46-шы ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары



бет2/3
Дата22.09.2023
өлшемі21,11 Kb.
#109680
түріКнига
1   2   3
Ассоциограмма әдісі (диаграммалық байланыстар) немесеағыл. «Mind map»: «зерде-
карта»; «ой картасы»; «ассоциативтік карта» ‒ әртүрлі білімдердің мазмұнын құрылымдық
күйге келтіріп, оларды графикалық (сызықтық) түрлерде елестетіп, түсініп, жеңіл қабылдауға
көмектесетін оқытудың кешенді әдісі.
Бұл әдісті 1970-ші жылдары ағылшын ғалымы Тони Бьюзен(Tony Buzan) ұсынған. Ол:
оқушылар әдетте мидың «қисынды ойлайтын» сол жақ жартысымен жұмыс істейді. Ал
олардың миларының екі жартысы бірдей жұмыс істеуі үшін білімді графикалық (сызық
бейнелік) түрлерге түсіру керек. Графика тек қисындық-аналитикалық қана емес, сонымен
69
бірге образдық-шығармашылық ойды да өрістетеді. Бұл әдіс ой мазмұнын белгілі бір
деңгейлерге жіктеуге, оны белгілі бір құрамдас бөліктерге бөлуге және олардың ара
байланыстарын анықтауға көмектеседі. Осы жақтарынан алғанда ассоциативтік әдіс:
_ жалпылық ойлар түйіндеуге;
_ кешендік жүйені елестетуге;
_ мәтін мен ұғымдарды жүйелеуге;
_ жазылған/белгіленген бейнелерді немесе оқу материалдарын шолуға;
_ жобаны жоспарлауға;
_ оқу материалдарын тереңдетуге және нығайтуға;
_ идеяларды жинауға және біріктіріп құруға көмектеседі.
Зерттеушілердің талдауы бойынша, 20-30 сөзден тұратын ой карталық парақтағы
деректер 20-30 беттен тұратын баяндама мәтініне тең келеді деп есептейді. Әрбір түйінді сөздер
мен ұғымдардың мазмұны үлкен теориялық-әдіснамалық мәселелерді көрсетеді, соларды еске
түсіреді.
Ассоциограммалық әдістері қойылған мәселеге байланысты сөздік және бейнелік деп
бөліп қарастыруға болады.
Ассоциограмма дегеніміз не?
Ассоциограмма – тұлғаның қиялы мен елестетуін дамытуға, салған суреттердің өзара
байланысын қандай деңгейде екенін анықтауға бағытталған.
Ассоциограмманы жүргізу: эксперимент өтушілерге негіз болатын бір сурет беріледі.
Сол сурет бойынша экспериментке қатысушылар өздерінің алдына нені елестетті, яғни қандай
ассоциация болды соны жазады немесе салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет