57.Дәрілік зат ретінде жасуша шырынның компоненттерін қолдану
58. Өсімдік жасушасының құрылысы. Протопласт, вакуоль, жасуша қабығы. Ядро. Физикалық күйі, пішіні, жасушадағы мөлшері мен орналасуы.
Денесі бір ғана жасушадан тұратын (мейлі өсімдік я жануар болсын) ағзаларда әр жасуша өз алдына жеке ағза болып есептеледі. Көп жасушалы ағзадағы бір жасуша ағзаның кішкене бір бөлшегі ғана. Жеке бір жасушаның құрылысы – жасуша қабықшасы, цитоплазма, ядро, пластидтер және вакуоль. Жасуша қабықшасы жасушаның сыртын қаптайды. Ол өте тығыз, қалың, қатты, ыстық суда, басқа да қосылыстарда ерімейтін мықты болады. Қабықша – жасунықтан (целлюлоза) тұрады. Қабықшаның өте жұқарған жерін – саңылау деп атайды (саңылау тесік емес, тек салыстырмалы атауы). Саңылау арқылы, біріншіден, бір жасуша мен екінші жасуша арасында өзара су, газ, зат алмасады. Екіншіден, бір жасушаның цитоплазмасы екінші жасушаның цитоплазмасымен байланысады. Қабықша жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді. Ішкі бөліктерін зақымданудан, кеуіп кетуден қорғайды. Вакуоль – цитоплазмада орналасады, сыртында қабықшасы бар іші шырынға
толы болатын бөлігі. Жасуша шырынының жиналуына байланысты біртіндеп пайда болады. Шырынның құрамындағы органикалық қышқылдар, витаминдер, тұздар жасушаның қоректенуіне жұмсалады. Вакуоль жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді. Егер қысым өзгерсе, өсімдік қурап қалады. Вакуоль сулы ортаны қалыптастырады. Ол улы заттарды ыдыратады.
Ядро – цитоплазмаға қарағанда тығыз әрі сыртында 2 қабат қабықшасы бар. Цитоплазманың ішінен пішіні өте анық байқалады. Жасуша қабықшасындағыдай ядро қабықшасында да өте жұқарған (саңылау) жерлері көп. Саңылаулары арқылы цитоплазма сұйықтығымен өзара ұдайы байланысып зат алмасады. Әрбір тірі жасушаның тіршілігі ядро мен цитоплазманың тіршілік әрекетіне байланысты. Ядро жасушаның көбеюіне қатысады. Ядрода ядро шырын сөлі, хроматин және бір немесе бірнеше ядрошық болады. Ядро шырын сөлі ядроның құрылым аралық кеңістігін толтыратын мөлдірлеу тұтқыр сұйықтық, болып саналады. Ядро шырын сөлінің құрамында нәруыздар, ядро ферменттері, хроматин нәруыздары, бос нуклеотидтер, РНҚ-ның барлық түрлері, ядрошық пен хроматин әрекеттерінің өнімі болады.
Хроматин дегеніміз - ДНҚ және нәруыздары бар ядроның жіп тәрізді құрылымы. Ол хромосомалардың шиыршықтана ширатылған және тығыз үлескісі болып есептеледі.