5 -бет 6 -бет жастар газеті жастар – болашақтың кепілі №3



жүктеу 365.53 Kb.

бет1/4
Дата15.03.2017
өлшемі365.53 Kb.
  1   2   3   4

Cана

Мүдде


Салауат

5

-бет

6

-бет

ЖАСТАР ГАЗЕТІ

Жастар – болашақтың кепілі



3

 (40)

наурыз, 2013 ж.

ҚАШҚАР ҚЫЗЫ 

ШЫНАРГҮЛ 

ШОҚАНҒА КІМ?



ЖЕРДЕ 

ЖҰЛДЫЗДАР 

БОЛА МА?

Жұлдыз  деген  Жаратушының  жаратқан  бір  кереметі. 

Қара  аспанды  нұрландырған  кереметке  не  жетсін!  Ал, 

сондай  кереметке  кей  адамдар  өздерін  теңеп  əуре.  Рас, 

қазақтар  өнерге  жаны  құмар  халықпыз.  Дегенмен,  жарқ 

етіп  өнер  көрсеткен  өнерпаздардың  барлығын  жұлдыз 

дей беруге болама екен?!

8

-бет

ӘН-КҮЙ 

САБАҚТАРЫ 

ҰЛТТЫҚ 

НАҚЫШТА ӨТСЕ...

И.Байзақов атындағы Павлодар облыстық 

филармониясы, С.Торайғыров атындағы 

Павлодар мемлекеттік университеті студенттік 

филармониясының дəстүрлі əншісі Əсел 

Ботаевамен еркін сұхбат

Әз Наурыз төрлет!

Ұлыстың ұлы күні құт - берекесімен келсін!

3

-бет

ЖАСТАРДЫ 

ҚОЛДАУ – 

ЖАСТАР 

САЯСАТЫНАН 

БАСТАЛАДЫ

Бәрімізге ортақ тұжырым 

бар – жылан жылында бар 

жұртшылықтың белсенділігі 

артады. Бұны ғылым саласы 

дәлелдеді. Қазақтың тарихы 

да жылан жылында түрлі 

жағдайды басынан кешірді. 

Сонымен, жылан жылы қазақ 

тарихына несімен қымбат…

2

-бет


2

SMS-ақпарат

Павлодар  қаласының  мектеп 

оқушылары мен жоғары оқу орын-

дарының  студенттерімен  Иман-

жүсіп  Құтпанұлының  неме ресі 

С.Торайғыров  атындағы  Павло-

дар  мемлекеттік  универ си  те ті-

нің  профессоры,  философия  ғы-

лымдарының  докторы,  «Шо қан 

жолдары»  қоғамдық  бірлестігінін 

төрайымы 

Раушан 

Көшенова 



кездесті. «Иманжүсіп Қа зақстанның 

тəуелсіздігі  үшін  өз  азаттығын 

тіккен  жан»,  –  деді  белгілі  ақын-

ның  немересі  атасының  қилы 

тағдыры  туралы.  Азаттық  пен  ұлы 

азаматтықты  шынайы  бағалаған 

Иманжүсіптің  өмірбаянын  ақтара 

отырып,  бұл  қадір-қасиет  пен 

ел  тəуелсіздігіне  өз  өмірін  сарп 

етер  өжеттілік  ақынның  атасынан 

дарығанын əңгімесіне арқау етті.

Оқушылар  ақын  өмірі  мен 

шығармашылығын  зерттеп  жүр-

ген  ғалым  əрі  тікелей  ұрпағы 

Р.  Көшеноваға  сұрақтар  қойып, 

Иманжүсіптің  осы  уақытқа  дейін 

белгісіз  болып  келген  сырла-

рын  тануға  ұмтылды.  Көп  жылғы 

үнсіздік  пен  тыйымға  қарамастан 

Иманжүсіптің 

шығармашылығы 

бүгінде  ел  игілігінде.  Суырып 

салма  ақынның  есімі  ортамызға 

қайта оралды. Биылғы 2013 жылы 

қазақтың  біртуар  баласының  150 

жылдық  мерейтойы  атап  өтілмек. 

Оның  əндері  мен  жырларында 

тəуелсіздіктің  қыраны  самғап, 

елдің  ұлы  мұраты  баяндалады. 

Азат  елдің  бүгінгі  өскелең  ұрпағы 

Иманжүсіп  бабасының  жырла-

рынан  сусындап,  халқы  үшін 

жанкештілігі  мен  күрескерлігін 

өнеге тұтса игі.

Əйгілі 

халық 


композиторы 

Иманжүсіп  Құтпанұлы  1863  жылы 

Павлодар  облысы  Ақсу  ауда-

нында  өмірге  келіп,  1929  жылы 

Жамбыл  облысының  Мойынқұм 

ауданында  өмірден  озған  бола-

тын. Оның атасы Тұрғанбай датқа 

Түркістан қаласы маңындағы Шілік 

өңірінде  би  болып,  əкесі  Құтпан 

Кенесары  көтерілісіне  қатысқан 

батыр  болған.  Жастайынан  сері 

атанып,  саятшылық  құрып,  палу-

ан  атанған  Иманжүсіп  ақын,  əнші 

болған.  Оның  əндері  Арқа  мен 

Жетісуда кең таралған. А.Затаевич 

Иманжүсіптің бірнеше əндерін жа-

зып  алып,  "Қазақ  халқының  1000 

əні" атты жинағына енгізген. Оның 

"Сармойын", "Бұғылы мен Тағалы", 

"Ішім өлген, дүние-ай, құр сыртым 

сау", "Əкем Құтпан болғанда, ағам 

Шонай",  "Қысырақтың  үйірі  жи-

рен ала", "Мен қалайша жалғанда 

тұрақтайын",  т.б.  шығармаларын 

бүгінгі  күні  дəстүрлі  əншілердің 

орындауынан естіп жүрміз.

Осы  жылдың  31  мамырында 

Иманжүсіп  Құтпанұлының  150 

жылдығына 

арналған 

«Қа зір-

гі  кезеңнің  мəдени-тарихи  дəс-

түріндегі  Иманжүсіп»  атты  ха-

лы қа ралық 

ғылыми-тəжірибелік 

конференция  өтеді.  Бұл  шара 

Сұл танмахмұт  Торайғыров  атын-

дағы  Павлодар  мемлекеттік  уни-

верситеті  ұйымдастырғалы  отыр. 

Қазақ,  орыс,  ағылшын,  неміс 

тілдерінде  өтетін  конференция 

жұмысында  –  тарих,  филосо-

фия,  этнография;  саясаттану, 

əлеуметтану, педагогика, психоло-

гия; əдебиеттану, тіл білімі, журна-

листика; мəдениет жəне өнертану 

мəселелері қаралмақ.

Жанар ЕЛЕШОВА

ЖЫЛАН ЖЫЛЫ ЖӘНЕ 

ТАРИХҚА ШОЛУ 

Ырымшыл  халықпыз.  Болмашы  нəрсені 

кө ңі лімізге  алып  немесе  ұсақ-түйектен  тағ-

дырымызды  болжайтынымыз  бар.  Оны-

мыз  дұрыс  та  шығар.  Неге  сенсең  –  соны 

ба ғындырасың. Əлем жұртшылығы жылан жы-

лын əртүрлі əсермен, сан алуан көңілмен қарсы 

алды.  Қытай  халқы  үшін  жылан  даналықтың 

белгісі.  Біреулері  жыланды  қатерліге  бала-

са,  енді  біріне  ол  сəтті  жыл.  Бірақ  бəрімізге 

ортақ  тұжырым  бар  –  жылан  жылында  бар 

жұртшылықтың  белсенділігі  артады.  Бұны 

ғылым  саласы  дəлелдеді.  Қазақтың  тарихы 

да  жылан  жылында  түрлі  жағдайды  басынан 

кешірді. Сонымен, жылан жылы қазақ тарихы-

на несімен қымбат…

Тарихшыларымыздың көбі Шыңғысхан əскерінің Оты-

рарды жаулап алғанын тарихи трагедия деп қабылдаса, 

енді бірі керісінше тұжырым жасайды. Бірақ бүгінгі күні 

Отырардың  қақпасын  ашып  берген  бабалардың  да, 

қақпаны  ашқызған  жаулардың  да  ұрпақтары  бүтін  ұлт 

болып отыр. Қазақтың Жəңгір ханы 1629 жылан жылын-

да таққа отырып, Қазақ хандығына билік жүргізді. 1665 

жылы талай сын сəттерде қазақ халқын тапқырлығымен 

тығырықтан  алып  шыққан  Қаз  дауысты  Қазыбек  би 

өмірге келген жыл, ол да жылан жылы. 1689 жылы Тəуке 

хан  бастаған  қазақ  батырларының  қолы  жоңғарларға 

жойқын жорық жасағаны мəлім. Үш жүздің басын қосқан 

Хан  Абылай  да  жылан  жылында  өмірге  келген.  1725 

жылы  жоңғарлар  Ташкент  пен  Түркістанды  жаула-

ды.  1737  жылы  Кіші  жүздің  ханы  Əбілқайыр  Орынбор 

өлкесінің  губернаторына  екінші  рет  ант  берді,  сондай-

ақ,  жылан  жылында  1845  жылы  Қазақтың  бас  ақыны 

Абай  Құнанбайұлы  өмірге  келді.  Жоғарыда  аталған 

тарихи  даталар  қазаққа  жылан  жылы  сыйлаған  награ-

далар  десек  болады,  осы  оқиғалар  арқылы  Қазақ  та-

рихы  толықты.  Өкінішке  орай,  ХХ  ғасырдың  алғашқы 

жартысындағы  жылан  жылы  қазаққа  аз  қиыншылық 

əкелген  жоқ.  1905  жылы  жерімізді  революция  жайлап, 

орыстың  буржуазиялық-демократиялық  революциямен 

тығыз  байланысқа  түстік.  Қазақты  тарихи-əлеуметтік, 

рухани қиыншылық құшты. Ресейдің отаршылық жүйесі 

мен солақай саясаты бұрында өз басын азаттық жолын-

да  ажалға  қиған  ата-бабаларымыздың  жерін  өздеріне 

тəуелді етті. Бірақ бұл тұста да қазақ жапанда жалғыз 

қалған  жоқ,  ұлт  зиялылары  Əлихан  Бөкейхан,  Ах-

мет  Байтұрсынұлы,  Мұхаметжан  Тынышбаев,  Жақып 

Ақбаев, Мұстафа Шоқай сынды арыстар саяси аренаға 

шығып,  алаш  үшін  атой  салды.  Бұл  кезеңді  қазақтың 

ояну  немесе  қазақты  ояту  жылы  десек  болады.  Атал-

мыш  ғасырдың  екінші  жылан  жылы  1917  жылмен 

сəйкес  келеді.  Бірақ  Ақпан,  Қазан  төңкерісі,  Уақытша 

Үкіметтің өзі елдегі империалистік соғысты тоқтатпады. 

Қазақты  саяси  құқығынан  айырған  заң  өз  күшінде  еді. 

Өнеркəсіп  орындарында  сегіз  сағаттық  жұмыс  ережесі 

енгізілмеді. Қазақтың ең шұрайлы жерлері басқалардың 

еншісіне берілді. 20 ғасырдың үшінші жыланы сталиндік 

ұжымдастыру  саясатымен  тура  келді.  Ол  1929  жыл 

еді.  Тарих  бойынша  бұл  саясаттың  соңы  аштық  пен 

қуғындауға əкеліп соққаны, нəтижесінде сансыз қазақтың 

жер жүзі бойына қашып, қалғандары «қолдан жасалған» 

өлімге  төтеп  бере  алмағаны  анық.  Жоғарыда  аталған 

ұлт  ұлдары  да  үкім  шығарылып,  3386  адам  атылып, 

13151 адам абақтыға қамалды. Аңғарсаңыздар, нақ осы 

жылдары қазақ ұлты сансыз қайраткері мен көсемінен 

айрылды.  1941  жыл  да  жылан  жылы  еді.  Гитлердің 

фашистік саясаты да қазақты айналып өткен жоқ. Бірақ 

жамандықтың  соңынан  жақсылық,  қиыншылық  арты-

нан қуаныш келетіні бар ғой. Сол сияқты бұл ғасырдың 

екінші  жартысында  қиындық  жауыны  саябырлады. 

1953  жылы  Сталин  қайтыс  болып,  солақай  саясаттың 

қара бұлты сейілді, 1964 жылы Хрущевтің КОКП-нің ХХ 

сьезінде  «жеке  басқа  табынушылықты»  айыптап,  ба-

яндама  жасағаны  тарихтан  белгілі,  жалпы  Хрущевтің 

кезеңін «жылымық жылы» дейміз. 1977 жылы Брежнев 

дамыған социализм кепілі деп Конституция қабылдады. 

Бұл  тоқырау  кезеңінің  бастамасы  еді.  Ал,  1989  жылы 

Шығыс Еуропада бірнеше ереуілдер болып, Чехослава-

кия социалистік жүйеден бас тартты, ГДР мен ГФР орта-

сын бөліп тұрған Берлин қабырғасын құлатып, 44 жыл 

бойы  екі  бөлек  саяси  ықпалда  өмір  кешкен  немістер 

қайта қауышты.

ХХ ғасырдың соңғы жылан жылы 1989 жыл еді. 1979 

жылы  25  желтоқсанда  Кеңес  əскерінің  Ауғаныстанға 

кіргенін  білеміз.  Тура  он  жылдан  кейін  1989  жылы  15 

ақпанда Кеңес əскерінің Ауғаныстаннан шығуы да Қазақ 

үшін  тарихи  қуаныш.  Міне,  ХХ  ғасырдың  жылан  жылы 

қазақ үшін осылай аяқталды.

PS.  Биылғы  жылан  жылы  Қазақ  халқы  үшін  қаралы 

күнмен  басталды.  Əуе  апатынан  қара  жамылса  да, 

ырымшыл  қазақ  қиындықтың  соңынан  қуаныш  келеді 

деп сенді. Дегенмен, қай жыл болмасын, жазарымыз тек 

жағымды болсын демекпіз.



Эльмира Абетжанова

 



ШОЛУ



 



АЙТЫЛҒАН СӨЗ 

С.Торайғыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік  универ-

ситетінде  Павлодар  облысы  əкімдігі  ұйымдастыруымен 

«Дипломмен  –  ауылға»  жобаға  қатысушылары  мен  ЖОО 

бітірушілерінің  арасында  «Дипломмен  –  ауылға»  атты 

облыстық конференция өтті.

Конференция  нəтижелері  бойынша  жастардың  еліміз  бен 

аймағымыздағы  қоғамдық-саяси  өмірге  белсене  қатысуын 

жандандыруға  бағытталған  шаралар  ұйымдастыру  идея-

сын  қолдау  жөніндегі  шешім  қабылданған.  Сонымен  қатар, 

«Дипломмен  –  ауылға!»,  «Жастар  саясаты»,  «Жұмыспен 

қамту-2020»,  «Жайлау»  сынды  жобалар  жайындағы 

ақпараттық науқанын ары қарай жалғастыруда.

Жəне  де,  конференция  қатысушыларының  айтуы  бойын-

ша, аталмыш ақпараттық науқанға мүдделі мемлекеттік меке-

мелер  мамандарының  назарын  аударып,  ауыл  жастарының 

өзекті мəселелері бойынша пікірталасуға жағдай жасау қажет.



Құралай ШАЙМАРДАНОВА

А.  Құнанбаев:  «Ол  күнде  На-

урыз  бір  жазғытұрым  мейрамы 

болып, наурызнама қыламыз деп, 

тамаша  қылады  екен.  Сол  күнін 

«ұлыстың ұлы күні» дейді екен».

А.  Байтұрсынов:  «Наурыз  – 

қазақша  жыл  басы.  Біздің  Жаңа 

жылымыз  –  Наурыз  марттың 

басындағы  болсын,  ортасында 

болсын,  əйтеуір  мартта  келетін 

болса, шын мағынамен Жаңа жыл 

деп айтуға лайық».

М. Дулатов: «Наурыз қазақтың 

шын  мағынасындағы  ұлт  мей-

рамы.  Наурызды  қазақтан  басқа 

күншығыс жұрттарының көбі мей-

рам  етеді.  Бірақ,  бұлардың  бəрін 

салыстырғанда  Наурызды  біздің 

қазақтың  мейрамы  етуі  айрықша 

сыйымды,  артық-ша  дəлелді. 

Неге  десеңіз,  марттың  ескіше 

9-ында, жаңаша 22-сінде күн мен 

түн  теңеледі,  қыс  өтіп,  жаз  жетіп, 

шаруа кенеледі».



М.  Жұмабаев:  «Қазақ  Жаңа 

жылы – жазғытұрғы күн мен түннің 

теңелген күні (22 наурыз) болады. 

Жаңа  жылдың  ертеңіне  жарық, 

жылы  күн  қараңғы  суық  түннен 

ұзара бастайды. Бұл реттен, қазақ 

Жаңа  жылы  ғылым  қойнына  да 

басып  кіріп  қалады.  Қазақ  Жаңа 

жылын  «Наурыз»  дейді.  Наурыз 

əулиенің,  əнбиенің  аты  болма-

са  керек.  Сондықтан,  қазақтың 

Наурызы  –  дін  мейрамы  емес, 

тұрмыс  мейрамы,  шаруашылық 

мейрамды тұр мыс пен, ғылыммен 

байланыстырып қоғамға пайдалы 

игі  іс  жасайтын,  ауыл,  адамдар-

мен ұйым дастыратын мейрам ету 

керек».


Мақтымқұлы:  …Жеткен  кез-

де  Наурызымыз  жапан  біткен 

жаңғырар,  Тұман  орап  тау  ба-

сын,  аспан  үрпі  салбырар. 

Жансыздарға  жан  бітіп,  əуен  би-

леп  маңды  бір,  Жер  көгеріп,  шөп 

қаулап,  мерейін  бір  қандырар. 

Күнге  тосып  арқасын  жан-жануар 

албырар,  Аунап-қунап  барлығы 

жерге түгін қалдырар.



С. Қожанов: Наурыз мұсыл ман-

дықтан  бұрын  шыққан  мейрам. 

Наурыз ел шаруасымен күн көріп, 

табиғат  шарттарына  тұрмысы 

көбірек 

байланысқан 

елдің 

тұрмысы  тудырып  отырған  мей-



рам. Жұрт қысқы қысымшылықтан 

құтылып,  малы  жұт  қаупінен 

құтылып,  оның  қалған  малы  ба-

лалап,  қарасы  көбейіп  жатқан, 

өздері  егін  шаруасына  қам 

қылып,  қасиетті  жаз  маусы-

мында  байлығын  молайтудың, 

табиғаттың  иіп  тұрған  кезінде 

қолынан  келгенінше  көп  өндіріп 

қалудың 


шарасын 

істеп, 


абыр-сабыр  болып  жатқан  ел 

шаруаларының  талабы  қозған 

ең  көңілді  уақыты  –  көктем.  Сол 

көктемнің басы – Наурыз…

ӘНДЕРІНДЕ ТӘУЕЛСІЗДІК 

ҚЫРАНЫ САМҒАДЫ

Наурыз мерекесінің қарсаңында С.Торайғыров атындағы Павлодар 

облыстық кітапханада ақын, сазгер, әнші, палуан Иманжүсіп 

Құтпанұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Дәурен сүрдің бір кезде 

құстай ұшып…» атты көрмесі және Г.Н.Потанин атындағы Павлодар 

тарихи-өлкетану мұражайында шығармашылық әдеби кеш өтті.

ЖАСТАР ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА АТТАНУДА

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ


3

Жастар - ел ертеңі



2013 жылдың 26 ақпанында «Қа зақ стан 

2020:  болашаққа  жол»  Қазақстан  Респу-

бликасы мемлекеттік жастар сая сатының 

2020  жылға  дейінгі  тұ жы рымдамасы 

қабылданды.  Аталмыш  құжат  Қазақстан 

Республикасының  Тұңғыш  Президенті 

Н.Назарбаевтың 

тапсырмасы 

бой-

ынша 

əзірленді. 

Тұ жырымдаманы 

қабылдамас  бұрын  жобаны  талқылауға 

жастар 

ұйымдары 

қатыстырылып, 

жалпыұлттық  пікір талас  жүргізілген. 

Бүгінгі  жастарға  қатысты  ең  өзекті 

мəселелер  –  баспана  жəне  жұмысқа  ор-

наласу. Осы түйткілдер тұжырымдамада 

толық ескерілді. Биыл жастар саясатын 

қаржыландыруға  1,5  млрд.  теңге  қар жы 

қарастырылмақ. Бұдан былай елі міздегі 

жастар  ұйымдары  əдеттегі  атойлы 

ұрандармен  жұмыс  істемей,  нақты  іске 

көшпек.

Ел  тұрғындарының  26%-дан  астамын 

14 – 29 жас аралығындағы Қазақстан жаста-

ры  құрайды.  2012  жылы  олардың  саны  4,4 

млн. адамға жақындады. Павлодар облысы 

тұрғындарының жалпы санынан жастар 24% 

құрап  отыр.  Қазақстанның  көркейіп,  дамуы 

осы 4,4 миллион жастардың қатысуымен бо-

латынын жастардың өздері нақты түсінсе игі 

болар  еді.  Еңді  мақсаты  айқын,  бағыттары 

айшықты  тұжырымдама  жөнінде  сөз  ет-

сек.  Аталмыш  тұжырымдама  аға  буынның 

жасампаз  істерін  жалғастыруға,  ұлттық 

бəсекелестікке 

қабілеттіліктің 

деңгейін 

одан  əрі  жоғарылатуға,  Қазақстанның  XXI 

ғасырда  гүлденуі  мен  əлемдік  танылуын 

қамтамасыз  етуге  тиіс  жастарға  үлкен  үміт 

пен жауапкершілік жүгін өз мойнына алады.



Тұжырымда  мына  бағыттарды  өзіне 

міндет  етеді:  қол  жетімді  жəне  сапа-

лы  білім  беруді  қамтамасыз  ету;  сала-

уатты  өмір  салтын  қалыптастыру; 

құқықтық  мəдениетті  арттыру  жəне 

жастар  бойында  мемлекеттіліктің  негіз 

қалаушы құндылықтарына деген құрметті 

қалыптастыру;  жастарды  жұмысқа  орна-

ластыру  үшін  жағдайлар  жасау;  жас тарға 

арналған қол жетімді тұрғын үй жүйесін да-

мыту;  жастарды  мəдени  құндылықтарға 

тарту;  жастардың  аза маттық  жəне 

патриоттық  сезімдерін  өздігінен  дамы-

туын  ынталандыру;  жастар  ортасын-

да  моральдық-рухани  сабақтастықты 

қамтамасыз ету; мемлекеттік жастар са-

ясатын  ғылыми-зерттеумен  қамтамасыз 

ету  жəне  нормативтік-құқықтық  базаны 

жетілдіру;  жастарды  «Қазақстан-2050» 

стратегиясын іске асыруға тарту.

Мемлекеттік  жастар  саясатын  дамы-

ту  2012-2015  жəне  2016-2020  жылдарды 

қамтитын екі кезеңнен тұрады.



Білімді жастар – ел келешегі

Жоғары білімі бар жастардың саны соңғы 

онжылдықта 3 есе, арнаулы орта білімі бар 

жастардың саны 2 есе дерлік өсті. Жоғары 

білімі  бар  ауыл  жастарының  саны  6  есе, 

қала  жастарының  саны  4  есе  өсті.  Жал-

пы,  Қазақстан  жастарының  40%  жоғары, 

аяқталмаған  жоғары  жəне  арнаулы  орта 

білімі  бар.  Қазақстан  жастарына  білім 

деңгейінің  жоғары  болуы  тəн  құбылыс.  ҚР 

Тұңғыш  Президенті  Н.Назарбаевтың  «ке-

лешек  білімді  жастардың  қолында»  де-

ген  жиі  айтылатын  сөзі  ақпараттың  билік 

құрып тұрған заманында ұранға айналғаны 

хақ.  Бүгінгі  жастар  білімді  атанып  қана 

қоймай,  бəсекеге  қабілетті  білікті  ма-

ман  болуды  мақсат  тұтады.  Сол  себепті, 

тұжырымдамада  қол  жетімді  жəне  сапалы 

білім  беруді  қамтамасыз  етуді  іске  асыру 

бағыттарын бекітті.



Жұмыспен қамтылуды 

қамтамасыз ету

2011  жылы  15  жастағы  жəне  одан  үлкен 

экономикалық 

белсенді 

тұрғындардың 

саны 8,8 миллион адамға жетті. Жұмыспен 

қамтылғандар құрылымының (8,3 млн. адам) 

шамамен  үштен  бір  бөлігін  (30,5%)  25–34 

жастағы  адамдар  жəне  14,5%  15–24  жас 

аралығындағы  жастар  құрады.  Жұмыспен 

қамту құрылымында жалдамалы еңбек қала 

жастарында  78,3%-ға  басым,  ауыл  жаста-

рында – 40,9%.

2012 


жылы 

жастар 


арасындағы 

жұмыссыздық  деңгейі  (4,6%)  көп  жылдар-

дан  бері  алғаш  рет  жұмыссыздықтың  жал-

пы  деңгейінен  (5,4%)  төмендеді.  Жастар 

жұмыссыздығының 

деңгейі 


қалаларда 

жоғары.  2011  жылы  ол  5,6%,  ал  ауыл-

да  –  3,8%  болды.  Мемлекет  жастарды 

жұмысқа  орналастыруға  жəне  жұмыспен 

қамтуға жəрдем көрсету жөніндегі жұмысты 

жетілдіреді. 

Жастардың 

экономиканы 

үдемелі  инновациялық  индустрияландыру, 

ауыл шаруашылығын жаңғырту, шағын жəне 

орта  бизнесті  дамыту,  мемлекеттік  қызмет 

деңгейінің  сапасын  арттыру  жөніндегі  бағ-

дарламаларды  іске  асыру  жұмыстарына 

қатысуға  ерекше  назар  аударып  отыр. 

Мемлекеттің  басты  міндеті  –  əрбір  жас 

азаматтың  жұмысқа  орналасуына  көмек 

көрсету.

Еңбек  ұжымдарында  жастардың  əлеу-

меттік  көңіл-күйін  орнықтыру  жөніндегі 

бағдарламаларды  іске  асыратын  бизнесті 

əлеуметтік-экономикалық  ынталандыру  ша-

ралары  қолданылатын  болады.  Білім  алып 

жүрген жəне қолдарына жаңа диплом алған 

жастар үшін «Жастар практикасы», «Жасыл 

ел»,  «Дипломмен  ауылға»,  «Жастардың 

кад рлық  резервтері»,  «Мемлекеттік  қызмет 

мек тебі», «Жастар Отанға!» мемлекеттік бағ-

дарламалар жəне өзге де жастар бастамала-

ры жалғасын тауып, іске асатын болады.

Бағыма баланған баспана

Жаңа  шаңырақ  құрған  жас  отбасылар-

дың  бірінші  кездесетін  қиындығы  –  баспа-

на  мəселесі.  Сол  себепті,  жастар  саяса-

тында  жастардың  түйткілді  мəселесінің 

шешуіне  жол  берілуі  де  заңды.  Жастарды 

жұмыспен қамтуға, қол жетімді тұрғын үйге 

жəне  перспективалы  бизнес-идеяларды 

тəжірибеде 

қолдануға 

бағытталған 

жобаларға  қатысу  жəне  өту  шарттары 

дəйекті  түрде  жетілдірілетін  болады  дейді 

тұжырымдамада. 



Жастарға  арналған 

қолжетімді  тұрғын  үй  жүйесін  дамыту 

қадамдары: жас отбасыларға жеңілдікпен 

кредит  беруге  бағытталған  шаралар-

ды  нақтылау  мақсатында  тұрғын  үй 

заңнамасын жетілдіру мəселесін пысықтау; 

қалыптасып  отырған  демографиялық 

үрдістерге  байланысты  жасты  ұлғайту 

жағына қарай тұрғын үй бағдарламаларына 

қатысуға  үміткер  жас  отбасылар  үшін 

шектеулерді қайта қарау мүмкіндігін зерде-

леу; мемлекеттік-жеке меншік əріптестік 

шеңберінде  студенттік  жатақханалар 

салу бағдарламаларын кеңейту қажет.

Патриоттық сезім бәрінен 

де маңызды

Аталмыш  құжатта  жастардың  мəдени 

құндылықтары мен рухани басымдықтарына 

аса  мəн  беріліп  отыр.  Құжатта  жа-

стар 

арасында 



жалаң 

жағдайдағы 

отансүйгіштік, достық, мəдени саналуандық, 

толеранттылық,  заңға  мойынсынушылық, 

білім,  еңбекқорлық,  инновация  мен  ғылым, 

отбасы,  денсаулық  жəне  спорт,  оң  мұрат-

мақсаттар,  жаңа  экологиялық  этика  сияқты 

құндылықтарды  жастар  бойына  сіңіруді 

жетілдіру баса назарда болып отыр.



  1   2   3   4


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал