Жыныссыз жолмен көбею. Организмнің бөліктері бөлініп, өзінше жеке организмге айналатын болса, оны жыныссыз көбею дейді. Жыныссыз көбею екі түрлі болады: нағыз жыныссыз көбею және вегетативтік көбею. Өсімдіктің мүшесінің сыртынан, кейде ішінен клеткалар пайда болып, олар өзінше дербес организмге айналып кететін болса, ондай жолды нағыз жыныссыз көбею деп атайды. Ондай жеке организмге айнала алатын қасиеті бар дара клеткаларды спора дейді. Спора көбінесе шар тәрізді — домалақ, жай көзге көрінбейтін өте үсақ болады.
Өсімдіктің жынысты көбеюі
Гүлде арнайы жыныс жасушалар - аталық пен аналық жыныс жасушалары түзіледі . Аналық жыныс жасушасы - жұмыртқа жасушасы аналықтың түйініндегі тұқымбүршікте түзіледі . Аталық жыныс жасушалары - аталықтағы тозаңқапта түзілген тозаңда орналасады .Тозаңдану аталық тозаңының аналықтың аузына келіп түсуі. Тозаңданудың мынадай түрлері болады :
1.Өздігінен тозаңдану - бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүл аналығының аузына ( қос жынысты гүл ) түсуі . Мысалы ,ноқат, бидай.
2.Айқас тозаңдану бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүл аналығына түсуі . Айқас тозаңдануды бунақденелілер арқылы айқас тозаңдану және жел арқылы айқас тозаңдану деп екіге бөлінеді . Мысалы , жүгері.
3.Табиғи тозаңдану гүл тозаңдануының жел су жануарлар құстар және бунақденелілер арқылы іске асуы . Аналық аузына түскен тозаңының вегетативті жасушасынан жіңішке түтікше түзіліп өнеді . Тозаң түтікшесі ұзарып аналықтың жатынына жетеді .Тұқымбүршіктің ішінде жұмыртқа жасушасы және ең ірі жасуша болады .Тозаң түтікшесі тұқымбүршікпен түйіскенде спермийдің бірі жұмыртқа жасушасын ұрықтандырады . Мұны қосарлы ұрыұтану деп атайды . Ұрықтанудың бұл түрі тек жабық тұқымды гүлді өсімдіктерде кездеседі . Қосарлы ұрықтануды алғаш рет 1898 ж С.Г.Навашин ашқан .
4.Жасанды тозаңдану адам әрекетінің нәтижесінде тозаңдану , яғни аталық тозаңды аналығына салу.
Ұрықтану- аталық және аналық жасушаларының қосылуы .Ұрықтану тозаңданудан кейін болады .Тозаңдану мен ұрықтанудың аралығында бірнеше минуттан (көксағыз) бір жылға (қарағай) дейін уақыт өтуі мүмкін. Ұрықтанған тұқымбүршіктен тұқым жатыннан жеміс дамиды .
Гүлді өсімдіктерге қарағанда ұрықтану үдерісі жануарларда өте оңай. Мұнда екі гамета: жұмыртқажасушасы және сперматозоид қосылады. Алайда гаметогенез - жыныс жасушаларының түзілу жолы туралы біраз баяндауға тура келеді. Гаплоидтыгаметалар жыныс бездерінің диплоидты жасушаларынан түзіледі. Еркектің аталық безі және әйелдің жұмыртқаларының жасушаларында да денеміздегі барлық қалған жасушалардағыдай диплоидты хромосомалар жиынтығы болады. Жыныс бездерін шартты түрде төрт аймаққа бөлінеді:
Көбею аймағы - онда митоз өтеді және жыныс бездерінің диплоидты жасушалары көбірек болады.
Өсу аймағы - митоз және мейоз аралығындағы интерфаза кезеңі, бұл кезеңде ДНҚ матрицалық жолмен өздігінен көшірмелену әдісімен екі еселенеді. Осы аймақтың соңында әрбір диплоидты жасушаның құрамында 2 хроматидтен тұратын хромосома болады, яғни ол бөлінуге дайын тұрады.
Пісіп жетілу аймағы - мейоз жүреді, соның нәтижесінде жыныс безінің, диплоидты аналық жасушасынан қосылуға, яғни ұрыктануға жарамды хромосомалар жинағы бар төрт гаплоидты жасуша қалыптасады.
Қалыптасу аймағы - сперматозоидтардың құйрығы қалыптасып, ядро жасушасының ұшына орнын ауыстырады; жұмыртқажасушаның қабығын еріту үшін ядроның алдына лизосомалар жинақталады; құйрық негізіне митохондриялар жиналып, оның қозғалысын жеткілікті мөлшеріндегі АТФ қамтамасыз етеді. Цитоплазманың жұмыртқажасушаларында коректік заттар қоры жинақталады. Екі сперматозоидтың бірден енуіне кедергі келтіру үшін оны «сәулелі тәж» түзетін қосалқы жасушалар тобы қаптайды.