46. Плаун тәрізділер бөлімінің мысал ретінде шоқпарбас плаунының құрылысы, көбеюі, қоректену әдістері. Табиғатта, медицинада, фармацияда маңызы



бет3/33
Дата06.02.2023
өлшемі137,82 Kb.
#65349
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
49.Жалаң тұқымдылар бөлімінің мысал ретінде кәдімгі қарағайдың және қабықша тұқымдылар бөлімінің мысал ретінде қырықбуынды қылшаның құрылысы, көбеюі, қоректену әдістері.
Кәдімгі қарағай – бірүйлі өсімдік.
Кәдімгі қарағай – жарық сүйгіш өсімдік, тамыры тереңге кетеді. Орманда өскен қарағай түзу де сымбатты болады. Ашық, далалы жерде өсетіндерінің діңі жуандап, аласа болып келеді. Жарық жеткілікті болғандықтан, бұтақтары жан-жаққа жайыла, таралып өседі. Қылқан жапырақтылар – кіндік тамырлы өсімдіктер. Одан жамана тамырлар тарайды. Ұзын жанама тамырлар өте ұсақ тамыршаларға тармақталады. Ұсақ тамыршаларда микориза (грекше «микос»-саңырауқұлақ және «риза» - тамыр) түзіледі. Қарағай тамырымен селбесу арқылы саңырауқұлақтар топырақтағы кейбір өсімдік сіңіре алмайтын ағзалық заттарды сіңіруге көмекктеседі. Өздері өсімдік тамырынан қажетті заттарды пайдаланады.
Қырықбуынды қылша немесе Тау қылшасы (лат. Ephеdra equisetіna)[1] - қылша тұқымдасына жататын бұталы, көп жылдық өсімдік. Кавказ, Батыс Сібір, Қазақстанда таудың таспақты беткейлерінде өседі.
Сипаты Биіктігі 2,5 метрге жуық. Жоғары қараған жуан бұтақтарына қарама-қарсы ұзындығы 20-30 см-дей жас бұтақтар өсіп шығады. Жапырақтары жетілмеген, қабыршақ сықылды, бір-біріне қарама-қарсы орналасқан.Гүлдері майда, бір жынысты, бірнеше масақша жасап шоғырланып тұрады. Мамыр-шілде айларында гүлдейді. Тамыз айында қызыл түсті, етті, бір тұқымды жеміс береді. Тұқымы - домалақ, қара қоңыр түсті дәнек. Таулы жердегі ормандарда, тастақты беткейлерде өседі.

Емдік қасиеті Құрамында эфедрин, псевдоэфедрин, метилэфедрин, илік заттар, аскорбин қышқылы бар. Өсімдіктің құрамындағы эфедриннің қан қысымын көтеретін, бронхтарды кеңейтетін қасиеті бар. Осыған байланысты қырықбуынды қылшаны қан қысымының кенет төмендеуін, бронх демікпесін, көкжөтелді емдеуге пайдаланады. Дәрі жасау үшін өсімдіктің жас бұтақшаларын бір жылда екі рет - сәуір-мамыр айларында және шілде-қыркүйек айларында жинап алып пайдаланады.Өсімдік - улы, одан жасалынған дәрі- дәрмектермен емделу барысы дәрігердің қатаң бақылауымен жүргізілуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет