Қазақстан ұстазы 10
Әлем тарихы кафедрасының профессоры. Т.ғ.к. Жұмақан Нұрманбетқызы АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ІШКІ САЯСАТЫ Бүкілхалықтық мойындауға және үш жүздің
ханы атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз
билік болған жоқ. Сұлтандардың едәуір бөлігі,
әсіресе Барақ сұлтан мен Әбілмәмбет ханның
ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп
санады. Мәселен, Дайыр сұлтан 1781 жылы Орынбор
губернаторына Абылай «ханның қадір-қасиетін
мүлде әділетсіз иеленгенін, өзінің бала кезінде
бауырларымен Түркістанда болғанын, хандықтын
барлық әділеттік бойынша өзіне тиесілі» екенін
жазды. Наймандардың билеушісі Әбілпейіз, иеліктері
Обаған мен Есіл арасында орналасқан Құдайменде
сұлтан тәуелсіз еді деуге болады. Түркістан мен
Сырдарияның ортаңғы ағысында билікті бөліскен
Сәмекенің баласы Есім мен Әбілмәмбетің баласы
Болат өздерін хан деп атай берді. Хан билігіне наразы
болған кейбір рубасылар оны тіпті әскери күшпен
құлатуға да тырысты. Дағдылы құқықпен шектеулі
Абылай, Ш.Уалихановтың айтуынша, сұлтандар мен
рубасылардың бетімен кетуін ауыздықтауға ұмтылды.
Абылайдың зор беделі қазақтарды ханға бағынышта
ұстады. Абылай өзгерген сыртқы саяси жағдайда аман
қалу үшін Қазақ хандығының саяси жүйесін көбірек
орталықтану жағына қарай өзгерту қажет екенін өте
жақсы түсінді. Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта
әрекет жасады.
Біріншіден, Абылай биліктің орталықтандырылуын
нығайтуға ұмтылды. ХVІІІ ғасырдың бірінші
ширегінде әрбір ру бірлестігі іс жүзінде автономиялы
болды және оларды өздерінің билері, рубасылары
басқарды. Бұл жүйе жағдайында хан көп жағынан
билердің еркіне тәуелді болды және оның жекелеген
рулар деңгейінде шешім қабылдауға ықпал етуге
үлкен мүмкіндіктері болмады. ХVІІІ ғасырдың 20-
30 жылдарында бұл жүйе өзгере бастады, белгілі бір
ру әскербасы және саяси көшбасшы етіп шақырған
сұлтандардың рөлі арта түсті. Абылай жүздер мен
үлкен бірлестіктерді басқаруға дәстүрлі қазақы кісілік
рухы негізінде бір орталық буындары элементтерін
енгізуге ұмтылды. Ханның көптеген балалары
осындай билеушілер рөліне кірісті. 1774 жылы Әділ
сұлтан Ұлы жүздің бір бөлігінің билеушісі болып
тағайындалды, оған арнап Абылай Талас аңғарына
қала салып, оған қарақалпақтарды қоныстандырды.
Солтүстік-шығыс Жетісуда оның басқа бір баласы
Сүйік, Орталық Қазақстанда Қасым билік етті. Орта
жүз бен Ұлы жүздің барлық дерлік жері ханның
балалары арсында бөлінді. Тек Кіші жүзде және Орта
жүздің батыс бөлігінде Қайып ұрпақтары, Орталық
Қазақстанның кейбір аудандарында – Барақтың
ұрпақтары, ал Қытаймен шекара өңіріне таяу
жерлерде және Сырдарияда Әбілмәмбеттің ұрпақтары
– сұлтандар билік етті.
Орталық билікті күшейту үшін Абылай қолданған
шаралардың екінші кешені – бір тұлғаның қызметіне
және оның тұлға ретіндегіқасиеттеріне сүйену.
Мәселен, дағдылы құқықтың дәстүрлі түсініктеріне
қарамастан, Абылайхан қылмыскерлерді өлім
жазасына кесуге үкім шығару құқығын өзі алды. Бұл
міндет бұрын билер қазылығында ғана болатын. Билер
кеңесі мен рубасы-ақсақалдар съезінің құқықтары
едәуір шектелді. Алайда дағдылы құқықтың дәстүрлі
болуы және бақарудың нақты тұтқаларындағы
кемшілік Абылайға хандықтың саяси жүйесіне
реформаны ақырына дейін жүргізуге мүмкіндік
бермеді. Оның үстіне бүкіл басқару жүйесін соғыстар
қиратып кетті деуге болатын еді. Федерализм
элементтері рулық басқару принциптерімен тығыз
ұштасып жатты, хан билігін бұрынғысынша билер
мен сұлтандар едәуір дәрежеде шектеп отырды.
Мемлекеттік машинаның орнықтылығы түгелдей
және толығымен ханның өз беделіне, оның күрделі
саяси проблемаларды шешу кезінде ымыраластық
таба білуіне байланысты болды.
Абылай ханның сыртқы саясаты
Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен
және ымырашылдығымен сипатталды. Оның
Ресей мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен
қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен
қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды.
Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы
ұсынған хан, бір жағынан, Ресей протекторатын
танудан бас тартпай, екінші жағынан, өз иеліктерінде
екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей,
олармен қатынастарда барынша икемділік көрсетуге
тырысты. «Қазақтар әуел бастан екі жақтылықты
ұстанды, - деді цин императоры өзінің 1779 жылғы
жарлығында, - ... Абылай бізге бағынған кезде Ресей
Абылайдың өз боданы екенін, сондықтан біздің оны
өз бодандығымызға қабылдауымыз керек екенін
мәлімдеп, наразылық жіберді. Біз сонда былай деп
жауап қайтардық: «Сіздер Абылайды өз адамымыз
дейсіздер. Егер сіздер оны жақсылап басқарсаңыздар,
ол ешбір жағдайда бізге бағынуғаөтпеген болар
еді... Ал сіздер, орыстар, бұған қалай кедергі жасай
аласыздар?.. Егер болашақта мұндай оқиға бола
қалса, сақтық жасау керек». Бір жағынан, Абылай
Қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына