3. Ыстық желімді, кескіш және өткір құралдарды пайдалану жайлы қауіпсіздік ережесі:
1. Ыстық желіммен жұмыс істеген кезде үлкендердің көзінше және олардың рұқсатымен ғана жұмыс істеу;
2. Ыстық желімнің ұшы өте ыстық, қолмен ұстамау керек;
3. Еріген желім өте ыстық болғандықтан 8 минуттан кейін ғана ұстау керек;
4. Ыстық желімні пистолетін қойғыштың үстіне ұшын төмен қаратып қою қажет;
5. Ыстық желімді қосулы күйінде және қараусыз қалдырма;
6. Жұпта жұмыс істеген кезде бір- біріне нақты нұсқаулық бере отырып ыстық желіммен жұмыс істеу керек.
7. Үстелдің үстін бүлдірмеу үшін ыстық желімнің астына қағазды салу қажет;
8. Жұмыс жасап болған соң ыстық желімді сөндіріп қою қажет.
9. Қайшыны сабы жағын қаратып ұсыну қажет.
10. Қайшымен ойнауға БОЛМАЙДЫ!
11. Сыныпта қайшының ашық жүзімен жүруге БОЛМАЙДЫ!
12. Бізбен тек мұғалім жұмыс істейді!
Кері байланыс. Балалар, қауіпсіздік ережесін сақтау біздің сабақтағы жұмыс үдерісімізді қауіпсіз етеді.
Бір- біріңізді мұқият тыңдаңыздар. Келесі адамның ойын құрметтеңіздер.
4 Практикалық жұмыс:
А) Құрылымның құраушы бөлшектерін өңдеу;
Б) Терезе мен есіктерін жасап, ғимарат макетіне бекіту;
В) Жасыл энергия көздерін жасау және біріктіру (жел диірмендері, күн панельдері).
Е) Дескрипторлар арқылы өзін- өзі бағалау:
- құрылыстың қандай бөлігін өңдеу қажеттігін анықтайды;
- жылтыр беттерін гуашь пен сұйық сабынның қоспасын қолдана отырып бояйды;
- бояудың сапалы болып шығуы үшін бірнеше қабат бояйды;
- қажетіне қарай түсті қағаз бен басқа да материал қолданады;
- жұмысын ұқыпты орындайды;
- жұмыс орынын жинастырады.
|