МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
В статье рассматривается конституционно-правовое закрепление института государст-
венной собственности в РК и зарубежных странах. Затронуты проблемы управления госу-
дарственной собственностью в условиях происходящих экономических преобразований.
In the article constitutional-legal fastening of institute of a state ownership in the Republic of Ka-
zakhstan and foreign countries is considered. Problems of management by a state ownership in the
conditions of occurring economic transformations are mentioned.
Меншік институты көптеген құқық салаларының нормативтік-құқықтық реттеуінің объектілері
қатарына жатады. Бірақ меншіктің негізгі құқықтық реттелуінің бастауы болып əрқашанда
мемлекеттің Негізгі Заңы — Конституция саналады.
Нақты өмірде меншік көпжақты құбылысты білдіргендіктен, оның мазмұнын көрсететін, ашатын
түсініктер де көпжақты болып келеді. Бірақ қоғамдық өмірде меншіктің маңыздылығын көрсететін
жақтары ретінде экономикалық жəне құқықтық категориялар ретіндегі сипатын айтуға болады [1; 3].
Экономикалық категория ретінде меншік адамдар арасындағы өндірістік құралдар мен
өнімдерге, материалдық игіліктерді қолдануға, иеленуге жəне басқаруға байланысты туындайтын
қатынастарды білдіріп отырады. Сондықтан экономикалық категория ретінде меншік нақты
материалдық құндылықтар, өндірістік құралдар мен өнімдерге байланысты адамдар арасындағы
қатынастарды білдіретіні анық жағдай. Меншіктің экономикалық категория ретіндегі сипаты оның
екі тұрғыдан қарастыру қажеттілігін тудыртып отырады. Оларға меншіктің тарихи қалыптасқан
қоғамдық-экономикалық формациядағы қоғамдағы барлық экономикалық-өндірістік қатынастардың
кең түрдегі ұғымы жатса, екіншісі нақты затқа байланысты туындайтын материалдық қатынастарды
білдіреді. Осы қатынастардың мазмұны материалдық игіліктермен, мүліктермен немесе нақты затты
еркін иелену, қолдану жəне басқару кезінде ашылады жəне экономикалық категория ретіндегі меншік
құқықтық категория ретіндегі меншік ұғымымен тығыз байланысты. Сондықтан құқықтық категория
ретінде меншікті қарастыру негізінен адамның меншік иесі болу құқығының мəні мен мазмұнын,
меншіктің объектісі мен субъектісін анықтау, меншік нысандарының құқықтық бекітілуіне жəне
құқықтық реттелуіне, құқық нысандарының мемлекеттік қорғау мəселелеріне талдау жасау арқылы
айқындалады.
Жалпы құқықтық ғылыми əдебиеттерде меншік құқығы ретінде экономикалық категория
ретіндегі туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы немесе институттар
жүйесі танылады. Меншік құқығының қазіргі уақыттағы түсінігі өзінің түп-тамырымен жəне
талқылануы ежелгі рим құқығынан негіз алып жатыр.
Алғашқы конституциялық денгейде жеке меншік мəселелері Англияның (XVII ғасырдың
ортасында болған) төңкерістерден кейін бекітіле басталды. Бірақ қатаң жəне нақты түрде Ұлы
Француз революциясы кезіндегі қабылданған Адам жəне азаматтын құқықтары туралы Декларация
мен 1793 жылдағы Конституциясында бекітілген болатын. Осы құжаттарда «меншік құқығы əр
азаматтың өзінің мүлкін, кірістерін, еңбегі мен кəсібінің жемістерін өз қалауынша қолдану
мүмкіндігі», «азаматтарға еңбектің, кəсіптің, жер өндеу жəне саудамен айналысуға тыйым салуға
болмайды», сонымен қатар «ешкімде өз меншігінің қандайда бөлігінен келісімінсіз айыруға
болмайды» деп бектіліген болатын [2].
196
Меншік институтының əлеуметтік қызметті атқару сипатында жəне конституциялық-құқықтық
реттелуі Германия империясының 1919 ж. Конституциясында көрінісін тапты. Германияның осы
Конституциясында меншіктің əлеуметтік қызметі «Меншіктің қолдануы қоғамдық мүддеге қызмет
етуі керек» деген норма түрінде бекітілген болатын [1; 9]. Осы нормаға сəйкес меншіктің əлеуметтік
қызметі ретінде конституциялық норма негізінде оған иелену құқығынан басқа, оның басқарылуы
мен бақылау жүргізілу мүмкіндігі жəне меншіктің дамып, ұлғаюына жағдайлар жасауды анықтады.
Еліміздің заңнамасында меншік нысандарының ұғымы жаңа болып саналмайды. Алғашқы рет
КСРО-ның 1936 жылға жəне ҚазССР 1937 жылғы Конституциясында (4–10-баптар) меншік
нысандары кеңінен бекітілген болатын. Кеңестік дəуірдегі конституцияларда меншік нысандарының
ұғымы көп жағдайда заман талабына сай туындайтын қоғамдық қатынастардың басым болуын
қамтамасыз ету үшін бағытталған. Заң түрінде эксплуататорлық емес экономикалық қатынастарға
негізделген əрекет ететін экономикалық жүйені бекітетін меншік нысандары конституциялық
нормаларда бекітілді. Негізгі бекітілген меншік нысандарына мемлекеттік, колхоздар мен кооператив
ұйымдарының, «кəсіподақ жəне өзге де қоғамдық ұйымдардың жарғылық міндеттерін жүзеге асыруға
қажетті» меншік жатқызылды [3; 36]. Аталған меншік нысандарының ішінде тек алғашқы үшеуі ғана
социалистік қоғамдық меншік болып саналды жəне де əрекет етіп жатқан экономикалық жүйенің
негізгі сипатын білдірді. Жалпы алғанда кеңестік дəуірдегі меншікті конституциялық реттеу меншік
нысандарының түріне байланысты айырмашылықтарын қатаң түрде бекіту конституциялардың
сипаты болып келді, өйткені конституциялардың мəтінінде мүліктің нақты түрлері бекітілді.
«Мемлекеттік меншік — бүкіл совет халқының ортақ дəулеті, социалистік меншіктің негізгі
формасы. Жер, оның қойнаулары, су, орман тек қана мемлекет меншігіне жатады. Өнеркəсіптегі,
құрылыс пен ауыл шаруашылығындағы негізгі өндіріс құрал-жабдықтары, көлік пен байланыс
құралдары, банкілер, мемлекет ұйымдастырған сауда, коммуналдық жəне басқа кəсіпорындардың,
қаланың негізгі тұрғын үй қоры, сондай-ақ мемлекет міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті басқа да
мүлік — мемлекеттікі (жалпы халықтық)» [3; 36] деп меншік нысандарының арасындағы шекара
қатаң түрде бекітілген болатын. Социализм дəуірінде мемлекеттік меншіктің басымдылығы
болғандықтан, мемлекеттік меншікке жататын объектілердің барлығы нақты түрде конституциялық
нормада бекітіліп қорғалып отырылды. Ал азаматтардың меншігінде ҚазССР-ның 1978 жылғы
Конституциясының 13-бабында «Қазақ ССР азаматтарының өзіндік меншігінің негізін еңбекпен
тапқан табыстары құрайды. Олардың өзіндік меншігінде күнделікті тұрмыс қажетіне, жеке тұтынуға,
тіршілік ыңғайына, қосалқы үй шаруашылығына қолданатын бұйымдары, тұрғын үйі жəне еңбекпен
жинаған қаражаты болуы мүмкін» деп жеке меншіктің тек тұтыну сипатқа ие бола алатынын
экономикалық жүйенің негізінде бекіткен болатын» [3; 36]. Жалпы алған кеңестік конституцияларға
тəн қасиет ретінде «меншік нысаны» терминінің қолдануы экономикалық жүйенің дамуы мен əрекет
етуін қамтамасыз ету үшін қолданылғанын байқауға болады.
КСРО-дағы 1985 жылдан басталған қайта құру процестері меншіктің заңнамада қатаң жəне
иерархиялық сипатта бекітіліген құрылымы мен елдің əлеуметтік-экономикалық дамуының
талаптары бір-бірімен қайшы келуіне себеп болды. Қарама-қайшылықтардың барлығы негізінен
кооперацияның дамуы, бірлескен кəсіпорындардың құрылуы мен нарықты экономиканың жаңа
міндеттерінің бекітілуімен байланысты туындап отырды жəне де осы проблема КСРО-ның
ыдырауына байланысты күшейе бастады. Түбегейлі өзгерістер жасау қажеттілігі басқа да
жағдайлармен бірге Қазақстанның меншік қатынастарын реттеуде жаңа нормалардын енгізуіне себеп
болды. 1993 жылы қабылданған ҚР Конституциясы меншік жəне кəсіпкерлік қатынастарды ретейтін
арнайы тарау бекітіп (II-бөлім қоғам, оның құрылыс негіздері, 8-тарау меншік жəне кəсіпкерлік),
«Қазақстан Республикасының экономикасы сан алуан меншік түрлеріне негізделеді» деп бекітіп
дəстүрлі меншік нысандарын жіктеу тəжірибесінен басқа, ТМД кеңістігіндегі мемлекеттермен
салыстырғанда ауытқыды. Ал 1995 жылғы қабылданған ҚР Конституциясында меншік
нысандарының жіктелу тəжірибесі қайтадан қолданыла басталды жəне ТМД кеңістігіндегі
мемлекетердің бірталайы меншік нысандарын жіктеу тəжірибесін жалғастырды. Оның ішінде Ресей
(РФ Конституциясы 8-бабы) [4], Əзербайжан Республикасы (Əзербайжан Республикасының
Конституциясының 13-бабы) [5] мен Қырғызстан (Қырғыз Республикасының Конституциясы 4-бабы)
[6] конституцияларының конституциялық құрылыс негіздерінің ішінде жеке, мемлекеттік жəне
муниципалдық меншік пен басқа да меншік нысандарының танылатынын жəне қорғалатынын
бекіткен болатын. Ал Украинаның Конституциясы меншік нысандарының жіктеліун көрсетпеумен
қатар «мемлекеттік меншік» ұғымының орнына Украина халқының меншік нысандарының
объектілерін тізіп өтіп, «заңға сəйкес əрбір азамат халықтың табиғи меншік объектілерін қолдануға
197
құқығын бекітіп отыр. Ал мемлекеттік билік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары
Украина халқының атынан Конституцияда бекітілген тəртіп пен шектерде халықтық меншікті
басқаруды жүзеге асырады» деп ерекше конституциялық норма құрылымын қолданған [7].
Мемлекеттердің «меншік» терминін Конституцияға, оның ішінде конституциялық құрылыс
негіздерін бекітетін тарауларға немесе бөлімдерге қосуы осы түсініктің салалық заңнамада көрініс
табуын талап етеді. Бірақ ТМД елдеріндегі конституциялық өзгерістер болғанына 14–16 жыл
өткенімен, «меншік» ұғымының əлі біркелкі түсінігі қалыптаспағанын байқауға болады. Кейбір
ресейлік ғалымдардың (Е.А.Суханов) көзқарасына сай, «меншік нысандары» категориясы —
«құқықтық категорияларға саяси-экономикалық талқылама берілуі» деп атай өтіп, «меншік
нысандарының жоқ екенін, ал оның орнына меншік құқығы өзіне тəн өкілеттіліктері бар жəне əр
түрлі субъектілер иемденетін ұғым» ретінде сипаттайды [8; 384]. Cонымен қатар осы ғалымның
ойына сай, егер меншік нысандарын дегенмен бөліп қарастыратын болса, онда тек жеке меншік пен
көпшілік меншік нысандарын ғана тану қажеттілігіне тоқталады. Цивилист-ғалым К.И.Скловский
аталып өткен көзқарасты қолдай отырып, меншік нысандарының ағымдағы заңнамада бекітілуі мен
талқылауы жағдайында əр түрлі субъектілердің меншік құқығын анықтауды айырмашылықтарды
тудыру мүмкіндігі болады деп, абсолютті құқықтардың қатарына жататын меншік құқығының жүзеге
асырылуына шек келтіруі мүмкін деп атайды. Бірақ меншік нысандары көптеген мемлекеттерде
конституциялық рəсімдеу тапқандықтан, ағымдағы заңнамада меншік нысандарының нақты шектері
мен аумағын анықтау қажет деген тұжырымға тоқталады [9]. Дегенмен, «меншік нысандары»
категориясына деген қарсы көзқарастар болғанымен, осы категорияның жоққа шығарылуы саяси-
экономикалық жүйелерде қайта құруларды жүзеге асырғанда жағымсыз жағдайларға əкеледі деген
В.Д.Мазаевтың көзқарасымен келісуге болады [8; 339].
Жоғарыдағы айтылғандарды қорытындылай келіп, меншік нысандарының конституциялық
бекітілуі оның тек салалық заңнамада ғана дамуын қамтамасыз етіп қоймай, құқықтық доктринада
дамуына ықпал етеді. Ал меншік нысандарының сан алуандылығы олардың теңсіз екенін білдірмейді,
бірақ та олар өздерінің субъектілер құрамымен, объектілерімен, қолдану мақсаты жəне əлеуметтік
қызметінің əр түрлілігімен ерекшеленеді. Меншік нысандарының конституциялық тəжірибеге сай
конституциялық құрылыс негіздерінде бекітілуі жəне көп жағдайда бұл нормалардың өзгерістерге
ұшырамауы меншік нысандары жəне соған сəйкес туындайтын меншік құқықтарының
мызғымастығын жəне кепілдендірілгенін білдіреді.
Меншік институтының даму эволюциясына жасалатын талдау меншік құқығының қазіргі
уақыттағы түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік береді, яғни меншік құқығы ретінде мемлекет
кепілдік беретін, сонымен қатар жалпы қоғам мен жеке индивидтің мүддесі үшін заңмен шектелетін
меншік иесінің затқа немесе басқа да материалдық жəне материалдық емес құндылықтарға
байланысты туындайтын билігі. Келтірілген осы анықтама құқықтық салалардың барлығында бірдей
қолданылады.
Меншік институтының конституциялық-құқықтық реттелу мəселесіне тоқталатын болсақ,
О.Е.Кутафиннің зерттеулері маңызды орын алады. Оның тұжырымдамасына сəйкес, меншікке
байланысты қатынастар өзіндік ерекшеліктерге ие. Бұл ерекшеліктер негізінен мемлекеттің меншік
нысандарын құқықтық бекітуімен байланысты жəне тек конституциялық нормалар ғана мемлекетте
қандай меншік нысандарының танылатынын жəне кепілдік ету мəселесін шешеді. Сондықтан
нарықтық экономика жағдайында меншікке байланысты қатынастарды конституциялық реттеудің
мəні меншіктің сан алуандығы мен олардың теңдігі жəне меншік құқықтарының құқықтық
кепілдіктерін бекітуде айқындалады [10].
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, меншік институтының конституциялық-құқықтық
мазмұны оның тарихи қалыптасқан жəне Негізгі Заңда бекітілген экономикалық жүйенің типіне
байланысты айқындалатынын айтуға болады. Қоғамдағы қалыптасқан экономикалық жүйенің типі
саяси күштердің бір-бірімен қарым-қатынасына байланысты. Ал қандай болсын саяси күштердің
негіздері меншік нысандары сияқты мемлекеттің Негізгі Заңында саяси жүйеде бекітіледі.
Экономикалық жүйенің қалыптасуының саяси жүйемен тығыз байланыстылығы меншікті
конституциялық-құқықтық категория ретінде қарастыруға жəне меншік иесінің затқа немесе
материалдық құндылықтарға деген мемлекетпен кепілденген, қоғамның саяси, экономикалық жəне
əлеуметтік жағдайларына байланысты шектелетін билігін білдіреді. Бірақ меншікті тек осы тұрғыдан
қарастыру мемлекеттік билік пен меншік арасындағы қатынасты бір жақты түрде ғана көрсетеді. Ал
меншік пен мемлекеттік билік арасындағы қатынас екі жақты. Яғни оның мазмұны меншік иесінің
мемлекеттік билікке əсер етуімен айқындалады жəне осы екінші байланыстың болуы мемлекеттердің
198
тарихи дамуымен, қазіргі замандағы экономикалық биліктің саяси жүйеге тигізіп отырған
ықпалдарымен дəлелденіп отыр. Мысалға, қазіргі уақытта АҚШ-та көптеген кəсіпкерлер
ассоциациялары құрылған. Олардың негізгі мақсаты — мемлекеттің экономика саласындағы
саясатына тұрақты түрде ықпал етіп, өздерінің мүдделерін қорғау.
Меншік институтының конституциялық-құқықтық табиғатын қарастырғанда оның мемлекеттің
конституциялық құрылысының негізін қалайтынына тоқтала өтіп, осы нормалардың ерекше
құқықтық сипатқа ие екенін айтып өту қажет. Əр мемлекет өзінің тұрақтылығын, тұтастығын,
мызғымастығын қамтамасыз ету үшін, қоғамның даму қағидаларын белгілеу үшін кейбір ережелерді
конституциялық құрылыс негіздерінде бекітеді. Бұл нормалар бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізуге мүлдем болмайды немесе енгізу үшін ерекше тəртіпті талап етеді. Қазақстан
Республикасының Конституциясында конституциялық құрылыс негізінде мемлекеттік меншік пен
жеке меншік танылып, олардың қолданылуы қоғамның игілігіне қызмет ету міндетімен бекітіліп
отыр [6-б.].
Қазіргі заманда барлық өркениетті мемлекеттерде меншіктің конституциялық нормалармен
бекітілуі маңызды қызмет атқарады, сондықтан көптеген мемлекеттер меншік нысандарын, олардың
құқықтық реттелуінің негіздерін жəне қоғамда атқаратын қызметін конституцияда бекітеді. Меншік
қатынастарының құқықтық негіздерін қалыптастыра отырып, конституциялық нормалар оның əрекет
ету шектері мен əлеуметтік міндетін де реттейтін нормаларды бекітеді. Италияның Конституциясы
(42-б.) меншіктің мемлекеттік жəне жеке меншік нысандары болатынын белгілеп, жеке меншік
заңмен танылып, қорғалуына кепілдік берілетінін бекітумен қатар əлеуметтік қызметін қамтамасыз
ету үшін əрекет ету шектерін де бекіткен [11]. Японияның əрекет етіп жатқан Конституциясының 26-
бабында «қоғамдық игілікке нұқсан келтірмейтіндей меншік құқығы заңмен анықталады жəне де
меншік құқығының қолдануы қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында əділ өтемақы
негізінде қолдануы мүмкін» [12]. Сонымен қатар ҚР Конституциясы да əлеуметтік мемлекеттілікті
қалыптастыру тұғырнамасына сай 6-баптың 2-тармақшасында «Меншiк мiндет жүктейдi, оны
пайдалану, сонымен қатар қоғам игiлiгіне де қызмет етуге тиiс» деп əлеуметтік бағыттағы
экономикалық жүйенің қалыптасуы мен дамуына құқықтық негіз қалыптастырды.
Жалпы меншік мəселесі көптеген мемлекеттерде, оның ішінде Еуропа елдерінде жалпы түрде
бекітілген. Көп жағдайда индивидуализм идеясына негізделе отырып, меншік құқығы мен меншікті
мұрагерлікке қалдыру мен алу құқығы бекітілген. Сонымен бірге кейбір елдердің
конституцияларында меншікті қолдану құқығына көпшілік мүддесіне қайшы келетін жағдайларда
шектеулер де қойылған. Чехияның Негізгі Заңы (Негізгі құқықтар мен бостандықтар Хартиясы)
меншікті «заңмен қорғалатын жалпыға бірдей мүддеге немесе басқа тұлғалардың құқтарына нұқсан
келтіретін жағдайда меншік құқығының қолдануына тыйым салады. Меншік құқығының қолдануы
адамдардың денсаулығына, табиғатқа, қоршаған ортаға заңда көрсетілген нормадан жоғары деңгейде
залал келітірмеуі керек» [13]. Ал Словенияның Конституциясында (67-бап) меншікті қолдану оның
тек «шаруашылық, əлеуметтік жəне экологиялық функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуі
қажет» деп бекіткен [14].
Меншіктің конституциялық-құқықтық реттелуінің мазмұндық аспектісіне жасалған талдау
конституциялық-құқықтық реттеудің бірнеше толқындарын жəне конституциялық нормалар тобын
ажыратады. Тарихи тұрғыдан меншікке байланысты қатынастарды реттейтін, конституциялық
нормалардан да ерте пайда болған нормаларға феодалдық қатынастарды туындауына кедергі болатын
нормалар жатады. Бұл нормалар алғашқы уақытта мемлекеттің меншікті реттеу мақсатында жиі
қолданылатын, кейін конституциялар мен конституциялық қатынастарды реттейтін заңнамалардан
алынып тасталынды. Дания Конституциясының 84-бабында «феодалдық лендік иеліктерді құруға
тыйым салынады» [15] деген норма бекітілген. Осыған байланысты Австрияның, Белгияның
Конституциясы мен Конституциялық заңдарында нормалар кездеседі. Конституциялық актілерде осы
сипаттағы нормалардың кездесуі ол мемлекет тарапынан дəстүрге деген құрметтін сақтап қалуы деп
түсіндіруге болады [16].
Екінші толқында пайда болған конституциялық нормаларға меншікке қолсұқпаушылықты
бекітетін нормалар жатады. Осындай мазмұндағы конституциялық нормалар ертеден келе жатқан
жəне кейін пайда болған мемлекеттерде де кездеседі. Осы норманың туындауының негізін
Г.Н.Андреева көзқарасына сай 1789 жылы қабылданған Францияның адам жəне азаматтардың
құқықтары туралы Декларацияның 17-бабының ықпалын байқауға болады. Франция Конституциясы
оны Декларацияда бекітілген түрінде сақтап меншікті қасиетті жəне ешкімнің қолсұқпаушылық
қағидасын бекітсе, басқа мемлекеттер (Австрия, Беларусь, Болгария, Латвия т.б.) тек
199
қолсұғылмаушылық принципін бекітеді. Ал кейбір мемлекеттер меншіктің кепілдігін бекітеді
(Қазақстан, Венгрия, Грузия, Германия жəне т.б.). Үшінші топтағы нормалар меншік құқығының
қоғамдық қажеттілікке байланысты иеліктен айыруға байланысты туындайтын қатынастарды
реттейді.
Қазіргі заман меншік нысандарының ішінде ауқымды орынды мемлекеттік меншік алып отыр.
Мемлекеттік меншік өзінің пайда болуымен каптилистік өндірістің пайда болуымен ерекшеленеді.
Жеке камталдың көлемі болмашы болған капитализмнің қалыптасуының алғашқы кезендерінде
мемлекет ірі кəсіпорындардың қаржыландыруы мен құрылысын өз мойнына алған болатын. Ал ХХI
ғасырдың екінші жартысынан бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейінгі уақыттарда банкілік
несиелендіру мен акционерлік капиталдың дамуы мемлекеттік меншіктің ірі объектілердің жеке
меншікке ауысуына себеп болды.
Соңғы жылдардағы қазақстандық қоғамның экономика саласындағы қайта құрудан өтуі
бұрынғы жалпы халықтық меншікті бөлу мен қайта құруға, сондай-ақ оның жеке меншік қатарына
өтуіне бағытталған болатын. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабында:
1. Қазақстан Республикасында жеке жəне мемлекеттік меншік танылады.
2. Барлық меншік нысандары тең түрде қорғалады.
Мемлекеттік меншіктің шектері жер, оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар
дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мен мемлекет қаражатына негізделіп құрылған мүліктер мен
кəсіпорындар немесе олардың бөліктеріне таралады. Сондықтан мемлекеттік меншікті басқару
мақсатында мемлекет арнайы органдар жүйесін қалыптастырады. Қазақстан Республикасында
мемлекеттік меншікті басқару құқығы Республика Үкіметіне жүктелген, ал Парламент пен Президент
меншіктің тиімді басқарылуына əр түрлі құқықтық, саяси əдістер арқылы бақылау жүргізу
құқықтарына ие деген нормаларды бекіту арқылы мемлекеттегі меншіктің құқықтық режимін
анықтап, меншік нысандарының теңдік қағидасын бекітті. Бірақ Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен кеңестік Одақ кеңістігінде құрылған мемлекеттердің көпшілігінің
Конституцияларында жеке меншікке байланысты басқа да нормалар конституцияларда көрінісін
тапты (ҚР Конституциясының 25-баптың 1-тармақшасы 26-бап, РФ Конституциясының 8-баптың
1, 2-тармақшалары, 34, 35-бап, 36-баптың 1, 2-тармақшасы, 44-баптың 1-тармақшасы) [4].
Қазіргі уақыттағы конституциялық даму жағдайында конституциялық нормалар арқылы жеке
меншіктің аталып өткен түрдегі құқықтық режимдерінің бекітілуі осы меншік нысанының
мемлекеттік меншік нысанымен салыстырғанда əлеуметтік-экономикалық мəнін жоғары екенін
нақтылау мақсатында жүзеге асырылған. Жеке меншіктің үстемдігін бекітудегі радикализм меншік
институтының дамуына тиімді жəне тиімсіз де əсерлерін тигізді. Осы бағыттағы позитивті жағдайға
мемлекеттік меншіктің монополиясының жойылуы мен нарықты экономиканың дамуына құқықтық
негіздің қалыптасуын айтуға болады. Аталмыш процестің келеңсіз жағдайына, біріншіден, меншік
қатынастарының құқықтық реттелуінің жеке құқықтық институттардың монополиясына өтуі;
екіншіден, қажетті деңгейдегі қоғамдық меншіктің конституциялық реттелуінің болмауы жəне оның
табиғаты мен экономикалық жүйедегі жеке меншікпен қатар алатын орнының анықталмауы;
үшіншіден, қоғамдық меншік нысандары мен биліктің, халықтың, мемлекеттің экономикалық
негізімен байланысын жоққа шығару нақты демократизм, толыққанды халық билігі, жергілікті
тұрғындардың құқықтарының тəуелсіздігі сияқты конституциялық құндылықтардың мəнін
төмендетті [8; 123].
Бірақ көпшілік, немесе мемлекеттік, меншік нарықты қатынастарды тұрақтандырудың негізгі
факторы, экономикалық дамуда көрініс тауып отыратын əлеуметтік шығындар мен теңсіздіктерді
тұрақтандырудың негізгі құралы жəне қоғам үшін өндірістің салалары мен бағыттарының дамуын
қамтамасыз ететін ресурстық базасының қызметін атқарады. Мысалы, ЕвроОдақ елдерінде
экономикадағы мемлекеттік сектор Англияда 3 %, Францияда 18 % құрайды жəне қоғамның
экономикалық жəне əлеуметтік стратегиясын қалыптастыруда маңызды қызмет атқарады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы мен бірқатар ТМД елдерінде «жалпыхалықтық» немесе
«халықтық меншіктің», құқықтық ұғымы қалыптаспаған. Конституция мен заңнамаға сай
мемлекеттік меншік, кейбір мемлекеттерде мемлекет субъектілерінің меншігі жəне муниципалдық
құрылымдардың меншігі əрекет етеді. Теориялық тұрғыдан мемлекеттік меншік əр түрлі деңгейлер
мен субъектілерге бөлінгендіктен, «көпшілік меншік» деген жинақталған ұғым қолданылады.
Көпшілік меншік қандай да мемлекеттің ұлттық экономикалық жүйесінде маңызды орын алады.
Мемлекеттік жəне муниципалдық меншік нысандары ұқсас белгілерге ие: мақсатты қолданылуы,
объектілері мен субъектілердің (көпшілік-билік құрылым) біртектілігі, реттеудің құқықтық режимі.
200
Азаматтық құқықта екеуінін де мəртебесі бөліп ерекшелендірілмейді жəне шаруашылық айналымда
меншік насанына қарағанда бір типтегі меншік нысанына жатады.
Кейбір цивилистер көпшілік меншік нысанының болуының тəжірибелік маңызын жоққа
шығарған. Ресей ғалымы М.Сухановтың басшылығымен шығарылған азаматтық құқық бойынша
оқулығында «азаматтық (жеке) құқықтың субъектілері азаматтар мен заңды тұлғаларға материалдық
игіліктер немесе жеке меншік қалыпты жағдайды білдіреді, ал егер осы игіліктер мемлекет пен
муниципалдық құрылымдарға тиесілі болса, бұл ерекше жағдай болып келеді» деген [8; 123].
Ал «көпшілік меншік» түсінігі шет ел əдебиеттерінде белсенді қолданылып жүр жəне дəстүрлі
түрде «көпшілік меншік» ұғымы ретінде жалпыға жетімді, қоғамның, барлық азаматтарының
көпшілік қолдануындағы табиғы жəне мүліктік объектілер танылады. Осы мағынада көпшілік меншік
аса құнды материалдық игіліктерді иемдену əдісі ретінде көрініс табады. Сондықтан көпшілік
меншіктің айрықша белгілеріне жалпы тұрғындарға қоғамдық маңызы бар материалдық объекті
ретінде танылуы мен меншікті имедену субъектілерінің ерекше сипаты, яғни қоғамдастықтың əрбір
мүшесі осы меншіктің иесі ретінде, танылады. Сонымен қатар көпшілік меншік жалпының
игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған жалпыға жетімді объектілер саналады (орман, парктер, су
қоймалары, тоғандар жəне т.б.). Аталып өткен меншік нысандары мемлекеттік меншік қатарына
енгізіліп, ерекше құқықтық реттеу режимі бекітіледі. Мысалы, Испания Конституциясының
132-бабының 2-тармақшасына сай мемлекеттік меншік ретінде «жағалық аймақ, жағажай, аумақтық
теңіз, континенталды шельф жəне экономикалық аймақтың табиғи ресурстары жатқызылған [17].
Мексикада Негізгі Заңның нормаларына сай жалпы қолданудағы мүлікті жатқызады: аумақтық жəне
ішкі теңіздердін түбі, тарихи, археологиялық жəне мəдени ескерткіштер жəне т.б. [18].
Соңғы кездері көпшілік меншіктің құқық түрдегі кең ұғымы қолданыла басталды. Бұл ұғым
көпшілік меншіктің негізгі екі нысанын қамтиды, яғни мемлекеттік (немесе көпшілік) жəне
муниципалдық (коммуналдық, қауымдық). Бірқатар елдердің конституциялары мен заңнамасында
бұл ұғым өзінің конституциялық сипатына ие болды. Ресей мен Қырғызстанның Конституциялары
«мемлекеттік меншік пен муниципалдық меншік» ұғымын қолданса, Болгария Республикасының
Конституциясының 17-бабының 2-тармақшасында «меншік жеке жəне көпшілік болуы мүмкін.
Мемлекеттік жəне қауымдық меншіктің режимі заңмен анықталады» деп бекітеді [19]. Тура сол
бағытта Молдованың Конституциясы (127-баптың 3-тармақшасы) «көпшілік меншік мемлекет пен
əкімшілік-аумақтық бірліктерге тиесілі» [20] деп əкімішілік-аумақтық бірліктердің меншінгін бөліп
көрсетеді.
Көпшілік меншіктің мемлекеттік жəне муниципалдық меншік ұғымы мен ерекше құқықтық
режимдегі объектілер ретінде қарым-қатынасы əр түрлі болып келеді. Г.Н.Андреева осындай қарым-
қатынастың үш моделін бөліп көрсетеді: а) мемлекеттік жəне муниципалдық меншік көпшілік
меншік болып саналады (ол объектілер жалпы айналымнан алынып тасталынған) жəне оның
құқықтық режимі арнайы заң немесе нормалармен анықталады; б) көпшілік меншік көпшілік жəне
жеке болуы мүмкін; в) жалпы мемлекеттік жəне муниципалдық меншіктің арнайы режимі бекітіледі
[21].
Бірінші модель мемлекеттің көпшілік қызметті жүзеге асыруымен байланысты, сондықтан
көпшілік меншік конституциялық денгейде айқындалуы қажет жəне құқықтық режимі көпшілік құқы
саласымен реттелуі керек. ҚР Азаматтық кодексінің 92-бабында «мемлекеттік меншік республикалық
жəне коммуналдық меншік түрінде көрінеді. Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан жəне заң
құжаттарына сəйкес мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен
тұрады. Республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры жəне алмас қоры, мемлекеттiк
меншiктiң Кодекстiң 193-бабында аталған объектiлерi ҚР Конституциясында бекітілген нормаға
сəйкес (жер, оның қойнауы, су, өсiмдiк жəне жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар
мемлекеттiк меншiкте болады. Жер заң актiлерiнде белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде
жеке меншiкте болуы) жəне мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де мемлекеттiк
мүлiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынасын құрайды» деп нақты түрде республикалық
меншік нысандарын анықтаса, коммуналдық меншікке аталған баптың 3-тармақшасында
«коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан жəне заң құжаттарына сəйкес коммуналдық заңды
тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады. Жергiлiктi бюджет қаражаты жəне мемлекеттiк заңды
тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де коммуналдық мүлiк жергiлiктi қазынаны құрайды.
Коммуналдық меншiк жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейлерi бойынша облыстық (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың) жəне аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) меншiк болып
бөлiнедi» деп жергілікті меншік нысандарын анықтайды [22]. Бірақ ҚР Конституциясында басқа
201
мемлекеттермен салыстырғанда көпшілік меншік тек мемлекеттік меншік түрінде ғана сипат алған
жəне көпшілік құқық нормаларымен құқықтық режимі анықталып отырған жоқ.
Екінші модельге сай заңнамада азаматтық-құқықтық айналы субъектілері ретінде көпшілік-
биліктің қатысуының мүмкінідігі болып, олардың меншіктері жеке жəне көпшілік болып бөлінеді.
Үшінші моделінің мəні болып көпшілік меншікке жататын мүлік өзінің құқықтық-реттеу
режиміне байланысты түрлерге конституциялық нормалар арқылы түрлереге бөлінбейді, ол түрлер
жəне құқытық режим ағымдағы заңнамада нақтыланып отырады. ҚР көпшілік немесе мемлекеттік
меншіктің осы үшінші моделі келеді, өйткені конституциялық деңгейде мемлекеттік меншікті
жіктемей, республикалық жəне коммуналдық меншік түрлерін ҚР Азаматтық кодексінде жіктеуді
жүзеге асырып отыр жəне де осы акт арқылы екі меншік түріне қандай мүлік пен игіліктер кіретінін
бекіткен.
Көптеген авторлар мемлекеттік меншікті республикалық жəне коммуналдық, мемлекеттік жəне
муниципалдық, мемлекеттік жəне қауымдастық, республикалық жəне əкімшілік-аумақтық меншік
ретінде қоғамдық табиғатына байланысты бөліп қарастырудың қажеті жоқ деп есептейді жəне де
бұлай бөліп қарастырудың себебі болып саяси, əлеуметтік факторлар саналады дейді. Республикалық
жəне коммуналдық (муниципалдық, қауымдастық, əкімшілік-аумақтықбірліктер меншіктері) не
өзінің қалыптасу қайнар көзіне, не басқару əдістеріне, не экономикалық мазмұнына, не қолдану
мақсатына байланысты ерекшеленбейді, сондықтан меншіктің осы түрлерінің экономикалық жəне
құқықтық мазмұндары біртұтас болып қала береді [8; 123].
Жалпы алғанда республикалық меншікте, коммуналдық меншікте өздерінің мойындарына
жүктелеген əлеуметтік міндетті жүзеге асырып отыр жəне осы міндетті шешуде бір-бірін
толықтырып отыр. Сонымен қатар екеуі біртұтас ұғым емес екенін меншік объектілерін қолдану
субъектілерден байқауға болады. Демократия институттары дамыған мемлекеттерде жергілікті өзін-
өзі басқарудың институты — жергілікті референдум арқылы тұрғындар меншік объектісін қолдануға
байланысты шешім қабылдау мүмкіндіктері бар. Ал бұл жағдай мемлекеттік меншік пен
коммуналдық (муниципалдық меншіктердің) бір-бірінен дегенмен айырмашылығы бар екенін
көрсетеді. В.Д.Мазаевтың ойымен келісе отырып, ТМД елдеріндегі мемлекеттік меншік пен
коммуналдық немесе муниципалдық меншіктердің бекітілуі, басқарылуында айырмашылықтың
болмауы азаматтық қоғамның институты ретінде жергілікті өзін-өзі басқару моделі толық
қалыптаспаған немесе мүлдем қалыптаспаған деп айтуға болады [8; 123]. Сондықтанда жергілікті
өзін-өзі басқаруда еркіндіктің болмауы республикалық жəне коммуналдық (муниципалдық)
меншіктерде қосымша бір-бірінен ерекшелендіретін бөлігінін болмауына себеп болып отыр.
Сонымен «көпшілік меншік» ұғымының конституциялық заңнамада қолдануына ғылыми
əдебиеттерге жасаған талдау келесідей қортынды жасауға мүмкіндік береді:
1. Көпшілік меншік құқықтық термин ретінде қолданылмайды жəне де құқықтық категория
ретінде де ерекшелінбейді. Бірақ көпшілік меншік экономикалық сипаттағы объективті
экономикалық құбылыс ретінде əрекет етеді.
2. «Көпшілік меншік» ұғымы ғылыми əдебиеттерде негізінен «мемлекеттік» (республикалық)
жəне «коммуналдық» (муниципалдық, əкімшілік-аумақтық бірлік, қауымдастық) меншік ұғымдарын
біріктіретін кешенді терминге жатады. Сонымен қатар қазіргі заманғы мемлекеттерде экономикалық
қатынастарда жеке жəне көпшілік меншікке негізделе отырып қалыптасады.
3. Көпшілік, немесе мемлекеттік, меншік объектілердің құрамы мен сапасымен ерекшеленеді.
Оларға а) мемлекеттің көпшілік қызметін жүзеге асыратын қажетті ресурстар; ə) қоғамдық
маңыздылығына байланысты құндылығы жоғары объектілер; б) ресурстардың қайнар көздері (жер,
жер қойнауы); бірегей құндылықтар (қоғам үшін қайта қалпына келтірілмейтін).
4. Көпшілік, немесе мемлекеттік (жалпы халықтық, халықтық, ұлттық), меншік ретінде
экономикалық категория ретіндегі мəнін сақтап, мемлекет пен əкімшілік-аумақтық бірліктер,
муниципалдық құрылым жəне қоғамның жеке мүшелерінің арасындағы иемдену, қолдану, билеуге
байланысты ұлттық қауіпсіздік, экономикалық тəуелсіздікті, азаматтардың əлеуметтік қорғалуын
қамтамасыз ету мақсатындағы туындайтын қоғамдық қатынасты білдіреді.
5. А.В.Брежневаның тұжырымдамасымен келісе отырып, көпшілік, немесе мемлекеттік (жалпы
халықтық, халықтық, ұлттық), меншіктің мəні мен қоғамдағы қызметін анықтайтын сипатқа ие.
Оларға а) көпшілік, немесе мемлекеттік (жалпы халықтық, халықтық, ұлттық), меншік, ел немесе
жалпы қоғам деңгейінде көпшілік, игіліктерді қалыптастыру жəне ұдайы өндіру сипаты бойынша
қоғамдық пайдалылық өлшеміне сай келеді; ə) көпшілік меншік нысандарына меншіктік қатынасты
реттеудің тікелей мемлекеттік реттеу механизмдері таралады; в) көпшілік немесе мемлекеттік
202
меншіктің мойнында мемлекеттің өмір сүруі мен қорғалуына, ұлттық макроэкономикада
тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін микроэкономикалық процестерді реттеуге қажетті экономикалық
тұрғыдан тиімсіз жəне шығынды салалардың əрекет етуін қамтамасыз ету міндеті жүктелеген.
Көпшілік, немесе мемлекеттік, меншік қоғамда экономикалық қызметпен қатар əлеуметтік
қызмет те атқарады. Мемлекеттік меншіктің жеке меншіктен бөліп көрсететін маңызды əлеуметтік
белгілеріне келесілер жатқызылады:
1. Көпшілік, немесе мемлекеттік, меншік объектісі қоғамдық қолдануға икемделген, ал жеке
меншік тек жеке немесе топтың мүддесін қанағаттандыруға бағытталған.
2. Көпшілік меншікке иелік ету мен билік жүргізу «əлеуметтік қызмет ету» сипатына ие; ал жеке
меншік объектілерге иелік ету тек шаруашылық жүргізу үшін қолданылады.
3. Көпшілік меншік иелері қатынасқа түскенде «билік арасындағы» қатынасқа түседі, ал жеке
меншік иелері бір-бірімен салыстырғанда тең жəне ерікті түрде қатынасқа түседі.
«Меншік» ұғымының теориялық негіздерін қарастыру барысында «меншік» жəне «меншік
құқығы» ұғымдарын бөліп қарастыру қажет. Е.А.Сухановтың тұжырымына сүйенетін болсақ,
«меншіктің материалдық игіліктердің белгілі субъектілерге тəн болуы қандайда адамзат қоғамына,
қоғамдық-экономикалық фонрмацияға тəн. Ал меншік құқығы қоғамдық дамудың белгілі бір
сатысында ғана пайда болады». Осы тұжырымға сай меншік құқығы тек иеліктегі меншікті қорғау
мақсатында пайда болған қатынас. Осы бағытта туындайтын қатынастар экономикалық
қатынастардың құқықтық реттелуінің негізгі мазмұнын қалыптастырып, меншік құқығы құқық
жүйесінің ядросын құрады. Сонымен, меншікке байланысты қатынастардың құқықтық реттелуі
материалдық игіліктердің белгілі субъектілерге иелігін бекітіп, осы игіліктердің билік етуінің
экономикалық жағдайын құқықтық түрде бекітеді.
Дəстүрлі түрде меншік құқығы оның ішінде жеке меншік жəне мемлекеттік меншік құқығы
азаматтық құқық саласының орталық буыны болып саналады. Меншік құқығы объективті түрде
азаматтық құқықтың саласына кіретін нормалар жиынтығын білдіреді. Бірақ меншіктің құқықтық
ерекшелігі оған байланысты нормалардың құқық жүйенің барлық салаларында кездесуімен
айқындалады. Əр түрлі құқық салалары өздерінің реттеу пəні мен əдістеріне сай меншік құқығына əр
түрлі сипатта ықпал етіп құқықтық реттеумен қамтып отырады. Сондықтан меншік құқығы
институты кешенді (көпсалалық) сипатқа ие институт ретінде тануға болады. Меншік институтына
байланысты осында көзқарасты Е.А.Суханов, Л.А.Морозов, А.Н.Медушевский жəне тағы басқалары
да қолдайды. В.В.Гребенников «объективті түрде бұл көзқарас тиімді болып келеді, өйткені
құқықтық
қатынастардың
жедел
даму
жағдайында
азаматтық-құқықтық
қатынастарды
конституциялық-құқықтық қатынастардан бөліп қарастыру қиыншылықтарды тудыртады, ал кейбір
жағдайда мүлдем мүмкін емес» [1; 105].
Жеке меншіктің сипаты осы құбылыстың негізінен азаматтық-құқықтық реттеу аумағына
жататынын айтуға мүмкіндік бергенімен, осы құқықтың өмір сүруіне негіз қалаушы принциптер
конституциялық нормаларда бекітіледі. Ал көпшілік (мемлекеттік) меншік құқығының реттелуі
ерекше тəртіпті талап етеді. Көпшілік (мемлекеттік) меншік қатынастарын реттеуде азаматтық-
құқықтық нормалардың атқаратын рөлімен келісе отырып, оның негізгі көпшілік меншіктің міндетін
орындауда туындайтын мəселені шеше алмайтынын атап өткен жөн. Жеке құқықтық реттеудің негізгі
мақсаты болып шаруашылық айналым моделі мен қатынасқа қатысушы субъектілердің толыққанды
қатысушылары болып келсе, көпшілік (мемлекеттік) меншік иелері тек қана меншікті тиімді қолдану
мəселесін шешіп қана қоймай, қоғамның экономикалық дамуына байланысты, саяси факторларды
ескере отырып, жалпы мемлекеттік міндеттерді шешулері керек.
Сонымен, мемлекеттік меншік құқығы объективті түрде — республикалық жəне коммуналдық
меншікті иелік ету, қолдану жəне билік етуге байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін
нормалар жиынтығы. Ал субъективті түрде мемлекеттік меншік құқығы ретінде көпшілік мүдделерді
қанағаттандыру мақсатында халықтың, жергілікті тұрғындардың мемлекеттік билік органдары мен
жергілікті мемлекеттік басқару арқылы қоғамдық игіліктерді (көпшілік мүлікке) иелік ету, қолдану
жəне билік ету құқығын айтуға болады.
Мемлекеттік меншікті қарастырғанда оның екі типі бар екенін ұмытпаған жөн, яғни
коммерциялық секторда əрекет ететін жеке меншік субъектілерінен кем емес жұмыс істейтін
мемлекеттің меншігіне жататын 100 % пакет акциялардан немесе бақылау пакеті бар акциялардан
тұратын акционерлік қоғамдар саналса, мемлекеттің коммерциялық емес секторындағы меншіктер:
инфрақұрылымның əр түрлі жүйелері, энергожүйелер, көлік жүйелері, коммуникация, білім беру,
ұлттық мəдениет жəне т.б. саласындағы мемлекеттік меншік. Бұл секторда жеке меншікпен
203
салыстырғанда тиімділігі төмен болып келеді. Бірақ бұл меншіктердің қызметі мемлекеттік меншікте
болғандықтан, тиімсіз болып саналмайды, негізінен тиімсіз болғандықтан ғана экономиканың осы
саласы мемлекеттік меншік қатарына кіреді жəне мемлекеттік меншікке берілуінің себебі маңызды
əлеуметтік, экономикалық, саяси жəне ұлттық қауіпсіздікті, экономикалық мүддені қамтамасыз ету
мақсатында болып келеді.
Көпшілік (мемлекеттік, жалпыхалықтық) меншік объективті сипатқа ие бола отырып,
мемлекеттің дамуының барлық кезеңдерінде қатысып отырды. Құқықтық сипаты жағынан рим
халқының меншігінен, жалпыхалықтық игілік ретінде немесе қазіргі уақытта мемлекеттік меншік
түріндегі əр түрлі нысанда бекітілді. Сондықтанда көпшілік (мемлекеттік) меншік жалпы меншік
категориясының əлеуметтік қызметін айқындайды. Соңғы кездердегі дүниежүзілік тəжірибедегі
өзгеру процестерінде меншіктің əлеуметтену беталысы байқалады. Аталмыш процестердін барлығы
негізгі əлеуметтілікті тасушы-мемлекетке үлкен ықпал етеді. С.А.Хавинаның көзқарасы бойынша,
«мемлекеттің жалпы, экономикалық, саяси, əлеуметтік қызметті жүзеге асыру құралына айналу
барысында мемлекеттік меншіктің мазмұны өзгеріп, жалпыұлттық ассоциацияланған меншік немесе
жалпыұлттық ассоциацияланған қорлар сипатына ие бола бастайды. Меншік субъектісі ретінде
мемлекет жалпыұлттық мүддені көздеп, халықтың сұранысын қамтамасыз ету жəне ұлттық
экономикада бəсекені жоғарлату мақсатын алдына қояды» деген тұжырымдама жасайды [23].
Экономикадағы болып жатқан процестерді (меншік құқығын ескере отырып) реттеу мақсатында
мемлекет өзінің шаруашылық секторын, яғни мемлекеттік меншік əрекет ете алатын жəне өзінің
қызметін жүзеге асыра алатын мемлекеттік секторды, қалыптастырады. Ал мемлекеттік меншік жеке
меншікпен салыстырғанда қоғамдық өндірістегі ірі ауқымды дағдарыстарға байланысты пайда
болатын мəселені шешуде маңызды қызмет атқарады.
Меншікке байланысты қатынастарды қайта құрудан өткізу туралы мəселе қарастырылғанда
негізінен ен басты көтерілетін мəселеге мемлекеттің экономикаға араласу шектерінің анықтау немесе
экономикадағы мемлекеттік секторының нақты көлемінің деңгейі саналады. Меншік
қатынастарының саналуандылық принципі, жаңа институттар жиынтығы мен жаңа құқықтық
механизмдер мемлекеттік меншіктің əрекет етуінің мемлекеттік мəнін жоғалтпай жəне нарықты
экономика негіздеріне қайшы келмейтін əрекет ету əдістері мен нысандарын анықтауды талап етеді.
Осы мəселені шешуде мемлекеттік меншік пен мемлекеттің əлеуетінің сəйкес келуінің маңызы зор.
Мемлекет тарапынан тиімді басқарылатын меншік мемлекет ресурстарының ұлғаюына себеп болып,
əлеуметтік мəселелерді шешудің мүмкіндіктерін артырады. Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің қызметінің 2008 жылғы есебіне
сай мемлекеттік басқаруда 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық мемлекеттік
меншікте 129 акционерлік қоғам (АҚ) акцияларының мемлекеттік пакеттері жəне 44 жауапкершілігі
шектеулі серіктестікке (ЖШС-ке) қатысу үлестері бар. Олардың ішінде 13 АҚ мен ЖШС таратылу,
банкроттық процесінде, не қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асырмайды. 109 АҚ акцияларының
мемлекеттік пакеттерін жəне 40 ЖШС-ке қатысудың мемлекеттік үлестерін иелену жəне пайдалану
құқықтары салалық министрліктер мен ведомстволарға берілді. Комитеттің қарамағында 20 АҚ
акцияларының мемлекеттік пакеттері мен 4 ЖШС-ке қатысудың мемлекеттік үлестері бар, олардың 3
объекті ішінде таратылу жəне банкроттық рəсімдерден өтуде. Қолданыстағы істеп тұрған
объектілерден 6 АҚ сенімгерлік басқаруда. Бұдан басқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008
жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысымен бекітілген экономика жəне тұрақтылығы бойынша 2009–
2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық банкі жəне қаржы нарығы мен
қаржы жүйесінің қаржы ұйымдарын реттеу жəне қадағалау агенттігінің бірлескен іс-əрекеттері
жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сəйкес мемлекетте келесі бағытта жұмыс
жасалды. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске
асыру жөніндегі шаралар туралы» Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы орындау үшін «Самұрық-
Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы құрылған. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы
жөніндегі шараларды іске асыру бөлігінде «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамын құрудың
кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 қарашадағы № 996
қаулысына сай «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы құрылды. 2008 жылы республикалық
бюджетке акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің түсімі 4786969 мың теңге
сомасында жоспарланған, іс жүзінде 13013875 мың теңге, немесе бір жылға жоспарланған сомада
267 %, түсті [24]. Осы көрсеткіштер қазақстандық экономикадағы мемлекеттік сектордын үлесін
көрсетіп отыр.
204
Республикалық мемлекеттік кəсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел
басқаруындағы мүлікті жалға беру (жалдау) «Республикалық мемлекеттік кəсіпорындардың
шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқарудағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге
жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 қаулысына сəйкес жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік мүлікті жалға беру нəтижесінде Республикалық бюджетке 1 158,28 млн. теңге
аударылды. 2008 жылда республикалық бюджетке мемлекеттік меншіктің мүлкін жалға беруден
түсетін түсімдер 1250 793 млн. теңге сомасында жоспарланды, іс жүзінде 1 553 897 млн. теңге,
немесе 124 %, түсті [24].
Берілген көрсеткіштерге сүйене отырып, мемлекеттік меншіктің күрделі жүйесі мен көлемі
қалыптасқанын айтуға болады. Мемлекеттік меншіктің тиімді басқарылуы мемлекеттің қаржы
қорларына келіп түсетін кірістер мен олардың қоғамның əлеуметтік-экономикалық дамуға жасап
жатқан ықпалын да байқауға болады.
Мемлекеттік меншік көпшіліктің, ұлттың, халықтың, аумақ тұрғындарының мүддесін
қамтамасыз ететін негізгі құралы болып тек қана тиімді басқаруды жүзеге асырғанда ғана мүмкін.
Қазақстан меншігін басқаруда бұл мəселе өзекті болып келеді.
Соңғы жылдары Республикада мемлекеттік мүлікті басқару саласында жəне басқарудың
тиімділігін арттыру мақсатында нормативтік базаны жетілдіру бөлігінде мемлекеттік басқару
органдарымен көптеген құжаттар қабылданды. Бірақ қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік
меншікті басқаруға байланысты туындайтын əр түрлі қатынастарды реттейтін шашыранқы
нормативтік-құқықтық актілер əрекет етеді. Оларға негізінен Азаматтық кодекс, Бюджеттік кодекс,
Жер кодексі, «Жекешендіру туралы», «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы
меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы», Мемлекеттік кəсіпорындар туралы, Акционерлік қоғам
туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен қатар, ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР
Үкіметтінің қаулылары жəне Мемлекеттік мүлікті басқару жəне жекешелендіру Комитетінің
мемлекеттік мүлікке байланысты қабылдаған актілерін айтуға болады. Бірақ қазіргі экономикалық
дағдарыс жағдайында мемлекеттің активтерінің ауқымды көлемі жеке меншік секторына салынып
жатқанда осы қатынастарды тиімді реттейтін жəне мемлекеттің меншігі мен активтерінің тиімді
пайдалануын қамтамасыз ететін жəне жүйелі түрде басқаруды жүзеге асыратын біртұтас заң əлі
қабылданбаған. Мысал ретінде Украинаның 2006 жылы қабылдаған «Мемлекеттік меншік
объектілерін басқару туралы» Заңын келтіруге болады. Бұл Заң мемлекеттік меншікті басқарудың
құқықтық негізін қалыптастырады.
Қазақстанда мемлекеттік меншікті басқаруда атқарушы билік органдарының, оның ішінде
Үкіметтің мемлекеттік меншікті басқаруға байланысты өкілеттіліктері ҚР Конституциясы мен Үкімет
туралы Конституциялық заң жəне Азаматтық кодексте жалпылама түрде бекітілген. Осыған
байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабы 4) тармақшасына ресми түсіндірме
беру туралы 1999 жылғы 17 наурызда Конституциялық кеңестің қабылдаған қаулысы бар.
Республика Конституциясының 66-бабы 4) тармақшасына ресми түсіндірме берілуін, онда
«мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады» деген Конституциялық норманың заңдық
мазмұны Үкіметке мемлекеттік меншік құқығы субъектісі өкілеттігін беруді білдіре ме деген сұраққа
жауап беру бойынша өтініш берілген. Үкіметтің мəртебесін анықтайтын акт Қазақстан Республикасы
Президентінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңы болып
табылады. Аталған заңның 9-бабының 8) тармақшасы Үкімет «мемлекет меншігін басқаруды
ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды əзірлейді жəне жүзеге асырады, Қазақстан
Республикасы аумағында мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді» деп белгіленген.
Бұл ретте Үкіметтің құзыретіне жататын «мемлекет меншігін басқару» ұғымын мемлекеттік мүлік
меншік иесінің заңдылығын Қазақстан Республикасының атынан заң шеңберінде жүзеге асыру деп
түсіну қажет. Үкіметке бұл заңды құқықтар «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»
Конституциялық заң қабылданған сəттен бастап берілген. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының өзі
мемлекеттік меншік иесі болып табылады, ол заң актісінде Үкіметтің өкілеттігін анықтай отырып,
мемлекеттік мүліктің меншік иесі ретінде оған иелену, пайдалану жəне билік ету құқығын береді
[25]. Жалпы алғанда ҚР Конституциясына берілген түсінік Үкіметтің өкілеттілігін ғана анықтап
қояды. Ал атқарушы билік органдардың мемлекеттік меншікті басқаруға байланысты құзыреттерінің
шектері заңнамада анықталмаған.
Мемлекеттік меншікті басқаруға байланысты қабылданатын заң мемлекеттік органдардың
мемлекеттік мүлікке байланысты құқықтары мен міндеттерін анықтауы қажет. ҚР Конституциясы
205
мен конституциялық заңдарына сай мемлекеттік меншікті басқаратын субъектілер тобы анықталған,
бірақ «мемлекеттік меншікті басқару» түсінігің мазмұны ашылмаған. Мемлекеттік органдардың
басқару саласында жіберген қателіктері мен мемлекеттік меншіктен айырылуға себеп болған
жағдайларды қандай жауапкершілік туындайтыны анықталмаған. Сондықтан əсіресе ұлттық
қауіпсіздікті жəне еліміздің экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында
атқарушы биліктің стратегиялық меншік нысандарын жекешелендіруге байланысты құқықтарын
шектеп, оларды тек халық өкілдерінін қатысуымен шешу жолдарын анықтау нормаларын бекіту
керек.
Меншік саласындағы мемлекеттің басқару қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында жəне
экономикадағы дағдарыс жағдайлары мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеке меншікті
мемлекеттендіруге байланысты нормалар мемлекеттің меншікті басқарудың тиімділігін арттырар еді.
Жеке меншікті мемлекеттендіру жекешелендіру сияқты нарықты экономиканы мемлекеттік реттеудің
құралы болып, дүниежүзілік қауымдастық мемлекеттерімен жиі қолданылатын механизм қызметін
атқарады. Бірақ əр мемлекет жеке меншікті мемлекетік меншікке айналдыру механизмін қолдануы
жиілігі əр түрлі болып келеді. Батыс Еуропа елдерінде өткен жүз жылдықта жиірек қолданылса,
АҚШ-та өте сирек кездеседі жəне олардың көлемі төмен. Бірақ аталмыш мемлекеттердің барлығында
да меншікті мемлекеттендіру процедурасы қатаң түрде анықталып, бекітілген [26].
Ресей ғалымы Т.Ю.Жмакинамен келісе отырып, Қазақстан Республикасының дағдарыстан шығу
бағдарламасына сай жылдам мерзімде жеке меншікті мемлекеттік меншікке айналдыру механизмін
реттейтін заң қабылдау қажет. Бұл заңның негізгі көрінісі ҚР Конституциясының 26-бабының 3-
тармақшасында «Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды. Заңмен көзделген
ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген
кезде жүргiзiлуi мүмкiн» делінген. Конституцияда көзделгендей, жеке меншікті мемлекеттік
меншікке айналдыруға байланысты барлық мемлекеттердің алдында тұрған келесі өзекті мəселелерді
шешуі керек:
1. Қоғамға қажетті жəне ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде стратегиялық маңызы
бар салаларды (атом-энергетикалық, коммуникациялық, көлік т.б.) сақтап қалу міндетін шешу.
2. Ғаламдандыру жағдайында мемлекеттің экономикалық егеменділігін сақтап қалуын
қамтамасыз ететін салалардан шетел капиталын шығару.
3. Еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
4. Экстремалды жағдайларды (Қазақстан мен ТМД елдерінде кездесетін жағдай) банктер мен
қаржылық-несиелік ұйымдардың қаржы ресурстарының қолдануына бақылау жасау жəне
табысты мемлекет территориясынан заңсыз шығаруға жол бермеу.
Елдің əлеуметтік-экономикалық дамуының жəне нарықты экономикалық жүйенің əрекет етуіне
мемлекеттік меншік үлкен ықпал етсе де, негізгі элементі, дегенмен, жеке меншік болып саналады.
Сонымен, мемлекеттік меншік институтының конституциялық-құқықтық реттелу мəселесіне
жүргізілген зерттеу нарықты экономикасы дамыған Еуропа мемлекеттерінің конституцияларында
мемлекеттік меншік институтын жоққа шығармай, оның тиімділігін арттыру бойынша міндеттерді
бекітуді байқаймыз.
Əдебиеттер тізімі
1. Гребенников В.В. Институт собственности в условиях рыночной экономики и социального государства. — М.:
Манускрипт, 1996.
2. Конституционное регулирование экономики: мировой опыт / В.Мау, В.Новиков, Т.Дробышевская, В.Ступин. — М.:
Март, 2000 // www.iet.ru
3. Қазақ Советтік Социалистік Республикасының 1978 жылғы Конституциясының 2-тараудың 10-бабы / Қазақстан:
мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер — Казахстан: этапы государственности. Конституционные акты /
Құраст. Ж.Бəйішев. — Алматы: Жеті жарғы, 1997. — 496 б.
4. Конституция РФ//www.consultant.ru
5. Конституция Азербайджанской Республики // www.vescc.com
6. Конституция Кыргызской Республики // www.president.kg
7. Конституция Украины, принятая 28 июня 1996 года // www.president.gov.ua
8. Суханов Е.А. Право собственности в современной России. — С. 772 / Цит. по Мазаев В.Д. Публичная собственность в
России: конституционные основы.— М.: ОАО Изд. дом «Городец», 2004.
9. Скловский К.И. Собственность в гражданском праве: Учеб.-практ.пособие. — М.: Дело, 2002. — С. 163–165.
10. Кутафин О.Е. Конституционные основы общественного строя и политики СССР. — М., 1985. — С. 152.
206
11. Конституция Итальянской Республики // www.italia-ru.it
12. Конституция Японии, вступившая в действие 3 мая 1947 г. // www.cultline.ru
13. Конституции и законы стран. Конституция Чешской Республики // constitutions.ru
14. Конституция Словении // www.goslovenia.ru
15. Конституция Дании // www.countries.ru
16. Андреева Г.Н. Конституционное право зарубежных стран: Учеб. — М.: Эксмо, 2005. — С. 262.
17. Конституция Испании // vivovoco.rsl.ru
18. Мексиканские Соединенные Штаты: Конституция и законодательные акты / Ред. кол.: В.А.Туманов (пред.) и др. / Пер.
с исп. В.В.Безбаха и др. / Под ред. Ф.А.Оганезова. — М.: Прогресс, 1986. — 480 с.
19. Конституции и законы стран. Конституция Республики Болгарии// constitutions.ru
20. Конституции и законы стран. Конституция Республики Молдова // constitutions.ru
21. Андреева Г.Н. Муниципальная собственность в современных конституциях зарубежных стран // Местное право. —
2002. — № 9, 10. — С. 35.
22. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі // www.akorda.kz
23. Хавина С.А. Трансформация отношений собственности и социализация экономики в последней четверти ХХ в. //
Собственность в ХХ столетии. — С. 564.
24. 2008 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті қызметінің нəтижелері туралы
ақпарат// www.minfin.kz
25. Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабы 4) тармақшасына ресми түсіндірме беру туралы Қаулы Қазақстан
Республикасы Конституциялық Кеңесі 1999 жылғы 17 наурыз N 4// www.constcouncil.kz
26. Жмакина Т.Ю. Конституционные основания публичной собственности в Российской Федерации: Автореф. дис. ... канд.
юрид. наук. Специальность 12.00.02 — Конституционное право. Муниципальное право. — М., 2007. — С. 15.
УДК 349.6 (574)
Ж.С.Елюбаев
Евразийское подразделение корпорации «Шеврон», Алматы
Достарыңызбен бөлісу: |