52. Магний,физиологиялықмаңызы. Топырақ құрамындағы мөлшері 0,5% шамасында. Топырақтағы Mg минералдар, алмасқыш, топырақ ерітіндісінде иондар күйінде кездеседі. Өсімдік тамыры еріген жэне алмасқыш магнийді оңай сіңіреді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердегі Mg- дің мөлшері - 0,02- 3,1% балдырларда - 3,0-3,5%. Қысқа күндік өсімдіктерде (жүгері, тары, картоп, қызылша, темекі, бұршақ) көбірек мөлшерде болады. Өсімдіктің жас мүшелері мен ұлпаларында көбірек жиналады. Өсімдік денесінде Mg катионының 70%-ы органикалық жэне анорганикалық қышқылдармен байланысқан күйде болады. Шамалы бөлігі ерімейтін, өсімдікте жылжымалылығы өте нашар қосындыларға (оксилат, пентат) айналады. Тұқымдағы Mg-дің көп бөлігі фитиннің құрамына кіреді. Хлорофилдер кұрамында Mg тікелей протопорфирин IX синтезіне қатысады. Фотосинтездік фосфорлануда электрондар тасымалдануреакцияларының бірқатары Mg-дің қатысуымен жүзеге асады: НАДФ-тың тотықсыздануы, Хилл реакциясы, 11-фотожүйеден 1-фотожүйеге электрондардың ауысуы. Сонымен қатар Mg фосфатты топтардың ауысу реакцияларын катализдейтін, барлық ферменттердің кофакторы болып есептеледі (фосфокиназалар, фосфотрансферазалар, АТФ-азалар, пирофосфатазалар). Бұл оның комплекстік қосылыстар түзу қабілеттілігіне байланысты. Мысалы, АТФ субстрат ретінде пайдаланылатын реакцияларда Mg-АТФ қосындысы пайда болып, соңында ферменттің катализдік орталығымен байланысады. Магний гликолиз бен Кребс циклінің көптеген ферменттеріне қажет. Гликолиздегі киназалардың (гексо-, фосфофрукто-, фосфоглицерат-, пируваткиназалар), енолаза жэне пируваткарбоксилазаның, Кребс цикліндегі фумаразадан басқа ферменттердің барлығының, пентозофосфаттьщ циклдегі глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа, трансальдолазаның ырықтығы Mg-ге байланысты. Сүт қышқылын жэне спиртті ашу процестеріндегі ферменттерге де Mg қажет. Өсімдіктің эфир майларының, каучук, А жене С витаминдерінің синтезделу процестері де Mg-ді қажет етеді. Клеткадағы рибосомалардың жэне полисомалардың қалыптасуына, амин қышкылдарының ырықтанып, белоктардың синтезделуіне де Mg-дің қатысы бар екендігі дэлелденді. Сондай-ақ ДНҚ-, РНҚ-полимеразаларының ырықтығы, нуклеин қыш-қылдарының молекулалық құрылысының қалыптасуы да Mg-re байланысты. Ол жетіспеген жағдайда митохондриядағы тарақшалар (кристалдар) саны азайып, пішіндері бұзылып, соңында жойыльш та кетеді. Mg жетіспеген жағдайда моносахаридтердің мөлшері көбейіп, олардың полисахаридтерге айналуы тежеледі, белок синтездеу аппаратының қызметі бәсеңдейді, рибосомалар жеке бөліктерге ыдырайды. Осының нәтижесінде бос амин қышқылдарының мөлшері 1,5-4 есе көбейеді. Mg-дің тапшылығынан пластидтердің қалыптасуы да нашарлап, хлоропласт негізі (матриксі) түссізденіп, граналар бірбіріне жабысып қалады. Жапырақтың жасыл жүйкелерінің араларында ашық жасыл, соңында сары ақшыл түстеніп, дақтар жэне жолақтар пайда болады. Жапырақ жиектері сары, сарғыш қызыл немесе қызыл қоңыр түстеніп өзгереді. Mg-дің тапшылық белгілері алдымен қартайған жапырақтарда, кейінірек жас жапырақтарда, одан кейінірек басқа органдарда байқалады. Жарықтың күшеюі жэне ұзақ эсер етуі Mg тапшылык белгілерін айқындай түседі.