№5 (125), мамыр 023 жыл №1 бөлім Сейтказиев Руслан Умиргазиевич



Pdf көрінісі
бет14/55
Дата21.10.2023
өлшемі2,53 Mb.
#120383
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55
Байланысты:
№1 Қазақстан ұстазы

№5 (125), мамыр 2023 жыл
15
№1 бөлім
кейде жағымсыз әсер етуі мүмкін. Тарих жүзінде әрі 
жағымды, әрі жағымсыз із калдырған тұлғалар да аз 
емес. Сондықтан да саяси және мемлекеттік билік 
кімнің қолында болатыны қоғам үшін аса мәнді. 
Дегенмен де тарихи дамуға халық болмысы негіз 
болады. Жеке тұлғаның өзі халық арасынан шығады. 
«Антейдің күші қара жермен байланысып жатса, 
әйгілі тұлғалардың да барша болмысы халық өмірімен 
кіндіктес. Қандай бір айбынды әмірші болса да, халық 
деп аталатын құдірет айдынының бетіндегі қалытқы 
сияқты, сол халықпен бірге көтеріліп, сол халықпен 
бірге төмендейді. Қазақтың дуалы ауыз ақыны 
Әбубәкір Кердері де: «Жігітке бақытта оңай, дәулет 
те оңай, болса егер қабырғалы халқы оның» деген. 
Яғни, ақынның айтпагы тарихи тұлға қаншалықты 
данышпан болса да, оның барша болмысы қоғамдық 
өмір жиынтығымен шендесіп жатады деген ойды 
айтады» [46, 47].
Тарихтың даму үрдістеріне ғылым, техника, 
философия, әдебиет, өнер, діни ой-сана саласындағы 
біртуар дарын иелерінің де қосар үлесі айрықша 
зор. Фараби мен Яассауи, Қорқыт пен Асанқайғы, 
Шоқан мен Ыбырай, Абай мен Жамбыл, Құрманғазы 
мен Тәттімбет, Ақан мен Біржан, Әсет пен Мұхит, 
Қаныш пен Әлкей, Мұхтар мен Жүсіпбек, Мұқан 
мен Нұрғиса, Әбілхан мен Шәкен сияқты біртуар 
тұлғаларының есімін ардақ тұтады.
Ия, қазақ халқының шашасына шаң жұқпаған 
шешені де, тілінен бал тамған, қылышынан қан 
тамған ақындары мен батырларының болғанына 
халқымыздың өткені мен тарихы куә. Солардың 
бірі ғана емес бірегейі ауызымен орақ орған, сөзге 
шешен, халқының мұңын барлап, жоғын жоқтап, 
өзінің қара басынан гөрі елінің қамын жоғары қойған 
халық ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаев жайында 
тілімізге тиек етсек.
Жамбыл - өмірімен де, шығармашылығымен 
де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы 
жырау. Ақынның XX ғасырдың басына дейінгі 
шығармашылық өмірбаяны туралы деректер аз, 
өлеңнен ауыз жаппаған кісінің шан-теңіз жыр-
толғау, айтыстары да түгел сақталмаған. «Әйтсе 
де бала Жамбылдың дүмше молданы мысқылдап 
шығарған «Шағым», ақындық жолына рұқсат 
сұраған «Әкеме», «Менің пірім Сүйінбай» деген 
өлеңдері, бозбала кезінің мұңды да шуақты көркем 
жыры - «Айкүміспен айтысы», сылқым бойжеткен 
Кәмшат слуға шығарған құрбылық наз өлеңі сияқты 
дүниелер сақталған. Одан бертіндегі Жетісуды, 
Қаратау, Сыр өңірін өнеріне тәнті еткен, қырғыздың 
шалқар «Манасын», Шығыстың әйгілі қиссаларын 
жырлаған ақын мұрасынан бірталайының аты ғана 
белгілі. «Кедей күйі», «Пұшықтың ұрыға айтқаны», 
«Әділдік керек халыққа», «Кәрібайдың төбеті», 
«Жылқышы», «Мәңке болыс» тәрізді тегеурінді де 
өжет ақындык мінезден, халықтық даналықтан туған 
өлеңдері, әйгілі Құлмамбет, Сарбас, Нұрмағанбет, 
т.б. ақындармен айтысы, Өтеген, Сұраншы батырлар 
туралы ұзақ дастандары - даңқты шайырдың 
төңкеріске дейінгі шығармашылығынан сақталған 
қомақты мұрасы. Осылардың өзінен-ақ, Жамбылдың 
халықтың ақындық қазынасын жете, зерделей 
меңгеріп, жаңғырта, жаңарта дамытқан, омір-
тіршілік даналығын көкірегіне тоқыған, елдің арғы-
бергі тарихын әділдік, шындық сөзін ешкімнен де 
тайсалмай айтатын, өлеңі тау өзеніндей тасқынды 
үлкен дарын иесі екенін танимыз» [33, 34]
«Болашақ акын 1846 жылы ақпан айында казіргі 
Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде 
дүниеге келген. Ол жайында ақынның өзі “Менің 
өмірім» - деген өлеңінде:
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей — көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан, -
дейді. Әкесі Жапа кедей болғанмен, ат үстіне 
мығым, найзагер кісі екен. Ел ішінің дау-дамайына 
бітімгерлік сөзін айтқан кездері де болыпты. Шешесі 
Ұлдан мінезі байсалды, абысын-ажын арасында 
беделді, орайы келгенде өз жанынан қиыстырып 
өлең шығара беретін, әдемі дауысты әнші екен. 
Жамбылдың аталарынан әріректе өнерпаз, сері, 
палуандар, ділмар шешендер шыққан. Ал оның руы 
- Екейлер туралы айтылатын ел ішіндегі: Екейде 
елу бақсы, сексен ақын, Жаратып мінеді екен ерттеп 
атын. Қобызы, домбырасы үнін косып, Гулейді 
жын қаққандай кешке жақын, - деген әзіл сөзде мол 
шындық бар. Жамбылдың ұстазы - әйгілі Сүйінбай 
ақын да осы Екей елінен шыққан. Бала Жамбыл 
ақындық жолын қууға рұқсат сұрағанда, әкесінің: 
«Екейде елу бақсы, сексен ақын» деген сөз де жетер, 
сен сексен бірінші болмай-ақ қой. Акынның түбі 
- қайыршылық, бақсының түбі - жын, жын жиып, 
бақсы болып ел кезгенше, мал бақ!» - дейтіні де Екей 
елінің өнер дарыған жұрт екенін көрсетеді» [56, 125]
Жамбыл өмірге келген кезде Қазақстанның 
оңтүстігі, оның ішінде ақынның туған өлкесі - Жетісу 
өңірі Қоқан хандырына бағынышты болатын. Ал 
қоқандықтардың халыққа жасаған зорлық-зомбылығы 
айтып жеткізгісіз ауыр еді. Ақынның өзі ауылдары 
солардан қашып бара жатқанда, қақаған аязды қыс 
айында көш-жөнекей туыпты.
«1864 жылға дейін Қоқан хандығы, онан соң Ресей 
империясы билеген замандағы халықтың мүшкіл 
тірлігі, өз отбасының жұтаң тұрмысы, мықтының 
әлсізге зорлық-зомбылығы тумысынан талантты, 
намыскер Жамбылдың ішіне қайғы болып байланады. 
Ақын жыр, айтыстарының уыттылығы, адамдықты, 
әділдікті, батырлықты көксеген аңсары, кедейді 
жақтап, қайырымсыз бай, төрелерді ызалы шенеуі 
сол күйік-наладан бастау алып жатқан-ды. «Менің 
бақытым» деген бір сөзінде өзі де: «Мен өзімнің 
барлық өмірімде қыр қожайындарының бетіне 
шындықты қорықпай айтып, шайқасумен өттім», - 
дейді.
Жамбылдың өлеңге, ақындыққа құмарту сезімі 
ерте оянған. Өзінің айтуынша, 13 жасынан бастап 
ақын болуға бекем бел байлайды. Дүмше молдадан 
оқығанша, «домбыраны қолға алам» деп, әкесінен 
рұқсат сұрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет