Мысалы: үй+дей, бала+дай, келген+дей, айтқан+ша
Етістік тұлғаларына жалғанып, тілек, өтініш білдіретін –шы-ші- қосымшасына екпін түспейді. (Ударение не падает на аффиксы –шы-ші-, которые присоединяются к глагольным формам, выражающим просьбу, пожелание). Мысалы: айт+шы, көр+ші, барайық+шы т.б.
Дауыссыз дыбыстардың үндесуі, дыбыс үндестігі (Ассимиляция согласных звуков, звуковая ассимиляция)
Ассимиляция – латын тілінен «ұқсату», «ұқсасу» (уподобление) деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан термин.(латинский термин, который означает «уподобление»).
1. Толық ассимиляция – бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіне түгелдей ұқсатады.
(Полная ассимиляция – один звук полностью уподобляет себе другой звук).
Мысалы:жазса, сүзсе сөздерінде -с- дыбысы –з- дыбысын өзіне толық ұқсатып, айтуда жасса, сүссе болады (жұмысшы-жұмышшы, сөзшең-сөшшең)
2.Жартылай ассимиляция – бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіне ұқсатпай, бір жақты, жартылай ғана ұқсатады, яғни ұяң дыбыс болса, өзіндей ұяң дыбыстың, қатаң дыбыс болса, қатаң дыбыстың болуын қалап тұрады. (Неполная ассимиляция – один звук уподобляет себе другой звук неполностью.
То есть, звонкая согласная требует присоединения звонкого согласного, а глухая согласная –глухого). Мысалы: жаз+да, тас+қа, ас+тық, оқулық+та, қазақ+тар т.б.
Бұл құбылыс сөз тіркестерінде де, біріккен сөздерде де байқалады. (Это явление наблюдается и в словосочетаниях, и в слитных словах). Мысалы: ақ бала, ақ ешкі тіркестері айтылуда ақ пала, ағ ешкі ; біріккен сөздер - шекара –(шегара), Сәтбаев – (Сәтпаев) болып айтылады, бірақ жазылмайды.