53. Микроэлементтержәнеолардыңфизиологиялықмаңызы Көп жылдар бойы өсімдіктерде өте аз мөлшерде кездесетін элементтер қоршаған ортадан кездейсоқ жағдайларға байланысты енеді, олардың өсімдік тіршілігінде онша маңызы жок деген ұғым дар таралып келді (Ж.Қ. Қалекенов, 2004). Бірақ арнайы жүргізілген физиологиялық тәжірибелердің нэтижесінде осы элементтердің кейбіреуін өте аз мөлшерде топыраққа немесе қоректік ортаға қосқанда, онда өсірілген өсімдіктер өсуінің жеделденіп, түсімі көбейетіндігі байқалды. Кейінірек мұкияттап тазартылған өсімдіктердің қалыптағыдай өсіп-дамуы бор, марганец, мырыш, молибден сияқты элементтермен байланысты екендігі анықталды. Орыстың ұлы ғалымы В.И. Вернадский өте аз мөлшерде кездесетін элементтердің тірі организмдерге қажеттілігін болжады. Вернадский кейбір геологиялық, биологиялық жэне химиялық құбылыстарды біріктіретін биогеохимия ғылымының негізін салушы ғалым болып есептеледі. А.П. Виноградов тірі организмдерде барлық химиялық элементтердің болу мүмкіндігін айтумен қатар, олардың физиология лық маңызы туралы да болжамдар ұсынды.
54. Өсімдік клеткасының иондарды сіңіру механизмі. Өсімдіктің тіршілік мерзімі өсу және көбею деген екі кезеңге бөлінеді. Өсу кезеңінде жапырақтары, сабақтары, тамырлары қар175 қынды қалыптасып, көбейіп, бұтақтанады, түптенеді, гүл мүшелері қалыптасады. Екінші кезеңде өсімдік гүлденіп, жемістенеді. Өсімдік гүлденгеннен кейін ондағы физиологиялық жэне биохимиялық процестер өзгереді, жеке өсу мүшелерінің (вегативтік) ылғалдылығы төмендейді, жапырақтағы азотты қосындылардың мөлшері азаяды да, органикалық заттар сақтағыш (қор) мүшелерде шоғырланады, сабақтың ұзарып өсуі тоқтайды. Өсімдіктің дамуы деген ұғым сапалы физиологиялық жэне морфологиялық биохимиялық өзгерістерді бейнелейді. Мұндай өзгерістер организмде жаңа құрылымдардың пайда болуына байланысты. Өсімдіктің дамуы, оның тіршілік өмірінің белгілі сатыларын (жастық шағын, жынысты жетілуін, көбеюін, қартаюын жэне тіршілігінің тоқтату кезеңдерін) сипаттайды. Өсу мен даму процестері, ең алдымен, өсімдіктердің тұқым қуалаушылық белгілерімен, яғни генетикалық факторларымен тығыз байланысты. Организмнің барлық гендерінің жиынтығы генотип деп аталады. Онда тұқым қуалаушылық белгілер шоғырланған. Генотипке алғашқы тектерде болмаған, мутациялық жолмен пайда болған гендер де енеді. Организмнің жеке тіршілік кезеңінде (онтогенезінде) байқалатын барлық ішкі жэне сыртқы белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы фенотип деп аталады. Өсімдік өмірі бірнеше сатыға бөлінеді. Бір сатысының екіншіге ауысуының негізгі белгісі - тиісті сатыға тең алғашқы құрылымының пайда болуы. Өсімдіктердің жеке дамуының (онтогенезінің) сатылары мен оларға байланысты ерекше құрылымдар төмендегіше белгіленеді (Ж.Қ. Қалекенов, 2004): 1. Эмбриондық - зиготаның қалыптасуы. 2. Жастық - балауса (ювенильдік), ұрықтың өнуі жэне негізгі мүшелердің (жапырақ, сабақ, тамыр) қалыптасуы. 3. Жетілу (жыныстық) - гүл бастамаларының пайда болуы, көбею мүшелерінің (гүлдердің) қалыптасуы. 176 4. Көбею (жемістену) - тұқымдардың, жемістердің бір рет немесе бірнеше қайталанып қалыптасуы. 5. Қартаю (тозу) - ыдырау процестерінің жэне ырықсыз құрылымдардың басымдануы