46. «Ай, қап» журналы көтерген күрделі проблемалық мәселелерді көрсетіңіз


Мағжан туралы зерттеулерге баға беріңіз



бет5/5
Дата18.05.2023
өлшемі33,95 Kb.
#94116
1   2   3   4   5
Байланысты:
46-50

50. Мағжан туралы зерттеулерге баға беріңіз.
М. Әуезов «Мен Мағжанды сүйемін!» десе, Ж.Аймауытов «Мағжанның ақындығы туралы» жазған.
Кәрібаева Б. «Мағжан поэтикасы» Құттықожаев И. «Мағжан жұмабаев және стиль мәселесі», «Мағжан Жұмабаев поэзиясының мәдени негіздері»,Әбдешев Б. «Шолпанның күнәсі әңгімесіндегі психологизм» атты Мағжанның поэзиясына, прозасына арналған зерттеу еңбектер бар.
Бақыткамал Қанарбаева Филология ғылымдарының кандидаты, 20 жылдан астам Мағжан еңбектерін зерттеген, мағжантанушы, “Мағжан – символист” кітабының авторы. «Жырымен жұртын оятқан» атты Мағжан туралы монографиясы бар.
Қырғыз ақыны, аудармашы Нұр­лан Қалыбеков Мағжан шығар-ма­ларын қырғыз тіліне аударып, өз бетінше шығарған кітабын көрсетіп, жылдың соңына дейін ақынның бір­шама өлеңдерін тәржімалай­ты­нын айтып, Мағжанның дра­ма­тизм­ге толы өмірі сахнаға сұранып тұр­ғанын, қазақ пен қырғыз халқы бір­лесіп ол туралы көркем фильм тү­сіру керегіне назар аударды.
Филология ғылымының кан­дидаты Асқар Тұрғанбаев: «Мағ­жан басына қанша қиындық түссе де, өз мақсатынан, Алаш идеясынан бас тартпаған, өле өлгенше ұста­ны­мына берік, ұлтына адал болған ақын. Оның ұлтшыл рухы мен қай­рат­керлік тұлғасы бүгінгі ұрпаққа үлгі болуға тиіс», – деген пікірін біл­дірді.
1988 жылы ақын мұрасы ресми ақталған соң ғана оны насихаттауға мүм­кіндік туды. Осы тұрғыда мағ­жан­тануға көп еңбек сіңірген бір топ ғалымдардың есімдерін атаған жөн. Олар – М.Базараев, Т.Кәкі­шев, Ш.Елеукенов, Б.Дәрім­бе­тов­тер. Мағжан Жұмабаевтың мұрасын көп­шілік оқырманға тұңғыш ұсын­ған М.О.Әуезов атындағы Әдебиет жә­не өнер институтының қазіргі қа­зақ әдебиеті бөлімінің қыз­мет­кер­лері болатын.
Соңғы жылдары М.О.Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер инс­титуты жүзеге асырған «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы­ның «Классикалық зерттеулер» ат­ты көптомдығының 20-томына М.Базарбаев пен Т.Кәкішевтің Мағ­жан туралы зерттеулері енді.
Ғалымдар ақын мұрасын зерт­теумен айналысса, қаламгерлер Мағ­жанның көркем бейнесін сом­дауда. Бұл қатарда Д.Исабекұлы­ның «Әлдиле өмір, әлдиле», Е.Тө­леу­бай­дың «Мағжан», М.Қожах­­ме­тованың «Азат алаш – даңқты алаш» пьеса­л­арын айтсақ та жеткілікті. Осы­лар­дың барлығы – ақын мұрасы­ның мәңгілік екендігінің мысалы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет