№4(56)/2009 Серия история. Философия. Право



Pdf көрінісі
бет24/39
Дата22.12.2016
өлшемі6,1 Mb.
#151
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39

Қ Ұ Қ Ы Қ  
ПРАВО 
ƏОЖ 342.97:334.02(574) 
С.К.Амандықова, Д.К.Рүстембекова 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
ҚАЗАҚСТАН  ХАЛҚЫ  АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ  ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ 
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ  ОРГАНДАРЫ  ЖҮЙЕСІНДЕГІ  РӨЛІ 
Целью данного исследования является анализ и изучение процесса становления и развития 
Ассамблеи народа Казахстана как системного института полиэтнического государства. По-
казана роль общественно-политической деятельности Ассамблеи в процессе позитивного раз-
вития этнополитических тенденций в Республике Казахстан. 
Objective of this research is the analysis and studying of process of formation and development of 
Assembly of the people of Kazakhstan as system institute of the polyethnic state. The role of political 
activity of Assembly in the course of positive development of ethnopolitical tendencies in Republic 
Kazakhstan is shown. 
 
Қазақстан  Республикасының  тəуелсіздігін  жариялау  жəне  егемендігін  алуы  шетел 
мемлекеттерімен  саяси,  экономикалық,  ғылыми-техникалық,  мəдени  жəне  басқа  да  қатынастарды 
нығайтты.  Бұл  халықаралық  қауымдастықпен  қарым-қатынас  əдістері  мен  формаларын  жаңарту 
қажеттілігін  тудырды.  Дүниежүзілік  қауымдастыққа  ене  отырып,  Қазақстан  Республикасы  өзінің 
халықаралық  құқық  субъектілігін  дамытатын,  əрі  іске  асыратын  оның  шынайы  мүшесі  болуы  тиіс 
болды. 
Халықаралық  құқықта  субъектінің  объективті  сипаттары  төменде  көрсетілгендер  болып 
саналады:  біріншіден,  халықаралық  құқықтағы  басты  субъектілерге  тəн  тəуелсіздік,  екіншіден, 
дербес  келісім  тəжірибесі,  үшіншіден,  шет  мемлекеттер  мен  өкілділіктермен  дипломатиялық  жəне 
консулдық айырбас, төртіншіден, тəуелсіз мемлекеттің халықаралық ұйымдар қызметіне қатысуы [1]. 
Еліміздегі  барлық  этностардың  шынайы  келісім  мен  бірлікте  өмір  сүруі,  ең  алдымен  қазақ 
халқының  ата  дəстүрі  жəне  табиғи  кеңпейілдігі,  ұлттық  ділінің  кеңдігі  арқасында  екендігінде  дау 
жоқ. Дегенмен, Қазақстан тəуелсіздік алған кезде ел басшылығы алдында халықтың келісімін сақтап 
қалу,  қоғамның  барлық  күш-əлеуетін  бір  мақсатқа  жұмылдыру  басты  назарда  ұсталды.  Себебі 100-
ден  астам  этнос  өкілдерінің  басын  біріктірмесе, «бас  басына  би  болып»,  əрқайсысы  «көрпені  өзіне 
тарту»  басталар  еді.  Сонымен  қатар  саяси  күштер  бұл  жағдайды  өзіне  қарай  бұра  тарту  қауіпі  бар-
тұғын [2]. 
1992–1995  жылдар  аралығында  елдің  саясатын  реттейтін  негізгі  құқықтық  база  қалыптасты. 
Соның  негізінде  Қазақстандағы  барлық  этнос  өкілдерінің  мүддесін  қамтамасыз  етуші  ұйым  құру 
туралы идеяны алғаш рет 1992 ж. тəуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының І-ші 
форумында  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ə.Назарбаев  бұл  форумды  тұрақты  негізге 
ауыстыру  идеясын  ұсынды.  Осыған  сəйкес  ол  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстан 
халқы  Ассамблеясын  құру  туралы»  Жарлығымен  елдегі  қоғамдық  тұрақтылық  пен  ұлтаралық 
келісімді  нығайту  мақсатында 1995 
ж. 1 наурызда  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
жанындағы  консультативтік-кеңесші  орган  ретінде  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  құрылған. 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  мақсаты — республикадағы  оқиғаларға  баға  беру  жəне  саяси 
жағдайларға  болжам  жасау  негізінде  қоғамдағы  ынтымақты  қамтамасыз  ететін  іс-тəжірибелік 
ұсыныстарды  ойластыру,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  республика  азаматтарының 
құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғау  кепілі  ретіндегі  қызметіне  атсалысу.  Ассамблея  құрылу 

170 
күнінен  бастап  қоғамдық  өмірге  белсенділігін  көрсетіп,  елімізде 1995 жылы  өткізілген  екі 
референдумға бастамашылық жасады. 
Референдум  нəтижесінде  қабылданған  Конституцияда  мемлекетіміздің  ұлтаралық  келісім 
принциптері айқындалды. Атап айтқанда, 7-бабында мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену 
мен  дамыту  үшiн  жағдай  туғызуға  қамқорлық  жасайды  деп  бекітеді [3]. Ал  басқа  баптарында 
əркiмнің  өз  ана  тiлi  мен  тіл  мəдениетiн  пайдалануына,  қарым-қатынас,  тəрбие,  оқу  жəне 
шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуына құқығы берілді. Сол сияқты нəсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-
топтық  жəне  рулық  астамшылықты  насихаттауға  немесе  үгiттеуге  жəне  ұлтына,  тiлiне,  дiнге 
көзқарасына,  нанымына  байланысты  кемсiтуге  тыйым  салынды.  Яғни  Ассамблея  қызметінің  басты 
ұстанымдары Ата Заңымызда осылай айқындалды. 
Ассамблея құрылған күнінен бастап ұлттық мəдениет орталықтарының жұмысын жандандырды, 
əр  ұлттың  мəдени  фестивальдары,  той-жиындары  республикалық  деңгейде  өтуіне  себепкер  болды. 
Ассамблея  көмегімен  ұлттық  диаспоралар  өздерінің  тарихи  отандарымен  байланыстарын  қалпына 
келтірді.  Осының  бəрі  Ассамблея  жұмысының  ұйымдастыру  шараларымен  ғана  шектелмей, 
сессияларында  талқыланған  мəселелердің  шешімін  құқықтық  рəсімделу  тəжірибесін  енгізді [4]. Ас-
самблея өзінің 14 сессиясын өткізіп, онда елдің маңызды қоғамдық-саяси мəселелері қарастырылды: 
 Бірінші (1995 жылдың 24 наурызы) — «Біздің жалпы үйдегі тыныштық пен келісім үшін»; 
 Екінші (1995 жылдың  маусымы) — «Өткенді  сезіну  жəне  қоғамның  алдағы  демократиялық 
реформалануы»; 
 Үшінші (1996 жылдың 29 сəуірі) — «Қоғамдық  келісім — Қазақстанның  демократиялық 
дамуының негізі»; 
 Төртінші (1996 жылдың  маусымы) — «Тарихи  естелік,  ұлттық  келісім  жəне  демократиялық 
реформалар — Қазақстан халқының азаматтық таңдауы»; 
 Бесінші (1999 жылдың 21 қаңтары) — «Ұлттық  келісім — Қазақстанның  тұрақтылығының 
жəне дамуының негізі»; 
 Алтыншы (1999 жылдың 10 желтоқсаны) — «XXI ғасырға достықпен жəне келісіммен»; 
 Жетінші (2000 жылдың 15 желтоқсаны) — «Халық  рухының  жəне  мəдениетінің  дамуы — 
Қазақстанның мемлекеттік тəуелсіздігін нығайтудың негізі»; 
 Сегізінші (2001 жылдың 24 қазаны) — «Он  жыл  тəуелсіздік:  тыныштық,  прогресс  жəне 
келісім»; 
 Тоғызыншы (2002 жылдың  қарашасы) — «Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  стратегиясы: 
ұлттық келісім, қауіпсіздік, азаматтық тыныштық»; 
 Оныншы (2003 жылдың 23 желтоқсаны) — «Қазақстанның  этникааралық  келісімінің  үлгісі: 
тəжірибе жəне болашақ»; 
 Он  бірінші (2005 жылдың 22 қарашасы) — «Этносаралық  қарым-қатынасты  реттеу 
саласындағы мемлекеттік саясат: отандық жəне шетелдік тəжірибе»; 
 Он  екінші (2006 жылдың 24 қазаны) — «Қоғамдық  келісімді  жəне  тұрақтылықты  əрі  қарай 
нығайту үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін арттыру»; 
 Он үшінші (2007 жылдың 20 тамызы) — «Ассамблеяның аты озған күн»; 
 Он төртінші (2008 жылдың 23 қазаны) — «Елдің қуаты — халықтың бірлігінде». 
Ассамблея:  мəдени-ағартушылық — тілдер  мен  ұлттық  мəдениеттерді,  салт-дəстүрлерді  қайта 
жаңғырту жəне насихаттау; тəрбиелік — қазақстандық жəне ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру; 
ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды 
мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік 
саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады. 
Өткен  жылдар  аралығында  елдің  ұлттық  саясаты  өзінің  демократиялық,  бейбіт  жасампаздық 
жəне  прогрессивті  бағытымен  сипатталды.  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  қазақстандық  қоғамның 
белсенді  бөліктерінің  бірі  бола  отырып,  оған  қажетті  энергия  мен  қозғалыс  береді.  Ассамблеяның 
сессияларында  туатын  азаматтық-қоғамдық  бастамашылықтардың  саяси  жүйеге  қол  жеткізуі 
қазақстандық  қоғамның  өмір  сүру  шартының  бірі  болып  табылады.  Ассамблеяның  қолдауымен 
қоғамда  тұрақтылық  қамтамасыз  етілді  жəне  көлемді  реформаларға  қуатты  импульс  берілді,  ол 
Қазақстанның алдағы жылдардағы даму логикасын анықтады. 
Қазіргі  кезде  Ассамблея  этносаралық  жəне  конфессияаралық  қатынастар  саласындағы 
мемлекеттік  саясатты  жүзеге  асыруда  маңызды  құралға  айналып,  елімізде  тұрып  жатқан  барлық 
этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші алаң рөлін атқаруда. Он төрт жылдың 

171 
ішінде  аталған  құрылым  қоғамдағы  тұрақтылықты  сақтаушы  құралға  айналғанын  уақыттың  өзі 
дəлелдеді. Ал Ассамблеяның негiзгi бағыты барлық этностық топтарды ортақ мақсатқа жұмылдыру 
болып  табылады.  Бұл  құрылымның  өмiршеңдiгiнiң  ең  басты  ерекшелiгi — ол  этностық  топтардың 
қызметiн бақылаумен айналысатын қарапайым  ұйымға  ғана  айналып  қоймай, елiмiздегi барлық ұлт 
пен  ұлыстың  мүдделерiн  бiр  арнаға  тоғыстырушы,  барлық  азаматтардың  этностық,  дiни 
ерекшелiктерiне  қарамастан,  құқығы  мен  бостандығын caқтаушы  толыққанды  саяси  институтқа 
айналуында жатыр. 
Кеңес  Одағының  құрамынан  шыққан  Тəуелсiз  Қазақ  елiне  көптеген  беделдi  сарапшылар 
ядролық  қаруға  сүйене  отырып,  қатал  державалық,  саясат  жүргiзедi  деп  баға  берiп,  қауiп  күткені 
белгiлi. Алайда қоғамда демократиялық құндылықтар орнату жəне азаматтық қоғам құру бағытында 
батыл iс-қимылға көшкен Қазақстанның Семей ядролық полигонын жабуы, əлемде төртiншi орында 
деп  ресми  бағаланған  ядролық  арсеналынан  бастартуы  ғаламдық  саясаттағы  қайталанбас  оқиға 
ретiнде  мойындалды.  Қазақстан  өзiнiң  алдына  қойған  негiзгi  мақсаты  бейбiт  өмip,  келiсiмдi  қoғaм, 
ынтымақтастық пен бірігу екенін дəлелдедi. Қазақстанның ТМД шеңберiнде жүргiзiп отырған бiрiгу 
саясаты  мен  ЕурАзЭҚ,  АӨСШК,  Əлемдiк  жəне  дəстүрлi  дiндер  съездерi  сияқты  тың  бағыттары 
елiмiздi  халықаралық  қауымдастықта  танымал  елге  айналдырды  жəне  посткeңecтік  кеңiстiктегi 
экономикалық жəне саяси тұрғыда ең қарқынды дамушы мемлекет ретiнде бағалануына оң ықпалын 
тигiздi. 
Алып  мемлекет  ыдырап,  оның  аумағынан  тəуелсiз  елдер  пайда  болған  кезеңде  ел  басшылығы 
алдында жүзеге асуы өте қиын маңызды мiндeттep — орталықтанған жүйеден шыққан, мешел күйге 
түскен  шаруашылықты  аяғынан  тұрғызу,  бодандық  сана-сезiмнен,  тоталитарлық,  жүйенiң  бойды 
əбден меңдеген енжарлық, масылдық қамытынан босатып, қоғамға демократиялық тетiктердi енгiзу, 
нapықтық  өтпелi  кезеңде  əлеуметтік  ауыр  жағдайдың  негiзiнде  туындауы  ықтимал  iшкi  этностық 
қақтығыстарға жол бермеу, тағы басқа да мəселелер тұрды. 
Жұрттың бəрi байыбына барып, тереңіне бойлай қоймаған бостандықтар берiлген тəуелсіздiктiң 
алғашқы  жылдары  мемлекетаралық  егестерге,  ұлтшылдық  сезiмнiң  өріс  алмауына,  қоғамдағы  бiр 
топтың  келесi  топқа  қысым  жасауына  жол  бермеу  қажеттiлiгi  күн  тəртiбiне  қойылды.  Елбасы 
Н.Ə.Назарбаевтың  басты  мақсаты  қоғамдағы  барлық  этностардың  толықтай  құқығы  мен 
бостандығын сақтай отырып, жергiлiктi ұлтқа негiзделген жоғары əлеуеттi қоғам құру болды. 
Тоқсаныншы  жылдардың  бiрiншi  жартысында  елдегi  жаппай  орын  алған  əлеуметтiк-
экономикалық  дағдарыс  саяси  дағдарысқа  ұласты,  Қазақстанда  елдiң  болашақ  даму  жолын, 
мемлекеттiң саяси бағдарын таңдау жөнiнде пiкiрлер сан-салаға жарылып, түрлi саяси партиялар мен 
қоғамдық ұйымдар сан алуан жолдарды жүзеге асыруды талап eттi. Партияаралық күpec белең алып, 
əр  тарап  аталған  үдерiске  тұрғындарды·өз  жағына  тарту  мақсатында ic-əрекет  жасады.  Қазiргi 
yaқытқa дейiн кейбiр проблемалары шешiлмей келе жатқан мемлекеттiк тiл, мемлекеттiк сəйкестiлiк, 
жерге деген  жекеменшiк  құқық мəселелерi туралы қоғамда тұтас пікip қалыптаспай, түрлi топ жан-
жаққа  тартты.  Сондықтан  тəуелсiздiктiң  ең  алғашқы  күндерiнен  бастап  Қазақстан  халқын  ортақ 
мақсатқа  жұмылдыру,  барлық  этностық  топтардың  тең  құқықта  тұрмыс  кешуiне  жағдай  жасау 
мемлекеттiк ұлттық саясаттың басты əpi басым бағытына айналды. Ал кез келген мемлекеттiң саяси-
экономикалық  тұрақты  дамуының  басты  шарты  тату  этносаралық  қарым-қатынас  қалыптастыру 
екендігі тарихи тұрғыдан өзін толық дəлелдеген болатын. 
Жоғарыда аталған  жағдайлар тұрғысынан қарасақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы 
еліміздегі  этносаралық  қатынастарды  реттеп,  сəйкестендіріп  отыратын  жүйе  қалыптастырды. 
Сонымен  қатар  Ассамблея  сол  кезеңде  демократиялық  жаңаруларды  бастан  кешіп  жатқан 
Қазақстандағы  азаматтық  қоғамның  алғашқы  қарлығашы  болғаны  даусыз.  Қазіргі  таңда  Қазақстан 
халқы  Ассамблеясының  тікелей  күш  салуыменен  этносаралық  қатынастар  саласын  саясаттан  тыс 
сақтап, азаматтық қоғам қалыптастыру мақсатында жұмыс жүргізіліп отыр. 
Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасуы бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезең — 1995–
2002  жылдардың  аралығы.  Соңғы  қабылданған  жаңа  Конституцияда  мемлекеттік  тұғырдың  басым 
бағыттары  деп  жалпы  азаматтық  қағидаттар  толықтай  қарастырылды.  Бұған  дейінгі  Ата  Заңдағы 
қазақстандықтарды  байырғы  ұлт  жəне  кейіннен  қоныс  аударған  этностар  деп  екіге  бөлу 
қысқартылып, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі жарияланды. Аталған мəселелер қоғамның бірігуін 
жеделдетіп,  ел  тұрғындары  тарапынан  толықтай  қолдауға  ие  болды.  Жаңа  Конституцияның 14-
бабына  сəйкес  заңнамалық  деңгейде  этностардың  ұлтына,  тіліне,  дініне,  нəсіліне  қарамастан,  тең 
құқықтылықты қамтамасыз етті. 

172 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  біріктіруші  күші,  еліміздегі  барлық  этностарды 
жұмылдырушы  қасиеті  мемлекеттік  ұлттық  саясаттың  басты  тұғырына  айналды.  Ассамблея 
этномəдени бірлестіктерді дамыта отырып, саяси, құқықтық жəне мəдени бағытта қазақстандық жаңа 
үлгіні  тəжірибеге  енгізді.  Ассамблея  тоталитарлық  «біркелкілік»  жүйесінен  шыққан  этностардың 
дəстүрі, тілі мен мəдениетін қалпына келтіруге, дамытуға толық жағдай жасалуына күш салып, халық 
ықыласына  бөленді. «Саналуандық  арқылы  бірлікке»  деген  бағытта  этносаралық  қатынастың 
қазақстандық үлгісі қалыптасты. 
Екінші  кезең — 2002 жылдан  бастап  қазіргі  уақытқа  дейінгі  қоғамды  жұмылдыру  кезеңі. 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  ел  экономикасының  қайта  түлеп,  тұрақты  даму  қарқынына  ілесуі, 
қоғамды  демократияландыру  үрдістерінің  жедел  дамуы  кезеңінде  маңызды  қоғамдық-саяси 
мəселелерді  шешуде  алдыңғы  қатардан  көрінді.  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  мемлекеттік 
дамудың көптеген мəселелеріне араласуы этностық негізде партиялар құру, этносаралық қатынастар 
саласын  саясаттандырудан  сақтауға  негіз  болды.  Осы  кезеңде  орта  мерзімге  арналған  Қазақстан 
халқы  Ассамблеясының  Стратегиясы,  Тілдерді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасы, «Қоғамды 
жұмылдыру  идеясы  Қазақстан  дамуының  шарты  ретінде»  тұжырымдамасы  қабылданып,  жүзеге 
асырылып  жатыр.  Қоғамның  этностық  ресурсы  ел  экономикасын  дамытуға,  əлеуметтік  мəселелерді 
шешу мен Қазақстан қоғамының рухани мүмкіндіктерін дамытуға бағытталуда. 
2007  жылдың 21 мамырда  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  барлық  өкілді  билік 
тармақтарының  рөлін  елеулі  өзгертетін  конституциялық  түзетулерді  қабылдаған.  Конституциялық 
бағдарламаның басты жаңа енгізілімі — Парламент Мəжілісінің депутаттар санын 107 адамға дейін 
көбейтіп,  оның 9-ы  Қазақстан  халқы  Ассамблеясымен  сайланатындығы.  Бұл  қадам  Ассамблеяның 
рөлін  жоғарғы  дəрежеге  көтеретіні  сөзсіз.  Қазақстан  аумағында  тұратын,  көлемді  этностардың 
өкілдерінен  Парламент  депутаттар  санын  көбейту  жолымен  Ассамблея  үшін  арнайы  орындарды 
енгізу мүмкіндігін туғызды. 
Сонымен  қатар  тағы  бір  атап  кететін  мəселе,  Конституцияға  енгізілген  толықтыруларда 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  емес,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  туралы  сөз  болып  жатқанын 
ескеру  қажет.  Президент  Жарлығымен  құрылған,  осы  уақытқа  дейін  бізге  мəлім,  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясы болған. Бұл түзету маңызды, өйткені біздің Конституциямыз «Бiз, ортақ тарихи тағдыр 
бiрiктiрген  Қазақстан  халқы...»  деп  басталады.  Еліміздің  халқы  біртұтас,  бірақ  біздің  халық  ұлттық 
құрамы  бойынша  сан  алуан.  Осылай  тарихи  қалыптасып  кеткен.  Жəне  де  бұл  түзету  Республика 
Конституциясына  сəйкес  келеді.  Сонымен  бірге  ескеретін  жағдай,  ол  Ассамблеяны  барлық  жылдар 
бойы  мемлекет  басшысы  Н.Ə.Назарбаев  басқарады.  Осымен  де  басынан  бастап  бұл  органның 
маңызды  екенін  білдірді.  Сонымен  қатар  Республиканың  Бірінші  Президентінің  мəртебесін 
анықтайтын, 2000 жылдың 20 шілдедегі  қабылданған  «Қазақстан  Республикасының  Бірінші 
Президенті  туралы»  Конституциялық  заңның 1-бабы 2-тармағына  сəйкес,  Ассамблеяны  ғұмырлық 
басқару  құқығына  тарихи  маңызды  міндетіне  байланысты  Республиканың  Бірінші  Президенті  ие. 
Осылайша, Қазақстан халқы Ассамблеясы заңға тəуелді актісімен құрылған консультативтік кеңесші 
органнан өркенді дамып, конституциялық мəртебедегі органға дейін эволюциялық жолмен өтті. 
2007  ж. 20 тамызында  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  ХІІІ  сессиясы  болып  өтті.  Онда 
Ассамблея мүшелері Парламент Мəжілісіне өз қатарынан 9 депутат сайлады: Мұрат Ахмадиев (ұлты 
ұйғыр),  Валерий  Винниченко  (украин),  Егор  Капель  (неміс),  Раиса  Полищук  (орыс),  Леонид 
Питаленко  (белорус),  Қайрат  Садуақасов  (қазақ),  Рузакұл  Қалмұратов  (өзбек),  Людмила  Хачиева 
(болгар),  Виктор  Цой  (корей).  Одан  соң  Қазақстан  Республикасының  Президенті,  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының  Төрағасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  сөз  сөйледі [5]. Ассамблеяның  болашағы  туралы 
Президент бұл ұйымның қазір мүлде жаңа кезеңге аяқ басқанын жəне ол біздің еліміздің дамуының 
алдына  жаңа  мақсаттар  қоюының  логикалық  жалғастығы  іспеттес  екендігін  айтты.  Өйткені  сайып 
келгендегі  біздің  мақсатымыз — қоғамды  одан  əрі  ұйыстыру  жəне  біртұтас,  бəсекеге  қабілетті 
Қазақстан  ұлтын  қалыптастыру.  Қазақстандықтар  болашақта  əлемнің  кез  келген  түкпірінде  өмір 
сүріп,  оқып,  жұмыс  істей  алсын.  Бірақ  олардың  жүрегінде  Сарыарқаға,  Жетісуға,  Каспий  мен 
Алтайдың аңызақты далаларына деген мəңгілік махаббат оты жанып тұруы керек. Олар өзінің бейбіт 
жолмен  гүлденіп  келе  жатқан,  белгілі  жəне  құрметті  елдерімен  мақтанулары  керек.  Міне,  халықты 
осы мақсатқа тəрбиелеу Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеті болмақ. 
Елбасы  одан  əрі  осы  мақсатқа  жету  үшін  Ассамблеяның  алдында  қандай  міндеттер  тұрғанын 
атап өтті. Сөзінің соңында Президент Ассамблеяның конституциялық мəртебесі өскен соң ол туралы 
жеке заң қабылдау қажеттігін айтып, Ассамблеяның негізгі мақсаты азаматтық қоғамның негізіндегі 
біртұтас Қазақстан ұлтын құруға бағытталған идеологиялық курсты қолдауға бағытталсын деді. 

173 
2008 жылдың 17 тамызында Мəжіліске келіп түскен заң жобасы алдын ала Қоғамдық палатада 
талқыдан  өткізілген  болатын.  Талқылау  барысында  депутаттар  тобы  Ассамблеяның  мақсатына 
қатысты  пікірлер  білдірді.  Сөйтіп,  біраз  талқылаудан  соң  заң  жобасы  тұтастай  мақұлданды. 
Мемлекет  басшысының  берген  тапсырмасына  сəйкес 2008 ж. 1 қазанында  Парламент  Мəжілісінің 
отырысында  «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  туралы»  заңнама  жобасын  «Жаңа  Қазақстан» 
депутаттық тобы ұсынды. 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  үшін 2008 жыл  өте  маңызды,  нəтижелі  жыл  болды — 
Ассамблеяның бейбітшілік пен келісімді нығайту бағытындағы рөлін нормативтік-құқықтық тұрғыда 
үйлестіретін  «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  туралы» 2008 ж. 20 қазанында  Қазақстан 
Рееспубликасының  Заңы  қабылданды.  Осы  Заң  Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  ұлттық 
саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік жəне қоғамның 
азаматтық  институттарының  этносаралық  қатынастар  саласындағы  өзара  іс-қимылының  тиімділігін 
арттыруға  бағытталған  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  мəртебесін,  оны  қалыптастыру  мен 
жұмысын ұйымдастыру тəртібін айқындайды. 
Заңның 1-бабында  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  құқықтық  мəртебесі  берілген.  Қазақстан 
халқы  Ассамблеясы  заңды  тұлға  құрылмай,  Қазақстан  Республикасының  Президенті  құратын, 
мемлекеттік  ұлттық  саясатты  əзірлеуге  жəне  іске  асыруға  ықпал  ететін  мекеме (1-бап, 1-тармақ). 
Ассамблея  өз  қызметін  Қазақстан  Республикасының  бүкіл  аумағында  жүзеге  асырады.  Бұл  Заң 
бойынша  Ассамблеяның  мақсаты  қазақ  халқының  топтастырушы  рөлін  арқау  ете  отырып, 
қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық жəне рухани-мəдени ортақтығы негізінде 
қазақстандық  азаматтық  бірдейлікті  жəне  бəсекеге  қабілетті  ұлтты  қалыптастыру  процесінде 
Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады. 
Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеттері: 
-  этносаралық  қатынастар  саласында  мемлекеттік  органдармен  жəне  азаматтық  қоғам 
институттарымен  тиімді  өзара  іс-қимылды  қамтамасыз  ету,  қоғамда  этносаралық  келісімді  жəне 
толеранттықты одан əрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау; 
-  халық  бірлігін  нығайту,  қазақстандық  қоғамның  негіз  қалаушы  құндылықтары  бойынша 
қоғамдық келісімді қолдау жəне дамыту; 
-  қоғамдағы  экстремизмнің  жəне  радикализмнің  көріністері  мен  адамның  жəне  азаматтың 
құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған əрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік 
органдарға жəрдемдесу; 
- азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мəдениетін қалыптастыру; 
- Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномəдени жəне өзге де қоғамдық 
бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету; 
-  Қазақстан  халқының  ұлттық  мəдениетін,  тілдері  мен  дəстүрлерін  өркендету,  сақтау  жəне 
дамыту болып табылады. 
Қазақстан халқы Ассамблея қызметінің принциптері болып келесілер табылады: 
а) адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы; 
ə) халық пен мемлекет мүдделерінің басымдылығы; 
б)  нəсіліне,  ұлтына,  тіліне,  дінге  деген  қатынасына,  нанымдарына  немесе  кез  келген  өзге  де 
жағдайларына қарамастан, адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі; 
в)  Ассамблея  мүшелерінің  тең  құқылығы  жəне  оның  құрамындағы  қызметі  үшін  дербес 
жауапкершілігі; 
г) жариялылық. 
Қазақстан  халқы  Ассамблея  қызметінің  негізгі  бағыттары:  мемлекеттік  ұлттық  саясатты 
əзірлеуге  жəне  іске  асыруға  жəрдемдесу;  қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыруға  жəрдемдесу; 
мемлекеттік тілді жəне Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту; этносаралық саладағы өңірлік 
саясатты жетілдіру; демография жəне көші-қон саласындағы жоспарлар мен іс-шараларды əзірлеуге 
жəне  іске  асыруға  қатысу;  елде  жəне  шет  елдерде  этносаралық  жəне  конфессияаралық  келісімнің 
қазақстандық  моделін  насихаттау;  этносаралық  келісімге  қол  жеткізуге  бағытталған  ағартушылық 
жəне  баспа  қызметін  жүзеге  асыру;  этносаралық  қатынастар  жай-күйінің,  оның  ішінде  мемлекеттік 
тіл  мен  Қазақстан  халқының  басқа  да  тілдерін  қолдану  саласында  мониторингті  жүзеге  асыру; 
мемлекеттік ұлттық саясат мəселелері жөніндегі заң жобаларына қоғамдық-саяси сараптама жасауға 
қатысу; шет елдердегі қазақ диаспорасына ана тілін, мəдениеті мен ұлттық дəстүрлерін сақтау жəне 
дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарын нығайту мəселелерінде қолдау көрсету; этносаралық 
қатынастар  саласындағы  келіспеушіліктер  мен  дауларды  реттеу,  қақтығысты  жағдайларды 

174 
болдырмау  жөнінде  ұсынымдар  əзірлеу  жəне  практикалық  шараларды  іске  асыру  жəне  оларды 
шешуге  қатысу;  этномəдени  қоғамдық  бірлестіктерге  əдістемелік,  ұйымдастырушылық  жене 
құқықтық  көмек  көрсету;  этносаралық  қатынастар  мəселелері  бойынша  мемлекеттік  органдар  мен 
қоғамдық  бірлестіктердің  диалогын  қамтамасыз  ететін  семинарлар,  конференциялар  өткізу,  өзге  де 
іс-шараларды жүзеге асыру; этносаралық жəне конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мəселелері 
бойынша  азаматтық  қоғам  институттарымен  жəне  халықаралық  ұйымдармен  өзара  іс-қимыл  жасау; 
Қазақстанның басқа  да  этностарына  өздерінің  тарихи  отанымен  байланысын дамытуға  жəрдемдесу; 
этносаралық  келісімге  жəрдемдесетін  жəне  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  қайшы 
келмейтін өзге де қызмет болып табылады [6]. 
2008 ж. 23 қазанында  Астанадағы  бейбітшілік  жəне  келісім  сарайында  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының ХІV сессиясы болып өтті. Оның тақырыбы: «Елдің қуаты — халықтың бірлігінде». 
Бұл  үлкен  форум  осы  айрықша  қоғамдық  институттың  алдында  тұрған  міндеттерін  талқылап,  одан 
əрі  дамудың  жолдарын  анықтады.  Біздің  этносаралық  жəне  конфессияаралық  келісімді  нығайту 
тəжірибеміз  көптеген  елдер  үшін  пайдалы  болмақ.  Оны  кең-байтақ  еуразиялық  кеңістіктегі  барлық 
қақтығыстан кейінгі қоғамда қолдануға болады, — деді Мемлекет басшысы [7]. 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  елдегі  бейбітшілік  пен  келісімді  сақтауға  жəне  нығайтуға 
айрықша  құнды  үлес  қосты.  Біздің  ортақ  Отанымыз — Қазақстанның  қазіргідей  қарыштап  дамып 
отырғаны — елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. 
2008  жылдың 2 желтоқсанында  Астанада  мəдениеттер  мен  діндер  халықаралық  орталығы 
ашылды. Жаңа орталықтың ашылуына орай «Діндер сұхбатынан өркениеттердің өзара түсіністігіне» 
тақырыбында ғылыми-тəжірибелік конференция өтті. Оған шетелдік мамандар да қатысты. Жиында 
толеранттық,  этносаралық  жəне  дінаралық  тұтастық,  қазіргі  қоғам  тұрақтылығы  мен  қауіпсіздік 
мəселелері  қаралды.  Осы  қасиеттерді  сақтаумен  қатар,  одан  əрі  жетілдіру  жаңадан  ашылған 
орталыққа  жүктеліп  отыр.  Оны  құруды  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  əлемдік  жəне  дəстүрлі  діндер 
жетекшілерінің ІІ-ші съезінде ұсынған болатын. Мəдениеттер мен діндер орталығы ұлттар арасында 
бейбітшілік  орнатқан  қазақстандық  тəжірибені  таратып,  мəдениетаралық  диалогтың  əлемдік 
тəжірибесімен салыстыра зерттеуді көздейді. 
Ассамблея  жанынан  дүниеге  келген  келесі  ірі  жоба — қоғамдық  қор.  Аталған  қор  еліміздегі 
тұрақтылық пен келісімді нығайтуға бағытталған əр түрлі жобаларды қаржыландырумен айналысуды 
көздеп  отыр.  Қазіргі  кезде  қордың  тікелей  қаржысына  Ассамблеяның  қызметі  мен  этносаралық 
қатынастар саласындағы атқарылған іс-шаралар туралы баяндайтын «Менің елім» журналы тіркеуден 
өтіп,  алғашқы  нөмірі  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінің  ғылыми 
кітапхана  қорына  сыйға  тартылды.  Журналдың  бұл  нөмірінде  Қазақстан  халқының  өмірі,  ел 
тұрғындары мен біздің ортақ тағдырымыз туралы əңгіме өрбітілген. 
2009  жылдың 6 наурызда  Қазақстан  Республикасынын  Президенті  Н.Ə.Назарбаев  «Дағдарыс 
арқылы  жаңару  мен  дамуға»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында  барша  қазақстандықтардың 
өркендеуі,  қауіпсіздігі  мен  əл-ауқатының  жақсаруы  біздің  мемлекетіміз  үшін  аса  маңызды 
үштұғырлы  міндет  болып  қала  береді.  Дағдарыс — біздің  бірлігіміз  бен  татулығымыздың  бекемдік 
деңгейін  сараптап,  талдаушы  күш.  Сондықтан  бүкіл  қоғам  болып  ортақ  қиындықтарды  жұмыла 
көтеру  бағытында  аянбай  еңбек  етуге  тиіспіз.  Алайда  дағдарысты  еңсерудегі  табысымыздың  жəне 
Қазақстанның жаңа белестерге шығуының негізгі шарты қоғамның ішкі бірлігі мен топтасуы болып 
қала  бермек.  Барлық  алға  қойған  мақсаттарға  қазақстандықтардың  бірлігінің  арқасында  ғана  қол 
жеткізе аламыз. Осындай күрделі уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясының атқаратын рөлі ерекше 
деп көрсетті. 
Этносаралық жəне конфессияаралық келісімнің қазақстандық тəжірибесі посткеңестік кеңістікте 
ең  сəтті  үлгілердің  бірі  ретінде  танылып  отыр.  Елде 3200-ге  жуық  мешіт,  шіркеулер  мен 
ғибадатханалар  жұмыс  істейді.  Мəдениеттер  мен  діндердің  халықаралық  орталығы  құрылды. 
Мемлекеттің қолдауымен Ислам мəдениеті мен білім беру қоры құрылуда. 
2009 жылдың 1 шілдесінде Астана қаласының Бейбітшілік сарайында Президент Н.Ə.Назарбаев 
Əлемдік  жəне  дəстүрлі  діндер  лидерлерінің  ІІІ-ші  съезін  ашты.  Съезд  «Толеранттылыққа,  өзара 
құрмет  пен  ынтымақтастыққа  негізделген  əлемді  тұрғызудағы  діни  жетекшілердің  рөлі»  тақырыбы 
бойынша алқалық сессия өткізді. 
Елбасы  Қазақстан  халқының  діни  жəне  этносаралық  татулықты  ту  еткен  асыл  қасиеттерін 
əрдайым  мақтан  тұтамыз,  бұл  жетістігімізді  əлем  жұртшылығына  үлгі  етуге  ұмтыламыз  деді.  Егер 
2006 жылы бұл форумға 29 делегация қатысса, 2009 жылы əлемнің 35 елінен 77 делегация жиналды. 

175 
Сан  ғасырлар  бойы  түрлі  этностар  мен  діни  нанымдардың  рухани  мұрасымен  кемелденген 
Қазақстанның  біртұтас  халқы  өз  бойына  толеранттылық,  діни  төзімділік  жəне  жаңа  атаулыны 
қабылдауға  деген  ашықтық  секілді  қасиеттерді  қалыптастырған.  Қазақстанның  Біріккен  Ұлттар 
Ұйымы  қолдау  білдірген  айтулы  бастамаларының  бірі 2010 жылды  «Халықаралық  мəдениеттер 
жақындасуының  жылы»  деп  жариялау  болды.  Қазір  елімізде  əзірленіп  жатқан  Ұлттық  бірлік 
доктринасының  аясында  біртұтас  қазақстандық  мемлекеттілікті  қалыптастыру  процессі  жүзеге 
асырылады. Еліміз 2010 жылы төрағалық ететін Еуропадағы Қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы 
үштігінің  қатарына  қосылды, 2011 жылы  Қазақстан  Ислам  Конференциясы  ұйымына  басшылық 
етеді.  Бұл  ұйымдарға  төрағалық  етіп,  Шығыс  пен  Батыс  арасына  байланыс  көпірін  орнату  үшін 
келісім  өркениеті  мен  этностандарттар  өз  елімізде  қалыптасуы  шарт.  Осыған  сəйкес  Ассамблея 
аясында Ғылыми-сараптамалық кеңес құрылды. Оған 33 ғалым мүше қабылданды. 
Жаңа дүние құрылысының негіздері туралы Елбасы өз пікірін былай білдірді: 
 біріншіден, бұл əділ экономикалық модель; 
 екіншіден, бұл мемлекеттер арасындағы өзара қатынастардың əділ саяси моделі; 
 үшіншіден, бұл жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген жаңа көзқарас; 
 төртіншіден, жаңа дүние тəртібі жоғары адамгершілік пен руханилықсыз мүмкін емес. 
Нақ осылар дағдарыстан кейінгі дүниені қайта құрудың басты тетіктері болуы тиіс. Əр халықтың 
мəдениетінде бар  жақсының  бəрі бүкіл  адамзаттың игілігі  болуы  керек. Тек  əділ дүние тəртібі ғана 
адамзат  қоғамы  өркендеуінің  негізі  бола  алады.  Астанада  құрылған  Мəдениеттер  мен  діндер 
халықаралық орталығының қызметі нақ осыған бағытталуы тиіс [8]. 
Бүгінгі  таңда  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы — ұйымдық  құрылым  ғана  емес,  ол  біздің 
өміріміздің ажырамас бөлігі, біздің тыныштығымыз бен бірлігіміздің белгісі. Қазақта «Отаны бірдің 
—  тілегі  бір,  жүрегі  бір»  деген  жақсы  сөз  бар.  Жүзі  басқа  болса  да  жүрегі  бір,  тілі  басқа  болса  да 
тілегі  бір,  атасы  басқа  болса  да  Отаны  бір,  қаншама  ұлттар  мен  ұлыстарды  біріктіріп,  дүние  жүзі 
мойындап  отырған  Қазақстан  атты  елміз.  Өткен  жылдар  ішінде  Қазақстан  халқы  этностық, 
конфессиялық  ерекшелігіне  қарамастан,  ортақ  мүдде  мен  өзара  түсінушілігі  қалыптасқан  біртұтас 
халық  ретінде  қалыптасты  деп  айтуға  болады.  Көп  ұлтты  ел  болуымыз — біздің  байлығымыз, 
мақтанышымыз. Өз халқын сүйген адам ғана оның тағдыры үшін алаңдай алады. 
Мемлекетті,  оның  қауіпсіздігін  одан  əрі  нығайтып,  экономиканың  тұрақты  дамуы  мен  əл-
ауқатының  артуын  қамтамасыз  ету  үшін  Қазақстанға  ұзақ  мерзімді  тұрақтылық,  бейбітшілік  пен 
келісім  керек.  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  өзі  бұл  үрдіске  мұқият  көңіл  бөліп 
отыруы  тегін  емес.  Тек  тыныштық,  ұлтаралық  татулық,  бірлік,  түсіністік  болса  ғана,  бəріне  қол 
жеткізуге болатынын өмірдің өзі дəлелдеп беріп отыр. 
Кеңестік дəуірдің өзінде «Қазақстан — халықтар достығының лабораториясы» атануы кездейсоқ 
емес  еді.  Ұлы  даланың  гуманистік  философиясын  ғасырлар  бойы  адамдар  арасындағы  қатынастың 
өлшемі  ретінде  меңгерген  қазақ  халқы  тəуелсіздіктің 17 жыл  ішінде  еліміздегі 130-дан  аса  ұлт 
өкілдерімен  полиэтникалық  қоғамның  қазақстандық  моделін  қалыптастырды  жəне  іс  жүзінде  оны 
бекіте  түсті.  Осы  тұрғыдан  қарағанда,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  ұлттық  саясат  саласындағы 
институт ретінде Республика Президентінің басшылығымен конституциялық органдар жүйесінде өте 
зор рөл атқаруда. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Полатович  Т.С.  Қазақстан  Республикасында  халықаралық  құқық  институттарының  нормаларын  қолдану // Наука  и 
образование — 2008: Сб. материалов междунар. науч. конф. молодых ученых (25–26 апреля 2008 г.). — Ч. 3. — Астана: 
ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2008. — 135–137 б. 
2.  Тоғжанов Е. Бірлік пен ынтымақтастықты нығайту // Егемен Қазақстан. — 2009. — № 154–157. — 1 мамыр. 
3.  1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы. — Алматы: ЖШС «Норма-К», 2009. 
4.  Сарпеков Р.Қ. 
Ассамблеяның 
қалыптасуы 
жəне 
оның 
құқықтық 
даму 
мəселелері // 
http://www.parlam.kz/sitedep/sarpekov. 
5.  Ассамблеяның аты озған күн // Орталық Қазақстан. — 2007. — № 136. — 23 тамыз. 
6.  Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» № 70 Заңы // Егемен 
Қазақстан. — 2008. — 21 қазан. 
7.  Елдің қуаты — халықтың бірлігінде // Егемен Қазақстан. — 2008. — № 322,323. — 24 қазан. 
8.  Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезі // Егемен Қазақстан. — 2009. — 2 шілде. 
 

176 
ƏОЖ 341:336.22 
С.К.Амандықова, Г.Г.Жазыбаева 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет