part of our country.
Changes. If we made some various changes in the mass media of our country, we
could make significant changes on the life of teens to our advantage. We should use the
mass media to make the teens communication in the language we want them to, which in
my opinion should be Kazakh and English.
Here are some of the effective changes that we can make:
W c n k Eng sh o co on on TV. Ev n f w don’ co p n o
channels into English channels, we can add some programs that are actually interesting to
the youth. We can add cartoons, serials and music. If we do this, the youth will watch these
serials and cartoons that run in pure English and learn how to speak English fluently.
Movie theatres are also a form of mass media. When the youth watch movies they
listen to the words. So if we can make the movie theatres play movies in English, this will
h v n ff c on h o h. So p op co p n h h don’ nd s nd h
ov s. Th s sn’ oo ch of p oblem because we will have a system in which people
can buy their tickets according to which language they want to watch their movies.
We should also sell more journals and newspapers in English as well. Like the
movies we can sell them in any language, and they will choose which one they prefer. We
can even sell journals and newspapers that are written in two different languages. This
might not be as affective, but it still will have some affect.
Түйін
ХХІ ғасыр қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Компьютер
адам
іс-әрекеттерінің
барлық
салаларында
қолданылады.
Дүниежүзілік
қоғамдастықта қоғамдық өмірдің барлық саласын ғалымдық ақпараттандыру үдерісі
дамытылуда.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
147
Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына ақпараттық
технологияның тікелей тигізер пайдасы зор екенін біл міз. Балаға білім беруде әрбір
ұстаз өзінің әдіс-тәсілдерін жете меңгере отырып, өз пәнінде сол әдісті әрбір
сабағында дұрыс пайдалана білсе, бұның өзі баланың білімін жақсартатыны сөзсіз.
Жас ұрпаққа білім беру жолында мультимедиялық құралдарды оқу үрдісінде
оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Видеофильмдер мен
мультимедиялық презентациялар сөйлеуге үйрету үшін жасалған әдіс, бұлар сөйлеу
процесінің
тиімділігін
арттырады,
әрі
оқушылардың
ынтасы
мен
қызығушылықтарын оятады және берілген материалды оңай әрі тез арада игеруге
мүмкіндік береді.
Сабақта мультимедиялық технологияларды қолданғанда сабақтың құрылымы
өзгермейді, барлық негізгі кезеңдері бұрынғыша сақталып қалады, тек уақыт бөлінуі
өзгеруі мүмкін. Бұл жағдайда мотивациялау кезеңі арта түсетін және танымдылық
жүктеме беретінін атап өту керек. Бұл оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін,
білімінің кем тұсын толықтыруға, қызығушылықтарын арттыратын оқытудың
қажетті жағдайы.
Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияны қолданудың қаншалықты
тиімді екендігі әлдеқашан дәлелденіп қойған. Сондықтан шет тілін үйрету
бағдарламасына жан-жақты техникалық жабдықтау, компьютермен қамтамасыз ету
және әлемдік компьютерлік желі қажет. Кез-келген оқушыға ақпаратты және
пайдалы кешенді лингвистикалық ресурстары бар сайттарға еркін кіру мүмкіндігін
беру қажет. Ол сайттар әртүрлі бөлімдерде жүйеленген: білім беру жаңалықтары,
курстар, репититорлар, сабақтар, сөздіктер, аудармалар, оқу материалдары,
емтихандар, шетелде оқу, тәжірибе алмасу, форум, баспа және тағы басқаларымен
қамтамасыз ету – басты міндет болып табылады.
Жас мемлекеттің басты байлығы да, болашағы да – жас ұрпақ. Қоғам болашағы
жастар екенін ескерсек, оларға дәйекті білім беру және бүгінгі жаһандану дәуірінде
заман талабына сай лайықты тәрбиелеу жалпы педагогика саласының ғана емес,
сондай-ақ мемлекет деңгейіндегі негізгі бағыттарының бірі болып саналады.
Бүгінгі жас ұрпақ тек белгілі бір білімдердің иесі болып қана қоймай, сонымен
бірге, ең бастысы қоғам мүшесі және өз Отанының лайықты азаматы болуы тиіс.
Сондықтан да қазіргі білім беру жүйесін жаңа ақпараттық технологияларды қолдана
отырып, жаңа сапалық деңгейге көтеру – Отандық педагогиканың алдында тұрған
басты міндеттердің бірі.
Егемен еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Бүгінгі жас ертеңгі Қазақстанның
азаматы, біздің болашағымыз, ұлт қалыптасып, ел болып, еңсемізді тіктегенде қолға
алар ісіміздің бірі де, көк туымызды желбірететін, қазақ халқын бүкіл әлемге
танытатын осы – жас ұрпақ. Жас жеткіншектерге білім нұрын сыйлауда аянбай
еңбек ете білейік!
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
148
ШЫНАЗБЕК Улдарай Мырзабайқызы,
«Қаныш Сәтбаев атындағы №92 жалпы орта мектебі»
мемлекеттік мекемесінің 7 сынып оқушысы, «Қаратөбе» ауылы,
Ақтөбе ауыл әкімшілігі, Сарыағаш ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы,
Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ШАХИЕВА Улбике Ахмедовна,
«Қаныш Сәтбаев атындағы №92 жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
«Технология» пәнінің мұғалімі, «Қаратөбе» ауылы, Ақтөбе ауыл әкімшілігі,
Сарыағаш ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
ОЮ-ӨРНЕКТЕРДІҢ ӨЗ МӘНІ БАР
Қазақтың ұлттық ою-өрнегі – қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері
әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.
Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ,
гұн, үйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың
табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-
өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі. Олар негізінен малгершілік,
саятшылық, әдет-ғүрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын,
батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы
көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген
теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.).
Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі – үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар
мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған
кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде
қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық,
космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы
пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер
халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған.
Зооморфтық ою-өрнек кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал сияқты тұрмыстық
бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою-өрнектер кебеже бүйірінде,
көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы
белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты
өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған.
Ұсақ аңдардың табандарының іздері жүкаяқ, кебеже, асадалдың көрнекті
жерлеріне салынған. Сонымен қатар бұл өрнек түрін үй жиһаздарының жиектерінен,
бұрыштарынан кездестіруге болады. Зооморфтық өрнекте төрт түлік малдың
абстракциялық пішіні ерекше орын алады. Оған мысал ретінде қошқармүйіз,
төртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы басқа оюларын
атауға болады. Қошқармүйіз оюы қазақ халқының бүкіл тыныс-тіршілігін танытады.
Кей қолданыста ол қырықмүйіз, сыңармүйіз, арқармүйіз болып түрленіп отырады.
Қошқармүйіз төрт тармақтан құралып, ортасы айқыш тәрізді болып келеді.
Төртқұлақ өрнегі кебеже, жүкаяқтарды безендіруде кеңінен қолданылады. Ол ағаш
бұйымдар бетінің кейде дәл ортасына, кейде бұрышына бедерленген. Ағаш
бұйымдарда түлкібас, иттабақ, итемшек, қарақұс, құстұмсық, көбелек, ботамойын,
түйетабан, шыбынның қанаты деп аталатын зооморфтық өрнектер ұшырасады. Олар,
әсіресе, жүкаяқтарды, төсектерді өрнектеуге кеңінен қолданылады.
Үй жиһаздарында кең пайдаланылатын Қазақ оюының келесі бір түрі – өсімдік
сипатты ою-өрнектер. Олар тұрмыстағы ағаш бұйымдарда жиі кездеседі. Жалпы
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
149
өсімдік өрнегінің жапырақ, гүл, сабақша, өткізбе, шиыршық, тамыр түрінде және
жаңадан ашылып келе жатқан жауқазын бейнесінде ұшырасады. Өсімдік сипатты
ою-өрнек, көбінесе, кебеже мен жүкаяқтардың, әбдірелердің беттерінде тігінен де,
көлденеңінен де бедерленеді.
Ал асадалдарда бұл ою-өрнектер бір-бірімен сабақтасып, тұтасқан түрінде
беріліп отырады. Өсімдіктер ағаш бұйымдарда шебердің талғамына қарай әр қилы
көрініс табады. Шебер оны өз талғамына орай жеке де, топтастырып та пайдаланған.
Сондай-ақ,
ағаш
бұйымдарда
өсімдік
белгілері
сабақтастырылған,
шиыршықталған күйінде немесе шеңбер түрінде бедерленген. Бұл ою-өрнектің
арасындағы бүгінде кең таралғаны ағаш сұлбасының абстракциялық түрдегі бейнесі.
Аталған ою-өрнектің арасындағы келесі кең таралғаны – жапырақ тектес түрі.
Жапырақтың, әсіресе, дара және топтасқан бейнелері көп қолданыс тапқан.
Үй жиһаздарында геометриялық ою-өрнек түрі жиі кездеседі. Ол барлық дерлік
бұйымдарда орын алады, көбінесе, жалпы композиция көлбеу орналасса, бір
тұстарда қосарласа тартылады. Ол үй жиһазының жиектеріне, бүйірлеріне,
қапталдарына нақышталады. Көбінесе, кебеже, әбдіренің орта тұсында шеңбер,
сызық түрінде бедерленеді. Сондай-ақ, құру барысында негізгі күрделі ою-
өрнектерді жалғастырушы, толықтырушы рөлін атқарады.
Кейде әр қилы орындалған сызықшалар 40-50 үй бұйымдарында геометриялық
ою-өрнектердің үшбұрыш, төртбұрыш, сүйірбұрыш, айқышты, сопақша түрлері де
кездеседі.
Қазақ жиhаздарында космогониялық ою-өрнек те кең таралған. Ол кебеже мен
әбдіре бетінің дәл ортасында, көбінесе, күн бейнесінде бейнеленіп, айналасына ұсақ
жұлдызшалар, бұлт, толқын салынады.
ХХ ғ.-дың 60-80-жылдары Маңғыстау шеберлерінің қолынан шыққан кейбір үй
жиһаздарында жұлдыз, балға мен орақ көп кездеседі. Ағаш бұйымдарда
космогониялық ою-өрнектердің «жұлдыз», «шұғыла», «төртқұлақ», «бітпес»,
«шимай» деп аталатын түрлері кеңінен қолданған. Аталған ою-өрнектер, негізінен,
ағаш бұйымдарында бірнеше рет қайталанып, ырғақ заңдылығымен орындалады.
Космогониялық ою-өрнектер үй жиһаздарының орта тұсында және жиектерінде
бедерленген. Мәселен, күн бейнесі, оның шұғыласы ағаш бұйымдарының ортасында
шеңбер түрінде бедерленсе, ай бейнесі көбінесе қыз жасауларында жаңа ай күйінде
өрнектеледі. Ал, толқын тәріздес шумақталған бұлт бейнесінің сыртқы пішіні
бұйымдардың жиектерінде беріледі. Ағаш бұйымдарында көрініс тапқан ою-өрнек
түрлері мен олардың мазмұны қазақтар арасында ағаш оймыштаудың біршама
жақсы дамығандығын аңғартады
Ою-өрнек. Ою-өрнектердің түрлері. Өрнектердің түстері мен бояулары. Ою-
өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ
әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. «Ою» деген сөзбен өрнек деген сөздің
мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі
затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген
мағына жатады.
Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп,
батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес.
Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді.
Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды
бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-
қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың
сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
150
көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне
жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады.
Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз
өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды.
Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен
кестелерде және т. с. с. «арғын үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздің үлгісі»,
«орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген мәнерлер пайда болды.
Осы ою-өрнектердің көп қолданылатындарына, сондықтан да халық
шеберлерінің көпшілігіне белгілі атауларының кейбір түрлеріне әдейі тоқтап өтейік.
Ою-өрнектердің түрлері. «Мүйіз» – қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-
өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз» ою-өрнек кейде ұсақ,
кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер
саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан
түрлі мәнерде қолданылады.
Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз»,
«қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді.
«Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз,
шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, оқшантай, торсық, сандық т.б.),
сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, торсық, садақ), киім-кешек, ат
әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын
жері жоқ десе де болады.
«Қосмүйіз» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді
және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй
жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін
пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін
бейнелейтін ою-өрнек.
Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне,
шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.
«Арқармүйіз» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі.
Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып,
тармағы одан көбірек болып келеді (кілем, тұскиіз, сырмақ, кесте, киім-кешек пен үй
жиһаздарында кездеседі).
«Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз
бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір
шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың
тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмак, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек,
ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған
бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек
түрінде де тігіледі.
«Қырықмүйіз» ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, кеп
мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төртбұрыш ішінде
бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-
бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. Тұскиіз, тон,
кежім, сырмақ, текемет, архитектура-сәулет өнерінде молырақ кездеседі.
«Сынықмүйіз» морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі.
Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әр түрлі
қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне
ұқсайды.
«Өркеш» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет,
тұскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
151
Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін
бейнелеу тек симметриялық тепе-теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке-
бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.
«Шыныгүл» ою-өрнегі гүлді тұспалдап тұрады. Бұл өрнек «төртайшық»,
«итемшек» оюларына ұқсас келеді. «Шыныгүл» ою-өрнегі айға, мүйізге, жапыраққа
ұқсас элементтерден құралған. Екі мүйіздің қайырылған екі ұшына жапырақ
қондырылған, сол жапырақтар бірнеше рет сатыланып қайталанылып отырады.
«Гүл» ою-өрнегі гүл өсімдігінің барлық түрлерін тұспалдап тұрады. Бұл
өрнектің түрі үш жапырақты ою-өрнектен басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке
дейін қолөнер бұйымдарында кездеседі. Кесте тоқуда және киім-кешектердің
жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.
«Шытырман» ою-өрнегі көп жапырақты есімдік пен көп тармақты мүйіз және
геометриялық фигуралар аралас келетін күрделі өрнек. Мұндай өрнектер заттардың
бетіне көп тармақ болып желіленіп келуі бүтін бір сюжетті (жайлау, орман, жазық
дала, кең сахара) мегзеп жасалады.
«Түйетабан» ою-өрнегі түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою-өрнек. Ол
кейде «қарта», «қарға», «қызылайыр» ою-өрнегіне ұқсайды. Қатар тұрған S тәрізді
екі сызық қатарласып қосылмайды, түйенің табанына ұқсас екі жарты сопақша
дөңгеленіп келетін ою. Түйетабан деп аталатын көп гүлді, үлпек басты тікені бар
есімдік, ол да түйенің табанына ұқсас екі жарты, оны кей жерлерде «табақ» өрнегі
деп атайды.
«Сыңарөкеш» ою-өрнегі «сыңармүйіз» оюында айтылғандай, мүйіздің бір
сыңары етіктің басына ұқсап, қайқиып, қайталанып, шексіздікке ұласа береді. Бұл
өрнек негізінен «қошқармүйіз» элементінен жасалады.
«Балдақ» ою-ернегі бүркіт ұстаған қолдың білегіне киіліп тұратын жоғары
басы балдақ сияқты жарты шығыр формасында келеді. Балдақ өрнегі бір-бірімен
қосыла, шеңберге ілмелене келіп, күрделі өрнек түзейді. Бұл өрнек киіз бұйымдарын
әшекейлеуде, кесте тігуде, зат бетіне оюлы бедер салуда қолданылады.
«Қармақ» ою-өрнегі кәдімгі балық аулайтын қармақтың ілмегін тұспалдайды.
Қармақ өрнегінде екі-үш, кейде одан да көп тармақ болады, оны кейде «зәкір таңба»
деп те атайды.
«Тарақ» үлгідегі өрнек күнделікті тұрмыста пайдаланылып жүрген шаш
тарайтын тараққа ұқсайды. Бұл өрнек нақышына келтіріліп алаша, басқұрларда
қолданылады және тараққа ұқсас бірнеше жуан жолақтардан тұрады.
«Қосалқа» ою-өрнегі әшекейлі тізілген мойынға салатын моншаққа ұқсас
болып келеді. Қазақ оюларының ішіндегі ең көп тараған оюдың түрі. Өте шебер
келісім тауып құрастырылған «қосалқа» оюлары бір тұтас композиция өрнек
жүйесін жасайды. Ою-өрнек алқаның, сырғаның, жүзіктің көзіне салынып, кебінесе
зергерлік бұйымдарда қолданылады.
«Су өрнегі» деп әрбір өрнекті беліп тұрған жолақты айтады. Су өрнегі екі қатар
сызық аралығында ирек сызық арқылы дөңгелек, төртбұрыш бейнелерді жасайды.
Бұл ою-өрнекті «бессаусақ», кейде «бесгүл» деп те атайды.
«Аалаша», «Аламыш» ою-өрнектері жарыса жасалған көп түрлі-түсті
жолақтардан құралады. Кейде сол жолақтардың ішінде геометриялық фигуралар
тектес не «мүйіз» өрнектерінің желілі түрлерінен құралған түрлі-түсті оюлар
болады. Бұл «аламыш» өрнегі шахмат тақтасының алаша сызығы сияқты жарыса
салынған қысқа, кейде ұзын сызықтардан тұрады. Бұл өрнек ши орауда, терме
бауларда, кілем, алаша, сүйек өрнектерінде кездеседі.
«Айыр» ою-өрнегі. «Ашатұяқ», «айыр-тұяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те
аталады. Пішен ашалайтын айыр құралға ұқсас болып келеді.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
152
«Ботакөз» ою-өрнегі әшекейлі композициясының ортасына салынатын немесе
бірнеше қайталанып келіп, шетін көмкеретін жиектеме түзейтін ою. Сырт пішіні
ботаның көзіндей дөңгеленген ромбыға ұқсайтын геометриялық ою-өрнек. Бұл
орамалдың шетін көмкеретін жиектеме түзейді.
«Қаңқа» ою-өрнегі тоқыма бұйымдарында қолданылады. Малдың қурап қалған
сүйегін тұспалдайды. Алаша, басқүр, бау, т.б. тоқыма бұйымдар негізіндегі өрнек
ретінде салынады.
«Омыртқа» ою-өрнегін кестелерден, өрме шилерден, сүйек пен ағаштан
жасалған бұйымдардан жиі көреміз. Бұл өрнек түрі омыртқаның түрін тұспалдайды,
ол әр түрлі үйлесімде түрленіп, ою композициясының ортасына және жиегіне
қолданылады.
«Жіліншік» ою-өрнегі малдың жілік сүйектерінің негізінде туған атау.
Жіліншік өрнегі қатар екі сызық бейнесінен құралатын буынды өрнек (алаша, киіз,
тысқап, баулар, басқұрларды безендіруге қолданылады).
«Тіс» ою-өрнегі малдың, аңның тісіне ұқсас, аққара түсті шақпақтан
құралатын, шахмат тақтасына ұқсас ою-өрнек. Кесте тігуде бұрыштарын қарама-
қарсы түйістіріп отыратын тік сынық сирек тігістердің өрнегінде қолданылады.
Мұны «тіс», «иттіс» деп те атай береді.
«Таңдай» ою-өрнегі малдың таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан,
диагональ тәрізді өрнек. Бұл өрнек ағаш, мүйіз, сүйек заттарының шетіне,
киімдердің жағасына, кимешектің жақтауына салынады. Таңдай өрнегі басқа түркі
тектес халықтарда да кездеседі.
«Бөрікөз» ою-өрнегі бөрінің көзін, қасқырдың басын, құлағын, сондай-ақ
«бөріқұлак» деп аталатын жапырақты бейнелейді.
«Итқұйрық» ою-өрнегінің сырт көрінісі иттің қайқайып тұрған құйрығына
ұқсас, көбінесе мұны сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардың (киіз үй есігі мен
ағаш төсектің) бетін бедерлеу үшін, киіз бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданады.
«Түлкібас» ою-өрнегі мысықтың, түлкінің бас бейнесін тұспалдайтын, сопақша
дөңгелектерден, алмұрт бейнелерінен құралады. Бұл ою-өрнек сүйекке, ағашқа,
шиге, кестенің шетіне салынады. Сондықтан бұйымдарды сүйектен әшекейлегенде
сүйекпен ойып, «түлкібас» өрнегін түсіреді.
«Жылан», «жыланбас» ою-өрнегі балалардың тақия-сына «көз тимесін» деп
тағатын, жыланның бас сүйегіне ұқсас ою-өрнек. Бұл ою-өрнек жыланның бейнесін
тұспалдап тұрады.
«Құсқанат» ою-өрнегі мүйіз оюымен не шахмат шақпақтарының ізімен
бейнеленген құстың қанаты тәріздес ою-өрнек. Ал бұйымдарда көп қолданылатын
бұл ою қанатын жайып, ұшып келе жатқан құсты тұспалдайды. Қазіргі кезде
«құсқанаты» ою-өрнегін басқа өрнектермен аралас колдана береді.
«Құсмойын» ою-өрнегі құстың мойнын тұспалдаудан туған. Бұлар көбінесе
мүйіз мәнерімен жасалады. Ол иіле келген доғал тармақты мүйіздерден, ромбтардан,
сызықтардан құралады. Құс атына байланысты өрнектердің бәрі қолөнер үлгілерінің
барлық түрлеріне тән.
«Құстұмсық» бұл өрнек құстың тұмсығын тұспалдаудан туған. «Құстұмсық»
тармақты мүйіздер мен сызықтардан құралады. Ою-өрнекті қиғанда ортасындағы
сызықтың ұшының басы құстың тұмсығына ұқсас қиылады. «Құстұмсық» жүзік
немесе «топсалы» сәлемдеме ретінде, жүзігі туыстар арасында дәнекер қызметін
атқарған. Тұрмысқа шыққан қызынан орамалға түйілген құстұмсық жүзік келсе, ата-
анасы қуанып, көршілерін шақырған. Құс бейнесі халық түсінігінде азаттықтың
белгісі. Жүзікке қарап, ата-анасы қызының ұзатылған жерінің жақсы екендігін
біледі.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
153
«Қазтабан» ою-өрнегі Маңғыстаудағы құлпытастарды өрнектеуде көп
қолданылған, қаздың табанын тұспалдаған күрделі S элементтерінен тұрады. Бұл
оюдың S үлгімен бейнеленетін «ботамойын» оюынан айырмашылығы екі қатар
орналасқан SS екі қаздың бейнесін тұспалдайды. Қаздың басы, мойны анық
байқалып тұрады.
«Шетою» ою-өрнегін шексіздікке ұластыра ою деп те атайды. Берілген
өрнектің бір элементі шексіз қайтапана береді. «Шетою» есіктің жақтауына, текемет,
сырмақ, кебеже, киімкешек, ыдыс-аяқтың жиегіне салынатын ою-өрнектер.
«Ирек», «Ирексу» өрнектері кейде түзу сызықтардың сынықтары, кейде доғал
сынықтардың ұштасуы арқылы жасалады. Ондай сызықтар бірнеше қатар сызықтар
түрінде қатарласа келеді.
«Ирек», «ирексу» өрнегінің жасалуы кейде бір иректің іші екінші ирекке қарсы
келіп «төртбұрыштар» мен «сағатбау», «саты» тәріздес өрнектер жүйесін түзейді.
Бұл өрнек: бешпент, қамзол, шапан, тақияның жиегіне орнатылады. Зергерлік
бұйымдарда: сақина, білезік, қапсырма, алқалардың жиегінде және ши, сырмақ,
кебеже, жүкаяқ, табақ ернеулерінде, әдіп тігісте көбірек кездеседі.
«Қос дөңгелек» ою-өрнегі мал таңбасына ұқсайды. «Қос дөңгелек» өрнегімен
негізінен киіз бұйымдарын, текеметтерді, сырмақтарды әшекейлейді.
«Тұмарша» ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үшбұрыш –
осындай тұмарлар тіл-көздөн сақтау үшін адамдарға ғана емес, үй жануарларына
бойтұмар ретінде де тағылады. Кілем бұйымдарының жиегін, киіз, кілем, текеметтің
орта тұсын көмкеруде кездеседі.
«Қостұмарша» ою-өрнегі төбесінен түйістірілген екі тұмарша үшбұрыш өрнегі
қосылады да, екі геометриялық үшбұрыш жасайды. Бұл өрнектің түрі «тұмарша»
өрнегі секілді тіл-көзден сақтау дегенді білдірмейді, тек эстетикалық тұрғыдан
әшекей ретінде қолданылады.
«Бағанөрнек» қора төбесінің арқалығын астына тіреп тұратын діңгек ағаш. Осы
ағаш секілді ою-өрнек салынатын заттың, бұйымның ортасына келтіріледі, оны негіз
қылып алып, жан-жағын басқа өрнектермен бейнелейді. Бұл өрнек асадал,
кебежелердің аяқтарында, қырларында, айна қойғыштың шетінде, піспек саптардың
жоғарғы жақ басында, адалбақанның бойында жиі ұшырайды және текеметтің орта
тұсын көмкеруде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |