№5 (125), мамыр 2023 жыл 7
№1 бөлім нышаны ретінде саналған. Шексіз даланың
жауынгерлері өздері қасқырға «еліктей» отырып,
олардың сарбазға қажетті қасиеттерін «бойына
жұқтырып», өздерін «қасқыр», «барыс» түрінде
сезінетін болған.
Бұғы мүйізінің үлкендігі сонша, тұтасымен
арқасын жауып тұр және аяқтарын бүгіп жатыр.
Бұғы ертеде тотемдік аң болып есептелді, яғни оған
табынған. Ол мифологиялық, дүниетанымдық, діни
және сақ тарихымен тығыз байланысты. Бұғының
мүйіздері тым ұзын әрі салалы, арқасына қарай
жайылған, сирақтары бауырына бүгілген. Ширыққан
серпінді қалпы дәл берілген. Бұлшық еттері
жиырылып тұрғандай әсер қалдырады.
Белдіктің оң жағында қызыл қынапты ұзын
семсер, сол жағында алтын пластинкалар бұғы және
жылқы бейнесінде жапсырылған қынға салынған
темір ақинақ.
Жылқы және қару-жарақ, бұл екеуі далалық
көшпелі образынан айрылмас алғашқы діни
құндылыққа ие болған дәнекерші деген ұғым, яғни
батырлық негізімен байланысты және патшаға
мәңгілік өмір бере алатын қасиеттерге ие болатын
жануар.
Оң жақ қолында екі алтын жүзігі бар. Оның
бірінің бетінде тәж киіп қырынан қараған адам
бейнесі, ал екіншісінде айналы қалқаншасы бар.
Айналы қалқанша биліктің белгісін білдіреді. Жүзік
адам жанымен жалғасып және жер әлеміндегі болып
жатқанның бәрін ғарышқа жеткізіп тұрады деген
ұғым болған, сондай-ақ жерге бағыт бағдар беруші
болып есептелген. Саф алтыннан тұратын бұл жүзік
асқан шеберлікпен, үлкен талғампаздықпен жасалған.
Мөр жүзікте мамандардың айтуынша, ежелгі
көшпенді тайпалар мен кейбір жергілікті халықтардың
құдайларының бірі – Митра бейнеленген. Бұл «мөр»
рөлін атқарған деген жорамал да бар.
Аяғында өкшесі жоқ ұзын қонышты етік.
Сақтардың мифологиясы, олардың қоғамдағы
дәрежесі, көшпенділердің идеологиясы олардың
киген киімдерінен айқын көрінген. Киім үлгісі,
жерлеу рәсімі Алтын адамның Жетісу жерін
мекендеген көрнекті елбасы немесе жас көсем,
әскербасы екенін айқын көрсетеді. Бұл олжа сақтар
мәдениетін, олардың мифологиясын, өнерін, жазуын,
әлеуметтік құрылысын зерттеуге мүмкіндік береді.
Сақ жауынгерінің киімі өте күрделі де үйлесімді
композиция.
Барлығы қорғандағы бейіт ішінде металдан,
балшықтан жасалған 31 түтік және күміс қасық пен
ағаш ожау да бар екен. Ыдыстар мынадай тәртіп
бойынша орналастырылған: қабірдің оңтүстік
қабырғасында ағаш түтікшелер, ал батыс жағында
балшық және металл түтікшелер, құмыралар.
Жазу
мәдениетінің
сол
кезде
жоғары
дамығандығын, күміс тостағандағы жазу дәлелдейді.
26 таңбадан тұратын, Қазақстан жерінен табылған ең
көне жазу. Бірнеше оқылу нұсқалары бар.
1. Ғалым, тіл маманы Алтай Аманжоловтың оқуы
бойынша: «Аға, саған (бұл) ошақ! Жат адам тізеңді
бүк! Ұрпағымызда ас-су мол болғай!
Қазақтың шаңырағына бөтен адам келгенде
еңкейіп кіріп, сәлем беріп, асығыс болған жағдайдың
өзінде тізе бүгіп отырып кетеді. Ол шаңыраққа деген
құрмет. Осы үрдіс сыры да Алтын адамның қасынан
табылған күміс тостағандағы жазудан басталған болу
керек. Күміс тостағандағы жазу ғалымдармен әлі
зерттелу үстінде.
Бұл ескерткіштер осы арадағы өмір сүрген
тайпалардың мәдениет дәрежесінің, әлеуметтік-
экономикалық даму сатысының, бірдей өмір сүру
сипатының этникалық және қан жағынан туыстық,
жақындық белгілерін дәлелдейді.
Бөлімі: Түркітану
Жетісудағы сақ патшаларының ең жарқын
ескерткіші Есік қорғаны болып табылады. Қорғандағы
жерлеу б.д.дейінгі 4-5 ғасыр деп белгіленген. Ол 40-
тан астам қорғаннан тұратын үлкен бейіттің оңтүстік
шетіне орналасқан. Қорғанның көлденеңі 60 метр,
биіктігі 6 метр. үйіндінің астынан археологтар екі
жерлеу орнын тапты. Олар ортасы мен бүйіріне
(оңтүстік шетіне) орналасқан. Орталық бейіт бірнеше
рет тоналған, содан ол бүлінген, шеткі молаға ешкім
тимеген. Жерлеу лақаты Тянь-Шань шыршасының
өңделген бөренесінен қиып салынған. Оның ұзындығы
2,9 метр, көлденеңі - 1,5 метр, биіктігі - 1,5 метр .
Лақаттың оңтүстік және батыс бөліктеріне ыдыстар,
солтүстік бөлігіне жерленген адам орналастырылған.
«Есік» қорғанындағы бейіт, сірә, былайша
тұрғызылса керек: алдымен негізі батыстан шығысқа
бағдарланған тік бұрыш түрінде мүрде шұқыры
қазылған. Шұқыр түбіне бөренеден қиып жерлеу
камерасын жасаған. Оның конструкциясы барынша
қарапайым: біркелкі ұзындықтағы бес қатар
бөренелерді камера қабырғаларын құрайтындай етіп
көлденең орналастырған. Бөренелер бұрыштарында
өзара байланыстырылмаған, ал линиялары тиіп
тұр, камераның көлденең және ұзына бойғы
қабырғаларының
бөренелі
дөңбек
ұштары
бұрыштарында біріне-бірі кигізілген, бұл үйіндіден
сақтаған. Тастың үсті бөренелермен көлденең
жабылған. Бір-біріне тығыз қиюластырған жақсы
өңделген он тақтайдан жасалған еденде көмілген
адамның түрлі заттары жатты. Сірә, өлген адамға
арналған еденнің учаскесіне ұсақ алтын белгілермен
кестеленген маталық төсеніш жайылған. Оған бар
рәсімдерімен жарқыраған парадтық киімімен, толық
қару-жарағымен марқұм болған адам арқасынан,
басын батысқа қаратып жатқызылған.
Оң жақ беліне ағаш қынапты темір қылыш
байланған. Иықтан асынған былғары белбеудің
қайыстарын алтын құрсаулар мен жолбарыс басының
кедір-бұдырлы бейнесі әшекейлеген. Сол жағындағы
белдігінде темір ақинақ ілінген, оның ағаш қыны желіп
келе жатқан бұлан мен жылқы түрінде орындалған
екі алтын табақша тігілген терімен қапталған. Оның
әшекейлерінің арасында екі цилиндрлік қаңылтыр
белгі ерекшеленеді. Олар - бүктелген қасқырдың
бедерлі бейнесі бар айқаспалы белдіктерге арналған
оқ сауыт.