Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ), студенттің оқытушымен өздік жұмысы (СОӨЖ). Өзіндік жұмыс түрлері жоғары мектеп педагогикасындағы негізгі сұрақтардың бірі. Кредиттік жүйе бойынша оқытуда оқу үдерісін ұйымдастырудағы басты міндеттердің бірі білім алушылардың өз бетімен білім алуы мен өзін-өзі дамыту және сыни ойлау дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыруға бірден-бір негіз болатын өз бетімен орындайтын жұмыстарының рөлін күшейту.
Білім алушының өздік жұмысы (БӨЖ) – өз бетімен зерделеп оқуға арнайы оқу-әдістемелік әдебиеттері көрсетілген және тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, шығарма және есеп түрінде тексеру формасы көрсетілген, белгілі бір ретпен белгіленген тақырыптар бойынша жұмыс. Ол білім алушылар категориясы бойынша студенттің өздік жұмысы (СӨЖ), магистранттың өздік жұмысы (МӨЖ), докторанттың өздік жұмысы (ДӨЖ) болып бөлінеді.
Білім алушының өздік жұмысы (БӨЖ) – өз бетімен дидактикалық міндеттерді шешуде, таным іс-әрекетіне қызығушылығын қалыптастыратын және ғылымның белгілі бір саласын терең меңгеруге жағдай жасайтын білім алушының ерекше оқу іс-әрекеті.
БӨЖ-ді ұйымдастыру жоғары оқу орнының нормативтік құжаттарымен сәйкес іске асырылады, оның ішінде жұмыс бағдарламасымен, пәннің өз бетімен орындайтын бөліміне арналған материалдармен. БӨЖ материалдарын кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы дайындайды, олардың төмендегідей құжаттар:
БӨЖ кестесі, онда пәнді оқып-зерделейтін уақыт түгел
уақыты және т.б.
Студенттің өздік жұмысының (СӨЖ) тиімділігін арттыру мақсатында республикада әр аудиториялық 2 сағатқа 1-2 сағат студенттің оқытушының басшылығымен орындайтын өздік жұмысы (СОӨЖ) орындату қабылданды, ол сабақ кестесіне кірді және оқытушының журналында көрсетіліп отырды.
Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысының (ОСӨЖ) үлгілік бірлік цикліне мынадай төрт негізгі функция кіреді: Бірінші функция – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді. Екінші функция оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді. Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі. Студенттердің үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау. Студенттер шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды. Студенттердің төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, кеңес алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді.
Студенттің оқытушының басшылығымен орындайтын өздік жұмысы (СОӨЖ) – (Office hours) кредиттік жүйеде аудиториялықтүрде ұйымдастырылатын сабақ. СОӨЖ оқытушы мен білім алушының диалогында өтеді, мысалы тренинг, пікір талас, іскерлік және дидактиғкалық ойындар, презентация, кейс құрау, жеке және топтық жоба құру және т.б. Әрбір СОӨЖ-ге материалдар дайын болуы керек: тесттік тапсырмалар, кроссвордтар, рөлдік ойын материалдары және т.б.
СОӨЖ - кеңес берушілік және бақылау жасау қызметтерін атқарады.
Кеңес берушілік қызметі:
студентке әр пән бойынша өз бетімен жұмыс жасауға көмек
көрсету;
бағдарламалық материалдарды меңгеру жолдарының
әдістемесін таңдауға көмек көрсету;
студент үшін күрделі тақырыптарды қайта тыңдауға мүмкіндік беру, оқу материалдарын бекіту үшін практикалық сабақтар орындату;
студенттің өз бетімен ғылыми жұмыс жасауға көмек көрсету.
Бақылаушылық қызметі ағымдық бақылау, аралық және қорытынды есеп алуда және студенттің оқу мотивациясын көтермелеуде іске асады. СОӨЖ кезінде студент бақылау, семестрлік және курстық жұмыс тапсырмаларын және тьютордан кеңес алады, бағаланады (ағымдық және рейтингтік бақылау). Білім беру үдерісін ұйымдастыруда әр уақытта білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу міндеті болып саналады.
СОӨЖ бойынша жоспар құрылысы: