46. Плаун тәрізділер бөлімінің мысал ретінде шоқпарбас плаунының құрылысы, көбеюі, қоректену әдістері. Табиғатта, медицинада, фармацияда маңызы


Қырықбуын тәрізділер бөлімінің мысал ретінде дала қырықбуыны



бет2/33
Дата06.02.2023
өлшемі137,82 Kb.
#65349
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
47.Қырықбуын тәрізділер бөлімінің мысал ретінде дала қырықбуыны;
Қырықбуындар класы – Қырықбуындар жер шарының Австралиядан басқа жерлерінің барлығында кездеседі. Класс бір ғана қырықбуын (Equisetum) туысынан тұрады. Түрлерінің жалпы саны 30-35 –тей болады, бұрынғы одақтас республикалардың территориясында олардың 13- ші, ал Қазақстанда 8-і кездеседі. Олар негізінен ылғалы мол жерлерде өседі. Сыртқы құрылысы жағынан қырықбуындар өзі ағаш тәрізді тегі калламеттерге жақын, бірақ мөлшері жағынан көп кіші. Қырықбуындардың жер беті сабағы бір жылдық, тек аздаған түрлерінде ғана көпжылдық, мәңгі жасыл болып келеді. 
Қырықбуындардың қазіргі кезде кең таралған өкілдерінің бірі дала қырықбуыны (хвощ полевой). Бұл көпжылдық шөптесін өсімдік. Арам шөп ретінде егістікте және тыңайған жерлерде (залеждерде) өседі. Оның 1метр тереңдікке дейін топыраққа еніп жататын жер асты бөлігі – тамырсабағы болады. Тамырсабақтың буындарында жапырақта қынапшасы (влагалищесі) топтасып орналасады. Сонымен қатар осы буыннан төмен қарай қосалқы тамырлары (придоточные корни) кетеді. Тамырының анатомиялық құрылысы алғашқы қалпында сақталады, ал қабығында үлкен ауа қуыстары болады. Жер бетіндегі сабақтары екі түрлі болады : ерте көктемде пайда болатын, спора түзетін және кейіндеу (жазда) пайда болып, күздің соңына дейін өсуін тоқтатпайтын спора түзбейтін сабақ.


48. Папоротник тәрізділер бөлімінің мысал ретінде еркек усасырдың құрылысы, көбеюі, қоректену әдістері.


Еркек усасыр папоротнигі (кәдімгі папоротниктер тұқымдасы)
Қазақстандық жеті түрдің ішіндегі едәуір танымалы және кең тарағаны.Республиканың таулы массивтерімен,қылқан жапырақты және аралас ормандарында,дала аймағының солтүстік-шығыс бөлігінде кездеседі.Бұл көпжылдық шөптесін споралы өсімдік жуан,мықты ескі жапырақ сағақтарының қалдықтарымен және кең жұмсақ қабыршақтарымен қымталған тамырсабағымен ерекшеленеді.Сабағы жоқ,тамырсабақтан ірі,екі қайтара қауырсынды-тарамдалған тақталы жапырақтар шоқтала өсіп шығады.Биіктіктері 100 сантиметрге жетеді.Жапырақтың өсуі көктемде басталады.Бастапқыда олар көптеген папоротниктерге тән оралған,ұлу тәріздес болады,кейін өсе келе түзеледі.Усасырдың тамырсабағы улы,бірақ бұрыннан бері тиімді ішек құртын түсіргіш зат ретінде медицинада ғана емес,мал дәрігерлері де қолданады.Барлық вегетациялық кезеңнің ұзақтығында усасыр сәндік сапасын сақтайды.Кейінгі кездері безендіру шараларына пайдаланып жүр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет