85.Жоғары сатыдағы өсімдіктердің медико – биологиялық маңызы.
86. Өсімдіктердің географиясы.
Фитогеография, өсімдік географиясы — өсімдіктердің жер бетіне таралуын зерттейтін ғылым; өсімдік түрлерінің және ірі жүйелік категориялардың (туыс, тұқымдас және т.б.) өткен дәуірлер мен қазіргі кездегі географиялық таралу заңдылықтарын зерттейтін ботаника мен физикалық географияның бөлімі.
Өсімдіктер географиясының негізгі объектісіне жеке түрлердің ареалдары, сондай-ақ жердің әр түрлі аудандарының флорасы жатады. Флораның және оның жеке элементтерінің генезисін анықтау, сондай-ақ флораны аудандау — өсімдіктер географиясының маңызды міндеттері. Өсімдіктер географиясы ғылым ретінде XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында қалыптасты.[1] Өсімдіктердің таралуы көптеген жағдайларға байланысты. Бұл жағдайларға: жердің өткен геологиялық дәуірі, климаты, жер бетінің құрылымы, жануарлар мен адамдардың әрекеті жатады. Фитогеографияның міндеті — әрбір түрдің ареалын (орналасу ауданын), фитоценозын (өсімдіктер жиынтығын) зерттеп, білу.
Қазіргі фитогеография жер бетін әрқайсысының өзіне тән өсімдік жамылғысының құрамы бар алты облысқа бөледі. Олар —голарктика, палеотропик, неотропик, австралия, кап және антрактида облыстары
87.Ортаның экологиялық факторлары. Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.
Бұл жерде бір ескере кететін жағдай өлім факторы бейімделу қабілетінен тысқары жатады. Экологиялық факторлар абиотик., биотик., антропогендік, климаттық және тежеу факторларымен тығыз байланысты. Экологиялық фактор тірі организмдерге олардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез келген әрі қарай бөлшектенбейтін элементі саналады. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Экологиялық фактордың қайсысы болмасын табиғатта тұрақты емес. Барлық Экологиялық фактор екі санатқа: популяция тығыздығына тәуелсіз және популяция тығыздығына тәуелді болып бөлінеді.
Әсер ету нәтижесінде жойылатын дарабастар пайызы олардың санына немесе тығыздығына байланысты емес
Факторлар әсеріне жойылып кеткен түрлердің пайызы олардың тығыздығы өскен сайын пропорционал мөлшерде артады.
Бірінші санат факторларына негізінен климаттық, ал екіншісіне – биоталық факторлар жатады. Топтастырудың тағы бір жолы бойынша Экологиялық факторлар энергетик. және сигналдық болып бөлінеді. Мысалы, энергетик. топқа температура, бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм, т.б. жатады. Бұл топ организмдерге тікелей әсер етіп, олардың энергетик. күйін өзгертеді.