күрес шаралары
Қажетті жабдықтар. Тірі тауық (мүмкіндік болса ауру белгілерімен),
құс өлекселері, слайдтар, серологиялық реакциялар қоюға арналған құрал-
жабдықтар және диагностикумдер жиынтығы.
Орны және жүргізу әдістемесі. Сабақ кафедра дәрісханасында, жақын
орналасқан құс фермаларының немесе фабрикаларының лабораторияларында
жүргізіледі. Сабақта құстың жынысын, жасын, қоңдылығын, жалпы жағдай-
ын, демалуын, өкпесіне аускультация жасау, құрсақ қуысын зерттеу,
лабараториялық зерттеуге материал алу, тексеру әдістемелері меңгеріледі.
Студенттер оқытушының түрлі індеттік жағдайға байланысты берген
тапсырмалары бойынша ажыратып балау кестесін құрастырады.
Бактериялар қоздыратын инфекциялық аурулар, оларды балау
әдістері. Пуллороз, колибактериоз, сальмонеллез, пастереллез, Фавус ауру-
186
ларын індеттанулық, клиникалық, патанатомиялық және лабораториялық
зерттеу арқылы балайды.
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде пуллорозбен негізінен
тауық және күрке тауықтар ауыратыны, оған негізінен балапандар бірінші
күндері ауырып 80%-ға дейін өлімге шалдығатыны, 20 күннен жоғары
балапандардың спорадиялық жағдайда ауыратыны және олардың ауру
қоздыруышысын тасымалдаушы ретінде індеттің тұрақты ошағын сақтай-
тыны назарға алынады. Пуллороз негізінен сыртқы орта факторлары және
жұмыртқа арқылы таралатынына байланысты жұмыртқалардың инкубатор-
ларға берілу алдында олардың дезинфекциялануына мән беріледі.
К л и н и к а л ы қ з е р т т е у д е пуллорозға тән белгілерге (іш өту,
нәжістің кілегейлі ақ түсті болуы, клоаканың желімделіп жабылуы, балапан-
дардың координацияларының бұзылуы, коньюнктивит, ауыздарының ашық
түрде болуы) мән беріледі. Бұндай белгілер негізінен 7 күнге дейінгі балапан-
дарда кездеседі. Ересек тауықтарда инфекция сарғайған перитонит түрінде
байқалады.
П а т о л о г и я-а н а т о м и я л ы қ өзгерістер пуллороздан өлген
балапан өлекселерінде айқын байқалады. Олардың негізгілері: жұмыртқада
сарыуыз шекарасының айқындалмауы, бауырдың ұлғайып нүктелі қанта-
лауы, өт қабының ұлғайып оның жасыл қою созылмалы өтпен толуы, өкпеде
және бауырда некрозданған ошақтардың анықталуы (37-сурет), ішектің
қабынуы клоакада ақ түсті нәжістердің жабысып қатуы.
А Ә Б
В Г Ғ
36-сурет. Құс аурулары
А – патогенді саңырауқұлақтар (фавус) әсерінен жарақаттануы; Ә - құс пуллорозында
бауырдың жарақаттануы; Б – пастереллезде құс айдары мен сырғасының домбығуы; В –
шешекте құстың айдары мен сырғасының жарақаттануы; Г – құстың лимфоидті
лейкозы кезіндегі ісіктер; Ғ – Ньюкасл ауруы кезіндегі қарынның етті және сөл
шығаратын жағының бөлініп, қанталауы.
А ж ы р а т ы п б а л а у. Құс пуллорозын пастереллезден,
спирохетоздан, сальмонеллезден (әсіресе үйрек балапанының), колибакте-
риоздан және вирустық инфекциялардан ажырату қажет. Пастереллезде
көбінесе ішкі ағзаларда нүктелі қанталаулармен бірге, құстың айдарының
домбығуы (37-сурет) анықталады. Аурудың нақтылы балауын қоюда
187
бактериологиялық зерттеу маңызды рол атқарады. Зерттеуге жаңадан өлген
5-10 балапан өлекселері жіберіледі.
Құстардың тірі кезінде қан тамшылары агглютинация реакциясымен
(ҚТАР) немесе қан тамшысы жанама геммагглютинация реакциясымен
(ҚТЖГАР) тексеріледі. Қан құстың айдарынан, жүректен, қанат астының қан
тамырларынан алынады. Шаруа қожалығы жағдайында ұсталатын құс тубер-
куллезге тексеріледі. Осы мақсатта құс туберкулині көздің жоғарғы қаба-
ғына, болмаса қанатынының астыңғы терісіне немесе тұяқ араларындағы
пердеге егіледі.
Фавус (Favus, парша) ауруымен құстар көп ауырады. Кей жағдайда
сүтқоректілер мен адамдарда да кездеседі. Инфекция терінің, құстың
қауырсынының, тырнақтарының, сырғаларының, айдарларының және ішкі
паренхимотозды ағзаларының жарақаттануымен сипатталады.
Ауру қоздырушысы – Achorion тұқымдас бірнеше саңырауқұлақтар.
Сыртқы ортаға өте төзімді, Сабуро қоректік ортасында жақсы өседі. Бұл
ауруға құстармен бірге жылқы, қой, ит, қоян, мысық, егеуқұйрықтар және
тышқандар бейім келеді. Сиыр малында өте сирек кездеседі.
Аурудың жасырын кезеңі бірнеше күннен 3-4 айға дейін созылады. Үй
құстары мен жабайы құстардың терісінің жүнсіз жерлері, айдары,
сырғаларында дөңгеленіп келген ақ дақтар пайда болып, кейіннен түйіндерге
тоғысып, қырылып алынбайтын дақтарға айналады (37-сурет).
Бұл ауруды трихофитоз және микроспоридоздан, әсіресе шешек
ауруынан ажырату керек. Шешектің терлік түрінде құстың сырғасында,
тұмсығында, айдарында ұсақ келген шешек ошақтары анықталады. Олар
басында тарыдай көлемде ақ түсті болып, кейіннен қанталаулардың әсерінен
қараяды (37-сурет). Құс шешегі Фавусқа қарағанда көбінесе зілді өтеді.
Соңғы жылдары құстың Фавус ауруына қарсы арнайы вакциналар
қолданылуда.
Құс шаруашылықтарында пуллорозды, басқа да бактериялар және
патогенді саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларды д а у а л а у, і н д е т
о ш а ғ ы н а н а р ы л у ш а р а л а р ы төмендегідей бағыттарда
жүргізіледі:
а) тұрақты түрде клиникалық және індеттанулық зерттеулер жүргізу,
қажет болған жағдайда ҚТАР немесе ҚТЖГАР қолдану;
ә) ауру анықталған жағдайда індет ошағындағы барлық құсты жою, құс
фермасын дезинфекциялау, санациялау;
б) инкубация алдында барлық жұмыртқаларды арнайы режимдерде
дезинфекциялау.
в) дезинфекция, дезинсекция.
г) ферманы санациялау, т.б.
СӨЖ. Іскерлік ойынды орындауға тапсырмалар:
188
1. Құстың бактериялар қоздыратын ауруларына (стафилококкоз,
стрептококкоз, пастереллез, колибактериоз, пуллороз), жұқпалы емес
(гиповитаминоз, улану) және паразитарлық ауруларына (кокцидоз, аспер-
гиллез, т.б.) ауруларына, олардың індеттік ерекшеліктері, негізгі клиникалық
белгілері, патологиялық-анатомиялық өзгерістері бойынша ажыратып балау
кестесін құру.
2. Құстың вирустар қоздыратын ауруларына (құс тұмауы, Ньюкасл
ауруы, жұқпалы бронхит, Марек ауруы, жұқпалы энцефаломиелит, жұқпалы
бурсит, жұқпалы ларинготрахеит, үйрек балапанының жұқпалы синуситі,
үйрек балапанының вирустық гепатиті, респираторлық микоплазмоз) аурула-
рына, олардың індеттік ерекшеліктері, негізгі клиникалық белгілері, патоло-
гиялық-анатомиялық өзгерістері бойынша ажыратып балау кестесін құру.
3. Төмендегі сұрақтарға жауап беру:
а) құс шаруашылықтарында кездесетін бактериалдық инфекциялар,
олардың негізгі жұғу жолдары?
ә) құс фермалары мен фабрикаларында жұқпалы ауруларға қарсы
қолданылатын ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық
және арнайы шараларды атаңыз?
б) құс өсіру технологиясында қолданылатын «барлығы бос-барлығы бос
емес» қағидасын түсіндіріңіз?
в) құс тұмауының індеттік ерекшеліктері қандай?
Студенттің оқытушы көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы:
Індеттік жағдай. Жабық мекеме ретінде саналатын құс фабрикасында
100 мың тауық орналасқан. Фабриканың өз инкубаторы, оқшауланған бала-
пандар тұратын орындары бар. Инкубатор территориясында жұмыртқалар
сақтайтын қоймалар орналасқан. Соңғы бірнеше жылдар бойы құс фабри-
касы инфекциялық аурулардан сау деп саналады, вакцинация жүргізілмеген.
Фабриканың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық.
Кезекті жұмыртқа партияларын инкубациялағанда, 30% жағдайда жұм-
ыртқадан балапандар шықпаған. Алынған балапандардың арасында пулло-
розға тән іш өту жаппай байқалды.
Т а п с ы р м а:
а) Ауруға балау қою үшін жүгізілетін зерттеулер схемасын құру;
ә) Тауық фабрикасына пуллороздан шектеу қоюға шешім дайындау;
б) Індет ошағынан арылу шараларының жоспарын құру.
26-зертханалық сабақ. Құстың микоплазмасы мен вирустық
ауруларын балау және күрес шаралары
Қажетті жабдықтар. Құстың вирустық ауруларын балауға және дауа-
лаға қолданылатын биологиялық препараттар жиынтығы, дезифекциялық
жабдықтар - САГ 1, САГ 2 (қысқартылған орысша атаулары), слайдтар.
189
Орны және жүргізу әдістемесі. Сабақ кафедра дәрісханасында жүргі-
зіледі. Студенттер құстың негізгі ауруларын (шешек, жұқпалы ларинго-
трахеит, жұқпалы бронхит, жұқпалы ринит, үйректің вирустық гепатиті,
тұмау, Ньюкасл және Марек аурулары, респираторлы микоплазмоз, орнитоз)
талдап, оларға тән клиникалық белгілер, патологиялық өзгерістер, індет-
танулық ерекшеліктер бойынша ажыратып балау кестесін құрады.
Вирустық аурулармен күрес шаралары жүйесінде серологиялық балау
әдістері маңызды орын алады. Соңғы жылдары заманауи серологиялық
тесттер (ГАР, ИФР, ДПР, ИФТ, т.б.) түрлі қойылымдарда патологиялық
материалдардан тек қана вирус антигенін анықтауға ғана емес, вакцина-
циялау алдында иммундық фонды, ал иммунизациядан кейін вакциналық
иммунитеттің деңгейін анықтауға кең түрде қолданылады.
Вирустық ауруларды д а у а л а у және і н д е т о ш а ғ ы н а н
а р ы л у шаралары жіті өршіп, тез тарайтын вирустық ауруларды
болдырмауға, ал індет ошағы анықталған жағдайда, одан тез арада арылуға
бағытталған. Бұл ауруларға қарсы күрес шаралары кешенінде ұсталынатын
негізгі қағидалар:
а) құс өндірісінде технологиялық процестердің дұрыс орындалуы;
ә) ветеринария-санитариялық режимдердің сақталуы;
б) құс өсіру технологиясында «бәрі бос-бәрі бос емес» қағидасының
сақталуы.
Түрлі вирустық аурулар анықталған жағдайда індет ошағында жүргізі-
летін арнайы шаралар, олармен қарсы күрес шаралары нұсқауында
көрсетілген ережелерге сәйкес орындалады.
Студенттің өзіндік жұмысына тапсырма:
1. Құстың вирустық ауруларына (шешек, жұқпалы ларинготрахеит,
жұқпалы бронхит, жұқпалы ринит, үйректің вирустық гепатиті, тұмау,
Ньюкасл және Марек аурулары, респираторлы микоплазмоз, орнитоз)
індеттанулық ерекшеліктері, негізгі клиникалық белгілері мен патологиялық-
анатомиялық өзгерістері бойынша ажыратып балау кестесін құру.
2. Індеттік жағдай. Тауық фабрикасында 500 мың жұмыртқалайтын
тауықтар орналасқан. Мекеменің тауық балапанын шығаратын инкубаторы
бар. Вирустық ауруларға қарсы құстар иммунделмеген, аяқ астынан тауық
балапандарының жаппай қырылуы байқалған, аурудың нозологиялық балауы
- Ньюкасл ауруы. Індеттанулық талдау негізінде инфекцияның инкубатор-
дағы балапандардан таралғаны белгілі болды.
Т а п с ы р м а:
а) құс фабрикасында Ньюкасл ауруынан арылу шаралары жоспарын
құру;
ә) қатер төнген аймақта Ньюкасл ауруының таралмауына қарсы жалпы
және арнайы шаралар жоспарын құру.
190
3. Індеттік жағдай. Асыл тұқымды құс фабрикасы жұмыртқа өндірумен
және сатумен айналысады. Фабрика инфекциялық аурулардан таза деп сана-
лады. Бірақ соңғы уақытта тұтынушы құс шаруашылықтарынан рекламация
келіп түскен. Онда сатып алынған жұмыртқалардың 20-40 %-ы пуллорозбен
зақымданған.
Т а п с ы р м а:
а) аурудың нақты балауын қою үшін және асыл тұқымды жұмыртқа
өндіретін құс фабрикасында тауықтың пуллорозға шалдығу пайызын,
індеттік көрсеткіштерді анықтау үшін жүргізілетін әдістемелер схемасын
құру;
ә) асыл тұқымды жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын тауықтың
пуллорозынан сауықтыру шараларын жоспарлау;
б) тұтынушы шаруашылықта пуллороздан арылу шараларының жоспа-
рын құру.
191
6-тарау. ИТ ПИТОМНИКТЕРІ МЕН ТЕРІСІ БАҒАЛЫ АҢ
ФЕРМАЛАРЫНДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
Ет қоректілер (ит, қасқыр, шибөрі, т.б.), терісі бағалы аңдар (құндыз,
күзен, қоян, т.б.) бірнеше түлікке ортақ инфекциялық аурулармен (топалаң,
пастереллез, ауески ауруы, салманеллез, лептоспироз, листериоз т. б.) қатар
өздеріне тән инфекциялық аурулармен (оба, құтырық, инфекциялық гепатит,
энзоотиялық энцефаломиелит, күзеннің алеут ауруы мен энтериті, қоянның
миксоматозы, т.б.) жиі ауырады. Соңғыларының тұрақты індет ошағы
сыртқы ортада негізінен: бұралқы иттер, жабайы аңдар, кеміргіштер арқылы
сақталады.
27-зертханалық сабақ. Ет қоректілер обасы мен Алеут ауруын балау,
дауалау және арылу шаралары
Орны және жүргізу әдістемесі. Сабақ ветеринариялық клиникада
немесе питомникте, терісі бағалы аңдар фермасында жүргізіледі. Студенттер
клиникалық зерттеу жүргізуді, иттен, т.б. қан алуды үйренеді.
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде ет қоректілер обасымен
ит, терісі бағалы аңдар жасына, жынысына қарамай бейімді екені, бірақ
негізінен 2-5 айлық күшіктер көп ауыратыны ескеріледі.
Ет қоректілер обасы қоздырушысының негізгі берілу жолдары – ауа,
адамдар (әсіресе питомниктерде, фермаларда жұмыс істейтін) арқылы. Терісі
бағалы аңдар өсірілетін фермаларда обамен басында аңдардың бір түрі
ауырып, 1-2 айдан кейін басқа түрлеріне беріледі. Оба аң мен иттің күйікке
келген кездерінде өте қауіпті. Бұл кезеңдерде 25-70%-ға дейін терісі бағалы
аңдар ауырып, өлімге шалдығады.
Обаға тән к л и н и к а л ы қ б е л г і л е р д і ң бірі – безгектену. Бұл
кезеңде ауырған терісі бағалы аң мен иттің, әсіресе олардың күшіктерінің
күйінің нашарлауы, бүрісіп тоңуы, тәбетінің төмендеуі байқалады. Бұдан
кейін серрозды коньюнктивит байқалып, іріңді түріне айналады. Жүйке
жүйесінің зақымдануынан кейбір жағдайда тік ішектің сыртқа шығуы, іш
өту, нәжісте қанның пайда болуы, оның жағымсыз иіс беруі анықталады.
Әсіресе күшіктер бірден жүдеп, арықтап, өте көп терлеу нәтижесінде
олардың денелерінен жағымсыз иістер шығады.
Негізінен ет қоректілердің обасында тыныс алу жолдары мен орталық
жүйке жүйесі жарақаттанады. Соңғысында жоғарыда айтылғандай тік ішек-
тің сыртқа айналуымен қатар салдану процестері, сілекей ағу анықталады.
Аурудың нақтылы балауын қоюда вирусологиялық және серологиялық
реакцияларды қолдану маңызды. Вирусологиялық зерттеулер өте күрделі,
сондықтан қажет болған жағдайда серологиялық әдістерді (ИФР, ГАР, КБР,
ДПР, ИФТ түрлі қойылымдарында) қолданылады. Бұлардың ішінде ИФР
патологиялық материалдан вирус антигенін анықтауға практикада кең
192
қолданылады. Патологиялық материал ретінде иттің коньюнктивасынан
тампон арқылы алынған сүртіндіден әйнекке жағынды жасалып, люминис-
центті микроскоп арқылы арнайы диагностикум қолданып, вирус антигені
анықталады. Осы мақсатта патологиялық материал ретінде танау қуысынан
алынған сүртінділер, өлексенің ішкі ағзаларынан (мидан, өкпеден, қуықтан,
асқазаннан) алынған кесінділер де қолданылады.
КБР, ДПР, ГАР, ИФТ әдістері ретроспективті балау қоюда маңызды. Бұл
әдістермен қан сарысуларында антидененің анықталуы ет қоректілердің
обамен ауырып-жазылғаны туралы деректер береді.
Ажыратып балау. Иттің обасын: инфекциялық гепатиттен, құтырық-
тан, Ауески ауруынан, құндыздың вирусты энтеритінен, паратифтен, пасте-
реллезден, В авитаминоздан, парвовирусты энтериттен, алеут ауруынан және
уланудан ажырату қажет.
И н ф е к ц и я л ы қ г е п а т и т т е (инфекциялық энцефаломиелит)
орталық жүйке жүйесімен зақымдалуымен қатар бауыр үлкейіп, кілегей
қабықтарының сарғаюы болады. Сонымен қатар бұл ауруға тән денешіктер
анықталады. Биологиялық сынаманы обаға бейім емес теңіз тышқанына
қоюға болады.
Қ ұ т ы р ы қ т а обадағыдай ринит, коньюнктивит болмайды. Сонымен
қатар құтырыққа тән белгі – ет қоректілердің құтырып ауруы, олардың
асқазанында түрлі азық ретінде жарамайтын заттардың анықталуы, мидың
Аммонов мүйіздерінде Бабеш-Негри денешіктерінің болуы.
А у е с к и а у р у ы ет қоректілерде қышынумен, уақытша салдану-
мен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл ауруға ақ тышқан, қоян және теңіз
тышқаны бейімді, ал бұл жануарлар ет қоректілер обасына бейімсіз.
К ү з е н н і ң в и р у с т ы қ э н т е р и т і н д е негізінен аш ішек
жарақаттанады. Сонымен қатар обадағыдай коньюнктивит, ринит, салдану
болмайды. Биологиялық сынама мысық балаларына қойылады, олар ет
қоректілер обасына бейім емес.
П а р а т и ф п е н ет қоректілер негізінен жаз айларында ауырады және
бұл ауруда көк бауыр 5-10 рет ұлғаяды. Сонымен қатар бактериологиялық
зерттеу арқылы ажыратылады.
П а с т е р р е л л е з д е терісі бағалы аңдар барлық жастарында
ауырады және бұл ауруда геморрагиялық диатездер байқалады. Сонымен
қатар бактериологиялық зерттеу арқылы ажыратылады.
В-1 а в и т а м и н о з ы н д а бауыр жарақаттанады (дистрофия және
түрленуі, қан мен зәр биохимиялық пировиноград қышқылы мен витамин В-
1-ге зерттеледі).
П а р в о в и р у с т ы э н т е р и т қоздырушысы – ДНК-лы парво-
вирус және бұл ауруда гастроэнтерит, құсу жануарлардың өлімге шалдық-
қанына дейін тоқтамайды. Қажет болған жағдайда ГАР доңыз эритроцит-
терімен қолданылады.
193
А л е у т а у р у ы м е н негізінен күзен ауырады, созылмалы түрде
өтеді, геморрагиялық диатезбен, анемиямен, баяу арықтаумен сипатталады.
Ауру қоздырушысы – ДНК-лы парвовирус. Аурудың нақтылы балауын қою
үшін биохимиялық әдіс – йод-агглютинациялық тест (йод сынамасы),
сонымен қатар телімді әдіс ретінде серологиялық әдіс – ИЭОФ (иммунды
электрлі осмофорез).
Қ о я н м и к с о м а т о з ы – көз қабақтарының қабынуымен, бастың,
жыныс мүшелерінің домбығуымен ерекшеленетін жіті өтетін аса жұғымтал
вирустық ауру. Қоздырушысы – Myxoma leporipoxvirus, ДНК-лы шешек
вирустарының тұқымдасына жатады. Бұл аурумен дала және үй қояндары
ауырады. Соңғыларында инфекция өте жіті өршіп, абсолютті жағдайда
өлімге шалдығады. Табиғатта аурудың тұрақты ошағы жабайы қояндар
арқылы сақталады. Негізгі берілу жолдары: трансмиссивті және алимен-
тарлы. Негізгі клиникалық белгілері: іріңді конъюнктивит, құлақтың
салбырауы, бастың ісініп, оның пішіні арыстанға ұқсауы (львиная голова),
пневмония, ринит (38-сурет). Бұл белгілер арқылы аурудың балауын қою көп
қиындықтар тудырмайды. Миксоматозды стафилококкоздан, жұқпалы
фиброматоздан ажырату керек. Бұл ауруларда көз бен кілегейлі қабықтар
зақымданбайды. Індет ошағында карантин қойылып, ондағы қояндар
сойылып, еті температуралық режимдерде өңделеді. Жарақатталған қояндар
өлтіріліп, утильденеді.
Дауалау және індет ошағынан арылу шаралары.
Е т қ о р е к т і л е р д і ң о б а с ы н дауалау мақсатында ит
питомниктері мен терісі бағалы аң фермаларында вирустың сырттан енбеуіне
тосқауыл қою үшін вет.санитариялық режимдер сақталып, ауруға бейім ет
қоректілер 1,5-2 айлық кездерінде және ересектері жыл сайын арнайы
вакциналармен егіледі. Иммундеуге моновалентті (668-КФ, ЭПМ, Вакчум
штамдарынан дайындалған) және поливалентті (Мультикан-4, т.б.) вакцина-
лар кең түрде қолданылады.
К ү з е н н і ң а л е у т а у р у ы м е н ауырған терісі бағалы аңдар
толық өлімге шалдығады. 1964 жылы ауруға қарсы инактивтелген формул-
вакцина өндіріліп шығарылған. Бірақ дауалау мақсатында қолданғанда
қажетті дәрежеде иммунитет тудырмайды. Сондықтан бұл ауруға қарсы
күресте серологиялық әдістерді қолдану басты рөл атқарады. Жоспарлы
серологиялық зертеулерде оң нәтиже бергендері оқшауланып, терісі жетіл-
генге дейін бағылып, сойылады. Індет ошағында ветсанитариялық шаралар
орындалып, ферма санацияланады.
Студенттердің өзіндік жұмысына тапсырма:
1. Індеттік ерекшеліктеріне, негізгі клиникалық белгілері мен патоло-
гиялық-анатомиялық өзгерістеріне сәйкес ажыратып балау жүйесін төмендегі
ауру топтарына құру.
194
а) оба, энцефаломиелит, сальмонеллез, пастереллез, авитаминоз В,
құндыздың вирустық энтериті;
ә) бұлғын мен түлкінің инфекциялық гепатиті, энцефаломиелит, оба,
лептоспироз;
б) ет қоректілер обасы, құтырық, улану, Ауеск ауруы;
в) алеут ауруы және бауыр дистрофиясы;
г) күзеннің вирустық, алиментарлық энтериттері;
д) пастереллез, сальманеллез, оба, Ауеск ауруы, ботулизм.
2. Ит питомниктері мен терісі бағалы аңдар фермаларында инфекциялық
ауруларды дауалау, олардан арылу шаралаларын жоспарлау.
195
7-тарау. ОМАРТАДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ
КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
28-зертханалық сабақ. Ара ауруларын балау әдістері
Достарыңызбен бөлісу: |