№5 (125), мамыр 023 жыл №1 бөлім Сейтказиев Руслан Умиргазиевич



Pdf көрінісі
бет5/55
Дата21.10.2023
өлшемі2,53 Mb.
#120383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
№1 Қазақстан ұстазы

Қазақстан ұстазы
6
жерленгендердің зираты бар болғаны анықталған. 
Орталық зират бірнеше қайтара тонаудың нәтижесінде 
өзінің бұрынғы қалпынан өзгерген. Тонаушылар 
қырынан жерленген зиратты таба алмаған, ол 
ешкім тимеген күйінде түгелдей сақталған. Бейітте 
ұзындығы 1,5-3 метрлік Тянь-Шань шыршасынан 
жасалған табыт болған. Ағаш табыттың солтүстік 
бөлігінде ұзыннан жатқыза жерленген адамның 
қаңқасы, ал оңтүстік және батыс бөліктерінде ыдыс-
аяқтар орналастырылған. Жерленген адаммен бірге 
киімінен алтын пластиналар, белбеу, қару-жарағы, 
жанынан қола айна, жақұт тастармен әшекейленген 
алтын сырға табылған. Әшекейлер барыс, бұлан, 
таутеке, арқар, жылқы, түрлі құс бейнелерін беретін 
хайуанаттар стилі деп аталатын скиф-сақ зергерлік 
өнерінің үздік үлгісі. Жерленген адамның басынан 
бастап аяғының ұшына дейін 165 см.
Есік обасы біздің заманымыздан бұрын V-IV 
ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының тарихы мен 
мәдениетінен хабар беретін аса көрнекті ескерткіш. 
Обадан табылған 4 мыңнан астам бұйымдардың көбі 
алтыннан жасалған.
Бас киім 150-ге жуық әшекей заттармен 
безендірілген. Биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70см 
шамасындағы бас киімі әшекейлердің орналасуына 
байланысты үш бөліктен тұрады: көк әлемі, жер әлемі 
және жер асты әлемі. Арқардың алтын статуэткасы бас 
киімнің ең ұшында орналасқан. Ол таудың мәңгілік 
қар-мұз басқан шың құздарын мекендеуші жануар 
тәңірге бір табан жақын, «кіршіксіз» деп есептелген. 
Әсемдікті көрсетіп тұрған жан-жағындағы төрт жебе, 
әлемнің төрт жағын бейнелейді. Олар сабы жіңішке 
алтын лентамен спираль сияқтандырып оралған және 
жоғары жағы жапырақ тәрізденіп, ортасы қуыс болып 
келген. Бұл бас киімдегі жебе тәрізді әшекейлер 
әлемнің төрт жағын бейнелейді. Ал құстың қанаттары 
жоғарғы билікті, жоғарғы әлемді білдіреді.
Сақ тайпаларының мифологиялық бейнелерінің 
бірі – жылқы болып есептелінген. Бас киімде бір-біріне 
қараған екі жылқы бейнесі кездеседі. Ол кәдімгі мініс 
жануары, әлем аймақтарының бірінен-біріне өтудің 
көлік құралы, тәңірдің бұйрығын сақтап жеткізуші, 
дүниені жалғастырушы буын. Сонымен қатар жылқы 
адамдар әлемі мен аспан әлемі арасындағы дәнекер 
болған және ол өзінің иесіне өлімнен кейінгі сапардан 
соңғы мақсатына жетуіне көмектеседі деген.
Сақ жауынгерінің бас киімінің дәл ортасында 
таңғажайып қанатты тұлпарорналасқан. Жылқы – 
сыннан өткен дос, жолдас, соғыс қаруы, ата-бабалар 
дүниесімен қарым-қатынас құралы ретінде көрінеді. 
Сонымен қатар салтанатты рәсімдік, тәңірлік және 
аластаушы жануар қызметін атқарған.
Құстардың бейнелері негізінен көк аспанның 
нышаны болып есептеледі. Құс бейнелері 
нақтылықты, дәлме-дәл мергендікті, жылдамдық 
пен тегеурінділікті де білдіреді. Мұндай бейнелер 
жүйріктік пен ұшқырлық болсын деген тілектен 
туындаған. Құстың ерекшелігі, олар бір жағынан-құс, 
яғни аспан аясының нышаны, ал екінші жағынан, бұл 
құстардың табиғаты, яғни биологиялық ерекшеліктері 
оларды Ғарыштың төменгі өрісімен байланыстырады 
және аспанда тек Құдай ғана мекендейді, ал оған құс 
қана ұшып жете алады деген ұғымдар қалыптасқан. 
Сондай-ақ, құс көсемнің билік нышаны да болып 
есептелген.
Таудағы барыс – бұл образ жоғарғы әлем – аспанды 
білдіреді. Жалпы алғанда жоғарғы дүние мен адамдар 
әлемін байланыстырушы-«әлемдік тау» деген мағына 
береді. Жауынгер идеалын кейіптейтін барыс бейнесі 
ер жүректіліктің, тәкаппарлықтың, еркіндіктің және 
патшалық тұқымның нышаны санатында есептелген. 
Осыған қарап еліміздің болашаққа ұмтылысын 
білдіретін барыс образы мемлекетіміздің елдік 
рәміздерінен лайықты орын алып отыр.
Бас киімнің артқы жағындағы табиғат көрінісін тау 
тәріздес әшекей бейнелеп тұр.Ежелгі кезде адамдар 
әлемді тауға ұқсатты, сондай-ақ Құдайлар мекені деп 
те есептеген. Ол адамды жаугершілікте, аң аулауға 
шыққанда сақтап жүреді деп сенген. Ал алтынды 
қасиетті металл ретінде күн шуағына теңеді және бұл 
бағалы металл хан билігін меңзеген.
«Тауешкі» бейнесіндегі әшекей де кездеседі. 
Ол ірі де мықты мүйізі бар тұяқты жануар ретінде 
жаратылыстың ортаңғы аймағымен байланысты 
болған. Оны өмір бәйтерегімен, әлем өзегімен 
байланыстырады. «Тауешкі» жердегі рухты «көктегі 
жайылымға», яғни жоғарғы әлемге апарады деген 
наным қалыптасқан. Тау ешкісі «таза» құрбандық 
жануары, Құдайлар және жоғарғы әлемнің жануары 
ретінде қабылданған.
Мойнында домалақ жүзік сияқты үш оратылған 
алтын алқа, екі ұшында жолбарыстың бас пішіні 
бейнеленген. Бұйымның материалы мен көркі 
оның көшпелі ақсүйек өкілдерінің сән-салтанаттық 
киімінің ең маңызды элементтерінің бірі екендігін 
көрсетіп тұр.
Үстінде үшбұрышты алтын жапсырмалармен 
тағылған қысқа қамзол, көкірегінің тұсы, жеңі алтын 
тағалармен өрнектелген. Бұл жапсырмалардағы 
басты идея – көк аспан идеясы, яғни күн нышаны 
мен кульминациясы. Пластиналардың киімге 
тігуге арналған тесіктері бар. Бұл киімді ұсақ, жұқа 
шытыралармен безендіру, күнделікті тұрмыста киюге 
арналмаған. Мұндай ұсақ бұйымдар жерлеу ғұрпына 
арнайы дайындалған. Ежелгі халықтардың ұғымы 
бойынша алтын мәңгі өмірді, қуаттылықты білдірген. 
Бір жағынан, алтын белгілі бір топтың өкілін білдірсе, 
екіншіден, бағалы металл ретінде күн Құдайы 
ұғымдарымен байланысты болды және осылайша 
жерленген адамды мәңгілік өмірге жетеледі.
Қысқа қамзол – құрастырмалы ауыр белбеумен 
буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, сонымен 
қатар 16 тоға бұғы бейнесінде жапсырылған. Белдікті 
безендірген шығыршық және алтын белдік бас. 
Оған барыс бейнесі және иіріліп жатқан қасқырды 
бейнелеген. Қасқыр мен барыс басқа әлемді 
бейнелейтін және жендеттік жасайтын жыртқыш 
болып есептеледі. Сондықтан да жауынгер идеалын 
кейіптейтін қасқыр образы ер жүректіліктің, 
тәкаппарлықтың, еркіндіктің және патша тұқымының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет