Екпін (Ударение)
Қазақ тілінде екпіннің екі түрі бар: бірі – негізгі екпін, екіншісі – көмекші екпін. (В казахском языке есть два вида ударения: первый вид – основной, второй вид – вспомогательный).
Қазақ тілінде екпін тұрақты, дыбыстың соңғы буынына түседі. (Ударение в казахском языке постоянное, всегда падает на последний слог). Мысалы: қала, жақсы- негізгі екпін (основное ударение).
Сөзге қосымша жалғанса (жалғау, жұрнақ), екпін соңғы қосымшаға түседі.
(Если к слову присоединяется окончание или суффикс, то ударение падает на последний аффикс). Мысалы: қала+лар, қала+лар+дың, жақсы+лық, жақсы+лық+тар+дың сөздерінде негізгі екпін соңғы буынға көшеді, ал түбірдегі екпіннің орны көмекшілік қызметін атқарады. (В данных примерах ударение переносится на последний слог и становится основным ударением, а основное ударение в корне слова превращается во вспомогательное ударение).
Екпін түспейтін буындар. (Слоги, не принимающие ударение)
Жіктік жалғауы (Личные окончания). Мысалы:оқушы+мыз, бара+сың, келе+ді т.б.
Мысалы: жаз+ба, отыр+ма, айт+па, бер+ме, қара+ма т.б.
Шылау сөздерге (Союзы и частицы): да,де,мен,пен,бен,үшін т.б: Мысалы: Үй де, мал да аман.
Көмекші сөздерге (Вспомогательные слова): -ғой –дейін –шейін - соң т.б.
Мысалы:Үйге дейін келдім. Мен ғой мектепте болдым.
Есім сөздерге және етістіктің есімше тұлғасына жалғанып, теңеу, ұқсату мәнін білдіретін -дай-дей-тай-тей-лай-лей- және -ша-ше- жұрнақтарына екпін түспейді. (Ударение не падает на суффиксы уподобления, которые присоединяются к именным частям речи и к причастиям).