45. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы


Өсімдіктердің көбею жолдары Жыныстық көбею. Жыныстық жіктелу



бет3/13
Дата05.06.2023
өлшемі46,09 Kb.
#98988
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
45-48

46.Өсімдіктердің көбею жолдары Жыныстық көбею. Жыныстық жіктелу

Гүлденетін өсімдіктер және бүршіктері бар өсімдіктер (мысалы, қылқанжапырақтылар) тұқымдық дәндерді өндіреді. Гүлденетін өсімдіктердің көпшілігі тұқымдық дәндер арқылы көбейеді, сонымен қатар вегетативті түрде өніп өседі. Тұқымдық дәндерді алу үшін, әуелі өсімдікті тозаңдандыру керек.


Өсімдіктер қалай көбейеді


Гүлдер шырынға қызыққан жәндіктерді, құстарды және сүтқоректілерді өздеріне тартады. Аралар тозаңды жинақтайды. Өсімдік тозаңдатылғаннан кейін, гүл оған қажетсіз болады. Гүлдің жапырақтары солып, түсе бастайды.

Тұқымдық түрлердің таралуы


Көптеген өсімдіктер жемістерді өндіреді, оларды жануарлар жейді және олардың кейбір тұқымдық дәндерін тартады.

Вегетативті түрде көбею


Кейбір гүлденетін өсімдіктер тұқымдық дәндер арқылы ұрықтанбайды. Оның орнына олар аналық өсімдікке генетикалық тұрғыдан туыстас болып келетін өсімдіктердің пайда болуына ықпал етеді.
Өсімдіктердің ұрпақтар арқылы өзін-өзі қайталап, түрдің сақталып, өкілдерінің таралуын қамтамасыз ету қабілетін көбею деп атайды. Организмнің көбеюіне сыртқы ортаның әрқилы жағдайлары көп әсер етеді, сондықтан орта жағдайларын адамзат өзіне қолайлы және тиімді жағына қарай өзгертіп отыруына болады: зиянды өсімдіктердің көбею қарқынын бәсеңдетудің арқасында олардың тұқымын құрту әрекетін істейді де, ал пайдалы өсімдіктердің көбеюіне жағдайлар жасай отырып, оларды барған сайын өркендетеді. Әрқилы өсімдіктердің көбею мерзімі де біркелкі болмайды: бір өсімдіктердің көбею мерзімі сол особьтың өсу мерзімі тоқтағаннан кейін ғана басталады (мысалы, біржылдық гүлді өсімдіктер мен көпжылдық шөптесін өсімдіктерде солай болады); кейбір өсімдіктер көбейе бастағаннан кейін де олардың бойының өсуі тоқтамайды (мысалы, толып жатқан көпжылдық гүлді өсімдіктерде осылай болады); қайсыбір өсімдіктердің өсу процесі тоқтағаннан соң бірнеше жылдан кейін ғана көбейеді (мысалы, бамбукта).
Сонымен қатар, жоғары сатыдағы өсімдіктердің көбею қарқыны да біркелкі болмайды: а) барлық біржылдық, кейде көпжылдық (мысалы, түйежапырақ, сасыр, бамбук және т.б.) өсімдіктер вегетациялық дәуірінің ішінде бір-ақ рет жеміс беріп көбейеді; мүндай өсімдіктерді монокарптық өсімдіктер дейді; ә) барлық көпжылдық шөптесін және сүректі өсімдіктер (ағаштар мен бұталар) кемеліне келіп, жасы толысымен жыл сайын жеміс беріп көбейеді, ондай өсімдіктерді поликарптық өсімдіктер дейді. Өсімдіктер негізінен үш түрлі жолмен көбейеді: жынысты, жыныссыз және мүшелері арқылы (вегетативтік). Жынысты жолмен көбейгенде жаңа организм екі жыныс клеткаларының — гаметалардың қосылуы нәтижесінде қалыптасады. Жыныссыз көбею споралы өсімдіктерге тән. Оларда жыныссыз диплоидты (спорофит) және гаплоидты (гаметофит) ұрпақтар кезектесіп қайталанады. Жыныссыз көбейгенде жаңа организм спорофитте пайда болатын споралардан (ұсақ ұрпақ) дамиды. Мүшелер арқылы көбейгенде жаңа организм қатпаршақ бөлігінен клеткадан (төменгі сатыдағы өсімдіктерде), мүшелерден немесе бөліктерінен дамиды.
Органикалық дүниенің тарихи дамуы нәтижесінде пайда болған организмдердің жыныссыз көбеюі, жынысты көбеюге қарағанда, бүрын пайда болған деп есептеледі. Өйткені, жыныссыз көбею — көбеюдің қарапайым түрі. Организм бірте-бірте күрделенісімен көбею жолының да күрделі түрі — жынысты жолмен көбею келіп шыкқан. Егер жоғары сатыдағы жануарлар тек жынысты жолмен ғана көбейетін болса, жоғары сатыдағы өсімдіктерде — гүлді өсімдіктерде — жынысты жолмен қатар, жыныссыз көбею де кездесе береді. Жыныссыз көбеюге қарағанда, жынысты жолмен көбеюден пайда болған үрпақтың тіршілік қабілеті күшті келеді. Себебі жынысты жолмен көбейгенде екі түрлі жыныстың тұқым куалайтын қасиеттері бірігіп, олардың ұрпақтарыныңда тіршілікке бейімділіктері арта түседі.
Кейбір ғалымдар (В.В.Скрепчинский, 1977, 1985), өсімдіктердің көбеюінің эволюциясы мынандай бағытпен жүреді деп болжайды. 1. Клетканың жай бөлінуі арқылы көбею; 2. Олардан споралылар дамиды; 3. Одан соң жынысты жолмен көбейетін организмдер. Жыныссыз және жынысты көбею жолдарының бірігуі нәтижесінде үрпақтары қайталанып (кезектесіп) дамитын түрлер иайда болды. Күрделірек балдырлардың бір үрпағының тармағы тіршілік жағдайларына көбірек бейімделіп, басқаларына қарағанда басым орын алды. Жер бетінде өсетін өсімдіктерде бұл бағыт одан да анығырақ бейнеленген. Мүктерде жыныссыз ұрық (спорофит) өздігінен емес, тек жынысты ұрпақ есесінен тіршілік етеді. Басқа өсімдіктерде, керісінше, қарапайым даму бағытында өзгеруде. Егер қырыкқұлақтарда ол әлі өскінше күйінде дербестігін сақтаса, гүлді өсімдіктерде микрогаметофит 2-3 клеткалық деңгейге дейін өзгеріп, макрогаметофит алғашқы кезеңде 8 ядролы ұрық қабы күйінде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет