42 әріп бар: 15 дауысты дыбыс (гласных), 25 дауыссыз



бет11/15
Дата07.10.2024
өлшемі310,59 Kb.
#147001
түріЗакон
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Фонетика ереже1

Мысалы: үй+дей, бала+дай, келген+дей, айтқан+ша

  1. Етістік тұлғаларына жалғанып, тілек, өтініш білдіретін –шы-ші- қосымшасына екпін түспейді. (Ударение не падает на аффиксы –шы-ші-, которые присоединяются к глагольным формам, выражающим просьбу, пожелание). Мысалы: айт+шы, көр+ші, барайық+шы т.б.



Дауыссыз дыбыстардың үндесуі, дыбыс үндестігі
(Ассимиляция согласных звуков, звуковая ассимиляция)
Ассимиляция – латын тілінен «ұқсату», «ұқсасу» (уподобление) деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан термин.(латинский термин, который означает «уподобление»).
1. Толық ассимиляция – бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіне түгелдей ұқсатады.
(Полная ассимиляция – один звук полностью уподобляет себе другой звук).


Мысалы: жазса, сүзсе сөздерінде -с- дыбысы –з- дыбысын өзіне толық ұқсатып, айтуда жасса, сүссе болады (жұмысшы-жұмышшы, сөзшең-сөшшең)
2.Жартылай ассимиляция – бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіне ұқсатпай, бір жақты, жартылай ғана ұқсатады, яғни ұяң дыбыс болса, өзіндей ұяң дыбыстың, қатаң дыбыс болса, қатаң дыбыстың болуын қалап тұрады. (Неполная ассимиляция – один звук уподобляет себе другой звук неполностью.
То есть, звонкая согласная требует присоединения звонкого согласного, а глухая согласная –глухого). Мысалы: жаз+да, тас+қа, ас+тық, оқулық+та, қазақ+тар т.б.
Бұл құбылыс сөз тіркестерінде де, біріккен сөздерде де байқалады. (Это явление наблюдается и в словосочетаниях, и в слитных словах). Мысалы: ақ бала, ақ ешкі тіркестері айтылуда ақ пала, ағ ешкі ; біріккен сөздер - шекара –(шегара), Сәтбаев – (Сәтпаев) болып айтылады, бірақ жазылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет