46. Плаун тәрізділер бөлімінің мысал ретінде шоқпарбас плаунының құрылысы, көбеюі, қоректену әдістері. Табиғатта, медицинада, фармацияда маңызы


Жасушаның бөлінуі: мейоз және амитоз



бет11/33
Дата06.02.2023
өлшемі137,82 Kb.
#65349
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
60.Жасушаның бөлінуі: мейоз және амитоз
Мейоз (гр. meіosіs — кішірею, азаю) — жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір жасуша екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде жасушалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды. Жануарларда мейоз жыныс жасушалар пайда болғанда (гаметогенез), ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде споралары түзіле бастағанда жүреді. Кейбір төмен сатыдағы өсімдіктерде мейоз гаметалар түзілгенде жүре бастайды. Мейоз барлық организмдерде бірдей жүреді. Егер де ұрықтану диплоидтық жасушаларда жүрсе, онда ұрпақтардың плоидтығы келесі әр буында геометриялық прогрессиямен көтеріледі. Мейоздың арқасында гаметалар барлық уақытта гаплоидты жағдайда болады, бұл организмнің дене жасушаларының диплоидтығын сақтауға мүмкіншілік береді. Мейоздың бөліну уақытындағы екі сатысын 1-мейоз және 2-мейоз деп атайды. Әрбір мейоздық бөлінуде төрт сатысы бар: профазаметафазаанафаза және телофаза.
Амитоз (amitosisгр. а — жоқ; гр. mitos — жіп) — бөліну кезінде жасуша ядросында күрделі өзгерістер жүрмейтін жасуша бөлінуінің сирек кездесетін түрі. Алғаш рет неміс биологі Роберт Ремак 1841 жылы сипаттады, ал терминің 1882 жылы Вальтарам Флеминго еңгізді. Амитоздық бөліну кезінде жасуша хромосомалары көрінбейді және беліну ұршығы түзілмейді. Алдымен ядро, соңынан цитоплазма бөлініп, бір аналық клеткадан бірнеше жас клеткалар пайда болады. Адам мен жануарлар организмдерінде амитоздың үш: генеративті, дегенеративті және реактивті түрлері кездеседі. Генеративті амитоз нәтижесінде пайда болған жас жасушалар, қалыпты жағдайда, бөлінуден кейін одан әрі қарай митоз арқылы белініп көбейе береді. Реактивті амитоз — адам мен жануарлар организмдеріне кездейсоқ факторлардың эсер етуі нәтижесінде, мысалы, жарақаттану ошақтарында байқалады. Жарақаттанған ұлпа жасушалары жедел реактивті амитоз арқылы бөлініп, жазылғаннан кейін, ұлпа жасушалары одан әрі митоз арқылы бөліне береді. Дегенеративті амитоз ұлпа жасушаларында тіршілік тоқтап, оларда ыдырау процесі басталған кезінде байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет