4Лекция Тақырып: Ішкі секреция бездері Жоспар



бет1/2
Дата03.11.2022
өлшемі18,87 Kb.
#47241
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
Лекция-1662697138646


4Лекция
Тақырып: Ішкі секреция бездері
Жоспар: Ішкі секреция бездері. Гормондар.
Гипофиз және оның гормондарының бала организіміне әсері.
Қалқанша, бүйрек үсті, эпифиз, қалқан серік бездері және оның жас ерекшеліктері
Кілт сөздер: бездер, гормондар, гипофиз, окситоцин, вазопрессин
Иллюстративті материал: дәрістің мультимедиялық формасын студенттер кафедрадан алады.
Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы түсінікте.Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі.
Сыртқы секрециялық (лат.секреция-сөл шығару) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері (лат. секрет-без өнімдері) қуыс мүшелерге құйылады.Сондықтан оларды секрециялық немесе экзогендік (грек. экзо –сыртқы, сыртқа+ген –тек, болмыс) бездер деп атайды.
Ішкі секрециялық немесе эндокриндік (грек. эндон-ішкі+крино-бөліп шығару) бездердің өнімі тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады. Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімдері тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді.Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің күллі тірлігіне өз ықпалын тигізеді.
Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін г о р м о н (грек. гормо-ішке қосамын, қозғаймын) деп атайды, ол өте белсенді,химиялық зат. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге,зат және энергияның алмасуына,мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. Оған қоса ,организмнің қызметтерін реттейді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда г и п о с е к р е ц и я (грек. Гипо-аз, төмен) және күшейгенде г и п е р с е к р е ц и я (грек. гипер-артық,жоғары, шегінен тыс ) байқалады. Гормондардың қасиеттері ,
а) олар өте белсенді,тым азғантай мөлшерде әсер ете алады;
ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормон немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды;
б) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты,яғни қашық тұрып,алыстан әсер етеді.
Гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы бас сүйегінің “түрік ері ” деп аталатын сүйегінде орналасқан. Ол ортаңғы мимен көрші орналасады және онымен екі жақты көптеген байланысы бар.Жаңа туған нәрестенің гипофизінің салмағы 10-15 мг, бірақ 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін өседі де, жас өспірімдерде ересек адамның мөлшеріндей болады. Ол ересек адамда 50-65 мг, пішіні сопақшалау болады. Гипофиздің көлемі баланың жасына лайық ұлғаяды,әрі “түрік ері” сүйегінің өсуіне байланысты өзгереді.Жаңа туған сәбидің бұл сүйегі мм, 1 жасқа жеткенде мм, ал 16-18 жасқа дейін 9+11 мм болады.18 жастан кейін әр адамның организімінің ерекшеліктеріне сай өзгереді.
Құрылысы.Құрылысы жағынан гипофиз 3 бөліктен тұрады:алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктер.Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін а д е н о г и п о ф и з деп , артқы бөлігін н е й р о г и п о ф и з деп атайды. Гипофиздің бар салмағының 75% алдыңғы, 1-2% ортаңғы, 18-23%артқы бөлікке жатады.
Аденегипофизде 22 гормон түзіліп қанға құйылады.Бұлар химиялық құрылысы бойынша троптық гормондар, аса маңыздылары: сомотропин немесе өсу гормоны (СТГ), тиреотропин(ТТГ), адренокортикотропин(АКТГ) және үш түрлі гонадотропиндер және ортаңғы бөлімде түзілетін меланотропин(МТГ).
СТГ, яғни өсу гормоны, белоктың алмасуын және ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсутегінің алмасуына әсер етеді.
Өсу гормонының мөлшері жаңа туған сәбиде өте көп (60 ммкг/мл), 3 айда біраз төмендеп (16 ммкг/мл), ересек балаларда 10,8 ммкг/мл болады да, ержеткенде не бары 0,55 ммкг/мг ғана болады. СТГ-ның гиперсекрециясы адамның бойын тез өсіріп жібереді, алыптық пайда болады.Организмде байқалатын СТГ-ның гипосекрециясында баланың бойы өспей ергежейлі болып қалады.Өсу гормоны көбейген жағдайда көбіне а к р о м е г а л и я (грек. акрон-соңғы, ақырғы, мегас-үлкен) байқалады, яғни адамның бет,аяқ-қол, жақ сүйектерінің өсіп,ұзарады.
Нейрогипофизде вазопрессин мен окситоцин деп аталатын нейросекреттер белсенді қалыпқа келтіріледі. Химиялық құрамы жағынан бұлар нанопептидтер, яғни аминқышқылдарының 9 қалдығынан құралған.Вазопрессинді антидиурездік гормон деп те атайды. Ол бүйрек каналшаларында судың қанға қайта сіңуіне әсер етеді. Окситоцин жатырдың жиырылуын қамтамсыз етіп, әйел босанып жатқанда баланың сыртқа шығуына көмектеседі. Окситоцин сүт бездерінің альвеолаларының эпителий клеткаларын жиырып ,сүттің сүт жолына, одан баланы емізгенде сүттің шығуын реттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет