5- дәріс: Педагогикалық кәсіпті меңгерудегі студенттің ой еңбегінің мәдениеті. Жоспары



бет1/4
Дата16.05.2023
өлшемі83,36 Kb.
#93710
  1   2   3   4
Байланысты:
5- дәріс МК


5- Дәріс: Педагогикалық кәсіпті меңгерудегі студенттің ой еңбегінің мәдениеті.
Жоспары:

  1. Ой еңбегі мәдениеті туралы түсінік.

  2. Адамның ой еңбегіне ықпал ететін жағдайлар.

  3. Жоғары оқу орындарындағы студенттердің ой еңбегін ұйымдастыру ерекшеліктері.

  4. Кредиттік оқыту жүйесіндегі білімді бақылаудың негізгі түрлері.

Әр адамның жан-жақты дамуының негізгі бағыттарының бірі оның ақыл ой тәрбиесі. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процесінде білімнің рөлі, ақыл ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылады. Педагогикалық оқулықтарда ақыл-ой тәрбиесі – адымның ақыл ой күштері мен қабілеттерін дамыту, ой еңбегін игеру арқылы қоғам, табиғат, адам туралы ғылымдар жүйесін меңгеру процесіне мақсатты және жоспарлы түрде ықпал ету ретінде қарастырылады.
Ақыл ойдың дамуы адамның оқу іскерліктерімен тығыз байланысты болып келеді. Адамның табысты және нәтижелі оқуына көмектесетін барлық білім, дағды, іскерліктер кешені ой еңбегінің мәдениеті деген ұғыммен қамтылады. Адамның ой еңбегі оның логикалық ойлау қабілетіне, есте сақтау, зейін қою, елестету, қиял, қызығушылық қабілеттеріне негізделеді.
Ғылым мен техниканың өсуіне қарай адам дамуының жетілуіне қажетті жаңа таным құралдары жасалуда, адамның әлі де танылмаған заттар мен құбылыстар дүниесін меңгеруін жеңілдететін зерттеудің барынша жетілген әдістері жасалуда.
Таным қызметінің мотивтеріндегі айырмашылық ғылыми және оқушы танымдарының салыстырмалылығына барынша елеулі ықпал жасайды. Ғылыми танымның міндеттері өмірден алынып, қоғам да-муының талаптарының туындайтыны белгілі. Мектеп оқушыларының таным мотивтері серпінді болуға тиіс. Білім шәкірттіктанымға айналу үшін оқушының оқуға, білім алуға деген құштарлығы болуы керек.
Оқушылардың құндылық бағдарының қалыптасуының жоғары деңгейден көрінуі олардың құндылық бағдарды қалыптастыруға, құн-дылық бағдарды анықтайтын білімдерді саналы түрде меңгеріп, ұғы-нуына байланысты. Сайып келгенде, мұндағы ең басты нәрсе білім болып табылады.
Құндылықтар жүйесінің танымдық саласының мәні.Жеке тұлғаның құндылық бағдарының танымдық саласы жеке тұлғаның қо-ғамдық болмыс, еңбек пен мәдениет құндылықтары туралы білімдерді саналы түрде ұғынып, меңгеруімен анықталады. Ал бұл үдеріс адам-ның санасы, зейінімен анықталады.
Сол сияқты айта кетерлік жайт, жеке тұлғаның құндылық іс-әрекет саласы жеке тұлғаның құндылық бағдарын, үдерісін, педаго-гикалық диагностикасын және жеке тұлғаның құндылық бағдар үде-рісінің ғылыми-әдістемелік жүйесін қалыптастыруға қажетті іскерлік пен дағдылардың оқушылардың бойынан көрініс табуымен анық-талады.
Ал жеке тұлға дамуының мотивация саласы жеке тұлғаның құндылық бағдарын, жеке тұлғаның құндылық бағдар үдерісін, жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасын және жеке тұлғаның құндылық бағдар үдерісінің ғылыми-әдістемелік жүйе-сін меңгеруге қалыптастыруға деген ынта-ықылас пен қызығушы-лықтың пайда болуымен анықталады.
Адам психикасының айрықша ерекшелігі адам санасымен тіке-лей байланысты. Сана адамға тән нәрсе. Сана деп еңбек арқылы пайда болып, адамның жаратылысқа және басқа адамдарға мақсатты түрде қалыптасуында орын алатын психикалық әрекетті айтады. Адам санасы арқылы айналасындағы дүниеден ажырата біліп, сол дүниеге және өзінен басқа адамдарға қарым-қатынасын анықтап, өзінің кім екенін саналы түрде ажырата білуі керек. Сана әлеуметтік тұрмыстың, тарихи қоғам дамуының жемісі.
Адам белгілі нақты қоғамдық жағдайларда өмір сүріп, тіршілік еткендіктен, оның санасы қоғам тұрмысының ықпалында болып, сол тұрмысты сәулелендіріп отырады.
Қоғамдық тәжірибенің өзгеруімен бірге адамның санасы да өзгеріп отырады. Сананы меңгеруші және оның иесі – жеке адам, жеке тұлға.
Оқу жұмысы мен белгілі бір білімдер жүйесін меңгеруде сана мен зейіннің маңызы өте зор. Оқушылар әрекетінің басты, жетекші түрі – оқудағы еңбек. Мұның өзі көп уақытты алып, зор ақыл-оймен ерік-жігерді талап етеді.
Оқу еңбегі, негізінен, интеллектуалды еңбек, ол оқу қызметіне қажетті рухани және моральдық қасиеттерді, мінез-құлықтың әдеттері мен дағдыларын қалыптастыруға елеулі әсер етеді. Оқу арқылы қоғам оқушыларға өзінің ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жеткіншек білім жүйелерін меңге-реді, сөйтіп, өзін практикалық іс-әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді, оларды жан-жақты біле түсуге мүмкіндік алады.
Оқушыларғылымитанымнынәдістерінигеріп, зерттеуіс-әрекетініңтәжірибесінқалыптастырады. Оқыту әдістерініңәртүрлі-лерінқолданғанда, мұғалімменоқушыныңәрекеті - танымдықәрекеттіңдеңгейлерібойыншажіктепжалпытүрдекөрсетугеболады. Ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді қалыптастырумен аяқталады.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәсе-лесі В.Н.Максимова, А.С.Роботова, Г.И.Щукинаның дидактикалық зерттеулерінде қарастырылған. Г.И.Щукина танымдық қызығушылық мәселесін тұтастық тұғырымен талдай келе, «танымдық қызығушылық – тұлғаның таңдаулы бағыттылығы, тіршілігіне, белгілі әлеуметтік жағдайларда қалыптасқан тұлғаның маңызды білімді меңгеруі»,- деп анықтаған. Ғалым сабақты, танымдық қызығушылықты оқушының тұрақты танымына айналдыратын сабақтан тыс уақыттың орнын ерекше бағалап, оған мән береді.
1960-жылдардың ортасынан бастап дидактиканың даму барысы-на жасалған талдау педагогика ғылымының бұл саласында едәуір алға жылжушылық үдерісін байқатты. Бұл ең алдымен оқу-тәрбие үдерісін зерделеуге тұтастық тұғырын қолданудан, оның қозғаушы күштерін анықтауымен, оқушыларды оқыту мен үйретудің заңдылықтарын ашу-ға ұмтылудан көрінеді.
Осы негізде оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру мә-селелеріне көңіл аудару күшейе түсті және бұл үдерістің мазмұнын ашып көрсетуде белгілі бір жетістіктерге қол жетті. Педагогикалық құбылыстарды терең ойластыру үшін психологиялық зерттеулер нәти-желері кеңінен тартылды, негізгі дидактикалық ұғымдар педагоги-калық тұрғыдан терең зерделене бастады.
1960-70-жж. оқытуды тұтастық тұғырынан қарастыра отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін және шығармашылық ойлауын қалыптастыру ерекше бөлініп көрсетілді. Бұл мәселелерді ашып көр-сету тек танымдық маңызға ие емес. Олар қазіргі дидактиканың тео-риялық және қолданбалы мәселелерін зерттеуде де аса мәнді. Сондай-ақ жалпы білім беретін мектепте оқу үдерісін жетілдіруге септігін ти-гізді. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесін О.А. Нильсон зерттеді. Танымдық әрекетті ұйымдастыруға қолайлы жәйттерді іздестіру проблемалық оқытудың терең зерттелуіне әкелді (М.И. Махмутов, Т.В. Кудрявцев, А.М. Матюшкин, Т.И. Шамова, Г.И. Щукина және т. Б.).
Б.П.Есипов мынандай өлшемдерді анықтады: оқушылардың білім, білік, дағдыларын өсіру; оқушылардың ақыл-ой, ойлау фор-малары мен ережелерін, еңбектің мәдени дағдыларын игеруі, эмоция-лық шеңберінің кеңеюі, идеяларын, қызығушылықтары мен ұмтылыс-тарын қалыптастыру; білім беру мен тәрбиелік міндеттердің бірлігін қамтамасыз ету (оқу оқушылардың танымдық қабілетін және адам-гершілік сапасын өзінен кейін дамытады). Э.И.Моносзон «сабақтың негізгі сапалық өлшемі түрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану емес, оқушының білімді, тәрбиелік деңгейді игеруі, қойылған мақсатқа жетуі»,- деп көрсетті.
Л.В. Занков түсiнiктiлiк ұстанымын жетiлдiрiп, оқытуды жоғары қиындық деңгейде және материалды жоғары қарқынмен оқытуды ұсынды. Ол оқу жұмысының тиiмдiлiгi оқушының ақыл-ойының дамуын қамтамасыз етумен және кездескен қиындықты жеңе бiлуiмен iске асырады деп есептеді.
Ақыл-ой, таным үдерiсi оқушының зейiн қою қабiлетiн, талдау-жинақтау әрекетiн және ерiк-жiгерiн жетiлдiрудi қажет етедi. Оқытуды жоғары қиындық деңгейiнде жүргiзу - оқушыны белсендi танымдық iс- әрекетке жұмылдыру, бiлімге ынталандыру, қажеттi мөлшерде шығар-машылық жаттығулар берiп, ақыл-ойын жаттықтыру, яғни жақсы және нашар оқитын оқушыларды оқу еңбегiне бiрдей жаттықтыруды белгі-леді.Л.В.Занков ұсынған түсiнiктiлiк ұстанымын практикада кең ма-ғынада қолдану, оқу мазмұнының көлемiн ұлғайтып, теориялық деңгейiн күрделендiрдi.
1960-70-ші жылдары дамыта оқыту теориясы оқушының ақыл-ой қабiлетiн дамыту әдiс-тәсiлдерiне барынша көңiл бөлгенімен, оқы-ған материалды есте сақтатуға жете назар аудармады. Дидактикада оқу материалын есте сақтау деген мүлде естен шығарылып, ол механи-калық жаттау ұғымымен теңестiрiлдi. Оқу-танымдық үдерiс барысын-да оқушының материалды игеруi үшiн есте сақтау қабiлетi қалыптасуы тиiс, әйтпесе ешқандай бiлiм көлемiн игеруге болмайтыны белгi. Педагогикалық ЖОО-ғы студенттерде ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру олардың педагогикалық процестегі рөлдерінің маңыздылығымен өзекті болып табылады. Педагогикалдық тәжірибеде оқушыларға неғұрлым көп білім немесе ғылыми ақпараттар берілсе соғұрлым олар білімді болады деген пікірлер қалыптасқан.
Оқу танымдық іс әрекеттегі бір адамның жетістігі екінші адамның жетістігі бола алмайды. Оқу танымдық іс әрекетте әр адам табысқа өз еңбегі арқылы ғана жете алады. Ал егер оқушылар немесе тсуденттер оқу танымдық іс әрекеттерін тиімді ұйымдастыруға үйретілмеген болсы, олардың табысқа жетуі екіталай.
Ой еңбегінің мәдениеті студенттердің құндылық бағдарларын, өмірге, болашағына, өзіне деген көз-қарастар жүйесін ашуға мүмкіндік береді. Ой еңбегінің мәдениеті - білімді дұрыс іздестіріп, оларды дұрыс қолдана алу өнері. Ой еңбегінің мәдениетін дұрыс меңгерген адам ғана қазіргі ағымы жылдам, ауқымды, ғылыми, әлеуметтік- эканомикалық, мәдени ақпараттар ағысында өзін еркін сезіне алады.
Адамның ой еңбегі дене еңбегімен тығыз байланысты. Дене еңбегімен айналысуда адам белсенді қимыл қозғалысына күш жұмсайтын болса, ой еңбегінде көбінесе адамның ішкі психологиялық тетіктері қатысады. Ұзақ уақыт бойы қимылсыз, үздіксіз бір ыңғай ой еңбегңмен айналысу адамды тез шаршатып, денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан ой еңбегімен дене еңбегінің ауыстырып отырған абзал.
ЖОО-ғы студенттердің ой еңбегін ұйымдастыру ерекшеліктері. Болашақ маман өзінің ой еңбегін ұйымдастыру барысында оның гигиеналық негіздерін, ол еңбекті жоспаралау, өздігімен білім алу, кітаппен жұмыс істей алу, мұғалімдер беретін дәрісті дұрыс тыңдау, өздік жұмыстарды орындау, семинарларға, конференцияларға, олимпиадаларға, интелектуалдық сайыстарға дайындалу ерекшеліктерін білуі қажет. Бұл тұрғыда ғылыми ақпараттарды іздестіруде Интернет жүйесінің маңызыда зор.
Адамның іскерліктері оның іс әрекетінің табыстылығының көрсеткіштерінің бірі. Іскерліктер- адамның білімдері мен дағдылар жиынтығымен қамтамасыз етілетін іс әрекеттерді орындау тәсілдері. Ал білім беру саласында, ой еңбегі мәдениетіде оқу жазу, есептеу, ойлау операцияларын меңгеру сяқты оқу іскерліктерін жетілдіру өте қажет.
Студенттердің оқу танымдық іс әрекеттері мұғалімдер тарапынан бір келкі жағдайда ұйымдастырылған болса да, олардың білім деңгейлері, іс әрекет нәтижелері әр түрлі көрініс береді. Оның негізгі себептерінің бірі әр студент бойындағы оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықтары, ынта ықыласы, мативтері. әр студент ЖОО-ғы оқу танымдық процеске әр түрлі көзқараста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет