиеттері
негізінде кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін жинақтайды;
6) тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік
теңдеулер мен
теңсіздіктердің
шешімдерін; иррационал
теңдеулердің
шешімдерін;
статистикалық мəліметтердің вариацияларының көрсеткіштері мəндерін
бағалайды;
жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: иррационал
теңсіздіктердің, теңдеу арқылы шығарылатын мəтін есептерге қатысты
дифференциалдық теңдеудің шешімдерін бағалайды.
13
Қазіргі əлемдегі Қазақстан
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) əлеуметтік
зерттеулердің
сандық
жəне
сапалық
əдістерін,
маңыздылығын, деңгейлерін, түрлерін; Қазақстандағы қоғамдық, əлеуметтік
жəне саяси объектілер, процестер жəне құбылыстарды; Қазақстан саясатының
функцияларын, құрылымын жəне түрлерін; саяси, экономикалық, əлеуметтік,
мəдени дамудың индикаторларын; қазақстандық қоғамның құрылымы мен
құндылықтарын; қоғамдық институттардың негізгі рөлін; əлеуметтік
қатынастардың түрлерін; құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның
белгілерін; мəдениеттің негізгі элементтерін жəне функцияларын; Қазақстан
экономикасының ұлттық моделін; Қазақстанның дүниежүзі елдерінің саяси
типологиясындағы орнын; Қазақстанның экономикалық стратегияларын;
Қазақстанның геосаяси жағдайы мен геосаяси мүдделерін; Қазақстанның
жаһандық бастамаларын біледі;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері жүйесін; Қазақстанның
жаһандағы орнын; мемлекетті басқарудың құралдары мен механизмдерін,
қажеттілігін; саяси, экономикалық жəне əлеуметтік-мəдени прогресстің
стратегияларын; мемлекеттілік пен ұлттық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі
шаралардың маңыздылығын; Қазақстан Республикасының дамуында жеке
азаматтың жауапкершілігін түсінеді;
3) əлеуметтік
зерттеулердің
сандық жəне
сапалық əдістерін;
социологиялық зерттеулердің нəтижелерін ұсыну формалары туралы
білімдерін; саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени процестерді
түсіндіру, салыстыру, ранжирлеу, модельдеу дағдыларын; қоғамдық,
əлеуметтік жəне саяси объектілердің, процестер мен құбылыстардың даму
факторлары мен проблемаларын, түрлі сипаттамаларын, талдау жəне бағалау
əдістерін қолданады;
4) Қазақстан мемлекетінің даму факторлары, функциялары, стратегиялары
жəне проблемалары, белгілері мен ерекшеліктері, құрамы, құрылымын;
Қазақстанның ішкі жəне сыртқы саясатының бағыттарын; мемлекеттік аппарат
пен органдардың құрылымын, қызметін, қағидаттарын; саяси, экономикалық,
əлеуметтік, мəдени дамудың индикаторларын; Қазақстан қоғамының
құрылымы мен құндылықтарын; негізгі қоғамдық əлеуметтік институттардың
рөлін; əлеуметтік қатынастарды; Қазақстан мəдениетінің алуантүрлілігін;
Қазақстан экономикасының ұлттық моделін; Қазақстанның əлемдегі геосаяси
жағдайы мен орнын; Қазақстанның əлемдегі геосаяси белсенділігінің
бағыттарын; Қазақстанға жаһанданудың əсерін талдайды;
5) əлеуметтік зерттеулердің түрлі формаларын; қоғам құндылықтарын
қалыптастыру
жəне
мемлекеттік
ішкі
саясат, ұлттық
қауіпсіздік
проблемаларының
шешу
жолдарын; Қазақстан
қоғамының
ұлттық
құндылықтарын нығайту жөніндегі жобаларды; азаматтық қоғамды
қалыптастырудың өзіндік модельдерін; өз мекенінің əлеуметтік проблемалары
туралы жобаларды; саяси, экономикалық, əлеуметтік-мəдени реформалардың
14
өзіндік жобалары; халықаралық деңгейде Қазақстанның имиджін жақсарту
жөніндегі шығармашылық жобаларды жинақтайды;
6) Қазақстан
мемлекетінің
даму
факторларын, функцияларын,
стратегияларын жəне проблемаларын; мемлекеттілікті нығайту жолдарын;
Қазақстанның ішкі жəне сыртқы саясатының бағыттарын; Қазақстанның
мемлекеттік билік жүйесін; мемлекеттің дамуындағы жеке азаматтың рөлін;
Қазақстанның геосаяси күш-қуатын; Қазақстанның интеграциялық процестерге
қатысуын; жаһандану процестерінің таралу құралдарын; Қазақстанның
жаһандық бастамаларын; Қазақстанның халықаралық имиджін бағалайды.
Өзін-өзі тану
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) адамның
рухани өмірінің негізі ретінде жалпыадамзаттық
құндылықтарды; қоғамдағы адамның адамгершілік мінез-құлқы нормаларын;
күнделікті өмірде позитивті ойлаудың ролі туралы; шынайы рухани табиғат
туралы; адамның өмірде алатын орны туралы; күнделікті өмірде риясыз
сүйіспеншіліктің маңыздылығы, ар-ұжданға құлақ түру жайлы біледі;
2) адамның қалыптасуы үшін рухани-адамгершілік құндылықтардың
маңыздылығын; рухани тұрғыдан өзін-өзі жетілдірудің қажеттілігін жəне өзінің
отбасындағы, қоғамдағы, ұжымдағы атқаратын рөлін; қоғамдағы жоғары
адамгершілік қасиеттерді, дағдыларды, қызметті дамыту қажеттілігін, дене
жəне рухани саулықтың өзара үйлесімінің алатын орнын; өзінің ел, қала, ауыл,
мектеп жəне отбасы өміріне қатысын, өзінің мақсаты, міндеттері, сөздері жəне
іс-əрекеттеріне жауапкершілікті түсінеді;
3) күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімін,
моральдық тұрғыдан қадамына қарай іс-əрекетіне таңдау қабілетін жəне ой, сөз,
əрекеттерінің өзара бірлікте болып өмір сүру барысында, салауатты өмір
салтын ұстануда, ар-ождан ұстанымында жəне халыққа қызмет көрсетудегі
жеке іс-тəжірибесінде, халыққа қызмет көрсету барысында қолданады;
4) рухани-адамгершілік құндылықтар тұрғысынан өзінің іс-əрекеттерін;
адамгершіліктен бастау алатын қарым-қатынас; əртүрлі көздерден келіп түсетін
ақпаратты ар-ождан тұрғысынан талдайды;өмірде туындайтын жағдаяттардан
қалыптасқан ар-ожданға қатысты сабақтарды; отбасында, ұжымда, қоғамда
рухани-адамгершілік нормаларға сəйкес өз мүмкіндіктері мен өз армандарын,
мақсаттары мен оған жету жолдарын қарастырады; өзінің рухани-адамгершілік,
тұлғалық жəне кəсіби өсуі; отбасында, ұжымда, қоғамда тілектестік жəне өзара
түсіністік ахуалы; өзімен өзі жəне қоршаған əлеммен зорлық жасамау
қағидалары негізінде үйлесімді қатынас орнату үшін жағдай жасайды;
5) отбасылық, тұлғааралық жəне қоғамдық салаларда өзара қатынасты
жетілдіру, рухани-адамгершілік жетілу жолдарын іздестіру үшін рухани-
адамгершілік білімді жинақтайды;
6) жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде өз қылықтарын, өзінің
эмоциялық күйін, адамның жəне табиғаттың өзара əрекеттесу тəсілдерін
бағалайды.
15
Экономика жəне кəсіпкерлік негіздері
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) нарық жəне оның негізгі элементтері ұғымын; бизнес-жоспардың
құрылымын; кəсіпкерлік қызметтің түрлерін; кəсіпкерлік этика, бизнесті
жүргізу мəдениеті нормаларын; маркетинг қағидаттарын; экономикалық
қызметтің түрлі қатысушыларының рөлін; сұраныс пен ұсыныс икемділігінің
мəнін; экономиканың басым салаларына қаржылық қолдаудың мақсаттары мен
формаларын; Қазақстандағы шағын жəне орта бизнесті мемлекеттік қолдау
бағдарламаларын; Қазақстан Республикасының салық салу қағидаттарын
біледі;
2) адамның күнделікті өмірінде экономиканың рөлін; ресурстардың
шектеулілігі мен шексіз қажеттіліктер жағдайында таңдау мəселесінің
маңыздылығын; сұраныс пен ұсыныс икемділігінің сипатына əсер ететін
факторларды; кемитін (азаятын) шекті пайдалылық заңының мəнін; қаржы
құралдарының əртүрлі түрлерінің ерекшеліктерін; сыртқы оң жəне теріс
нəтижелердің (сыртқы əсерлердің) пайда болуын; шағын жəне орта бизнестің
макро- жəне
микро
ортасының
негізгі
элементтерін; бизнестегі
инновациялардың маңыздылығын; қабылданатын кəсіпкерлік шешімдердің
əлеуметтік маңыздылығын; менеджмент пен маркетингтің рөлін; мемлекеттің
экономикадағы қызметтерін; Қазақстан Республикасының мемлекеттік
бюджетінің қалыптасу қағидаттарын; қазақстандық өндірістің тиімділігін
арттыруда бəсекелестіктің мəнін түсінеді;
3) өзінің бизнес-идеясын жүзеге асыру үшін бизнес-жоспар жобасын; тепе-
тең баға, сауда көлемін, сұраныс пен ұсыныс икемділігін, табыс пен кірісті
анықтау формулаларын; қаржылық есеп айырысу жүргізудің негізгі ережелерін
қолданады;
4) экономикалық жүйелердің айырмашылықтарын; кəсіпкерлік пен
кəсіпорындардың
ұйымдастыру-құқықтық
формалары
арасындағы
айырмашылықтарын; қазақстандық экономикалық жүйе мен нарықтың
ерекшеліктерін; шағын жəне орта бизнесті қолдауды ұсыну шарттарын;
Қазақстан Республикасы кəсіпкерлерінің тəжірибесін; жеке жəне қоғамдық
игіліктің айырмашылықтарын талдайды;
5) бизнес-тұжырымдама
жасауға арналған идеяларды; өндірістік
жоспарды, маркетинг
жоспарын
жəне
кəсіпорынды
басқарудың
ұйымдастырушылық құрылымы моделін; өндірістік мүмкіндіктердің қисық
сызықты көрсеткішін жинақтайды;
6) түрлі экономикалық жүйелердің құндылығы мен кемшіліктерін; бизнес-
идеяны іске асырудың келешегі мен тəуекелдерін бағалайды.
Дене шынықтыру
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) дене шынықтыру жаттығуларын орындау барысында техникалық
қауіпсіздік ережелерін; əр түрлі бағыттылығы бар дене жаттығулары
сабақтарының кешенін; жалпы дамыту жəне түзету бағытындағы дене
16
жаттығуларының биодинамикалық ерекшеліктері мен мазмұнын, денені
дамыту жəне денсаулықты нығайту міндеттерін шешуде оларды қолдану
негіздерін; дене жүктемелері кезінде өз ағзасының қызмет етудегі
физиологиялық негіздерін, дене шынықтыру арқылы оларды дамыту мен
жетілдіру мүмкіндіктерін біледі;
2) өз ағзасының психикалық-функционалдық ерекшеліктерін; дене
тəрбиесімен жүйелі шұғылдану арқылы жеке тұлғаның дербес қалыптасу
мүмкіндігі мен қасиеттерін; салауатты өмір салтын ұстануға қажеттілікті;
атқарылатын
қозғалыс
əрекеттерінің
ауырлық
деңгейін; физикалық
дайындықтың əртүрлі кезеңдерінде түрлі физикалық жүктеменің талап етілген
қарқындылығына жету қажеттілігін түсінеді;
3) өз бетімен жетілу мақсатында түрлі дене жаттығуларын, салауатты өмір
салтын жəне бос уақытын ұтымды ұйымдастыруды, ойын кезінде немесе
арнайы құрылған жаттығулар кешенін орындау кезінде қажетті негізгі
техникалық-тактикалық əрекеттерді; ағзаның бейімделу қасиеттерін дамытуды
қадағалау жəне денсаулықты нығайту мен дене ширақтығының дайындығын
жоғарылатудың дербес жолдарын; функционалдық қызмет ету бағыты əртүрлі
дене жаттығуларымен өз бетімен ұйымдастыру тəсілдерін, спорт жабдықтары
мен құралдарын қолдану ережелерін; дене жаттығуларымен шұғылдану кезінде
жарақаттанудың алдын алу жəне дəрігер алды көмек көрсету білімін
қолданады;
4) сауықтыру жəне дене шымырлығы мен ширақтығын жетілдіру
мақсатында дене жаттығуларын орындау кезінде өз ағзасының функционалды
қызмет ету жағдайын талдайды;
5) қалыптасқан дағдыларды дене шынықтыру сабағымен қатар күнделікті
өмірдегі əртүрлі жағдаяттарда қолдану жүйесін; салауатты жəне қауіпсіз өмір
сүруді қалыптастыруда дағдыларды; дене шынықтыру сабақтарының
шеңберінде мəселелерді зерттеу жəне шешу үшін сын тұрғысынан ойлау
құралдары мен білімін; адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше
жағдайларда жеке жəне ұжымның қауіпсіз əрекеттерінің ережелерін білуді
жинақтайды;
6) жалпы, кəсіптік-қолданбалы жəне сауықтыру-түзету бағытындағы дене
жаттығуларымен шұғылданудың маңыздылығын; өз бетінше жетілу жəне
қимыл-қозғалыс дайындығының деңгейін; дене жаттығуларымен шұғылдану
тиімділігін, ағзаның функционалды қызмет ету жағдайы мен жұмыс істеу
қабілетін; дене жүктемелерін жəне дене жаттығуларының əсер ету бағытын
мөлшерлеуді бағалайды.
Алғашқы əскери жəне технологиялық дайындық
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) əскери іс, робототехника жəне IT-технология негіздерін, Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштеріне мамандарды даярлау жүйесін, Қазақстан
Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыруды; қазіргі заманғы
зақымдау құралдарын қолданғанда жəне табиғи апатты хабарлау барысында,
17
сондай-ақ, сол кезде əрекет ету тəртібін; табиғи апаттардың сипаттарын,
зақымдау ошақтарында құтқару жəне апаттан кейінгі қалпына келтіру
жұмыстарын шұғыл ұйымдастыруды; қорғанудың дербес жəне ұжымдық
құралдарының, радиобелсенді жəне химиялық бақылау құрылғыларының
атқаратын қызметін, құрылысы мен қолдану тəртібін, сондай-ақ, тұрғындарды
эвакуациялау жəне жергілікті жерде орналастыруды ұйымдастыру жəне өткізу
тəртібін; медициналық көмектің міндеттері мен түрлерін біледі;
2) əскери іс, робототехника жəне IT-технология негіздерін, ядролық,
химиялық, бактериологиялық (биологиялық) қарулардың жəне басқа да
адамдарды
зақымдаудың
қазіргі
заманғы
құралдарының əсер
ету
ерекшеліктерін, сондай-ақ, оларды қолданған кезде шаруашылық нысандарына,
қоршаған ортаға жəне экологияға тигізетін əсерін; табиғи жəне техногендік
сипаттағы төтенше жағдайдың салдары мен келтіруі мүмкін экономикалық
жəне экологиялық шығынын түсінеді;
3) жеке жəне ұжымдық қорғану құралдарын қолдануды; радиациялық жəне
химиялық бақылау жүргізу бекетінің құрамында барлаушы ретінде əрекет
етуді; жараланғанда, қан кеткенде, күйік шалғанда жəне үсік шалғанда, күн
өткенде, электрлі жарақат алғанда, суға батқанда алғашқы медициналық көмек
көрсетуді; дененің түрлі бөліктері жараланғанда байлап, таңуды; дененің түрлі
бөліктерінде сынықтың ашық жəне жабық түрі бойынша алғашқы медициналық
көмек көрсетуді; интернет байланысты, аудио-визуалды технологияларды
пайдаланады, робототехника дағдыларын меңгереді, сандық фото жəне бейне
жабдықтарды қолданады;
4) зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарын қолданғанда туындауы
мүмкін тосын жағдайды; табиғи жəне техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың
салдарын талдайды;
5) зақымдаудың қазіргі заманғы қаруын қолданғанда туындауы мүмкін
тосын жағдайда əрекет ету алгоритмін; табиғи жəне техногенді сипаттағы
төтенше жағдай туындағанда əрекет ету алгоритмін жинақтайды;
6) қабылданған шешімнің салдарын бағалайды
21. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде
оқытылатын оқу пəндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін
нəтижелер.
Биология
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) ақуыздардың, майлардың, көмірсутектердің, нуклейн қышқылдардың
құрылымын, құрамын жəне міндеттерін; антиген-антидене реакцияларының
негізгі
механизмдерін; адамның
хромосомалық
ауруларының
тұқымқуалаушылық
теориясының
негізгі
күйлерін; тірі
ағзалардың
қоректенулері мен метаболизмінің түрлерінің/типтерінің өзгергіштігін; түрдің
пайда болуы əдістерін; генетика негіздері жəне гендік инженерияның
мүмкіндіктерін; Жер бетінде өмірдің қалыптасуы кезеңдері мен схемаларын;
антропогенезді; ғаламдық жəне аймақтық экологиялық проблемаларды жəне
18
табиғат ресурстарын қорғау қағидаттарын біледі;
2) фотосинтездің қараңғы жəне жарық фазасы кезінде өту процестерін;
заттардың тасымалы, транслокация, хромосомалық, гендік мутациялардың
пайда болу механизмін; гендік-инженерлік манипуляциялардың мəнін;
энергетикалық алмасу кезеңдерін; тұқым қуалау құбылмалылығы мен
эволюция арасындағы өзара байланыс; тұқым қуалау заңдылықтарын;
эволюциялық процестердің механизмін; экологиялық пирамиданың ережесін;
қоршаған ортаға антропогендік əсер етулердің зардаптарын түсінеді;
3) молекулалық биология жəне генетика есептерін шешудің схемалары мен
əдістерін; экожүйені, тұқым қуалау белгілерін жəне түрлендірілген
құбылмалылықты талдауға арналған статистикалық əдістерін; заттарды
сапалық жəне сандық талдау əдісін; тəжірибелерді əзірлеу, жүргізу, бақылау,
нəтижелерін жазу мен талдауға арналған ғылыми əдістерді білу жəне сыни
тұрғыда ойлауды; дəрі-дəрмектер, улы заттар, зертханалық жабдықтарды
пайдалануда қауіпсіздік ережелерін қолданады;
4) фотосинтез жəне хемосинтез процестерінің ерекшеліктерін; эволюция
процесіне əсер ететін факторларды; ДНҚ мен РНҚ молекулаларының
құрылысын; ДНҚ-ның репликациясы мен рекомбинациясын, мутация мен
репарация процестерін, ДНҚ құрылымы мен оның атқаратын қызметі
арасындағы
байланысты; сперматогенез
бен
оогенез
арасындағы
айырмашылықты; экожүйе түрінің əртүрлілігін жəне тұрақтылығын; əлемдегі
жəне Қазақстандағы экологиялық жағдайларды талдайды;
5) адамның гаметогенез схемасын; экожүйелердегі тағамдар тізбегінің
схемасын; кесте, график, хабарлама, баяндама, презентациялар түрінде ұсыну
үшін жинақталған жəне өңделген мəліметтерді, ақпараттарды; болжамдар,
айғақтар жəне түсіндірмелерді ұсыну үшін ғылыми үлгілер мен
дəлелдемелерді; зерттеушілік, оқу жəне шығармашылық жобаларды;
Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешудің мүмкін нұсқаларын
жинақтайды;
6) ферменттердің белсенділігіне əсер ететін түрлі факторларды, ақуыздың
құрылымын, фотосинтездің нəтижесін; моногибридті жəне дигибридті
будандастырудың цитологиялық негіздерін, модификациялық құбылмалылық
заңдылықтарын; мутагенездің себептерін; өз аймағының экожүйесін;
биотехнологияда зерттелетін генетикалық түрі өзгертілген жəне трансгенді
ағзаларды қолдануға байланысты этикалық сұрақтарды бағалайды.
Химия
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) негізгі химиялық ұғымдарды; атомистикалық теорияны; органикалық
заттардың химиялық құрылыс теориясын; түрлі белгілері бойынша заттарды
жіктеуді; органикалық жəне бейорганикалық қосылыстардың негізгі
кластарының номенклатурасын, құрылысын, физика-химиялық қасиеттерін;
полимерлі материалдардың, металдар мен қоспалардың, бейметалдар мен
олардың қосылыстарының кейбір салаларда қолданылуы жəне ерекше
19
қасиеттерін; нанотехнологияның кейбір салаларда қолданылуын біледі;
2) түрлі заттардың химиялық реакцияларға түсу қабілеттерін; химиялық
реакциялардағы энергиялардың өзгерулерін; химиялық айналымдардың негізгі
механизмдерін; кинетикалық теорияның, гомогенді жəне гетерогенді
катализдің, электрохимияның негіздерін; ауыспалы металдардың ерекше
қасиеттерін; құрылысына байланысты органикалық жəне бейорганикалық
қосылыстардың химиялық қасиеттерін; талдаудың инструментальды əдісі
арқылы қосылыстарды зерттеу қағидаттарын; ең маңызды органикалық жəне
бейорганикалық заттардың химиялық өндірілу қағидаттарын түсінеді;
3) табиғатта, тұрмыста жəне өндірісте болып жатқан химиялық
құбылыстарды түсіндіру үшін, əр түрлі жағдайларда химиялық айналымдардың
өту мүмкіндіктерін анықтау жəне олардың салдарларын бағалау үшін білімдері
мен біліктерін; заттарды сапалық жəне сандық талдау əдістерін; қоршаған
ортада экологиялық сауатты болу ережесін; қоршаған ортаның химиялық
ластануының тірі ағзаларға əсер етуін бағалау əдістерін; химиялық
эксперименттер нəтижелерін əзірлеу, жүргізу, бақылау, жазу жəне талдау үшін
ғылыми əдістерді білу жəне сыни тұрғыда ойлауды; жанғыш, улы заттарды,
зертханалық
құрал-жабдықтарды
пайдалануда
қауіпсіздік
ережелерін
қолданады;
4) заттардың қасиеттері олардың құрамы мен құрылысына байланысты
екенін; заттардың құрылымы мен қасиеттерін анықтауға арналған олардың
қарапайым спектрлерін; химиялық реакцияның жылдамдығы мен химиялық
тепе-теңдік түрлі факторларға байланысты екенін; Периодтық жүйеде
элементтердің қасиеттерінің өзгеру үрдісін; қышқылдар мен негіздердің түрлі
теорияларын, ерітінділердегі иондық тепе-теңдіктерді талдайды;
5) органикалық жəне бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары
арасындағы генетикалық байланыстарды; заттардың химиялық байланыс жəне
құрылыс теориясының көмегімен химиялық айналымдардың болып өту
мүмкіндіктері мен нəтижелері туралы дəлелді пайымдауларды жинақтайды;
6) əртүрлі материалдардың қасиеттерін; химиялық реакциялардың
жылдамдығына əр түрлі факторлардың əсер етуін; химиялық тепе-теңдікке
сыртқы ортаның түрлі жағдайларының ықпал етуін; қоршаған орта мен адам
денсаулығына химиялық өндірістің əсер ету зардаптарын; радиоактивті
ыдырауының əсерлерін; түрлі дереккөздердің ақпараттарының дұрыстығын
бағалайды.
Физика
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) механиканың (кинематика, динамика, статика, гидро-аэростатика,
гидро-аэродинамика), молекулалық
физика
мен
термодинамиканың;
электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты жəне айнымалы ток, электр
тогы, магнит өрісі, электромагниттік индукция), оптиканың (геометриялық
жəне толқындық), кванттық физиканың физикалық шамалары мен ұғымдарын;
ғалам дамуының негізгі кезеңдерін; ақпаратты тарату мен қабылдау тəсілдерін,
20
негізгі радиотехникалық қондырғылар мен жүйелерді құру қағидаттарын;
нанотехнологияның негізгі қағидаттарын жəне шығу тарихын; жаңартылған
жəне жаңартылмайтын табиғи қорларды ұтымды пайдаланудың негіздерін
біледі;
2) механиканың (кинематика, динамика, статика, гидро-аэростатика,
гидро-аэродинамика), молекулалық физика мен термодинамиканың негізгі
заңдарын, қағидаттары
мен
постулаттарын; электромагнетизмнің
(электростатика, тұрақты мен айнымалы электр тогы, магнит өрісі,
электрмагниттік индукция), оптиканың (геометриялық жəне толқындық),
кванттық физиканың негізгі заңдары мен қағидаттарын; наноматериалдар мен
наножүйені зерттеу əдістерін; əлемнiң заманауи ғылыми бейнесіндегі физика
ғылымының орнын; ой-өрісті қалыптастырудағы жəне практикалық есептерді
шешудегі физиканың рөлін түсінеді;
3) физика ғылымының негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, заңдары мен
теорияларын; физика ғылымының символикалары мен терминологияларын;
физикада қолданылатын ғылыми танымның бақылау, сипаттау, өлшеу,
эксперимент сияқты негізгі əдістерін; ғаламтор желісі мен компьютерлік
дерекқорлардағы физика бойынша ақпараттарды іздеу жəне өңдеу үшін жаңа
ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін; эксперименттер мен өлшеу
нəтижелерін өңдеу, физикалық шамалар арасындағы тəуелділіктерді анықтау
тəсілдерін қолданады;
4) дəрежелік функциялар түрінде берілген тəуелділіктерді; ғаламдағы
құбылыстарға, нысандар мен денелерге əр түрлі физикалық күштердің əрекетін,
екі айнымалы арасындағы қатынасты; физикалық процестердің тəуелдiлiгі мен
айнымалылар арасындағы қатынастардың графигін; құрылғылар мен
аспаптардың сипаттамалары мен жұмыс істеу қағидаттарын, ғылыми
жаңалықтарды қолданылу салаларын; нанотехнологияның қолдану салаларын,
адамның өндірістік қызметі мен қоршаған орта жағдайы арасындағы себеп-
салдарлық байланыстарды ғалам күйін сипаттайтын параметрлерді жəне оның
дамуының мүмкін жолдарын талдайды;
5) жиналған жəне өңделген мəліметтердің, ақпараттың кесте, график,
хабарлама баяндама, презентация түрінде қарастырылуы үшiн; ғылыми
модельдерді жəне дəлелдемелерді болжамдар, дəлелдеулер, түсiндiрмелер
ұсыну үшiн; эксперимент пен зерттеу жүргізу жоспарын жинақтайды;
6) заңдар мен олардың қолданысын білуін жүргізілген бақылаулар мен
эксперименттердің
нəтижелерін, экологиялық
қауiпсiздiк тұрғысынан
физикалық процестермен байланысты адамның өндiрiстiк жəне тұрмыстық
қызметінің салдарын, нақты жағдайлардағы ғылыми таным əдiстерінің
қолданысын бағалайды.
Информатика
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) формалды логика негіздерін; аналық тақша мен орталық процессордың
негізгі функциялары мен құрамын, жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудің
21
міндеті мен негізгі функцияларын; деректер қорын басқару жүйелерімен жұмыс
істеу негіздерін; программалық қамтамасыз етуді əзірлеу үшін өмірлік циклдің
модельдерін; веб-бағдарламалау негіздерін, сондай-ақ веб-сайттарды жасау
үшін деректер қоры теориясын; желілік хаттамаларды жəне Интернет
жұмысының қағидаттарын; деректер мен компьютерлік жүйенің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін əзірленген қауіпсіздік шараларын біледі;
2) компьютердің логикалық элементтерінің міндетін; позициялық жəне
бейпозициялық санау жүйелері арасындағы айырмашылықты; реляциялық
деректер қорын ұйымдастыру қағидаттарын; тұрақты жəне жедел есте сақтау
құрылғылары арасындағы айырмашылықты; желілік технологияның қызмет
етуінің негізгі қағидаттарын; тұтынушы-сервер моделінің артықшылықтары
мен кемшіліктерін түсінеді;
3) əртүрлі есептерді шешу барысында логикалық өрнектер мен амалдарды;
бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне сандарды ауыстыру ережелерін;
ақпараттық объектілерді жасау жəне өзінің жұмыс нəтижелерін ресімдеу үшін
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды; өзінің жұмысын тиімді
ұйымдастыру үшін мəтіндік жəне кестелік процессордың кеңейтілген
мүмкіндіктерін; деректер қорында сұраныс құрастыру ережелерін; құжаттарды
редакциялау мен сақтау барысында бұлтты технологияларды; web-сайттарды
жасау барысында бағдарламалау элементтерін; желіде жеке қауіпсіздік жəне
желі этикеті ережелерін қолданады;
4) ақпаратты іздеу үшін бірнеше белгілер мен қатынас операторларын
қолдану арқылы сұранысты; есепті модельдеу, алгоритмдеу жəне
бағдарламалау арқылы шешудің тиісті əдістері мен тəсілдемелерін анықтау
үшін есепті; компьютерде өңдеу мен есептеудің қойылған міндетке
сəйкестігінің нəтижелерін; анағұрлым тиімдісін анықтау үшін əртүрлі
тəсілдермен есептерді шешу жолдарын талдайды;
5) өзінің идеялары мен ойларын білдіру үшін əртүрлі түрлерде ақпаратты;
басқару формалары мен элементтері көмегімен деректер қорын; қолданушы
міндеттерін шешу үшін веб-сайттарды жинақтайды;
6) жобаны модельдеу мен əзірлеу барысында қойылған мақсаттарға сəйкес
өз қызметінің нəтижелерін (нақтылық, өлшемділік, қол жетімділік,
шынайылық, қатыстылық); бағдарламалау құралдарын қоса алғанда
қолданыстағы бағдарламалық қамсыздандырудың артықшылықтары мен
кемшіліктерін бағалайды.
22. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы стандарттық деңгейде
оқытылатын оқу пəндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін
нəтижелер
География
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) географияның, геоинформатиканың, геоэкологияның, табиғатты
пайдаланудың, геосаясаттың, геоэкономиканың негізгі категорияларын;
геоэкологиялық, экономикалық-географиялық, əлеуметтік-географиялық,
22
саяси-географиялық жəне саяси карталардың ерекшеліктерін; табиғатты
пайдаланудың географиялық ерекшеліктері мен заманауи проблемаларын;
геосфераларға антропогендік əсердің көздерін, факторларын жəне себептерін;
табиғатты қорғау шараларының жүйесін жəне негізгі бағыттарын; табиғатты
пайдаланудың заманауи жіктеуінің түрлерін мен типтерін жəне табиғатты
тиімді пайдаланудың жалпы қағидаттарын; халықтардың өмір сүру деңгейі мен
сапасының
айырмашылықтарын; жекелеген
аймақтар
мен
елдер
шаруашылығының салалық жəне аумақтық құрылымының географиялық
ерекшеліктерін; жекелеген
аймақтар
мен
елдердің
географиялық
өзгешеліктерін, олардың əлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, халықаралық
географиялық
еңбек
бөлінісі
жүйесіндегі
мамандануы
бойынша
айырмашылықтарын; дүниежүзінің заманауи саяси картасының мазмұнын;
дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштерін; мемлекеттік аумақтың
құрылымын жəне мемлекеттік түрлерін; мемлекеттік шекараларды, олардың
түрлері мен серпінін; Қазақстан Республикасының заманауи геосаяси жəне
геоэкономикалық жағдайының ерекшеліктерін; Қазақстанның аймақтық,
халықаралық саяси процестерге, халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне,
қатысын; адамзаттың ғаламдық проблемаларының географиялық аспектілерін
біледі;
2) дүние жүзінің заманауи экономикалық-географиялық жəне саяси-
географиялық көрінісін; географияның басқа ғылымдармен интеграциялану
қажеттілігін; геоэкологиялық, əлеуметтік, геоэкономикалық жəне геосаяси
процестердің ерекшеліктері мен серпінін; «табиғат - халық (қоғам) -
шаруашылық (экономика)» географиялық жүйесінің тұтастығы мен
тұрақтылығын; табиғи ортаға антропогендік қысымды тұрақтандыру
жолдарын; қоршаған ортаны қорғауда ғылыми-техникалық прогрестің рөлін;
адамның ғаламдықтан жергілікті деңгейге дейінгі географиялық (қоршаған)
ортасын қалыптастыратын жəне өзгертетін табиғи, экономикалық жəне
əлеуметтік факторларды; өмір сүру сапасының қоршаған табиғи орта
сапасынан тəуелділігін; ғаламдану жағдайында ірі аймақтар мен елдердің
географиялық ерекшеліктерін; заманауи интеграциялық жəне геосаяси
процестердің маңыздылығы мен мəнін; геосаяси субъектілердің рөлі мен ықпал
ету аймақтарын, өзара əрекеттесу сипатын, дүние жүзінің геосаяси
аудандастырылуын; адамзаттың ғаламдық проблемаларының себептері мен
оларды шешу жолдарын түсінеді;
3) географиялық
зерттеудің заманауи əдістерін жəне олардың
комбинациясын; географиялық деректердің түрлі көздерін; тақырыптық
карталардың қосымша сипаттау элементтерін; геокеңістіктік дереккөздерін;
географиялық ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, қажетті мəнмəтінде
өзгерту, сақтау, тарату жəне ұсыну дағдыларын; картометрия тəсілдерін;
қажетті мəнмəтінде есептеулер жүргізу үшін түрлі формаларды қолданады;
4) географиялық қабық пен географиялық ортада болып жататын
процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды;
23
табиғат пен қоғамның өзара байланыстары мен олардың кеңістіктік
ерекшеліктерін; географиялық
нысандардың, процестердің
жəне
құбылыстардың орналасу, байланыс жəне басқа да кеңістіктік қатынастарының
ерекшеліктерін; заманауи дүниежүзілік шаруашылықтың табиғи, əлеуметтік-
экономикалық негіздерін; сандық жəне сапалық геокеңістіктік деректерді;
шаруашылық салаларын орналастырудың заманауи факторларын; дүниежүзі
елдерінің рейтингтері мен индекстерін талдайды;
5) модельдері, зерттеушілік жəне шығармашылық жобаларды, ақпараттық
материалдарды; географиялық нысандардың əрекет ету жəне даму
проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстарды; зерделенетін географиялық
нысандарды, процестерді, құбылыстарды жіктеу, жүйелеу, жалпылау жəне
саралу мақсатында білімдер мен дағдыларды; географиялық нысандар,
процестер мен құбылыстарды түсіндіру, болжау жасау, өзгерістері мен
перспективаларын анықтау үшін білімдер мен дағдыларды жинақтайды;
6) географиялық дереккөздерінің шынайылық дəрежесін; геосфералардың
параметрлері мен экологиялық жағдайын; жекелеген аумақтардың табиғи,
антропогендік жəне техногендік өзгерістерінің дəрежесін жəне олардың
салдарын; табиғатты қорғау шараларының тиімділігін; қоршаған табиғи ортаны
қорғау жəне табиғатты пайдалануда ғылыми-техникалық прогрестің деңгейін;
қоршаған ортаның сапасын; өмір сүру сапасын; түрлі мемлекеттердің
рейтингтер мен индекстердегі көрсеткіштері мен орнын; кезкелген дəрежедегі
аумақтың географиялық жəне геосаяси жағдайын; негізгі əлеуметтік-
экономикалық көрсеткіштері бойынша дүние жүзі елдерін; мемлекеттік
аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін бағалайды.
Графика жəне жобалау
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) көрнекі ақпаратты бекітудің негізгі құралдарын, əдістерін жəне
тəсілдерін; графикалық бейнелердің негізгі түрлерін; графика құралдары мен
жобалаудың негізгі əдістерін; геометриялық денелердің сырт пішінінің құрылу
(қалыптасу) заңдылықтарын; машинажасау, сəулет – құрылыс сызбалары
туралы жалпы түсініктерді; топографикалық сызбалар элементтерін; бұйымды
жасау жəне жобалау кезеңдерін; көрнекі ақпаратты қол жəне компьютерлік
графика құралдары арқылы бейнелеу əдістері мен тəсілдерін біледі;
2) құбылыстар, процестер жəне заттық əлем туралы ақпаратты ұсыну жəне
визуализациялау кезінде графикалық бейнелер рөлінің маңыздылығын;
графикалық модельдеу əдістері заңдылықтарының құбылыстары мен
процестерін; зат формасын көрсету кезіндегі графикалық бейнелердің түрлері
арасындағы
айырмашылықты, олардың
кеңістік
жəне
метрикалық
сипаттамасын; тəжірибелік іс-əрекеттегі қолмен жəне компьютерлік
графиканың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін; макет жасау жəне модельдеу
ерекшеліктерін түсінеді;
3) графикалық жұмысқа арналған материалдар мен құралдарды; заттың
геометриялық (конструктивтік) формасын құрастыру тəсілдерін; проекциялау
24
əдісін; геометриялық денелер бетінің жаймасының сызбасын құрастыру
əдістерін; бейненің көрінісі мен құрамын өзгерту əдістерін; жобалық жəне
конструктивтік шешім қабылдау үшін анықтамалық құжаттарды; графикалық
модельдеу, макеттеу жəне жобалау бойынша əр түрлі есептерді (мəселелерді)
шешу барысында қол жəне компьютерлік графика құралдарын қолданады;
4) көрнекі ақпаратты ұсынудың əр түрлі тəсілдерін жəне бейненің
қасиеттерін; заттардың бейнесін жасағанда олардың геометриялық формалары
мен конструкцияларын; заттың формасын анықтау үшін бейненің түрлі
көрінісін пайдалану мүмкіндігін; бейненің графикалық құрамын жəне заттың
формасын анықтау үшін кешенді сызбаны талдайды;
5) зат формасын қайта құру үшін контурлы бейнені; түрі жəне құрамы
бойынша жүйелеу үшін бастапқы бейнедегі графикалық ақпаратты; қажетті
графикалық ақпаратты толық жəне жеткілікті көрсету үшін түрлі бейне
көріністерін; шығармашылық ойды іске асыру үшін графиканың əр түрлі
құралдарын жинақтайды;
6) көрнекі ақпаратты бекітудің əдістерін; əр түрлі объектілердің
графикалық бейнелерін; бейнені қайта құрудың түрлі тəсілдерін; жобалау іс-
əрекеті процесінде қолданылатын графика құралдары мен жобалау əдістерін;
заттардың геометриялық жəне конструктивтік сипаттамасын; шығармашылық
іс-əрекет барысын жəне нəтижесін бағалайды.
23. Қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы
тереңдетілген
деңгейде
оқытылатын оқу пəндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін
нəтижелер
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/орыс тілі»
(оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) Қазақстанда қазақ, орыс жəне шет тілдерінің қызмет ету ерекшеліктерін;
негізгі лингвистикалық терминдерді; оқытылатын тілдің дыбыстық,
лексикалық, грамматикалық, сөзжасамдық негізгі ерекшеліктерін, оның əртүрлі
қызметін; сөз таптарының типологиясын; көп этникалық Қазақстанда жəне
əлемде даусыз сөйлесім əсерінің негізін; сөйлеу этикетінің формуласын, сөйлеу
тəртібінің стереотиптерін; тілдің əлеуметтік бағытын; оқытылатын тілдің
типологиялық жəне генетикалық жағын біледі;
2) қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін меңгерудің маңыздылығын, қазақ
халқының тарихына, мəдениетіне, дəстүріне, құндылықтарына құрмет жəне
толеранттық қатынас көрсету; тілдің жəне жазудың (түркі жəне славян) даму
заңдылығы мен график қағидаттарының негізін; тілдің əлеуметтік-мəдени
құбылыс ретіндегі рөлі; халық тілінің, тарихының жəне мəдениетінің өзара
байланысын; тілдің ойлаумен байланысын, тілдердің жəне мəдениетаралық
байланыстың өзара ықпалдасу ерекшеліктерін түсінеді;
3) нақты міндеттерді орындауда жəне тілдің деңгей түрлерінің бірін талдау
барысында теориялық білімін; оқытылатын тілдегі тіл бірліктерін қолдану
ерекшеліктерін аша отырып, мəтінге филологиялық талдау жасау амалдарын;
25
өмірдегі қызметтің түрлі салаларында тілді қолданудың ерекшеліктері мен
мүмкіндіктері туралы ақпаратты қолданады;
4) тілдік
бірліктерге
дыбыстық, морфемалық, грамматикалық
семантикалық талдау жасай отырып, мəтіндерді; оқытылатын тіл графикасын,;
тілдік бірлік білімдерінің механизмі; тіл құбылыстарын танудағы түрлі ғылыми
көзқарастарды; танылатын тақырып бойынша түрлі ғылыми еңбектердегі
ақпараттарды талдайды;
5) қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінің тілдік бірліктеріне салыстырмалы
талдау жасау үшін алған теориялық ақпараттарды; жобалық жұмыстарда
қолдану үшін тілдік бірліктердің қызмет етуі туралы ақпаратты; өзіндік ауызша
жəне жазбаша мəтіндер құрауда меңгерген деректері мен пікірлерді
жинақтайды;
6) əртүрлі стиль мен жанрдағы мəтіндерде түрлі деңгейдегі тілдік
бірліктердің қолданылуы орнын; танылып отырған тіл құбылысы туралы түрлі
көзқарастарды; мəтінді танып-талдауда оның орфоэпиялық, орфографиялық,
пунктуациялық, лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, стилистикалық
нормаларға сəйкестігін; қазақ/орыс тіл білімінің басты тұжырымдамаларын
бағалайды.
Қазақстан тарихы
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) Орталық Азиядағы ежелгі мəдени ошақтарды жəне олардың орналасқан
жерлерін; көшпенділіктің тарихи түрлерін; еуразиялық дала өркениетінің
қалыптасуы мен даму кезеңдерін; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан
территориясындағы қалалық мəдениеттің даму ошақтарын; əлемдік мəдени-
тарихи прогреске едəуір ықпал еткен Орталық Азия халықтарының
жетістіктерін; қазақ халқының этникалық тарихын; дəстүрлі қазақ қоғамының
этноəлеуметтік құрылымын; Қазақстан полиэтникалық қоғамының қалыптасу
тарихын; Қазақстан мемлекеттігі дамуының тарихи кезеңдерін; Қазақстандағы
саяси ойдың дамуына едəуір үлес қосқан тарихи қайраткерлерді; түрлі тарихи
кезеңдердегі ұлттық мəдениет пен ғылымның маңызды жетістіктерін;
Қазақстан тарихы бойынша негізгі тарихи деректер мен ғылыми еңбектерді
біледі;
2) Қазақстанның тарихи даму процестері мен құбылыстарының, негізгі
оқиғалардың мəнін; ежелгі Орталық Азияның өркениет ошақтарын,
көшпенділіктің əр түрлерінің, Қазақстан территориясындағы қалалық жəне
көшпелі мəдениеттің сипатты белгілерін; əлемдік мəдени-тарихи прогресс
үшін Орталық Азия халықтарының жетістіктерінің маңызын; түрлі тарихи
кезеңдердегі Қазақстан халқының өмір сүру жүйесінің қалыптасуы мен
дамуына географиялық фактордың ықпалын; түрлі тарихи кезеңдердегі
Қазақстандағы саяси, əлеуметтік-экономикалық, мəдени өзгерістерге ішкі жəне
сыртқы факторлардың ықпалын; дəстүрлі қазақ қоғамының этноəлеуметтік
құрылымының ерекшеліктерін; Қазақстанда саяси ойдың дамуындағы тарихи
аспектілерді; Қазақстанның саяси, əлеуметтік-экономикалық, мəдени дамуына
26
тарихи тұлғалардың қосқан үлесін; ұлттық біртектілікті сақтау үшін
қазақтардың мəдени мұрасының маңызын; қоғамда бейбітшілік пен келісімді
сақтау үшін Қазақстан этностарының мəдениеті мен дəстүрлерін құрметтеу
қажеттілігін түсінеді;
3) Қазақстан мен Орталық Азия территориясында өмір сүрген мемлекеттер
мен мəдениет ошақтарын уақыт пен кеңістікте анықтау кезінде; Орталық Азия
көшпенділер мəдениетінің қалыптасу мен даму ерекшеліктерін анықтауда;
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның саяси, əлеуметтік-экономикалық
мəдени даму ерекшеліктерін анықтау кезінде; Қазақстанның дамуындағы
тарихи тұлғалардың рөлін анықтауда; Қазақстанның өткен жəне қазіргі кездегі
оқиғалары мен құбылыстарына қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи
ойлау дағдыларын қолданады;
4) Қазақстанның тарихи дамуын əлемдік тарих контекстінде, ортақ
белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып; түрлі тарихи кезеңдердегі
Қазақстан территориясындағы өркениеттер мен мемлекеттердің қалыптасуы
мен
дамуына
түрлі
факторлардың (географиялық, демографиялық,
миграциялық, саяси, əлеуметтік-экономикалық, мəдени жəне т.б.) ықпалын;
себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында Қазақстан тарихындағы
тарихи оқиғалар, процестері мен құбылыстарды; тарихи тұлғалар қызметінің
себептері мен нəтижелерін; Қазақстан тарихы бойынша ғалымдардың еңбектері
мен деректерді; Қазақстан аумағындағы этногенез, саяси жəне мəдени
процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды; бүгінгі Қазақстанның даму
үрдістері мен перспективаларын талдайды;
5) тарихи талдау əдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық,
зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды; Қазақстан мен əлемнің басқа
аймақтарындағы тарихи дамудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін
анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларды; Қазақстан тарихы
туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар
мен гипотезаларды жинақтайды;
6) түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның дамуына (географиялық,
демографиялық, көші-қон, саяси, əлеуметтік-экономикалық, мəдени жəне т.б.)
түрлі факторлардың ықпал ету дəрежесін; отан тарихына ықпалы контекстінде
тарихи тұлғалардың қызметін; Орталық Азия халықтары мəдениетінің əлемдік
өркениет дамуына қосқан үлесін; тарихи мəліметтердің шынайылығын;
Қазақстан тарихының этникалық, саяси, мəдени, əлеуметтік-экономикалық
мəселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дəлелдік дəрежесін
бағалайды.
Дүниежүзі тарихы
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) өркениеттердің тарихи типтері мен олардың ошақтарын; мемлекеттің
тарихи түрлері мен мемлекеттік-құқықтық институттарының қалыптасуы мен
даму кезеңдерін; əлемдік тарих барысына ықпал еткен əскери-саяси
оқиғаларды; əлемдік мəдени-тарихи прогреске ықпал еткен əлемдік жаңалықтар
27
жəне жетістіктерді; қазіргі əлемдік мəдениеттің жағдайы мен тарихын;
адамның, қоғамның пайда болуы мен дамуына қатысты, əлем халықтары мен
өркениеттерінің негізгі ғылыми теорияларын; əлемдік қоғамдық ойдың
дамуына елеулі үлес қосқан тарихи қайраткерлерді; дүниежүзі тарихы бойынша
негізгі жинақталған ғылыми еңбектерді біледі;
2) мəдени-тарихи процесті оның бірлігі мен алуан түрлілігін; мемлекеттің
тарихи формалары мен түрлерін, өркениеттің өзіндік ерекшеліктерін;
мемлекеттік-құқықтық институттарының маңызын; əлемдік өркениеттердің
қалыптасуы мен дамуына табиғи-географиялық факторлардың ықпалын; тарих
барысына əскери-саяси оқиғалардың ықпалын; əлемдік тарихи-мəдени прогресс
үшін адамзаттың жетістіктері мен ұлы ашылулардың маңызын; түрлі тарихи
кезеңдерде əлемдегі саяси, əлеуметтік-экономикалық, мəдени өзгерістерге ішкі
жəне сыртқы факторлардың ықпалын; əлемдік қоғамдық ойдың дамуындағы
тарихи аспектілерді; тарихтың дамуына тұлғалардың ықпалын; жаһандық
əлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін жалпы адамзаттық
құндылықтардың маңызын түсінеді;
3) уақыт пен кеңістікте əлемнің мəдени-өркениеттік орталықтары мен
мемлекеттері құрылуын анықтау кезінде; мемлекеттердің түрлері мен тарихи
формаларын, өркениеттердің өзіндік ерекшеліктерін анықтау барысында; түрлі
тарихи кезеңдердегі əлем халықтарының саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне
мəдени дамуындағы ерекшеліктерін анықтауда; əлем тарихындағы тарихи
тұлғалардың рөлін анықтау кезінде; өткен жəне қазіргі кездегі оқиғалар мен
құбылыстарға қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау
дағдыларын қолданады;
4) əлем халықтарының ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтай
отырып тарихи дамуын; түрлі тарихи кезеңдерде қоғамның қалыптасуы мен
дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси,
əлеуметтік-экономикалық, мəдени жəне т.б.) ықпалын; себеп-салдар
байланыстарын
анықтау
мақсатында
əлем
тарихының
оқиғаларын,
құбылыстарын, процестерін; тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен
нəтижелерін; тарихи деректерді; этногенез, саяси жəне мəдени процестерге
қатысты негізгі ғылыми теорияларды; жаһандану жағдайында бүгінгі
қоғамның даму үрдістері мен перспективаларын талдайды;
5) тарихи талдау əдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық,
зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды; əлем халықтарының тарихи
дамуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында
салыстырмалы тарихи сипаттамаларын; əлемдік тарихи-мəдени процесс туралы
тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен
гипотезаларды жинақтайды;
6) түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамның дамуына (географиялық,
демографиялық, көші-қон, саяси, əлеуметтік-экономикалық, мəдени жəне т.б.)
түрлі факторлардың ықпал ету дəрежесін; əлем тарихының ықпалы
контекстінде тарихи тұлғалар қызметін; əлемдік өркениеттің қалыптасуы мен
28
дамуына түрлі əлем халықтары мəдениетінің қосқан үлесін; тарихи деректердің
шынайылығын; əлем тарихының этникалық, саяси, мəдени жəне əлеуметтік-
экономикалық мəселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дəлелдік
дəрежесін бағалайды.
География
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) география ғылымдар жүйесінде геоэкологияның, геоинформатиканың,
геосаясаттың, геоэкономиканың, елтанудың орны мен рөлін; табиғатты
пайдалану саласындағы, экономикалық, əлеуметтік, саяси география мен
геосаясаттың негізгі ғылыми түсініктерін; геосфераларға тиетін антропогендік
əсердің факторларын, көздерін жəне салдарын; экологиялық тəуекелдерді;
экологиялық дағдарыстың белгілерін; аумақтардың экологиялық жіктелуін;
табиғатты қорғау шараларының жүйесі мен негізгі бағыттарын; табиғатты
пайдаланудың аймақтық ерекшеліктерін; табиғатты пайдаланудың негізгі
əкімшілік, экономикалық
жəне
құқықтық
механизмдерін; заманауи
экологиялық саясаттың бағыттарын; қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін;
өмір сүру сапасының көрсеткіштерін; экономикалық жүйелер модельдерін;
дүниежүзілік шаруашылық жəне дүниежүзі елдері дамуының басты
көрсеткіштерін; дүниежүзі елдерінің арасындағы халықаралық қатынастардың
жиынтығын; ғаламдану процесін; Қазақстанның аймақтық жəне халықаралық
ұйымдарға қатысуын; адамзаттың заманауи ғаламдық проблемалары жəне
олардың жергілікті, аймақтық деңгейлердегі көрінісін; ұлттық мүдделер
тұрғысынан Қазақстан Республикасының геосаяси белсенділігінің бағыттарын;
дүниежүзінің тарихи-мəдени аймақтарын біледі;
2) заманауи əлемнің кеңістіктік алуан түрлілігін, оның жалпы жəне
аймақтық ерекшеліктерін; табиғаттың, халықтың жəне шаруашылықтың даму
заңдылықтарын; қоғам мен табиғаттың өзара əрекеттесу проблемаларын;
табиғи, əлеуметтік, экономикалық жəне саяси процестердің ерекшеліктерін;
қоршаған ортаның жағдайы үшін жеке жауапкершілігін; ғаламдық жəне
жергілікті табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық, экологиялық процестердің
серпінін; қоғам мен табиғаттың өзара əрекеттесуін оңтайландыру, табиғи ортаға
антропогендік қысымды тұрақтандыру жолдарын; қоршаған ортаны қорғауда
ғылыми-техникалық прогрестің ролін; аумақтың əлеуметтік-экономикалық
жəне саяси дамуының географиялық факторлардан тəуелділік дəрежесін; өмір
сүру сапасының қоршаған орта сапасынан тəуелділігін; заманауи əлеуметтік-
экономикалық жəне экологиялық проблемалардың жəне оларды шешу
жолдарын; геосаясат субъектілерінің рөлі мен ықпал ету аймақтарын, өзара
əрекеттестігінің сипатын түсінеді;
3) геоэкологиялық,
экономикалық-географиялық, əлеуметтік-
географиялық, саяси-географиялық жəне геосаяси зерттеу əдістері мен олардың
комбинациясын; геокеңістіктік дереккөздерін; геокеңістіктік деректерді іздеу,
өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, қажетті контексте деректерді өзгерту, сақтау, тарату
жəне ұсыну дағдыларын; картометрия тəсілдерін қолданады;
29
4) сандық
жəне сапалық геокеңістік деректерді; географиялық
нысандарды, процестерді жəне құбылыстарды жіктеу белгілерін; географиялық
қабық пен географиялық ортада болып жататын процестер мен құбылыстардың
арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; географиялық нысандардың,
процестердің жəне құбылыстардың орналасу, байланыстары мен басқа да
кеңістіктік қатынастарының ерекшеліктерін; адам өмірі мен тіршілігіне
географиялық факторлардың ықпалын; қоғамдық өндірістің табиғи жəне
əлеуметтік-экономикалық негіздерін; жоспарланған шаруашылық əрекеттің
қоршаған ортаның жағдайы мен адамдардың денсаулығына тигізетін əсерін;
экологиялық дағдарыстың белгілерін; қоршаған табиғи ортаны қорғаудың жəне
табиғатты тиімді пайдаланудың ұйымдастырушылық жəне құқықтық
негіздерін; шаруашылық салаларын орналастырудың заманауи факторларын;
геоэкологиялық, геосаяси жəне экономикалық процестерді; халықаралық
саяси, экономикалық, əлеуметтік-мəдени, экологиялық жəне басқа да
байланыстар мен қатынастарын; аумақтық-саяси жүйелерді; мемлекеттік
аумақтың құрылымын; мемлекеттік шекараларды, олардың түрлері мен
серпінін; елдің ұлттық мүдделері жүйесін; геосаясат субъектілерінің геосаяси
белсенділігін; дүниежүзілік геосаяси кеңістікті; Қазақстанның саяси,
экономикалық, əлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен факторларын,
дүниежүзіндегі орны мен рөлін талдайды;
5) модельдері, зерттеушілік жəне шығармашылық жобаларды, ақпараттық
материалдарды; географиялық нысандардың əрекет ету жəне даму
проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстарды; зерттеп жатқан географиялық
нысандарды, процестерді, құбылыстарды жіктеу, жүйелеу жəне саралау
мақсатында білімдер мен дағдыларды; географиялық нысандар, процестер мен
құбылыстарды түсіндіру, болжау жасау, өзгерістері мен перспективаларын
анықтау үшін білімдер мен дағдыларды жинақтайды;
6) геосфералардың параметрлері мен экологиялық жағдайын; геосфераға
тиетін антропогендік жүктемені жəне олардың салдарын; кез келген дəрежедегі
аумақтардың географиялық жəне геосаяси жағдайын, табиғи-ресурстық
əлеуетін; табиғи ортаның сапасын; экологиялық тəуекелдерді; экологиялық
дағдарыстың дəрежесін; табиғатты қорғау шараларының тиімділігін; қоршаған
табиғи ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудағы ғылыми-техникалық
прогрестің деңгейін; қоршаған ортаның сапасын; өмір сүру сапасын; түрлі
мемлекеттердің халықаралық салыстырулардағы көрсеткіштері мен орнын;
дүниежүзілік шаруашылықтың түрлі даму модельдерінің артықшылықтары мен
кемшіліктерін; ғаламданудың дүниежүзі елдеріне тигізетін жағымды жəне
жағымсыз əсерлерін; мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін;
геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігінің тиімділігін; халықаралық
ұйымдардың қызмет ету нəтижелерін бағалайды.
24. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы стандарттық деңгейде оқытылатын
оқу пəндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нəтижелер
Информатика
30
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) файлдардың негізгі форматтары мен оларды конвертациялау тəсілдерін ;
веб-бағдарламалау негіздерін, сонымен қатар веб-сайттарды жасау үшін
деректер қоры теориясын; «электрондық сандық қолтаңба» түсінігін; деректер
мен компьютерлік жүйенің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін əзірленген
қауіпсіздік шараларын біледі;
2) деректердің резервтік көшірмесінің қажеттілігін; тұрақты жəне жедел
жадыландыру
құрылғылары
арасындағы
айырмашылықты; желілік
технологияның қызмет көрсетуінің негізгі қағидаттарын; электрондық үкімет
сайтының тағайындалуы мен мүмкіндіктерін түсінеді;
3) оқу қызметінде жəне өзін-өзі дамыту үшін сандық білім беру
ресурстарын; ақпараттық объектілерді жасау жəне өзінің жұмыс нəтижелерін
ресімдеу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды; өзінің
жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін мəтіндік жəне кестелік процессордың
кеңейтілген мүмкіндіктерін; Web-парақшаларды жасау үшін арнайы
редакторларды; Web-парақшаларды
əзірлеуде
ресімдеу
стильдерін,
иллюстрацияларды, анимацияны, видеоны; құжаттарды редакциялау мен сақтау
барысында бұлтты технологияларды; желіде жеке қауіпсіздігі жəне желі этикеті
ережелерін қолданады;
4) оқуда
жəне күнделікті өмірде сандық техниканы қолдану
мүмкіндіктерін; модельдер мен жобаларды əзірлеу үшін бағдарламалық
құралдарды; ақпаратты іздеу үшін бірнеше белгілер мен қатынас
операторларын қолдану арқылы сұрау салуды; есепті модельдеу, алгоритмдеу
жəне бағдарламалау арқылы шешудің тиісті əдістері мен тəсілдерін анықтау
үшін есепті; компьютерде өңдеу мен есептеудің қойылған міндетке
сəйкестігінің нəтижелерін; анағұрлым тиімдісін анықтау үшін əртүрлі
тəсілдермен есептерді шешу жолдарын талдайды;
5) өзінің идеялары мен ойларын білдіру үшін əртүрлі түрлерде ақпаратты;
қолданушы міндеттерін шешу үшін веб-сайттарды жинақтайды;
6) жобаны модельдеу мен əзірлеу барысында қойылған мақсаттарға сəйкес
өз қызметінің нəтижелерін (нақтылық, өлшемділік, қол жетімділік,
шынайылық, қатыстылық); қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің
артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалайды.
Жаратылыстану
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) қоғам мен табиғаттың байланыс деңгейлерін; жүйелердің элементтерін
жəне түрлерін; қоршаған ортада ғылыми жаратылыстану заңдарының көрініс
табуын; тепе-теңдік табиғатын; тапсыру жəне өзгерту процестерін; энергияны
өзгертуді; іріктеп алу жəне түрлендіру механизмдерін; биокөптүрліліктің
азаюына əсер ететін факторларды; табиғат зоналарының өнімділік түрлерін,
құрылымын жəне салыстырмалы өнімділігін; экожүйелер компоненттерінің
қоғамдастығын, процестерін жəне құлдырау салдарын; азық-түлік жəне табиғат
ресурстарының таралуының біркелкі еместігін; ластанудың негізгі көздерін
31
жəне түрлерін біледі;
2) əлемнің ғылыми жаратылыстану сипатын; жергілікті деңгейден
ғаламдық деңгейге дейінгі экологиялық процестерді; популяциялардың өсуін
реттеуші жəне шектеуші факторларды; организмдердің өмір сүру амалдарын;
табиғат ресурстарының азаюының адамзаттың дамуына əсерін түсінеді;
3) қоршаған
ортаның жағдайын анықтау үшін жаратылыстану
ғылымдарын зерттеу əдістерін; қоршаған ортаның проблемаларын шешу үшін
ақпараттарды, технологияларды, терминдерді, тұжырымдамаларды, ұғымдарды
жəне дағдыларды; қоршаған ортаны зерттеуде зерттеу, болжау, əдістері жəне
түсіндіру сұрақтарын қолданады;
4) экожүйелердің биотикалық жəне абиотикалық компоненттерін;
популяциялардың өсу серпінін; тұрақты даму тұжырымдамасын; энергия
көздерінің артықшылығын жəне
кемшіліктерін; топырақ түрлерінің
құрылымын жəне қасиеттерін; ғылыми жаратылыстану мазмұнының мəтіндік
жəне графикалық материалдарын; əлемнің ғылыми-жаратылыстану бейнесінің
пайда болуын жəне дамуын талдайды;
5) ғаламдық жəне жергілікті экологиялық, азық-түлік проблемаларын
шешу, биокөптүрлілікті сақтау, экожүйелерді қалпына келтіру жолдарын;
қоршаған ортаны басқару бойынша тиімді шешімдер жинақтайды;
6) экологиялық проблемаларды шешудегі технологиялардың рөлін;
қоғамның энергия жəне ресурс көздерін таңдауын анықтайтын факторларды;
жердің, аймақтардың жəне елдердің ресурспен қамтамасыз етілуін; ұлттық
жəне халықаралық саясаттың қоршаған орта жағдайына ықпалын; халық саны
көрсеткіштерінің, экологиялық факторлардың өнеркəсіпті орналастыруға
ықпалын; əлемнің қазіргі кездегі физикалық жəне химиялық бейнесін
бағалайды.
25. Жаратылыстану-математикалық
жəне
қоғамдық-гуманитарлық
бағыттардағы стандарттық деңгейде оқытылатын оқу пəндері бойынша жалпы
орта білім беру аяқталғанда күтілетін нəтижелер
Құқық негіздері
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) Конституциялық
құқық
көздерін, нормаларын, жүйелерін;
конституциялық саяси құқықтарын; əкімшілік құқық жүйесі, нормасын,
субъектілерін; еңбек құқығы, оның мəнін, əкімшілік еңбек тəртібін
ұйымдастырудағы міндеттер, еңбек тəртібін бұзғаны үшін жауаптылық;
азаматтық құқық көздерін, қатынастарын, меншік құқығы формаларын,
тұтынушы құқығының қолданылу аясын; отбасылық қатынастар, ата-аналар
мен балалардың құқықтары мен міндеттерін; қылмыстық құқық ұғымы,
белгілерін, қылмыстық жауаптылық, оның түрлерін, азаматтардың құқықтарын
қорғауды, сонымен қатар оны жүзеге асыру қажеттілігі мен мүмкіндіктерін
біледі;
2) қоғамның мəдени элементі жəне маңызды əлеуметтік реттеушісі ретінде
құқықтың мəні мен рөлін, қазақстандық қоғамдағы негізгі құқықтық
32
ұстанымдарды, құқық жүйесі мен құрылымын, құқықтық қатынастар, құқық
бұзушылық пен заңдық жауаптылық, əлеуметтік-экономикалық саланы
құқықтық реттеу, құқықты жүзеге асыру түрі ретіндегі заңдық қызметті
түсінеді;
3) нормативтік актілерді қолдана отырып нақты құқықтық жағдайларда
жеке
ұстанымдарының
дəлелдемелерін, Қазақстан
Республикасының
заңнамаларына нақты құқықтық нормалардың сəйкестігін бағалау үшін
құқықтық білімін; күнделікті өмірде, өзекті қоғамдық жəне құқықтық
мəселелер бойынша пікірталастарға қатысу кезінде құқық ережелерін,
құқықтық ақпараттарды өз бетімен іздену дағдыларын қолданады;
4) құқықтық нормаларды, заңнаманың барлық салаларында құқықтық
қатынас процесінде пайда болған даулы мəселелер тууы аясында берілген
ақпараттарды, түрлі деректерден алынған, құқық салаларына қатысты
ақпараттарды талдайды;
5) адамгершілік жəне құқықтық нормаларымен қабылданған өз мінез-
құлықтары мен басқалардың əрекеттерін байланыстыру үшін алынған
ақпаратты; жалпыадамзаттық жəне этномəдени құндылықтарға қарсы
келмейтін шешім қабылдау, өз қарым-қатынасын білдіру, жағдаяттарды бағалау
үшін, берілген контекстегі ақпараттарды жинақтау жəне талдау үшін білім,
білік дағдыларды жинақтайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамаларын нақты мəселелерді шешу
барысында қолдану ерекшеліктерін өздігінше бағалайды.
26. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім алушылардың
білімін бағалау өлшемшарттарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бағалау
өлшемшарттары білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін өлшеу үшін
қолданылады.
27. Бағалау өлшемшарттары əрбір оқу бағдарламасындағы оқыту
мақсаттарына сəйкес əзірленеді.
28. Оқу жетістіктерін бағалау формативті жəне жиынтық бағалау
формасында жүзеге асырылады.
29. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын білім беру
саласындағы уəкілетті орган əзірлейді жəне бекітеді.
30. Даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін білім алуы, даму
бұзушылықтарын түзету жəне əлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |