5- дәріс: Педагогикалық кәсіпті меңгерудегі студенттің ой еңбегінің мәдениеті. Жоспары


Кредиттік оқыту жүйесінің мәні, мақсаты мен міндеттері



бет2/4
Дата16.05.2023
өлшемі83,36 Kb.
#93710
1   2   3   4
Кредиттік оқыту жүйесінің мәні, мақсаты мен міндеттері. Кредиттік оқыту жүйесін 1869 жылы Гарвард университетінің президенті Чарльз Элиот енгізген. Бұл жүйе Америкада білім сапасын жетілдіру мақсатында мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін енгізілді. 1988 жылдан бастап Еуропа елдері де кредиттік жүйеге ене бастады. 1999 жылы 18-19 маусым айында Еуропалық мемлекеттердің білім министрлігінің бірлескен отырысында кредиттік оқытудың еуропалық жүйесін қабылдады.
Халықаралық білім кеңістігінде жоғары білім бойынша кредиттік оқытудың іргелі 4 жүйесі бар. Олар: Еуропалық жүйе – ESTS, американдық жүйе – USCS, британдық жүйе - CATS, Азия мемлекеттері және тынық мұхиты кеңістігіндегі жүйе – USTS. Қазақстанның білім беру жүйесі негізінен Еуропалық кредиттік жүйеге енуді көздеп отыр. Еуропалық кредиттік жүйе бойынша еуропадағы Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Италия және т.б. іргелі мемлекеттерде білім беріледі.
Республика білім беру жүйесінің кредиттік технологияға көшудегі басты мақсаты - Қазақстан білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен біріктіру болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ұсынып отырған кредиттік оқыту жүйесінің Ережесі Болон декларациясының негізгі ұстанымдарын басшылыққа алып жасалынған. Әлемдегі 12000 университетте жоғары білім беру Еуропалық кредиттік оқыту жүйесі негізінде іске асырылуда.
Қазақстандағы орта білім беру жүйесінің 12 жылдық мектеп жүйесіне көшу бүгінгі әлемдік білім кеңістігіне енудің бірден-бір жолы болып табылады. Әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесіне зер салатын болсақ, білім беру жүйесі 12 және 13 жылдықтан тұрады. Мысалы, Ұлыбританияда 12-13 жыл, Франция, Испания, Польша, Жапонияда – 12 жылдық, Италия, Швеция, Германияда 13 жылдық білім беру жүйесі бойынша білім беріледі.
Еуропалық кеңес қабылдаған декларацияда әлемдік орта білім беру жүйесі 12 жылдық білім беруді қамтамасыз етуді көздеп отыр. Егер кейбір елдерде орта білім беру 12 жылдан кем болса, онда білімді жоғары білім беру жүйесінде толықтыру қажет.
Білім беру жүйесіндегі интеграциялық процестердің мақсаттары мынаған саяды:
– жоғары білім алуға мүмкіндік алудың шарты ретінде 12-13 жылдық, мектептегі оқыту жүйесіне көшу;
– оқу мерзімі 4 жыл және квалификациясы еңбек нарығы сұранысын қанағаттандыратын және әрі қарай білім алуды жалғастыруға жарайтын «бакалавр» дәрежесі бар аяқталмаған жоғары білім беру;
– «магистр» және «доктор» дәрежелері бар аяқталған жоғары білім беру;
– барлық ұлттық жоғары білім беру жүйелеріне European Credit Transfer System (ECTS) есептік бірлік жүйесін немесе қайта есептеу, жинақтау функцияларын қамтамасыз ететін және шетелде оқытудың академиялық талап тұрғысынан мойындалуына кепілдік беретін біріккен жүйені енгізу.
Жоғары оқу орны жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау талаптары мынадан тұрады:
– білім берудің қазақстандық моделін (үлгісін) құру;
– білім беру жүйесін Лиссабондық конвенцияның (1997) және Болондық декларацияның (1999) ережелеріне бейімдеу;
– Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы, «Еуропалық аймақта жоғары білімге жататын квалификацияларды мойындау туралы», «Конвенцияны ратификациялау туралы» тұжырымдамасы Қазақстандық моделінің (үлгісінің) құқықтық негізі болып табылады.
Кредиттік оқыту жүйесінің негізгі ұстанымдары мынадай:
– ұлттық білім беру жүйелерін халықаралық деңгейде адамдарға қолайлы жерінен білім алуға мүкіндік беру;
– кез-келген ұлттық білім беру жүйесімен сәйкестігі;
– жоғары білім берудің барлық бағдарламалары мен формаларының (күндізгі, кешкі, қашықтықтан (дистанциялық), сырттай оқыту) қолданылуы;
– халықаралық есептік ауысу мүмкіндігі;
– «диплом қосымшаларының» жалпы еуропалық үлгіге сәйкестігі.
Халықаралық ұлттық білім беру жүйесінің бағдарламасына сәйкес жоғары және кәсіптік білімнен кейінгі білім берудің кредиттік технология негізінде үш деңгейлі академиялық дәрежелер енгізілді: «бакалавр», «магистр», «PhD доктор».
Кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту. Кредиттік оқыту технологиясының міндеті – студенттердің өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік білім алу қабілеттерін дамыту.
Кредиттік оқыту технологиясы: 
- Еңбек рыногы сұраныстарына бағыт ала отырып академиялықбағдарламаларды қозғалмалы етіп жоспарлауға
- Егер студентте өз дайындығының бағытын түзету қажеттілігітуындаған жағдайда бағдарламаларды біріктіруге; 
- Студент бір жоғары оқу орнынан екіншісіне немесе басқа мамандыққаауысқан жағдайда осы уақытқа дейінгі оқу көлемінің академиялық тұрғыданмойындалуын іске асыру; 
- Керек болған жағдайда білім алуды кезең-кезеңімен, яғни уақыт аралықүзілістермен іске асыруға (студентте материалдық тұрғыдағы немесе уақыттапшылығы қиындықтары болған жағдайда) мүмкіндік береді. 
Кредиттік технологияның негізгі ерекшелігі – студенттің өзіндік жеке,өзіне мейлінше ыңғайлы оқу жоспарын құра алатындығында. Студенттің оқужоспарыдегеніміз – эдвайзердің көмегімен әр оқу жылына берілген формабойынша өзіндік білім траекториясын айқындауы. Студенттің жеке оқужоспары факультет деканының немесе кафедра меңгерушісінің қолыменбекітіледі. 
Жоғары және жоғары кәсіптік білім берудің оқу мазмұны мемлекеттікбілім стандарты және оқу жоспарлары негізінде іске асады.Оқу жоспарлары үш түрлі формада жасалады: 1) типтік оқубағдарламасы; 2) оқу жұмыс бағдарламасы; 3) жеке оқу жоспары. 
Кредиттік оқыту жүйесінің негізі – студенттің өз бетінше дамуына жағдайжасау. Тиісінше, оқытушылар мен студенттер жұмыстарының мынадай үлгілік циклдері іске асырылады: Оқытушының студенттермен жұмысының (ОСЖ) үлгілік бірлік циклі үш негізгі функцияны қамтиды. Оқытушының бірінші функциясы – бағыттаушы-бағдарлаушылық (тақырыпқа кіріспе, мақсат, міндеттерді қою, практикалық тиімділігін, материал мазмұнының негізгі бөлімдерінің мәні мен өзара байланысын сипаттау, оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс жөнінде ұсынымдар т.б.). Бұл студенттің алдағы өзіндік жұмысы үшін жеткілікті болуы тиіс. Оқытушының екінші функциясы – кеңес берушілік-түзетушілік. Бұл – студенттің өзіндік жұмысында оқу әрекетін жүзеге асыруда консультативтік көмек беру, жеке кеңес беру және тиісті түзету жұмыстарын жүзеге асыру. Білім беру үдерісінде бұл функцияны тьюторлар атқарады. Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушылық-бағалаушылық. Бұл студенттердің білімін, шеберлігін және дағдысын бағалауды әртүрлі нысанда жүргізу (жазбаша немесе ауызша емтихан, тестілеу және т.б.), оларға кездесетін негізгі қиындықтарды анықтау бойынша диалог ұйымдастыру, оқытушының сарапшы немесе бақылаушы ретінде «дұрыс» әрекеттерді, өзара әрекеттестікті, үлгілік тәсілдерді көрсетуін қарастырады.
Формалары: кеңес беру; интерактивтік сабақтар; тапсырмаларды,бақылау жұмыстарын тексеру; курстық жұмыстар, реферат, эссе.
Жоғары мектеп дидактикасының оқытатын негізгі қатынасы «оқытушы-студент» дидактикалық қатынасы. Мұндай қатынаста ЖОО-да оқыту үрдісін жүзеге асыруды сипаттау. Сонымен қатар тағы бір маңызды қатынас «студент-оқылатын материал», бұл жоғары оқу орнының өзіндік ерекшелігін көрсетеді және білім үрдісінің маңыздылығы мен студенттердің өзіндік оқу маңыздылығын сипаттайды. Ал «оқытушы-оқытылатын материал» қатынасы оқыту үрдісінің жоспары мен материалдарды іріктеу байланысын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет