Қaзақстандағы үш тұғырлы тіл: pros and cons
Мақалада Үш тұғырлы тіл бағдарламасының іске асыру кезінде кездесетін мəселелері мен ҚР
мектептері жəне жоо да тілдік тұлғаның қалыптастырылуы қарастырылды. Бүгінгі таңда қазақстандық
қоғамда өскелең ұрпақтың тек қазақ тілін меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар ұлтаралық қатынас
үшін орыс тілін, ғылым мен халықаралық тіл ағылшын тілін білу қажеттілігі туып отыр.
Қазақстанның Еуроодаққа белсенді қатысуы, Болон декларациясына сай білім беруді реформалау,
алда Қазақстанның ДСҰ-ның құрамына кіруі осы уақиғалардың барлығы тілдік тұлғаның
қалыптастырылу мəселелерін мемлекеттік маңызы бар уақиғаға айналуына себепші. Авторлар осы
мəселені шешуде кейбір қырларды (аспектілерді) қарастырып отыр. Оқу дискурсында мамандарды
даярлау барысында мектептер мен жоғары оқу орындарын соңғы ұрпақ оқулықтарымен қамтамасыз
етуімен қиындықтар туындайды. Қазақстан қоғамында үш тілдік пен жəне оны жүзеге асыру жолдары
туралы əр түрлі пікірлер бар. Бүгінгі танда жастардың, ең алдымен, қазақ (мемлекеттік) тіліне
аударуы берілуі тиіс деп саналады. Сонымен қатар ағылшын тілі халықаралық ғылыми жəне білім
беру бағдарламаларына қатысуына жəне Қазақстанның ғалымдардың халықаралыққа танылуы үшін
маңызды болып табылады.
Трехъязычие в Казахстане …
Серия «Филология». № 4(80)/2015
83
N.S.Zhumagulova, E.V.Zhumagulova
Trilingual program in Kazakhstan: pros and cons
This article discusses the problem of realization of the trilingual program and the formation of new type of
linguistic identity in the educational discourse at the universities and schools of the Republic of Kazakhstan.
Today in Kazakhstan society, there is a need for mastery of the younger generation, not only in the Kazakh
language, but English and Russian as the language of international communication, and English as the lan-
guage of science and international recognition. The active position of Kazakhstan in the Eurasian Union, re-
forming the education according to the Bologna Declaration, the imminent occurrence of Kazakhstan in
WTO-all these events contribute to the problem of the formation of linguistic identity becomes public value.
The authors of the article touches on some aspects of the problem. In the course of training of specialists in an
educational discourse there are certain difficulties caused by material base, providing schools and higher edu-
cation institutions textbooks on languages of the last generation, etc. In the Kazakhstan society there are vari-
ous opinions apropos the trilingual program and ways of its realization. There are different opinions about the
trilingual and ways to implement it in Kazakh society. It is believed that priority should be given training Ka-
zakh (state) language of young people today. However, the English language is essential for the international
recognition of Kazakhstan's scientists to participate in international scientific and educational programs.
References
1 The State program of education development for 2011–2020 years, [ER]. Access mode: http://censor.net.ua/n327760
2 Nazarbayev N.A. In high school, all items must be in English, [ER]. Access mode: http://www.newsfiber.com/
3 Germany schools want to refuse English lessons in view of their uselessness, [ER]. Access mode: http://news.flarus.ru/? top-
ic=2798
4 Training in France will be done in English, [ER]. Access mode: http://news.flarus.ru/? topic=2798
5 Elistratov V.S. Bull. of Moscow university, Ser. 19. Linguistics and cross-cultural communication, 2006, 4, p. 21–27.
6 Naumov V.V. Linguistic identity of the personality, Moscow: KomKniga, 2007, 240 p.
84
Вестник Карагандинского университета
СЫН ЖƏНЕ БИБЛИОГРАФИЯ
РЕЦЕНЗИИ И БИБЛИОГРАФИЯ
М.І.Əбдуов, Т.Б.Қазбеков
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
(E-mail: Abduov_m@mail.ru)
Асқар таудай əке мұрасын зерттеу
Əке туралы сағынышпен естелік жазғанда көңіл əуені сан-саққа шарықтап, асқар тау əкенің асыл
да абзал, қымбат та ұмытылмас мінез-қасиеттерімен, ақыл-кеңестерімен, елдік намыс-мүдделерімен
қайта табыстырып, тарих қойнауына оралмастай боп сіңген сонау бір қызық та, шыжық күндерді
нақпа-нақ жауһар күйінде жəудіретіп еске салып, еңселендіретіні таңырқарлық құбылыс екендігі
баршамызға аян. Осы орайда айтарымыз атақты ғалым Рашит Əл-Каренидің (Кареновтің) əкесі
Саттар Қараұлының 100 жылдығына орай «Əке рухымен сырласу» атты монографиясын жарыққа
шығаруы
1
.
Монография əке мен бала арасындағы диалог түрінде жазылған жиырма бес əңгімеден тұрады.
Зерттеуші-ғалым осы еңбегін қолға алғанда жазушының бес қаруының біріндей тылсымы мен
тынысының тұңғиығына тартып, алдындағы тұлғалы кейіпкердің ішкі сырына дендей енудің
сиқырлы əрі əмбебап кілтіндей болған, сөйтіп, əлгі адамның өзіндік ишаралы сөзінің оймен
өрнектеліп, санада салтанат құруын діттейтін, сонысымен де жан тербейтін жасырын бүкпесін
жаһанға жеткізуге себебі тиетін осынау шығармашылық тəсіл — диалог əдісіне жүгінген.
Автордың бұрыннан жеңіл тақырыптарды таңдамайтындығы белгілі. Кезінде «Тұғыры биік
тұлғалар», «Мəңгілік құндылықтар саңлақтары», «Қазақтың үш ұлы көсемі», «Көмейінен жыр
төгілген Ахметбек ақын», «Алаш азаттығының ақиығы Иман Əлімбеков», «Ойы ұшқыр, өлеңі сұлу
Құлтума ақын», «Азаттық қаһарманы Мəнжі батыр» атты кітаптары ұлтымыздың құнды еңбектеріне
айналған болатын. Одан кейін жарық көрген «Ақын-ақ еді», «Алаштың жиырма жыр алыптары»,
«Алдаспаны Алаштың ақын Мағжан», «Жұмабек Тəшенев — Алаштың жүз жылда бір туар алып
тұлғасы», «Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің жиырма көшбасшылары», «Үш жүздің
шежіресі жəне Арғын-Алтай тайпасының Қареке-Мұрат рулары: энциклопедиялық анықтамалық»
атты еңбектер де қазақ оқырмандары мен жастарының санасын оятып, ел тарихын түгендеуге
қосылған зор үлес болды. Бұл еңбектердің қай-қайсысы болса да ұзақ зерттеуді, терең білімді қажет
ететін күрделі тақырыптар болатын. Кезінде бұл еңбектерді оқыған оқырман, Кеңес өкіметі кезінде
жасырылып, айтылмай келген халқымыз тарихының жаңа беттерін ашып, тарих тереңінен сыр
шертетінін жақсы біледі.
Монографияда автор өз əкесі Саттар Қараұлына да сипаттама берген. Автордың пайымдауынша,
Сəтекең өмірдің небір қатал иірімдері мен сындарынан сүрінбей өтіп, мол тəжірибе жинақтаған.
Оның айрықша қасиеті өзіне де, өзгелерге де жоғары талап қойғандығында. Ешкімді алаламайтын,
бəрін тең көретін мінезі үшін жұртшылық Саттар Қараұлын ерекше құрметтеген.
Əкейдің алғашқы əңгімесі — оның жер туралы толғанысы. Жүгі нарда, қазаны теңде болып
көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы үш нəрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Олар —
туған ел, жер-ана, қасиетті ана тіліміз. Тəуелсіздік үшін қасық қаны қалғанша күресіп, жауды жағадан
алған бабаларымыздың аманаты, бойтұмары — Жер-ана. Жер-ананың төл туындылары — айдын-
шалқар көлдерден, құпияға шомылған қайнарлардан, асау тайдай толқынды серік еткен өзендер мен
ғажайып кеңдігінен бəріміз де бастау аламыз.
1
Əл-Карени (Каренов) Рашит. Əке рухымен сырласу: Монография. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2015. — 185 б.
Асқар таудай əке …
Серия «Филология». № 4(80)/2015
85
Сондықтан да, қадым жері үшін қасық қанын аямаған ұлағатты ұл, қасиетті қыздарымыз
ұлтымыздың тарихында аз емес. Неге десеңіз, қадым жер мəселесінің артында — қазақтың рухы мен
намысының мəселесі тұр. Мəселен, қазақ тарихының шынайы шырақшысы Ермұхан Бекмаханов:
«Кенесары көтерілісінің басты қозғау күші — халқымыздың ар-намысын отаршылдар табанына
таптатпау, ерікті ел болу идеясын алға шығару еді. Осы идеяны ашып көрсеткенім үшін «халық
жауы» атанып, жазықсыздан 25 жылға сотталып кете бардым...» — деп, ашына жазғаны белгілі.
Адам баласының басынан өткерген ірілі-ұсақты соғыс-сойқандарының дені — жер мəселесі,
жерге таласу. Жерсіз мемлекет мемлекет емес. Ал, жер жəне жерасты байлықтары кез келген
мемлекеттің негізі болуымен қатар, жердің атын иемденген халықтың меншігі.
Өкінішке орай, соңғы жылдары қоқыстармен ластап, байлыққа батамыз деп жерді асты-үстіне
аударғанымызды айтпағанда, жалға беріп, саудалағанымыз «Егемен Қазақстан» деген еңселі
дəрежемізге «тайға таңба басқандай» айқын дақ емес пе? Отандастар, ойланайық! Ата-бабамыздың
кіндік қаны тамған жердің өзгенің қанжығасында кетпеуі үшін күресейік! Тəуелсіз елдің ұлы — өжет,
қызы — қайратты, халқы — қаһарман. Теңізге тамған тамшыдай болса да білім мен еңбегімізді ел
болашағына арнайық! — деп елдікке шақырады автор.
Монографияның мазмұнына арқау болған келесі мəселе — елі мен жерін жаудан қорғаған өжет,
атамекенде елдіктің уызын ұйықтап, халқының еңсесін көтерген тарихи тұлғалардың сыр мен сынға
толы əлеуметтік бейнесі. Сондықтан кітаптағы екінші жəне үшінші əңгімелер ХІХ ғасырдағы қазақ
халқының ең ірі ұлт-азаттық қозғалысын бастаған Кенесары Қасымұлы жəне сол азаттық жолындағы
мыңбасы болған, Арғын-Алтай тайпасынан шыққан атақты Мəнжі батыр Күржекейұлы туралы
деректерді зерттеуге арналған. Хан Кене алдында болған көтерілістерден сабақ алып, қорытынды
жасаған еді. Біріншіден, ол белгілі бір аймақты ғана қамтыған қарсылықтар ешқандай нəтиже
бермейтіндігіне көз жеткізді. Сол себепті бүкіл халықты көтеру қажеттілігі айқын болды. Екіншіден,
қазақтардың ұлт-азаттық қозғалыста ортаазиялық халықтармен одақтасудың қауіптілігін түсінді.
Тəуелсіздікке қол жеткізгеннен бері, күні бүгінгі дейін «Халық жауы бүлікші» аталып келген ұлт-
азаттық көтерілісінің бастамашысы — Кенесары ханды тарихшылар ақтап алып, оның қазақ
халқының азаттығын көксеген көсемдігін жария етуде.
Хан Кене секілді Ұлы тұлғамен үзеңгілес жүріп, жосын жорықтарда қалың қолды бастаған
Мəңжі батырдың тұлғалық ерекшелігін сомдау, оның ұлағатты ісін ұрпаққа таныту — бүгінгі
буынның алдында тұрған үлкен міндет. Сондықтан автор арнайы əңгімені Мəнжі батыр
Күржікейұлының патша отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық күрес жүргізген Кенесары ханның
жасағына қосылып, батыр атанып, одан жүзбасы, мыңбасы атақтарына жетіп, Кенесары ханның
негізгі батырларының бірі болғандығын көрсетуге арнаған. Осы бағытта ең алдымен ел тарихындағы
Кенесары хан жəне оның қол бастаған батырлары жайлы қатталған деректерді қазбалап, сол арқылы
Мəнжі батыр бабамыздың болмысын ашу мақсатында аймағымыздың ғалымдары мен тарихшылары,
ақындары мен ұлтжанды азаматтары үлкен шығармашылық ізденіспен еңбек етуде.
Автор өз монографиясында адами болмысқа, қоғамдық қатынастарға тəн мəдени, əлеуметтік,
саяси мəселелерді зерттеудің тарихи тəсілін асқан шеберлікпен ұтымды қолданған. Атап айтқанда,
ХХ ғасырдағы, əсіресе оның 30-шы жылдары жəне орта кезеңіндегі тарихи оқиғаларды зерттеуді
жəне олардың бір адамның өмірінде сəйкесінше көрініс табуын онтайлы ұштастырған.
Белгілі бір дəуірдің сыр-сипатын тереңірек түсінгісі келген жан əуелі сол кезеңде өмір сүрген
жекелеген азаматтар тағдырына зер салса керек-ті. Əкеміз Саттар Қараұлы — Кеңес үкіметінің
«бесігінде» тербеліп, тұтас ғұмыры соған байланған, «советтік» жүйеге тəн ауыртпалық атаулының
барлығын да өз басынан өткерген жан жəне, оның айтуынша, «XX ғасырдың 20–30-шы жылдары
қазақ халқының тарихында күрделі де өзара қайшылықты ауыр кезең болды. Қазан төңкерісі, азамат
соғысы, соғыс коммунизмі саясаты, жаңа экономикалық саясат, күшпен ұжымдастыру, орталықты
индустрияландыру жəне т.б. үдерістер Қазақстанды қиын жолға түсірді.
Автордың пайымдауынша, Кеңес дəуірінде ашаршылық тақырыбы жабық тақырып болған.
Баспасөзде ол жайында сөз қозғалмаған. Көшпенді жұртты қынадай қырған аштық зұлматының
ажалды тырнағынан ешбір қазақ əулеті дін аман құтыла алмаған. Сондықтан да сол бір жылдардағы
ашаршылық халық санасына терең жара салды.
Өкінішке қарай, ашаршылық салдарынан құрбан болғандар саны туралы əлі ортақ тұжырым
болмай отыр. Шетелдік зерттеушілердің есебі бойынша, олардың саны 860 мың мен 2 млн адам
М.І.Əбдуов, Т.Б.Қазбеков
86
Вестник Карагандинского университета
аралығында, отандық ғалымдардың пайымдауынша, бұл көрсеткіш — 1,5 млн мен 3 млн адам
шамасында. Олардың дəл саны əлі күнге дейін анықталған жоқ.
Сондықтан да, автордың ойынша, алдағы уақытта ашаршылық құрбандарының жалпы саны əлі
де болса терең зерттеп, анықтай түсуді талап етеді.
Монографияда отызыншы жылдардағы қазақ халқы бастан кешкен екінші қырғын — 1937–1939
жылдардағы саяси қуғын-сүргін ауыртпалықтары туралы кеңінен сөз қозғалады. Сол кезеңде озық
ойлы «елім» деп еңіреген азаматтарды жаппай қырып-жойған қуғын-сүргін науқаны жүргізілді.
Жалпы, 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының ұзын саны 120 мың болса, соның
30 мыңы атылып кеткен. Талай-талай тағдырды тар жолға салып, тайғақ кештірген қаралы күндерді
ұмыту, оны жылына бір мəрте болса да еске алмау — үлкен күнə. Сондықтан да болар, жыл сайын
мамырдың соңында осы тақырыпқа бір айналып соғу, қазақстандықтардың, əсіресе БАҚ өкілдерінің
парызына айналған.
Кітаптағы мұнан кейінгі «Ұлы Жеңіс ел жадында», «Барлаушы» атты екі еңгіме Ұлы Отан
соғысы тақырыбына арналған. Мұнда автор өз əкесінің жəне əкесінің ағасы Асқар Кареновтің Отан
қорғау жолындағы жасаған ерліктерін əңгімелейді. Əсіресе Асқар Қараұлының Ленинград
майданында барлаушы ретіндегі ептілігі, Волхов жəне Карель майдандарындағы кескілескен
ұрыстарда көрсеткен ерліктері егжей-тегжейлі баяндалған. Сондай-ақ соғыс кезінде Отан үшін
жанын құрбан етіп, қыршынынан қиылған ағаларымыз бен апаларымыз, аяулы азаматтарымыз
туралы, олардың соңында жесір қалған əке-шеше, бауырлары, жұбайы мен балалары туралы сыр
шертілген.
Автор өзінің жеңіс солдаттарының бірінің баласы болғанын ойынан шығармайтынын айтады.
Балалары, немерелері аталарының майдангер болғанын, ерлік көрсеткенін, мемлекеттік марапат
алғанын мақтаныш тұтатынын көрсеткен.
Еліміз тарихында Ұлы Жеңістің ерекше орын алатыны сөзсіз. Жеңіс ел мен ұрпақ үшін
ұрандатып соғысқа қатысқан сарбаздардың қаны текке төгілмегендігінің айғағы. Уақыт өтсе де, «Ер
есімі — ел есінде» демекші, ешкім ешқашан ұмытылмайды.
Соғыстан кейінгі оқиғалар тың игеру науқанын баяндаудан басталады. Бұл науқанның ресми
саяси тұстарымен қатар, оның көлеңкелі жақтары да көрсетілген. Мəселен, 1954–1956 жылдары
Қазақстанға сырттан 640 мың адам қоныс аударып келді. Жəне олардың басым көпшілігі 25 жасқа
дейінгі жігіттер мен қыздар болды.
Дабылы мен даңғазасы көп тың игерудің алғашқы екі жылының өзінде Қазақстанға жан-жақтан
25 мыңдай жетекші кадрлар жіберілді. Олардың ішінде тыңға соқа салудан гөрі, басқару
аппараттарынан үлес алуды көбірек көксеп келгендері аз емес еді. Лауазымдық жұмыстарға негізінен
келімсек кадрлар орналастырылды. Республиканың бұрынғы басшыларын шұғыл ауыстыру
шаралары Орталық Комитеттің шынайы көмегі деген желеумен жүзеге асырылды. Жергілікті ұлт
кадрлары жаппай ысырылып, қызмет деңгейлері күрт төмендеді. Олардың үлкен республиканы
басқаруға қабілеті жетпеді, қиыншылықтан тайсақтады деп түсіндірілді.
Осыларды келтіре отырып, монографияда автор Сəтекең көрсеткен келесі тұжырымды ойларды
қадап айтқан: «Қиын-қыстау заманда жат жұрттың мыңдаған адамын бауырына басып, ыстық ықылас
көрсете білген қазақ халқына Кеңес өкіметі кезінде шет елде əр түрлі себеппен бас сауғалап қалған
қандастарымызды ата-жұртына жинап, қайта оралдырғысы келмеді! Бұл жағдайды дұрыс пайдалана
білгенде өткеннен қорытынды шығарылып, қазақ қауымы демографиялық тұрғыдан өркендеп,
сырттағы ағайындарымыздың ата-жұртта тұрақтануына жағдай жасалып, экономика мен
мəдениетіміз, рухани байлықтарымыз одан əрі көркейе түсері сөзсіз болатын. Бірақ мұның бəрі бізге
қажет болғанымен, Кремльге керегі жоқ еді».
«Қазаққа қан жұттырған аждаһа» атты əңгімеде Семей полигонының зардаптары барынша
толығырақ зерттелген деректерге зер салсақ, 1947 жылғы 21 тамызда Кеңес Одағы үкіметінің
шешімімен құрылған № 2 Мемлекеттік орталық сынақ полигонында 1949–1989 жылдары 460-тан аса
ядролық сынақ, оның ішінде 30 жер үсті, 88 əуе, 348 жер асты ядролық жарылыстары жасалған. 13
рет радиоактивті газдың атмосфераға таралуынан келген экономикалық жəне демографиялық
зардаптарына 1,5 млн жергілікті тұрғын ұшырады.
1991 жылы 29 тамызда ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа
қол қойды.
Асқар таудай əке …
Серия «Филология». № 4(80)/2015
87
Өкінішке орай, бұл сынақтардың зардабын осы күнге дейін шегіп келе жатқан аға-апаларымыз,
ата-əжелеріміз бар. Сол жандардың жан жарасына сəл де болса демеу болып, қолдау көрсетуі —
бүгінгі ұрпақ міндеті.
Ал келешекте тəуелсіздік жемісін татқан ұрпақ алаңсыз білім алып, ядролық қару сынауға қарсы
əрекеттерге үлестерін қосып, еліміз үшін аянбай еңбек етуін тілейік, — деп ой қорытады автор.
«Кітап — халықтар ой-санасының архиві» деген əңгімені автор əкесінің «Əдебиет ұлы болмай
— ұлт ұлы болмайды», ал кітап деген ұғым, алдымен, əдебиетпен егіз. Сондықтан да адамзат үшін
жақсы кітаптан асқан байлық жоқ. Өйткені ой түбінде жатқан «таза, мінсіз асыл сөз» халыққа
көбінесе кітап арқылы ғана жетеді. Адам баласы ең асыл рухани құндылықты кітаптан ғана алатынын
айта келіп, автор кітап жайындағы əкесінің өте шұрайлы ойын былайша келтіреді: «...Түрлі шетелдік
авторлар болды дегенмен, қазақтың негізгі басым бөлігі оқыған кітаптардың көпшілігі қазақ ақын-
жазушылары еді. «Абай жолы» бастаған қазақтың бар болмысын ашып берген ұлы шығармалар
болмаса, мен оларды оқымасам, қазақтың, ұлтымның бет-бейнесін, ұлттық дүниетанымын, салт-
дəстүрін бүгінгідей жетік танымаған болар едім».
Əсілі, қай кезде де жақсы кітап адамның жан сарайын шуаққа бөлейтін, рухани жан азығы
екендігі баршамызға белгілі.
Диалог түрінде жазылып, саяси-əлеуметтік мəселелерді зерттеуге арналған кітапта көп əңгімелер
тəлім-тəрбие мəселелерін қарастыруға бағытталған. Сəтекеннің ойынша, қазақ халқы ежелден тəрбие
ісінде бірнеше маңызды мəселені қамтыған.
Біріншіден, тəрбие басы алдымен əдептілікті үйретуді көздеп, əдептілік мəселесін басты міндет
етіп қойған.
Екіншіден, мейірімді болуға тəрбиелеген. Өйткені, мейірімді адам қашанда қайырымды болады.
Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек бол деп үйреткен. Бұл баланы еңбекке баулудың алғашқы
белгілері. Баланы сергек сезімді, еңбек сүйгіш азамат етіп тəрбиелеу ісін, оның жас ерекшелігін
ескере отырып жүргізген жөн.
Төртіншіден, адалдық пен шындыққа тəрбиелеу. Кез келген тəрбие құралына талдау жасасақ,
ақыл-ой, дене, еңбек, адамгершілік тəрбиелері іштей сабақтасып, араласып жатқанын көреміз.
Бесіншіден, білгір бол, ұстаз бен ғалымның, көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңда, ақпа
құлақ болмай, құйма құлақ бол дегенді бойларына сіңірген.
Алтыншыдан, үлкенді, ата-ананы, сол арқылы қоршаған ортаны, айналаны сыйлауды басты
міндет етіп қойған.
Бұл айтылғандар бала тəрбиесі, яғни адам тəрбиесі, тек бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның
міндеті екенін танытады.
Монографияда «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» айшығымен берілген əңгімеде əйел мен
бала тағдырының мемлекет үшін маңызды мəселе екенін ескере отырып, қоғамдық жəне отбасылық
тұрғыдан нақты қадамдар жасаудың, соған сай іс-шараларды қарастырудың қажеттілігі көрсетілген.
Ағайынның татулығы мəселесін зерттей келе, автор өз ата-анасына сыни көзқарас тұрғысынан
баға берген: — Менің ата-анам əрдайым кері кеткен тірлікті бері тартып, ақ пен қараның аражігін
ажыратып, ой салуға тырысты. Бойларын өсек-аяңнан аулақ ұстады. Əділетсіздікке көздері
жетпейінше, ел арасындағы алыпқашпа сөздерге сенбеді. Ешкімнің сыртынан сын айтып, айбат
көрсетпеді. Өмір сүрген ортасының қадірін түсірмей, күйбең тіршіліктің сұранысынан кең болды.
Орынсыз ашу шақырмады. Намысқа нұқсан келтірмеді, кім болса да сабасына түсіре білді. Ауылынан
өсіп шыққан, ауызға іліккен азаматын мақтан етіп, жетістігіне қуана білді.
«Хəкім Абайды толық тану оңай ма екен?!» деген əңгімеде зерттеуші-ғалым «мыңмен жалғыз
алысқан» ұлы Абайдың əлемдік дүниетанымын, əлемдік өркениет деңгейіне көтеріле білген ерекше
тұлға, өзгеше жаратылыс екендігін алға тартады. Өз кезіндегі казақ елінің мешеу тұрмысы туралы сөз
ете отырып, ой кемелдігі, сыншыл көзбен бағалай білуі жағынан Пушкин, Лермонтов, Крылов биігіне
көтерілгенін жоғары пафоспен паш етеді.
Автордың «Өмір — аққан дəрия, көшкен сел» тақырыбындағы əңгімесі өмірдің терең
философиясына толы. Мұнда ол əкесінің бірқатар өмірлік ұстанымдарын келтірген:
Біріншіден, — деді əкем, — өмір — Алла тағаланың адамдарға берген ең қымбат сыйы.
Кез келген адам бұл фəниден кеткенде артыңдағы ізің жүзіп өткен балықтың ізіндей болса,
атыңды өшірмейтін жақсы ісің мен хатың қалмаса, жоқтайтын жоқтаушың болмаса, нағыз сорлылық
сол болса керек.
М.І.Əбдуов, Т.Б.Қазбеков
88
Вестник Карагандинского университета
Екіншіден, бір шаһар бар, есігі жалқауларға жабық, еңбекқорларға ашылатын. Аталмыш шаһар
«Мақсат» деп аталады. Адамзат баласы ес жиғаннан бастап, өз алдына мақсат қояды, мақсат деген
адамға жігер беріп, алға бастап, демейді.
Үшіншіден, өмір болғасын, өмірдің түрлі түйткілдері мен бұралаңдары, адам баласы түсініп,
шегіне жетіп шықпайтын ұғым, мағыналары болатыны заңды құбылыс. «Өмір кешу, даламен шауып
өту емес» деп орыс халқы айтатындай, сол өмір сүрудің өзін əркім өз ұғымы аясында əр түрлі
бағалайды.
Төртіншіден, уақыт ұзап, жылдар жылжып өткен сайын əрбір жұмыр басты пенденің бұрынғы
көргендері, бастан кешкендері əрдайым жарқын, жағымды құбылыстардай танылып, есте сақталар
естеліктерге, кейде тіпті сартап сағыныштарға айнала бастайды.
Бесіншіден, біз қаласақ та, қаламасақ та, кəрілік — адам өмірінің ең соңғы кезеңі. Табиғат
маусымның қысындай. Əрбір адамның əдемі қартая білуді ұзақ ғұмыр сүрудің далбасасына
айналдырмай, ізіңнен гүл өсіріп, ісіңнен игілік туғызып кетердей жаныңды жақсылыққа ғана жегіп,
тəніңді адалдық пен əділдіктің арашашысы ете білгенге не жетсін.
Адамзат өміріндегі парасатты тақырыптардың бірі — тектілік мəселесін автор былайша
өрбіткен:
1. Сонау 30-шы жылдары орыстың атақты ғалымы, академик Н.Вавилов осы бір «тек» деген
киелі ұғымның рас екенін дəлелдеп-ақ шықты. Оны ғылым тілінде ген дедік, генетика дедік. Амал не,
қарғаны сұңқар, тұғырды тұлпар дейтін бір кезеңдер қай заман, қай қоғамда да болып тұрады ғой.
Сол ғұлама Вавиловтың түбіне оның қасында əшейінде оң жағына бір, сол жағына бір шығып
жалбақтап жүретін Лысенко деген саппас жетті. Міне, сол генетикаңыз кейін жəне бүгін нақты
ғылым ретінде дəлелденсе, оны біздің ата-бабамыз бұдан бірнеше ондаған ғасыр бұрын айтқан,
білген, тіпті, күнделікті тұрмыста ел, мемлекет басқару ісінде қолданып отырған.
2. Алдағы уақытта біз тектілік келбетімізді биіктетіп, дамудың даңғыл жолына түсуіміз керек.
Өйткені дамудың кілті жемісті идеяда. Жемісті идея кемел білімді тұлға бойынан шығады. Кісілік —
келбетті иеленгендер ұлттық рухтың қорғаны. Тектілік — келбетті мен кемеңгердің, есті мен
еріктінің əлеуметтік жемісі мен жеңісі, ұлағаттылық пен рухани ұстаздыққа кісілік жол. Нағыз
тектінің тірегі мол, жұбанышы жетерлік.
3. Тектіліктің бекем ұйытқысы — отансүйгіштік, Отанға деген махаббат. Үлкен азаматтық
сезіммен Отанын шынайы сүйген жан елі үшін ерлік жасаудан ешуақытта тайынған емес, тайынбайды
да.
Ұлтын сүю — қай халыққа да тəн қасиет. Ол — ұлтшылдық емес. Бір халықтың, бір халықтан
артық-кемі болмайды. Ұлт — қасиетті ұғым. Демек, ұлттық намыс — ол сол ұлттың барлық жақсы
қасиеттерін ардақ тұту, қадірлеп-қастерлеу деген сөз.
4. Қазақтың таным-түсінігінде «жеті ата» ұғымымен катар, қыз жəне ұл жағынан аталатын «жеті
ұрпақ» ұғымы да кеңінен дəріптеліп келді. Қазақтар бала жағынан ұрпақтарын: бала, немере, шөбере,
шөпшек, немене, туажат, жүрежат деп атап, ал қыз жағынан туған ұрпақтарын: қыз, жиен, жиеншар,
дегеншар, көгеншар деп атаған. Отбасылық тəрбие арқылы туысқандар мен ағайындар арасындағы
татулықты, жылдан-жылға қалыптасып отыратын тектілікті, бір атадан тараған тұтастықты,
бауырмашылдықты сақтауға бағытталған салт-дəстүрлері ұлттың бірлігін нығайтуға да негіз
болғанын атап өткеніміз абзал».
Сонымен, тектілік — ұлттық рухтың қуаты, мемлекеттіліктің іргетасы. Себебі нағыз текті тұлға
өзінің Отан алдындағы перзенттік борышын адал орындайды. Ал адамның адамдығы өзіне, отбасына,
ұлтына, Отанына қызмет ету деңгейімен анықталады.
Кітапта автор діл діңгегі — дін мəселесін зерттей келіп, ҚР Президенті Елбасымыз
Н.Ə.Назарбаевтың: «Саясат күнде өзгереді. Ал, дін мəңгілік.... Біз Исламға қарызбыз. Өйткені, Ислам
қазақ халқының бірлігін сақтап қалған, — деген ұлағатты сөзін қаперімізден шығармауымыз
керектігін айтып, қолымызға келіп қонған бақ құсы — дербес елдігіміз бен тəуелсіздігіміздің іргесін
шайқалтпай ұстап тұру үшін шариғат шарттарына сай келетін ұлттық дəстүрлерімізді берік ұстана
білуіміз керек», — деген сөзін келтіре отырып, қалың жұртшылықты мұсылманшылыққа шақырады.
Кітаптағы «Ата-ананды тірісінде сыйла!» деген əңгімеде өскелең ұрпақ үшін көптеген өсиет
сөздер бар:
1. Халқымызда қалыптасқан дəстүр бойынша бала тəрбиесінде баланың əкесі мен шешесінің,
əжесі мен атасының, өскен ауылы мен қоршаған ортасының жеке-жеке өз міндеті бар. Оны халықтың
Асқар таудай əке …
Серия «Филология». № 4(80)/2015
89
өзі «Балаға: ана — мейір, əке — айбар, əже — қамқоршы, ата — ақылшы, ауыл — тез» деп
өрнектейді.
2. Біздің ата-бабаларымыз қыз баланы алақандарына салып əлпештеп, еркелетіп, қонақ деп
қараған. Ал, ұл баланы əулеттің ізбасары, ұрпағын жалғастырушы деп сезінген. Сондықтан «Əке —
асқар тау, ана — мөлдір бұлақ, бала — жағасындағы құрақ» екендігін ешқашан естен
шығармағанымыз жөн. Ата-аналарымызды қадірлеу — ең басты парызымыз.
3. Балаларымызды тəрбиелемес бұрын ата-ана мына ережені жақсы білуі керек: «Егер
балаларымыздың кемшіліксіз болғанын қаласақ, өзіміз кемшіліксіз ата-ана болумыз шарт».
4. Ата-ананың міндеті мыналар: балаға ат қою, дұрыс тəрбие беру, білім беру, мамандық беру,
үйлендіру, баспана дайындау, отанға қызмет етуге үйрету.
5. Жақсы тəрбие көрген бала мыналарды орындауға тиісті: ата-ананың тапсырысын орындау,
олар мақұлдамаған нəрсені орындамау, ата-ана ұнатпағанды істемеу, ата-анасына ұнайтындай болып
өмір сүру, ата-аналарын жылы шыраймен қарсы алу, ата-ананың тағы бір үлкен арманы —
балаларының өз алдына отбасын құрып, бала сүюі.
6. Өмір тоқтаусыз аққан өзен сияқты. Мұхитқа қарай ағылған өзен суының бастауы оның
ағысына əсер етеді. Біздің анамыз, анамызға деген махаббатымыз дамылсыз сарқыраған өзен
ағысының бастауы сияқты. Оған деген сүйіспеншілігіміз, ақ тілегіміз осы бастаудан нəр алады.
Монографияда ұлт денсаулығы кеңінен сөз болып, жастарға мынандай пікірлер айтылған:
1. Ислам дініміздің қағидаларының денсаулыққа ешбір зиян жері жоқ екенін, қайта зор пайдасы
барын айту керек. Ең бастысы, ол денсаулыққа зиян келтіретін əдеттерге қарсы. Əсіресе арақ-шарап
ішімдіктерінен аулақ болуы талап етіледі.
2. Мамандардың айтуынша, маскүнемнің балалары көбіне ауру, кеміс, ақыл-есі кем болып туады
екен. Мына статистикаға қараңыз: ішкілікті аз да болса ішетін əйелдердің өмірге əкелетін сəбилерінің
80–90 пайызы əлсіз болады, олар болашақта психикалық қиындықтарға ұшырайды, сөйлеу
мүшелерінде кемістік байқалып, терісінде түрлі аурулар болады екен.
3. Қандай ауру болмасын, соның алдын алу шараларына діни тұрғыдан зор мəн берілген.
Мысалы, не болса соны ішіп-жей беру де күнə саналады. Қолды жумай, тамақ ішу дұрыс емес. Ал
намаз оқу тəртібінің керемет қасиетін айтпаса да түсінікті.
4. Денсаулығы көтере алатын адамдарға ораза ұстау да — бес парыздың бірі. Оның да
мүмкіншілігі бар адамдарға пайдасы бар екені күмəнсіз. Ол, əсіресе, зат алмасу үрдісі нашарланған,
денесі толып кеткен жəне кейбір ауруларға бейімді адамдарға пайдалы.
5. Тағам туралы сөз болғанда, қазіргі уақытта жиіленіп кеткен кейбір аурулардың негізгі себеп-
салдары туралы көп айтылып жүр. Əсіресе жүрек-қан, тамыр аурулары, семіздік жəне сусамыр
аурулары туралы айтылады. Бұл ғылыми дəлелденген шындық.
6. Бақыт та, байлық та, береке де, бірлік те — иманда. Имансыз иба болмайтынын 7 жасар
баладан 70 жастағы шалға дейін айтады.
Кітапта рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық
пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың
бақыты мен кəдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі —
жылы, көңілі дарқан адам — ұстаз жайында, оның қоғамдағы рөлі туралы кең көлемде пайымды
пікірлер айтылған. «Ұстаз — киелі мамандық, оның қадірін білгеннен қасиетің артады» дей келе,
Сəтекең былайша ой бөліседі:
1. Білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мəселе. Бұл мəселені
шешудің кілті ұстаз қолында. Өйткені ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тəрбиелейді. Адам
тəрбиелеу — ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы — ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы — сабақ.
2. Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ойнауға немесе Паганинише саусақ
ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға да болады. Əрбір сабағы ғажайып əуенге толы
нағыз ұстаз болуы кімнің де болса арманы.
3. Ұстаздан дəріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да
киелі. Жан-Жак Руссоның: «Ұстаз болу — өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген
нақыл сөзі жаныма өте жақын.
4. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тəрізді барлық
адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шəкірті өзінен озған ұстаз — еңбегі ақталған
ұстаз. Өйткені өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шəкірт тəрбиелейтін шебер ұстаз
М.І.Əбдуов, Т.Б.Қазбеков
90
Вестник Карагандинского университета
үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін-өзі дамытып, жетілдіре
алатын болуы қажет.
Монографиядағы «Ана тілім — асыл қазынам» айдарымен айшықталған əңгімеде адам мен
адамды, халық пен халықты жақындастыратын айрықша құрал — тілге деген шынайы құрмет,
əркімнің өз ана тілінде білім алуына жағдай туғызу, ұлттық мəдениетті дамыту жекелеген адам үшін
де, ұйымдар мен мекемелер үшін де, мемлекет үшін де аса маңызды құндылық екендігі дəріптелген.
Сондай-ақ тіл тіршіліктің күретамыры іспеттес қастерлі де қасиетті қазына екендігі, тіл туралы ұлы
ойшылдар, коғам қайраткерлері, ақын-жазушылар сынды зиялы қауым өкілдері, тіпті қарапайым
жандар да ой толғап адамзат атаулыға бұйырған осынау баға жетпес байлықты ардақ тұтқандығы
пайымдалып, тұщымды тұжырымдар жасалған:
1. «Туған тіліңді қорғау — туған Отаныңды қорғаудан да маңыздырақ. Отаныңды жау басып
алса, оны ерте ме, кеш пе, əйтеуір азат етеріңе сенесің. Ал тілің жауланса — бітті», — деген екен бір
ғұлама.
2. Қазақ халқы өз тілін айрықша құрметтеген, ерекше зер салған. Қазақ сөз қадірін –– өз қадірім
деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған жұрт. Оның
тарихы да, тағдыры да, тəлімі мен тəрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөздерде жатыр.
3. Тіл шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мəдени
дəрежесін көтере беруші пəрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тəрбиелеудің
құралы, қуатты қаруы.
4. Амал не, осындай əдемі туған тіліміз бола тұра, өзге тілде сөйлейтіндер əлі көп. Тіпті, туған
тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар. Төл тілде сөйлеуден безу ақ сүт беріп, асыраған
анаңды ұмытумен бірдей. Осы кезде Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам — жəндік»,
— деп ашына айтқаны ойға келеді... Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан
да қол үзеді.
5. Егер біз жер бетінде ұзақ та бақытты өмір сүреміз десек, бұған тек тіліміздің арқасында қол
жеткіземіз. Тілсіз бақыттың бір бүйірі кем. Халықтың күні қараң. Ұлттық бет-бейнеңді, қасиетіңді,
діліңді сақтаймын десең, алдымен тіліңді сақта. Ал тілді сақтау үшін сол тілде сөйле, жаз, хат-хабар
алмас. Кейбір ұлттар сияқты тілімді тірілтемін деп қиналмас үшін оны жойып алма. Тілді сақтауға əр
қазақ міндетті!
Монографиядағы «Қазақ мемлекеті қалай болу керек?» деген мəселеге берілген ауқымды жауап
адамды терең толғанысқа ұшыратады. Қазақ мемлекеті қалай болуы керек? Алаш қозғалысы,
Алашорда, Алаш партиясы соның негізін қалап, негізгі біртұтас идеясын соқырға таяқ ұстатқандай
анық жасап кетті. Біз сол жолмен жүрсек, адаспаймыз. Күнделікті қарым-қатынас, алыс-беріс, саясат
уақыт өткен сайын дами түседі. Бірақ Алаш көсемдерінің ұстанымы біздің елдік қағидамыздың өзегі,
тамыры, тірегі болуы керек еді. Алаш көсемдері қазақты жанымен жақсы көрді. Қазақ үшін жанын
берді. Алаш арыстарын бірін-бірінен бөле-жара қарауға болмайды. Олардың мақсаттары, мүдделері
бір болатын. Ол халқымыздың ояну кезі еді. Мемлекеттікке ашық ұмтылған кезі еді. Сол кездегі
идеология, бағдарлама дəл қазір де біздің шамшырағымыз, бағыт-бағдарымыз болуы керек еді. Сонда
біз төрт аяғымыздан тең тұрар едік. Халықтың бойында Алаш рухы өшкен жоқ. Оны ары қарай
дамыту керек» деп, Алаш рухын мəңгілік етуге шақырады автор.
Сөз соныңда айтарымыз, оқырман қауымға жол тартқан зерделі ғалымның бұл еңбегі өскелең
ұрпақ үшін тəрбиелік мəні зор, жастарды елжандылық рухында тəрбиелеу үшін бағдар беретін
құндылығы мол шығарма.
Серия «Филология». № 4(80)/2015
91
Достарыңызбен бөлісу: |