Сабақтың басы: Сәлеметсіздер ме!
1. Сабақтың түрі - дағдыларды қалыптастыру.
Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен және сабақ мақсаттарымен таныстыру. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.
(1 слайд)
Мен сізбен кездескеніме өте қуаныштымын және сіздерге жақсы көңіл-күй бар деп үміттенемін. Бір-бірімізге күлімсірейік. Бүгін біз пластилинография техникасымен танысуды жалғастырамыз, «Айналамыздағы ғарыш» тақырыбында композиция құрастырамыз.
2. Тапсырма №1. Оқу әдістемесі - визуалды, жұмыс түрі - фронталды, әдіс - жаңа ақпаратты игеру.
«Пластилинография» дегеніміз не?
- Балалар, сіздер білесіздер суретті қарындаштарпен бояулармен ғана емес, ермексазбенде салуға болады. Пластинография – дәстүрлі емес техникаға жатады, көлденен бетте бейнеленген көлемді сурет (барельеф) ермексаз қолданып, «суретте» бейнелерді көп немесе аз дөңеспен арқылы көрсетіледі. Бүгін біз ғарышқа қызықты, танымды саяхат жасаймыз, бірақ алдымен жұмбақтарды шешу керек:
Етегім толы сөк,
Ерте тұрсам жоқ. Жауап: Жұлдыз
Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ. Жауап: Ай
Сұрақтарға жауап беріңіздер:
Ғарыш туралы қандай әңгіме, мультфильм білесіздер?
Олар не жайында? Мультфильмде ғарыштың қандай элементтері бейнеленген? (2слайд)
«Мен ғарыштамын» атты тақырыбына ермексаздан рельефті аппликацияны А4 форматында орындау.
Рельефті ермексазды аппликацияның орындау кезеңдерін қарастыр.
Сұрақтарға жауап бер:
Бұл техниканың қандай ерекшеліктері бар?
Жауап: жұмсақ материал, қолға жағымды.
Практикалық жұмысқа қандай материалдар қажет?
Жауап: Қатты қағаз, ермексаз, стектар.
3.Кері байланыс: оқушылар ұсынылған жұмыстарға байланысты сұрақ қойу.
4.Қалыптастырушы бағалау: Толық қызықты жауаптар үшін оқушыларды мақтау.
Рельефті аппликация техникасында түсті А4 қатты қағазда композиция жасау. (3,4,5 слайд)
Оқушылардың назарың түс және пішінге аудару.
«Мен ғарыштамын» деген тақырыбына кішігірім әңгіме ойластыруды сұрау.
Пластинографикалық бейненің жасау негізгі әдістері. (Слайд 6)
- Жұмысқа кіріспес бұрын, мүсіндеудің негізгі әдістерің еске түсірейік:
ермексаздан жгуттар жасап жабыстыру,
ермексаздан дөнгелектер жасап жабыстыру,
жағып жабыстыру,
мүсінде контурларды қолдану,
үлгіні пайдалана отырып мүсіндеу
рельефты мүсін.
- Жағып сурет орындау реті: алдымен ермексазды басу, содан кейін оны ортасынан контурдың шеттеріне дейін жағу.
- Барлық мүсіндеудің негізгі әдістерін еске алдық.
Ермексаз қолданып бейне жасау үшін не қажет? (Слайд 7)
- Түсті ермексаз, қатты қағаз (әйнек), жұмысқа арналған тақтай, дымқыл майлықтар, стектер.
- Сабақтың практикалық бөліміне кіріспес бұрын ермексазды қолдану әдістемесін талқылау.
Сергіту сәті
Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)
Түлкi болып қашамыз, қашамыз (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)
• Түсті қағаздың бетіне ғарыштық кейіпкерлердің суретін және элементтерін салу;
• Ермексазды пайдаланып, кескіндерді қалыптастыру және көлемді аппликация мүсіндеу;
• Ғарыш объектілері мен кейіпкерлердің түс ауқымына назар аудару.
Жұпта немесе кішігірім топтарда сыныптастарыңның жұмыстарын талқылаңыздар. Талқылау барысында жұмысты жасау барысында қолданған әдістерді талқылайтындай сұрақтар қойыңыздар.
7.Саралау:
Барлығы түстер мен кейіпкерлердің ең аз санын пайдаланады. Көпшілігі мұғалімнің көмегіне жүгіну және көлемді бейне жасайды. Кейбір оқушылар ғаламшарлар, кейіпкерлерді және көлемді бейне пайдаланып, өз бетімен жұмыс жасайды.