Оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы. Студенттің ақпараттық пакеті – анықтамалық-жолсілтегіші мен оқу-әдістемелік кешенін (ОӘК) құрайды, онда білімгердің барлық жылдардағы оқу мерзіміндегі қызметі қамтылады. ОӘК студенттің жаңа академиялық талаптарға бейімделушілігін және оқытуда жетістікке жетуді тиімді ету үшін кері байланысты орнату мақсатында дайындалады.
Студенттің оқу-әдістемелік кешенін кафедра дайындап, декан бекітеді, оның құрамында мынадай құжаттар болуы тиісті:
студенттің жеке оқу жоспары (ИУП);
элективті пәндер каталогы (КЭД);
пәннің жұмыс бағдарламасы (Syllabus);
СӨЖ, СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау;
барлық бақылау түрлерінен тесттік тапсырмалар;
практика үшін материалдар (практика бағдарламасы, әдістемелік нұсқау).
Жеке оқу жоспары студенттің әр жылда жеке-жеке оқылатын траекториясын анықтайды және оны студент өз қолымен эдвайзердің жәрдемімен белгілі формамен толтырады да бұл жоспар тіркеуші бөліміне (офисіне) - тапсырылады, факультет деканы бекітеді. Тіркеуші бөлімі (офисі) - Білім алушының барлық оқу жетістіктерін тіркеумен, білімдерін бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды қамтамасыздандырумен және оның академиялық рейтинг есебін шығарумен айналысатын қызмет бөлімі. Жоспардың бір данасы студентке беріледі, ал бір данасы тіркеу бөліміне осы жоспардың орнындалуын бақылау үшін тапсырылады. ОӘК оқу үдерісі барысында жетекші тьютордың ұсынған оқытудың белсенді үлестірмелі материалдарымен толықтырылады (Handouts).
Білім алушыларға анықтамалық-жолсілтегіштің берілуі кредиттік технология жағдайында оқыту артықшылығы болып есептеледі. ЖОО сондай-ақ студентке осы оқу орны, мамандықтар, мамандандыру, оқу үдерісін ұйымдастыру мен бақылау жүйесі, өз бетімен дайындық жасауға жағдай туғызу, демалыс және жан-жақты даму туралы толық ақпарат беруге міндетті. Сонымен қатар анықтамалық-жолсілтегіште университеттегі өмір, администрациялық процедуралар және университетке түсу реті, оқыту әдістері мен технологиялары, пәндердің көлемі мен кредиттері, оларды оқытатын факультеттер мен департаменттер көрсетіледі.
Анықтамалық-жол сілтегіштің құрылымы:
Кіріспе, онда оқу орны туралы ереже, оның құрылымы,
деңгейі, мамандықтар мен Қазақстан Республикасындағы жоғары білім құзырлықтары енеді.
Жоғары оқу орны туралы жалпы мәлімет беріледі. Яғни,
ЖОО-ның миссиясы, қысқаша тарихы, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы, құқығын анықтайтын құжаттар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан өткен мемлекеттік аттестация мен аккредитация туралы ақпараттар болады.
Академиялық күнтізбе. Академиялық күнтізбеде ағымдағы
оқу жылындағы оқу сабақтары мен бақылау кестесі және каникул уақыты көрсетіледі.
Студенттік күнтізбе. Студенттік күнтізбеде ағымдағы оқу
жылында университет ұсынатын іс-шаралар тізбегі беріледі.
Кредиттік жүйеде оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері. Бұл бөлімде білім беру үдерісінің негізгі ережелері мен білім беруді ұйымдастыру құқықтары көрсетілуге тиіс.
Бақылау және оқу пәндерін меңгеру бағаларының жүйесі.
ойындық және ақпараттық-техникалық базасын қолдану ережелері (кітапхана, көшіру қызметі, компъютерлер, Интернет).
Студенттің әрекеті, құқығы және міндеттері (Этика және ар
Кодексі).
Кредиттік жүйеде оқитын студенттер оқу курстарына жазылу барысында дүниежүзілік тәжірибеде қолданысқа енген кодтау жүйесіне көңіл бөлулері керек. Пәндерді кодтауда үш цифрды ескерген жөн: біріншісі – цикл нөмірі; екіншісі – пән өтілетін оқудың кезекті жылы; үшіншісі – оқылу блогындағы пәннің реттік нөмірі. Бұл кодтау нөмірлері міндетті және таңдау пәндеріне бірдей қолданылады.
Кредиттік оқу жүйесін ұйымдастырудағы эдвайзерлердің қызметі мынадай:
– студенттерге білім кеңестігін айқындауға және оны іске асыруға ықпал етеді;
– эдвайзер алдыңғы қатарлы әдістерді пайдалану арқылыбір немесе екі бағыт (мамандық) бойынша ғана жұмыс жасайды және академиялық, кеңесшінің міндетін атқарады;
– эдвайзерлер қызметі факультет декандарының жанында құрылады және тікелей деканға бағынады;
– эдвайзерді факультет деканының келісімімен ректор тағайындайды.
Эдвайзер міндеттері:
– қызметі бойынша факультеттің оқу-әдістемелік кеңесіне мүшелікке кіреді;
– оқу үдерісін ұйымдастыруға байланысты қажетті ақпараттық материалдарды дайындайды;
– студенттерге оқу және жекелей жұмыс жоспарын құру үшін және оларға өзгертулер жасауға кеңестер береді;
– аралық және ағымдағы бақылауларды өткізуді қадағалайды, студенттің академиялық рейтингін бағалауға қатысады;
– қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді қадағалайды.
Тьютор – оқу пәндерін жүргізетін және нақты пәнді меңгеру бойынша студенттің академиялық, кеңесшісі ролінде танылатын кафедра оқытушысы. Тьюторлар қызметі мамандандырылған кафедраларда құрылады.
Кредиттік оқыту жүйесінің негізгі сипаттамасы: – әр студенттің және оқытушының кредит бойынша еңбек шығынын есептеу;
– жұмыс оқу жоспарына сәйкес әр студенттің жеке оқу жоспарын жасауда студенттің пәндерді еркін таңдауы;
студенттің оқытушыны еркін таңдауы;
студент жекелей оқу жоспарын өзінің тікелей араласуымен, эдвайзердің басшылығымен жасауы.